Ақмола облыстық филиал Халық БанкАҚ операцияларын талдау
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. … … … …3
1 “Халық Банк” АҚ-ның тарихы және соңғы оқиғалары
1.1 “Халық Банк” АҚ-ы туралы … … … … … … … … … … … … … … 5
2 “Халық Банк” АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау
2.1. Халық Банк АҚ қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің
… …9
2.2 Ақмола облыстық филиал Халық БанкАҚ операцияларын талдау…20
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. … ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … … … … … … … …29
Кіріспе
Коммерциялық банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін
пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған
қаржыларды қолданады. Ал пассивті операциялардың ең неігізгісі депозиттік
операциялар болып табылады.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған
қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша
банктердің операциялары. Коммерциялық бантерге пайда табу үшін, банк
өтімділігін сақтау үшін қаражат тарту үшін өзінің жарғыда жасалынған
мақсаттары мен міндеттеріне сай депозиттік саясат стратегиясын жасау керек
Кез келген мемлекеттің экономикасының дамуы депозиттерді
инвестициялауға тиімді ауысуымен тығыз байланысты. Дамыған және жеткілікті
тұрақты экономикаларда көптеген әдістердің көлемінде әрбір азамат өзінің
депозитін орналастыра алады.
Әрбір жағдайда банк барлық дәрежелі клиенттермен депозиттік салым
туралы келісімшарт жасайды, онда екі жақтың міндеттері мен құқықтары,
депозиттерді орналастыру мен пайыздарды төлеудің шарттары бекітіледі.
Тәжірбиелік есепте біз Қазақстан Республикасның және Ақмола
облысындағы коммерциялық банктердің рейтенгілерін жасап талдаймыз. Тәжірбие
өту мекемесіне келетін болсақ Халық Банкі Қазақстан Республикасының қаржы
нарығында белсенді әрекет етіп келе жатқан, жеке және заңды тұлғаларға
барлық банктік қызмет түрлерін көрсететін, алдыңғы қатарлы он банктің
қатарына енетін банктердің бірі болып табылады. Біз “Халық Банк” АҚ-ның
қаржылық жағдайын және депозиттік қоржыны мен депозиттік өнімдерін
қарастырамыз.
Дүниежүзілік тәжірбиемен салыстырғанда Қазақстанның коммерциялық
банкерінене тартылған қаражаттың жалпы көлемінде тұрғындардың депозиттік
үлесі Жапония мен АҚШ-та, Батыс еуропа мемлекеттеріне қарғанда өте төмен,
яғни 20 пайыз жуығын ғана құрады. Республикамыздың тұрғындары отандық
банктік жүйесінің тиімділігін және сенімділігін жоғалтты.Сонымен қатар,
екінші деңгейлі банктердің бөлшектенген клиенттерінің депозиттік
қоржындарына кері әсер етуі кәсіпорындардың және мекеме тұрғындарының
еңбекақы төлеумен шығындар, соныменқатар өңдірістің төмендеуімен байланысты
мемлекетте тапшылықтың нәижесін көрсетеді. Бұл факторлар әрине тартылған
депозиттердің көлеміне әсерін тигізуі мүмкін.
Тәжірбиелік есептің өзектілігі — бәрімізге мәлім коммерциялық
банкердің депозиттік қоржындары төмен болса, басқа операцияларды жүргізу
қиынға соғады. 2008 жылы басталған әлемдік дағдарыс коммерциялық банктердің
салымдары күрт төмендегенің білеміз. Көптеген мемлекеттер, соның ішінде
біздің елде коммерциялық банктердің қоржындары құлап банк секторына қиындық
тудырса,бұл жалпы ел экономикасына кері әсерін тигізеді деп атап өткен. Сол
себепті тәжірбиелік есепті өзекті деп санаймыз.
Тәжірбиелік есептің мақсаты — еліміздегі коммерциялық банктердің
депозиттік қоржындары бойынша рейтенгі жасау және “Халық Банк” АҚ-ның
депозиттік өнімдерін талдау.
Тәжірбиелік есептің құрлымы – есеп кіріспеден, 2 тараудан,
қорытындыдан, пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 “Халық Банк” АҚ-ның тарихы және соңғы оқиғалары
1.1 “Халық Банк” АҚ-ы туралы
Қазақстан Халық Банкінің тарихы — бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.
Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған
кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген
тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және
көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы
Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың
саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту
мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да
кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі
салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің
қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен
айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем
шығарылды, оның үшеуі – натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен
алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады,
салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960
жылдың аяғында 2805-ке жетті.
Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі
нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты
болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру
жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д.
Жолдасбеков, Незаменимые услуги, Алматы,1986 ж.).
60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу
қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек
кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының
жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен
салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша
массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл
шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын
белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына
берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ
ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты
жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек
жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып
құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі
басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі
қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991
жылдың қаңтарында-ақ Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк
ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды,
оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым — Қазақстан Халық Банкі болып
ұйымдастырылды.
Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін
түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге
дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін
пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы
рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100
пайызды құрайтын Қазақстан Халық жинақ банкі ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 Қазақстан Акционерлік
Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы деген қаулысына сәйкес акционерлік
қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын акцияларды бақылау
пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.
Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды
үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге
бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған сатылас біріктірілген банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі
заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы
төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп
айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.
Қазақстан Халық Банкі АҚ ірі қаржылық топтың бірі, сондай-ақ
клиенттерінің саны мен филиал желісінің саны жағынан Қазақстандағы көш
бастаушы бөлшек бизнестік банк болып табылады. Банк қызметінің мәні болып
табылатын әмбебап қаржылық топ халыққа, оның ішіндегі қарапайым
тұрғындарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, корпоративтік клиенттерге
кең ауқымды түрлі қызметтерді ұсына алады: банк қызметтері, зейнетақылық
жинақ, сақтандыру ісі, лизинг, брокерлік-дилерлік қызмет, активтерді
басқару қызметі, сонымен қатар өзінің халықаралық сипаттағы операцияларын
Ресейде, Грузияда, Моңғолияда, Қырғызстанда кеңейте түсуде. Халықаралық
рейтингтік агенттіктер арқылы Банкке мынадай рейтингтер берілген: Moody’s
Investor Service (Ba1), Fitch Ratings (BB) және Standard&Poor’s (BB+).
2008 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Банктің филиал желісі 706
бөлімшені құрады; банкоматтар саны — 1 665; POS-терминалдарының саны
(ақпараттық және транзакциялық терминалдарын қоса алғанда ) — 4 114 болды.
2008 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес Банктің активтер бойынша
нарықтық үлесі 14.6 %, кредиттер бойынша — 13.5%, депозиттер бойынша —
21.7%, бөлшек депозиттер (жеке тұлғалар депозиттері) бойынша — 22,4%,
ағымдағы шоттар бойынша — 38.0%, төлем карточкалары бойынша — 48.0 пайыз
болды және таза пайда бойынша үлесі 23.5 %-ды құрады.
Басты оқиғалар:
• 2008 жылдың шілде айында Euromoney Банкті Қазақстандағы үздік банк
деп таныды.
• 2008 жылдың шілде айында Банктің Ресейдегі еншілес банкі — НБК Банк АҚ
РФ-да, Мәскеу қаласында өз филиалын ашты.
• 2008 жылдың 3 қыркүйегінде Банктің еншілес банкі болып табылатын HSBK
(Europe) B.V. 300 млн АҚШ долларына 370 күн мерзімімен және одан әрі 370
күндік ұзарту опциясымен синдикаттық қарыз тартты. Синдикаттық қарызды
BNP Paribas, ING Wholesale Banking, Landesbank Berlin AG, Standard Bank
Plc, UniCredit Markets & Investment Banking и West LB AG, London Branch
ұйымдастырды. Қарызды беруге әр түрлі 8 елден 21 қаржылық институт
қатысты. Қарыз жалпы корпоративтік мақсатта, оның ішінде Банк
клиенттерінің саудалық мәмілелері үшін пайдаланылатын болады.
• 2008 жылдың 31 қазанында Халық Банк Грузия АҚ Грузия астанасы Тбилисиде
өзінің алғашқы филиалын ашты.
• 2008 жылдың қараша айында The Banker журналының мәлімдеуі бойынша Банк
Қазақстандағы Жыл банкі деп танылды.
• 2008 жылдың қараша айында Банк Visa халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп
дүние жүзі бойынша алғаш рет ұялы телефон байланысы арқылы халықаралық
ақша аудару қызметін іске қосты. Жаңа қызмет түрі карточкадан карточкаға
ақша аударуды төрт валютамен — Қазақстан теңгесімен, АҚШ долларымен,
евромен, Ресей рублімен жүргізуге мүмкіндік береді.
• 2008 жылдың қараша айында Банк өзінің жергілікті үшінші облигациялық
бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге субординирленген
облигацияларды тіркеді және орналастырды. Аталған облигациялар кесімді
(тіркелген) купон мөлшерінің жылдығы 13 % мөлшерінде және 10 жылдан кейін
өтеу мерзімімен орналастырылды.
• 2008 жылдың қараша айында Банк өзінің жергілікті үшінші облигациялық
бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге субординирленген
облигациялар шығарылымын тіркеді. Аталған облигациялар құбылмалы
(өзгермелі) купон мөлшерінің жылдығы инфляция мөлшерлемесімен 1 %
мөлшерінде және 10 жылдан кейін өтеу мерзімімен орналастырылды.
• 2008 жылдың қараша айында Банктің Директорлар кеңесі 2008 жылдың 19
желтоқсанында Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіндігі
жөнінде жариялады. Жиналыстың күн тәртібі туралы Банк сайтынан мына адрес
арқылы танысуға болады
(http:eng.halykbank.kzcontentvi ewfull1932offset).
2 “Халық Банк” АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау
2.1. Халық Банк АҚ қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің
2003 жылы Қазақстан Халық банкіне 80 жыл толды. Халық Банікінің тарихы
– бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.
Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған
Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
АҚ Қазақстан Халық Банкі және оның еншілес ұйымдары Қырғыстан,
Ресей мен Қазақстандағы корпоративті және бөлшек клиенттерге, сонымен қатар
Қазақстанда сақтандыру мен зейнетақылық активтерді басқару бойынша банктік
қызметтер көрсетеді. АҚ Қазақстан Халық Банкі мен оның топтарының аналық
компаниясы 1995 жылы құрылған және Қазақстан республикасында орналасқан.
Банк қаржылық нарықты және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша
Қазақстан Республикасының Агентігімен 2008 жылы 30 қыркүйекте берілген
банктік операцияларды өткізу бойынша бас лицензиясына сәйкес өз қызметін
атқарады.
Банктің негізгі қызметі өзіне қарыздар беру мен заңды және жеке
тұлғалардан депозиттер тартуды, құнды қағаздармен, шетел валютасымен
операцияларды, аударымдар жасау, ақша құрадарымен, төлем карточкалар
бойынша операцияларды және басқа да банктік қызмет көрсетулерді қосады.
Сонымен қатар Банк зейнетақы қорларының салымдарын қабылдауға уәкіл етілген
және өзінің филиал желісі арқылы жәрдемақы мен зейнетақыны төлеу бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Агенті ретінде іс істейді.
2009 жыл 31 желтоқсан бойынша Банк өзінің қызметін Алматыдағы бас
офис пен Қазақстанда орналасқан 19 облыстық филиал, 127 аудандық филиал мен
428 кассалық – есеп айырысу орталықтары (2008 — 19 облыстық филиал, 126
аудандық филиал мен 393 кассалық – есеп айырысу орталықтары, 2009 — 20
облыстық филиал, 126 аудандық филиал мен 378 кассалық – есеп айырысу
орталықтары) арқылы жұмыс істейді.
Зерттеліп жатқан банктің табысы мен шығын көздерін қарастырайық. Ол
үшін кесте 1 кестесін құрайық. (отчет независимых аудиторов ТОО Эрнст энд
Янг за годы, закончившиеся 31 декабря 2010, 2009 и 2008 годов)
Кесте 1
АҚ Қазақстан Халық Банкінің 2008-2010 жж. бойынша
табысы мен шығындар динамикасы (мың теңге)
К ө р с е т к і ш т е р 2010 жыл 2009 жыл 2008 жыл
Сыйақы алумен байланысты табыстар: 80 646 84252 384 62332 950 057
Клиенттерге берілген қарыз 71 291 69647 548 52828 446 733
Ұзақ мерзімді құнды қағаздар 5 351 810 3 450 002 3 519 988
Несие мекемелеріндегі құралдар 4 003 336 1 386 093 983 336
Сыйақы төлеумен байланысты шығындар: 34 183 34121 155 94712 758 757
Клиенттердің құралдары 18 491 80411 872 5998 025 633
Шығарылған ұзақ мерзімді құнды 9 238 172 4 908 743 1 639 153
қағаздар
Несие мекемелерінің құралдары 6 453 365 21 155 94712 758 757
Құнсыздандыру үшін резервке аударым 46 463 50131 228 67620 191 300
жасағанға дейінгі сыйақы алумен
байланысты таза табыс
Құнсыздандыру үшін резервке аударымдар8 331 166 11 969 5257 954 045
Сыйақы алумен байланысты таза табыс 38 132 33519 259 15112 237 255
Комиссиондық және алымдар түріндегі 22 063 79616 160 70810 116 897
табыстар
Комиссиондық және алымдар түріндегі 929 015 912 517 798 476
шығындар
Комиссиондықтар мен алымдар, нетто 21 134 78115 248 1919 318 421
(Табыстан алғандағы шығындар)табыс 193 001 1 362 905 165 389
пен шығын туралы нәтиже арқылы әділ
құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері бойынша шығындарды алғандағы
табыстар
Сату үшін қолдағы бар инвестициялық 202 081 342 380 104 204
құнды қағаздар бойынша шығындарды
алғандағы табыстар
Шетел валютасымен жасалған келісімдер 5 173 586 1 963 951 1 219 216
бойынша шығындарды алғандағы табыстар
(Табыстан алғандағы шығындар)шетел 1 734 105 69 831 771 912
валюталарын қайта есептеген үшін
шығындарды алғандағы табыстар
Сақтандыру ісінен табыстар 664 386 — —
Қауымдастырылған компаниялардың 166 913 248 841 196 153
табысындағы үлесі
Басқа да табыстар 1 024 770 570 604 607 877
Сыйақы алумен байланысты емес табыстар5 304 630 4 418 850 3 064 751
Еңбекақы мен персоналға шығындар 15 930 55811 236 3346 876 651
Әкімшілік пен операционды шығындар 8 558 163 5 242 155 4 512 977
Амортизация 2 370 595 1 329 848 1 111 526
Табыс салығынан басқа салықтар 1 256 761 1 255 001 1 041 779
Басқа да резервтер 751 713 496 378 986 679
Төленген сақтандыру төлемдері 102 875 — —
Сыйақы төлеумен байланысты емес 28 970 66519 559 71614 529 612
шығындар
Табыс салығы үшін есепке алынған 35 601 08119 366 47610 090 815
шығындарға дейінгі табыс
Табыс салығы бойынша шығындар 8 441 807 3 538 576 1 997 780
Табыс салығы төлегеннен кейінгі таза 27 159 27415 827 9008 093 035
табыс
Банктің 2010 жылғы шоғырландырылған таза табысы 72 %-ға ұлғайып,
27,159 млн теңгеге жетті (2009 жылы 15,828 млн теңге, 2008 жылы 8,093 млн
теңге болған). Банктің бұл көрсеткішке қол жеткізуі ең алдымен таза
пайыздық табыстың 98 %-ға, ал комиссиялық және алым түріндегі таза табыстың
39 %-ға ұлғаюымен тікелей байланысты болып отыр, өз кезегінде бұл аталған
көрсеткіштер пайыздық емес шығыстардың 48 %-ға және табыс салығы бойынша
шығыстың 139 %-ға өсуімен ішінара теңгерілді. Қарапайым акцияларды
иеленушілер арасында бөлінуге тиіс таза табыс (артықшылықты акциялар
бойынша дивиденд пен азшылықтың үлесі төленгеннен кейінгі) 25,080 млн теңге
болды, бұл 2009 жылғы көрсеткішпен (14,200 млн теңге болған) салыстырғанда
77 %-ға артық. Операциялық табыс құрамына таза пайыздық табыс,
комиссиялықтар мен түрлі алымдар түріндегі таза табыс және басқа да
пайыздық емес табыс кіреді, 2010 жылы бұл көрсеткіш 66 %-ға өсіп, 64,572
млн теңгеге жетті, 2009 жылы — 38,926 млн теңге болған. Операциялық
табыстың 59 %-н құрайтын таза пайыздық табыс 2010 жылы 98 пайызға
дейін ұлғайды және 2009 жылы 19,259 млн теңге болса, өткен жылы
38,132 млн теңгені құрады, ең алдымен бұл кредит портфелінің өсімі
мен табысы жоғары бөлшек кредиттер есебінен мүмкін болды.
Комиссиялықтар мен алымдар түріндегі таза табыс операциялық табыстың
33 %-ын құрады әрі 2010 жылы 39 %-ға өсіп, 2009 жылғы 15,248 млн теңгеден
21,135 млн теңгеге дейін жетті. Бұл табыс бойынша өсімге зейнетақылық
активтер мен есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету арқылы алынған табыс
нәтижесінің артуы арқылы қол жеткізілді. Операциялық шығыс көлемі 2010 жылы
48 %-ға ұлғайды және 2009 жылғы 19,560 млн теңгелік шамадан өткен жылы
28,971 млн теңгеге дейін артты, бұл қызметкерлер санының, жалақы деңгейінің
өсуімен және басқа да әкімшілік шығынның артуымен байланысты.
Банктің қаржылық тұрақтылығына баға беру үшін оның 2008-2010
жылдардағы активтер мен пассивтер балансының құрылымын анализдеуге болады.
Кесте 2
АҚ Қазақстан Халық Банкінің 2008-2010 жж. бойынша
активтер динамикасы (мың теңге)
А к т и в т е р 2010 жыл 2009 жыл 2008 жыл
Ақша және оның эквиваленттері 127 799 57 101 69133 123 369
159
Міндетті резервтер 55 106 4088 632 311 7 578 394
Табыс пен шығын туралы нәтиже арқылы 53 016 33450 017 95862 382 235
әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері
Несие мекемелеріндегі құралдар 2 048 705 2 776 941 695 379
Сату үшін қолдағы бар инвестициялық 123 338 12 098 63920 618 422
құнды қағаздар 407
Клиенттерге қарыздар 596 216 411 097 254 590 193
250 223
Негізгі құралдар 16 411 91610 979 0509 131 311
Сақтандыру активтері 5 625 886 — —
Басқа да активтер 11 796 1756 960 895 5 134 597
Барлық активтер 991 359 559 664 393 253 900
240 708
Банктің жалпы активтерінің шамасы 2010 жылы 77%-ға өсті және 991,359
млн теңгеге жетті, 2009 жылғы 31 желтоқсанда көрсеткіш 559,665 млн теңге
болған. Мұндай шамаға ұлғайту негізінен несие портфелі мен инвестициялық
бағалы қағаздар портфелі ауқымының артуы нәтижесінде мүмкін болды. Несие
портфелінің өсімі 2010 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 45%-ға артып,
596,216 млн теңгеге жетті, 2009 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 411,097 млн
теңге болған, аталған өсім банктің несие беру қызметінің айтарлықтай
жандандырылуымен, әсіресе, бөлшек несие беру мен шағын және орта бизнес
саласындағы несие берудің белсенді түрде жүргізілуімен тығыз байланысты
деуге болады. Мұнымен қатар банктің инвестициялық бағалы қағаздар
портфелінің көлемі де өсіп отыр: 2009 жылғы 12,099 млн теңгеден 2010 жылы
123,338 млн теңгеге дейін өсті, сондай-ақ ақша мен оның балама құралының,
оның ішінде мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялардың ауқымының өсімі 2009
жылғы 57,102 млн теңгеден 2010 жылы 127,799 млн теңгеге дейін жетті, бұл
жағдай өткен жыл ішіндегі депозит базасының жоғары қарқындылығы нәтижесінде
банк өтімділігінің шамадан тыс артуымен байланысты болды. Жалпы несие
портфелінің 31 пайызын құрайтын бөлшек несие портфелі 2009 жылғы 130,602
млн теңгеден 2010 жылы 197,181 млн теңгеге жетіп, өсім 51% болды.
Ипотекалық несиелер бөлшек несиелердің жалпы көлемінің 56%-ын құрады және
ауқымы өткен жылы 40 пайызға артты, ал тұтыну несиелері портфелінің көлемі
67 пайызға өсті. Бөлшек несие бойынша түскен табыс 2010 жылғы жалпы
пайыздық табыс ауқымының 41%-ын құрады, 2009 жылы бұл көрсеткіш 36% болған.
Енді банктің міндеттері мен апиталына келетін болсақ, оны біз кесте
3 көруге болады.
Кесте 3
АҚ Қазақстан Халық Банкінің 2008-2010 жж. бойынша
міндеттемелер мен капитал динамикасы (мың теңге)
М і н д е т т е м е л е р 2010 жыл 2009 жыл 2008 жыл
Клиенттердің құралдары 597 935 323 514 231 930 284
085 827
Несие мекемелерінің құралдары 118 718 107 284 76 492 760
574 147
Шығарылған ұзақ мерзімді құнды 134 412 58 813 59444 939 974
қағаздар 686
Резервтер 3 021 276 2 279 508 1 801 039
Мерзімінен асқан салықтық 2 530 363 425 144 450 824
міндеттемелер
Сақтандыру міндеттемелері 7 534 906 — —
Басқа да міндеттемелер 6 578 729 2 903 443 2 070 822
Барлық міндеттемелер 870 731 495 220 357 685 703
619 663
К а п и т а л
Жарғылық капитал 60 684 07329 016 18815 759 351
Акциялар бойынша сыйақылар резерві 2 183 493 2 192 147 2 191 170
Сатып алынған жеке акциялар (38 587) (16 336) (16 665)
Реттелмеген табыстар мен басқа да 56 736 29532 806 03117 417 312
резервтер
119 565 63 998 03035 351 168
274
Аздам үлесі 1 062 347 446 015 217 029
Барлық капитал 120 627 64 444 04535 568 197
621
Барлық міндеттемелер мен капитал 991 359 559 664 393 253 900
240 708
2010 жылдың аяғында банктің меншікті каиталының көлемі 2009 жылдың
аяғындағы көрсеткішпен салыстырғанда 87%-ға ұлғайып, 120,628 млн теңгені
құрады. Мұндай нәтижеге жарғылық капиталды толықтыру және бөлінбеген табыс
пен өзге де резервтерді ұлғайту арқылы қол жеткізілді. Банктің жарғылық
капиталы 2009 жылдың аяғында 29,016 млн теңге болса, 2010 жылдың басында
айырбасталатын артықшылықты акцияларды орналастырғаннан кейін және қыркүйек
айында 30 000 000 қарапайым акция, ал желтоқсан айында Лондондағы
халықаралық биржада жаһандық депозитарлық қолхаттарды бастапқы жариялық
орналыстыру шеңберінде 55 000 000 қарапайым акция шығарылғаннан кейін 2010
жылдың аяғында жарғылық капитал өсімі 109 пайызға немесе 60,684 млн теңгеге
жетті.
Халық банкі өзінің клиенттер базасы мен кең таралған филиалдар
желісі жағынан көш бастаушылар қатарында келе жатқан Қазақстандағы бірден
бір қаржылық мекеме болып табылады. Банк бүгінгі күні жеке тұлға-клиенттер
(бөлшек) мен корпоративтік клиенттерге және шағын және орта бизнес
өкілдеріне ауқымды қызмет түрін (банктік қызметтер, зейнетақы қорының
қызметі, сақтанрдыру, лизинг, брокерлік қызмет, активтерді басқару)
ұсынатын әмбебап қаржылық топ ретінде даму қағидасын ұстанып отыр.
Халық банкінің бөлшек депозиттер мен ипотекалық несие беру
нарығындағы портфельдік үлесі – 20%-ға жуық. Мұнымен қатар банк төлем
карточкалары нарығының сөзсіз көш бастаушысы болып табылады – бұл саладағы
үлесі 50%-ды құрайды. Өзінің филиалдар желісі мен банкоматтары арқылы,
сондай-ақ соңғы уақытта айтарлықтай жедел қарқынмен дамып отырған Интернет-
банкинг және Мобильдік банкинг жүйелері көмегімен 6 млн-ға жуық
клиентке қызмет көрсетуде. Клиенттерге ұсынылатын қызмет ауқымы өте кең әрі
сан алуан: банк өнімдері валюта айырбастау, мұның сыртында – 2010 жылдың
ішінде іске қосылған бірқатар жаңа карточкалық өнімдер бар.
Банк ипотекалық несие беру, депозиттер, жалақылық жобалар мен
карточкалық өнімдер, зейнетақылық қор қызметтері мен сату арналары жөнінен,
оның ішінде кеңінен таралған филиалдар желісі мен банкоматтар ауқымы
бойынша жетекші орыннан көріне отырып, қазақстандық бөлшек бизнес
нарығындағы өзінің көш бастаушылық орнын нық ұстап отыр.
Қазақстан Халық Банкі АҚ (бұдан әрі — Банк) 2008 жылғы 30 қыркүйекте
аяқталған 9 айлық топтастырылған аралық аудиттелмеген қаржылық есептеме
туралы ақпаратты жариялайды. Аралық қаржылық есептеме 34-Бухгалтерлік
есептің халықаралық стандарттарына , Аралық қаржылық есептемеге сәйкес
әзірленді.
• Активтер 2007 жылдың аяғындағы 1,595.1 млрд. теңгеден 1,858.7 млрд.
теңгеге дейін өсіп, 16,5 % -ға артты.
• Клиенттерге берілген қарыздардың нетто-көлемі 2007 жылдың аяғындағы
1,040.3 млрд. теңгеден 1,156.9 млрд. теңгеге дейін немесе 11,2 %-ға
артты.
• Клиенттер қаражаты 2007 жылдың аяғындағы 935.4 млрд. теңгеден 1,108.0
млрд. теңгеге дейін немесе 18,5%-ға өсті.
• Шетелдік ірі қарыздар портфелі 2008 жылдың сәуір айында 500 млн АҚШ
долларына еврооблигация шығару нәтижесінде, сондай-ақ 2008 жылдың
тамызында 300 млн АҚШ доллары сомасына сәтті тартылған синдикаттық қарыз
арқылы ұлғайтылды.
• Бөлшек кредиттер 2007 жылдың аяғындағы 322.3 млрд. теңгеден 351.4 млрд.
теңгеге дейін, яғни 9,0 %-ға өсті.
• Меншікті капитал 2007 жылдың аяғында 161.0 млрд. теңгеден 192.7 млрд.
теңгеге дейін немесе 19,7 %-ға ұлғайды.
• Құнсыздану резервіне қаржы аударылғанға дейінгі таза пайыздық табыс 2007
жылдың алғашқы 9 айы ішіндегі 49.6 млрд. теңгеден 2008 жылдың 9 айында
66.9 млрд. теңгеге дейін өсіп, 34,9 %-ға артты.
• Қызметтер мен комиссиялар бойынша таза табыс 2007 жылдың алғашқы 9 айы
ішіндегі 16.3 млрд. теңгеден 2008 жылдың 9 айында 19,3 млрд теңгеге дейін
өсіп, 16,3 млрд теңгеге ұлғайды.
• Таза пайда 2008 жылдың 9 айы ішінде 17.7 млрд. теңгені құрады.
• Провизиялардың брутто несиелік портфельге қатынасы (резервілеу
мөлшерлемесі) 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы 5,2 %-дан 2008 жылғы 30
қыркүйекте 6,9 %-ға дейін ұлғайды.
• Құнсыздану резервіне аударылғанға дейінгі операциялық шығыстардың
операциялық қызметтен түскен табысқа қатынасы 2008 жылдың 9 айы ішінде
34,1% болды.
• Операциялық шығыстың орташа активтерге қатынасы 2007 жылдың алғашқы 9 айы
ішінде 3,0 %-дан 2,4 %-ға дейін азайды.
• Клиенттерге берілген қарыздар мен клиенттердің нетто қаражатына қатынасы
2007 жылдың 31 желтоқсанындағы 1.11 x-дан 2008 жылғы 30 қыркүйектегі 1.04
x-ға жақсартылды.
• Орташа меншікті капиталдың қайтарымы мен орташа активтер қайтарымы 2008
жылдың 9 айында тиісінше 14,9 %-ды және 1,4 % пайызды құрады.
Пайыздық табыс 142,399 млн. теңгеден 89,331 млн. теңгеге дейін
немесе 59,4 %-ға, негізінен, пайыздық активтер бойынша орташа қалдық
көлемінің 54%-ға, пайыздық активтер бойынша жылдық орташа мөлшерлеменің
12,4 %-дан 12,8 %-ға ұлғайтылуы есебінен өсті. Клиенттер кредиттері бойынша
орташа жылдық пайыздық мөлшерлеме 14,8 %-дан 15,7 %-ға дейін өсті, ал
борыштық бағалы қағаздар портфелінің орташа жылдық пайыздық мөлшерлемесі
5,4 %-дан 9,0 %-ға дейін артты.
Пайыздық шығыстар көлемі 39,706 … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz