Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Риза болсын ақынның аруағы
Кезім болды әділдік айта алмаған.»
Бұл Мұқағали ақынның «Өмір деген біреу бар» атты өлеңінің екінші буынының алғашқы егіз тармағы осы жолдарды оқығанда бір шама ойға берілдім.
Бұл не ақйық ақынның ар алдында ағынан жарылған ақжар ма тұсы ма… жоқ әлде тәңірі ерекше талант силаған періште көңілдің көрінісі ме?!
Қалай десек те болмай жатып болдым, толмай жатып толдым дейтін таланттан, ең бастысы ар ұяттан жұрдай өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетуде тырысатын ақындардың пешенесіне жазылмаған сыршылдық.
Бұл сыршылдық демекші Мұқағалидың кез келген өлеңі тұнған сыр. Ол сізді өзінің сырына ортақтастыра, ой бөлісе отырып, өзі мен бірге қуантып, өзі мен бірге мұңайтады.
Сондай өлеңдерінің бірі «Емханада»
Өкінішті…
Мына құрғыр сырқаттың беті күшті.
Жүрегім көтеріліс жасап жатыр,
Бұзбақ болып кеудемде бекіністі.
Өкінішті…
О, жүрек!
Менің алтын қазығым-ау.
Қайтейін, қажыдың-ау.
…Қытықтаған бауырдың «назы» мынау.
Қажыдың-ау, байғұсым, қажыдың-ау!
Не істемекпін?
Жаным-ай, саған шипа істемек кім?!
Жаны алқымына тығылған сырқатының беті күшті екенін жан дүниесімен сезінген сәтінде де ақын «жүрегім көтеріліс жасап жатыр.
Бұзбақ болып кеудемде бекіністі деп өзінің мүшкіл халін (осылай айтуға болатын) болса сырбаздық пен сыр етеді. Мына жарық дүниеде өтер сәтінің таяу қалғанын «өкінішті» деген жалғыз ауыз сөзбен жеткізеді.
Ал жүректі алтын қазыққа теңеген Мұқағалидан басқа ақын бар ма екен?! Айта қою қиын. Ал жүрегіне «қайтейін қажыдың-ау» — деп тіл қату арқылы қытықтаған бауырдың «назы мынау». Мұқағали әл үстінде жатып та, өмірге әзілге орын барлығына көз жеткізеді.
Не істемекпін?
Жаным-ай, саған шипа істемек кім?!
Жаралғанда бүтін ем, үш бөлекпін:
Жүрегім – Африка, бауырым — Кипр,
Миым мұзды мұхиттай…
Не істемекпін?…
Өлеңнің өн бойында осы сауалды сан рет қайталау арқылы адамның ажал алдында шарасыздығына налйды. Сөйте отырып жүрегін
-Африкаға бауырым – Кипрге,
Миым — мұзды мұхитқа теңеу арқылы өзінің суреткерлік теңемпаздық болмысын алдыңа жайып салады.
Ыстық пен суық, өмір мен өлім, бір біріне қара ма қайшы ұғымдар бола тұра бір сәтке жарық дүниеге құштар ақынның жырының ажарын ашып қана қоймай, ақын рухын көзбен көріп болмас, көңілмен ғана сезініп тұшынар шырқау биікке шығандата көтеріп мәңгілік атты әлемге табыс етуге асығатындай.
Ал мәңгілік әлемінде оны біреулер келекелеп жыртаңдай алмайды. Өз мұңын, өз қайғы қасыретін арқалап аттанған ақын жырларын өзі айтқандай, ешкімде жырта алмайды:
Табиғат
Жанымды алсаң алшы менің,
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім
-Дей келіп, еліне, жеріне, ұрпағына.
Амандық, саулық тілейді.
Келер күнге, кемел келешекке сенім артады.
Күнім батпай алдымен жырым батса,
Бір сағатта жер басып жүрмес едім,-деп
Текке айтпаған ғой.
Егерде айта алмасам айтарыңды,
Алжыдым,
Ақылымды сайтан ұрды,
Қынына қылышымды салам онда,
Ақ жүзі, алмасымның қайтарылды.
Осы шумақтағы «қынына қылышымды салам онда»,
Ақ жүзі алмасымның қайтарылды, — деген жолдарды оқығанда күйкі тірлікте тіліміз күрмелген сәттер аз болмаса да «Ақ жүзі алмасымның қайтарылды» деп қайсымыз күйініп күйзеліппіз, көбімізді мұндайда үн демеген үйдей пәледен құтылады, «Аузын баққан бай болады» деген бабадан әкеге, әкеден балаға мирас болып келісімпаздыққа бетсіздікке тәрбиелеп келген, тәрбиелей беретін қағидаға ден қоямыз.
Ал Мұқағали: Егерде айтып кетсем айтарымды,
Ақылым арнасына қайта кірді.-
Айтарын айтып рухын тіктеген. Жеңімпаз жанның сабасына
Түскен сәтін ақын ақылым арнасына қайта кірді деп суреттейді.
Қынынан қылышымды алам онда,
Қағамын албастыңды сайтаныңды.
Бітті серт кегім менің қайтарылды…
Дей келіп, «сөзден өлген атамды тірілтсем» деген жолға көзіміз түскенде сол жылдарда өлім мен тірінің арасында ілдалдалап кері кеткен баба сөзі, баба тілі еріксіз еске оралады.
Ақынның бабамыз сөзден өлген дегенде астарлап айтып отырғаны қазақ тілі-ау деген ойға тірелесің.
Бұл жорамалымызды ақынның:
Қалай да айтарымды айтып өлем,
Айта алмасам жасайды қайтып өлең.
Шәмшіге айт.
Тағы да бір таңқалдырсын.
Жындандырсын жүректі, жандандырсын!
Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер,
Мәңгілік өлмей тұғын ән қалдырсын.
Ақынның Шәміл-ау!, Шәмші қайда? Шәмші қайда? — деп көңілі байыз таппай сұрау салуынан біз көзінің тірісінде-ақ ән королі атанған Шәмшіні жан дүниесі мен ардақ тұтатын.
Жұртты таңқалдырар, жүректі жындандырар, жандандырар, махаббатты айта жүрер құдыретті ән жазу тек соның қолынан ғана келетіндігіне шүбәсіз сенетінін аңғарамыз. Тәңірім-ау, талантты, таланттың тануы деген осы ма екен. Бірде ақын «Бұл ғалам ішің титтей жүрегіңде, не болып жатқандығын қайдан білсін…
Деген екен. Ал бұл оның жан сыры, мәңгілік жұмбағы болса керек.
Сүлеймен Баязитов