Әңгіме: Жалындап өткен жас ғұмыр

0
…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.

Н.Назарбаев

Тарих толқынында қазақ елі, азап шектірген жылдар, ауыртпалық кезеңдер басынан өткергені баршаға мәлім. Бірақ біз қаймықпадық ата-бабаларымыз біз үшін жанын да қанында аямай, бізге жерімізді аманттап қалдырды. Әлихан Бөкейханов «Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпесе болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар»,-деген. Біз осы болашақ ұрпақ алдындағы борышымызды өтеп кете аламызба жоқпа ол әрине бізге байланысты.

Бізге егемендік оңай жолмен келген жоқ, тәуелсіз ел болу жолында көптеген қазақтың қаймақтары қаза тапты, оларды ұмытпай, біз, яғни ұрпақтары жадында мәңгілік сақтап, оларды құрметтеп, еске алып тұруымыз қажет. Соған орай былтырдан бері елімізде ауыз толтырып айтарлықтай айтулы мерекелер болып жатқаны бәрімізге мәлім, атап айтар болсақ: Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанына 20 жыл, Ұлы жеңіске 70 жыл, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына 30 жыл, Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл, осындай сияқты атаулы даталар көптеп тойланып жатыр. Қазіргі таңда мереке қылып тойлап жатқанымыз қуантарлық жайт, дегенмен «Өткенге топырақ шашсаң, болашағың саған тас атады» демекші бұл биік белестер бізге білектің күшімен, найзаның ұшымен келгенін ұмытпай, қазіргі жастар арасында насихаттау және болашақ ұрпаққа аманат ету біздің бабалар алдындағы борышымыз деп есептеймін.

Сондай аталмыш мерекелердің бірі 1916 жылы Амангелді Иманов көшбасшылық еткен көтеріліске биыл 100 жыл толып отыр. Амангелді Иманов бастаған көтерілістің басты себебі: 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығы қазақ кауымының наразылығын тудырып, соның нәтижесінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс басталды. Ол көтеріліс жалғыз Торғай ғана емес бүкіл қазақ даласын қамтығаны бәрімізге мәлім. Махамбеттей, Исатайдай қазақтың батырларының атын өшірмей, жүрегі ел деп соққан Амангелдідей хақымыздың ерін ұмыт қалдырсақ әрине кешірілмес қара таңба болар еді.

Амангелді Имановқа көптеген көшелер, ескерткіштер берілген. Ал қазіргі таңда барлық өлкелерде, оқу орындарында ұлықтау кеші аталып өтіп жатыр деген ойдамын. Сондай кештердің бірі биылғы 2016 жылдың 13 күні Қызылорда қаласы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде өткен «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты Амангелді Имановтың ерлігін дәріптеу, жастар арасында насихаттау барысында кеш өткізілді. Оған жауапты жалпы білім беру пәндерінің бірлестік жетекшісі Ә.Бисембай болса, өткізілуіне үлкен үлес қосқан халық аспаптар бөлімінің 4 курс оқушылары болды. Баяндама оқылды және осы кеште 4 курс оқушысы көптеген Республикалық сайыстардың лауреаты Жұмабек Жансұлтан Құрманғазының ұлт-азаттық көтеріліске арналып шығарған «Кішкентай» атты күйін көрерменге домбыра тілімен жеткізе білді. Және колледждің 3 курс студенттері Карибай Индира Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» атты өлеңін оқу арқылы жасөспірімдерге рухани тәрбие берсе, Қалмаш Асхат С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» атты жыр жолымен жастардың патриоттық сезімін оятты. Міне осындай мерей тойлар қазақ өлкесінің түкпір түкпірінде, жастар арасында насихатталар болса, ол әрине нұр үстіне нұр! Тарих өткен өмірді сөз еткенімен, оның барша тағылымы бүгін мен болашаққа қызмет етеді. «Біздің заманымыз — өткен заманның баласы, келер заманның атасы» — деген сөзді Ахмет Байтұрсынов осындай қисынға орай айтқан. (А.Байтұрсынов. Ақ жол. Қазақтың өкпесі. АЛ. 1991, 123-бет) Біз қазір өз туымыз көк аспанымызда желбіреген, ән ұранымыз және өз елтаңбамыз бар ұлтпыз. Біз сол ата-бабаларымыз салған жолды әрі қарай осындай қарқынмен дамытып, әрбір Қазақстан азаматы қазақстан дамуына өз үлесін қосатын болса, татулықты сақтап, өзге ұлтқа құрмет көрсетіп, бейбітшілігімзді сақтасақ міне сонда ғана Мәңгілік ел бола аламыз.

Әбиділда Мәртебе

Әлеуметтік