Апта — уақыт өлшемі. Синонимдер
Сабақтың ортасыҚима қағазға жазылған сөздер арқылы 3 топқа бөлінеді.1-топ:Сұлу2-топ:Әдемі3-топ:Көрікті
«Бейнені есте сақтау» әдісі.Экраннан көрсетілген суреттерді оқушылар айтып, жаңа тақырыптың мағынасын айтады. Апта-уақыт өлшемі. Синонимдер (жаңа тақырып ,бойынша интербелсенді тақтада слайд көрсетіліп тұрады). Синонимдер – мағыналары жағынан бір-біріне жуық, дыбысталуы әр түрлі сөздер. Мысалы: сұлу, әдемі, әсем, көркем, ару, ажарлы, көрікті, келбетті,шырайлы, реңді, өңді. Синоним сөздердің мағыналарының жалпы жақындығына қарай бір топқа жинақталуы синонимдік қатар деп аталады. Мысалы, мықты сөзінің синонимдік қатары: берік, күшті, қуатты, әлеуетті, қарулы.Топтық жұмыс: «Ең бастысы» әдісі1-тапсырма.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.1-топ: Мәтінге сүйеніп дұрыс жауап табыңдар. Қазақ халқында апта күндеріне қатысты дәстүрлі күн атаулары бар/болмаған. Қазақ тар сәрсенбі/сейсенбі күнін іс бастауға сәтсіз күн деп
есептеген. Аспандағы айдың пішіні/түрі әр апта сайын өзгеріп отырады. Айдағы апталық өзгерістер арқылы халық адам болашағын/ауа райын болжаған.2-топ: Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сәйкес азатжолдарды тауып, ондағы ойды бір сөйлеммен беріңдер.
3-топ: Қарамен берілген сөздерді берілген мағыналас сөздермен сәйкестендіреңдер.Қажетті сөздер: шаруа, ерекше, қиын1.Аптаның сейсенбі күніні қазақтар ауыр күн деп санаған.2.Айда болатын өзгерістерге халық айрықша мән береді.3.Сәрсенбіні сәтті күн деп, істерін осы күні бастауды жөн санаған.4.Қазақ жерінің шығыс өңірінде жұма күнін қасиетті санайды.Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Жұптық жұмыс. «Кім жылдам» әдісі1-тапсырма: Үнтаспадан №24 аудионы тыңдау.
- «Жанды сағат» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Жанды сағатқа нелер жатады?
- Күнге қарап уақытты қалай ажыратуға болады?
- «Нағыз күн» сағаты деген қандай сағат?
- «От сағаты» деген қандай сағат?
2-тапсырма: Синонимдік қатарларды табу.
1.а) өткір, қымбат, бағалы; 2.а) жаяу, жүру, жүгіру; ә) алыс, шалғай, жырақ; ә) күту, тосу, аялдау; б) қарт, кедей, жас; б) күлу, жымию, жылау; в) биік, аласа, жақын. в) қолдану, пайдалану.
- а) ұл, қыз, аға; 4.а) кітап, дәптер, қалам; ә) қарт, кәрі, қария; ә) жол, көше, даңғыл; б) ана, ата, тәте; б) ел, халық, жұрт. в) ұят, ой, ақыл. в ) әңгіме, өлең, жыр.
Бағалау: Жұлдызшалар арқылы
Сергіту сәті:Қоян шықты далаға,Жан-жағына қарады.Жүгірді, секірді.,Орнына отырды. (жағымды музыка ырғағымен)
Жеке жұмыс: «Ойлан, тап » әдісі.5-тапсырма: Мән-мағынасын әсерлендіре түсу үшін екі мағыналас
Интербелсенді тақта
Аудио
Интербелсенді тақта