Apple киім өндірісімен айналыспақшы

0

Apple киім өндірісімен айналыспақшы

Әйгілі Apple компаниясы алдағы жылдарда «smart» (ақылды) киім түрлерін шығаруға ниетті. Бұл киімдер iPhone смартфонымен тікелей байланыстырылады. Жақында желіде осы тақырыпқа байланысты бірнеше мақала жарияланды. Алғашқылардың бірі болып AppleInsider басылымы хабарлады.

Патент алу үшін жазылған өтінішқағазда компания АҚШ аумағында матаның ерекше түрін тіркеген. Қызығы, бұл матаға жұқа сымдар жүргізілгендіктен ол ақпараттар қорын жинай алады. Сонымен қатар, киім иесінің жүрек соғысын, қан қысымы мен дене қызуын да дәлме-дәл өлшей алады. Барлық нәтиже смартфонға жолданады.

Одан бөлек, матаның көмегімен әнді қосуға, құлаққаптың көмегінсіз қоңырауға жауап беруге болады.

Желіде Apple компаниясына қатысты тағы бір жаңалық жарық көрді. iPhone смартфонындағы Siri функциясы жол апатына түскен америкалық Нэйт Феликс атты азаматтың өмірін сақтап қалған. Жүргізуші көл жағасында аударылып, байланыстың жоқтығынан Siri қызметіндегі 911 нөміріне хабарласып көмек керектігін жеткізіпті. iPhone смартфонындағы Siri ешқандай пернені басуды қажет етпестен тек дауыс арқылы да іске қосылады. Жүргізуші оқыс оқиға кезінде осы қызметтің көмегімен құтқарушыларды шақырған.


Дереккөз: https://massaget.kz/