Аптап ыстыққа қалай шыдаймын?

0
Қыс келсе аяз, ал жаз келсе аптап деп жақтырмайтынымыз бар. Десе де қаһарлы қысқа қарағанда көбіміз жаз мезгілін қалайтынымыз белгілі. Бірақ күн күйіп, желдеткіші жоқ кеңседе отыру мүмкін еместей. Бұл материалымызда күн ыстықта не істеуге болатыны жайлы ақпарат бермекпіз.

Әзірге жаз мезгілінде не істеу керектігі жайлы қарапайым кеңестерге тоқталайық:

Жазда тек таза, табиғи матадан тігілген киім киіңіз. Синтетика қосылмаған киім теріңізге оң әсер беріп, ағзаңызды күюден сақтайды.

Әрқашан да сусын алып жүріңіз. Сусын тым суық болмасын.

Күн көзінде көп уақыт қалып қоймаңыз.

Міндетті түрде күннен сақтайтын қалпақ киіңіз.

Жаз мезгілінде ауа температурасы 12.00 және 16.00 аралығында ең жоғары деңгейге барады. Сондықтан бұл аралықта серуендеуден бас тартыңыз. Егер шаруаңыз шығып қалып, осы аралықта күн көзінде қалып қойсаңыз үстіңізге күн тимейтіндей киім кигеніңіз жөн.

Ыстықта тез бұзылатын тағам түрлерін сатып алмаңыз. Себебі жоғары температурада бактерияы өте жылдам көбейеді де, астың бұзылуына әкеп соғады.

Қыз балалар опа-далапты аз қолданғаны жөн. Химиялық заттардың жоғары температурада бұзылу қаупі екі еселенеді.

Ауа температурасы 25 градус С-ден жоғары болса спортпен белсенді түрде шұғылдануға болмайды.

Бір қызығы, күн ысып тұрған кезде адам эмоциясына күш алдырмауы тиіс екен. Себебі эмоция адам ағзасын әлсіз етіп, денсаулық төзімін жоғалтады.

Жаз мезгілінде кеңсе жұмысшылары желдеткіштен қатты қатты зардап шегеді екен. Сол себепті кондиционерге жақын отырмағаныңыз абзал.

Жаз мезгілінде қандай сусын ішу керек?

Аптап ыстықта адам ағзасында су теңдігі бұзылады, анығында ағзада су мөлшері азайып кетеді. Сол себепті адам жаз мезгілінде күніне 3 литр судан кем ішпеуі тиіс. Көп жағдайда жидек сусынынан істелген сусындар: мүкжидек, шие, қарақат және басқа да қышқыл жемістен жасалған сусындар шөлді жақсы қандырады.

Бұдан басқа ыстықты басатын сусын – шай. Қара және көк шайға лимон қосып ішу керек. Ал кофеден бас тартқаныңыз абзал. Сонымен қатар, газдалған сусындар да қауіпті. Ал мұздай суық су ішуден аулақ болу керек. Себебі суық сусын ішкен адам тамақ ауруларына шалдығуы ықтимал. Мұздай сусын ағзаға түскен соң қан айналымын тездетеді, ал бұдан дененің сыртында температура жоғарылайды.

Ыстықта не жеу керек?

Бұл кезеңде көп жағдайда көкөніс пен жеміс-жидек жеу керек. Түрлі салаттар, салқын көже пайдалы. Адам ағзасының температурасын қияр, қарбыз, қауын, ащы және қышқыл жемістер төмендете алады. Ал өте майлы, тұзды тағамнан бас тартыңыз. Жалпы алғанда жаз мезгілінде аз тамақ ішіп, ағзаны бұл үрдіске үйретіп алыңыз.