«Ақпараттық- коммуникативті технологияны пайдалану»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Ақпараттық- коммуникативті технологияны пайдалану»

Автор: Сыдыкова Гульнара Орынгалиовна

Бағыты: Әдістемелік бірлестік жетекшілері Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2018-12-29


Материал туралы қысқаша түсінік

Оқыту үрдісіне АКТ — ны қолданудың маңыздылығын түсіндіру




Баяндама тақырыбы:«Ақпараттық- коммуникативті технологияны пайдалану»Пән мұғалімі: Сыдыкова Г.О.

 ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; …  оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» — деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технолгияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі- тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білі алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдерден өз міңез-құлықтарын ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде ең көкейтесті мәселелелердің біріне айналып отыр.Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігі жүйелі түрде көрсете біледі.Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.Қазіргі уақытта жаратылыстану –ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өту үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалдар іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім-оқушы жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асу үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясыбойынша бімдер мен іскерліктерді игеру қажет.Бұл дайындық диференциялды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әртүрлі сипатқа ие. Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласында үлкен талап қояды.Іс-тәжірибе барысында интерактивті құралдардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығариашылық дағдыларын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс -шаралардың қолданудың маңызы зор екенін байқадым. Информатика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың оқушылардың алдына қойған мақсатын жетілдірудің тиімділігі: .Оқушының дайындық деңгейін,ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыруды және оқытупроцесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану. 2. Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын(проблемалық ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.). 3.Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қорлдану арқылы класссикалық жетілдіру. 4.Жаңа ақпараттық құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мульмедия-техникалық-техникалық базасын) жетілдіруМұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады. Сонымен , интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажетті ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық білікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Солардың бірі білім беруді ақпаратттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Осы ретте ақпаратттық технологияны пайдаланудың тиімділігін ашып айтуға болады. Қазіргі таңда жаңа технологияның жетістіктері интерактивті тақта мен электрондық оқулыққа тоқталар болсақ… «Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. Бағдарламалық-техникалық кешенді дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.  Бағдарламалық-теникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады.   Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектесед:—  Пән бойынша базалық білімді меңгерту; —  Алған білімді жүйелеу;—     Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; —         Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; —    Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпарат мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. ХХІ ғасыр — ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижесін зерттеудегі ғылыим мәселелерді шешу ең басты орын алып отыр. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлердің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі де толық шешілмегені.Соңғы жылдарда ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер. Электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім берудің кез- келген «Электрондық оқулықтарды » пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға. Шығаримашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Осы орайда биология пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологиларға электрондық оқулықтарды жатқызуға болады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне,, алған білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады.Электрондық оқулықтар арқылы суреттер бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс, және музыка тыңдауға болады.    Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.   Компьютерлер мен интерактивті тақта оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстететикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігінарттырады. АКТ-ны сабақ процесінде қолдану кезінде мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді;Дидактикалық ( сабақтың оқу материалдарын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау); әдістемелік(тақырыпты беруде АКТ-ны қолданк әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);-ұйымдастырушылық(оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);оқыту( қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін ждәне ұсынылған бағдарлама бойынша біліктер мен дағдыларын нығайту және бекіту) АКТ-ны информатика сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін қандай әдістерді қолданған тиімді? Ол үшін мұғалім не істеуі керек? — ақпараттық сауаттылығын арттыру үшін көбірек оқу;— ұғымдарды есте сақтау қабілетін дамыту;-сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға үйрету;— ақпараттарды өз бетінше табу, талдау, іріктеу, сақтау, түсіндіру және ақпаратты тасымалдау, оның ішінде қазіргі заманғы АКТ-дың көмегімен жүзеге асыруды қалыптастыру;— оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік ету;— өз бетінше мақсат және оны геніздеу, жоспарлау және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыру. АКТ-ны информатика сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін:-сабақты түрлендіріп өткізу; сабақта ақпарат құралдарын қолдану; оқушының өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге үйрету- интернетке шығу. Информатика сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы оқушылардың қарам-қатынас жақсарады. Тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады.Ақпараттық құрылғылар тиімділігі:Оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс жасайды.Иллюстрациялық әліс көп қолданылады.Логикалық ойлау жүйесінің бірізділігі мен тізбектілігін. Жүйелілігін дамытады.Берілген тапсырмаға қызығушылығы артады.Қажетінше ақпарат алып, білім алу аясы кеңейедіҚорытынды Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептеймін. Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.  







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.