Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ашаршылық
Рухы асқақ – аңсаған ізгілікті.
Ағылды қала жұрты,
Дала жұрты
Қара Ертіс жағасына қыз қылықты.
Қара Ертіс Керекуді өрлей аққан,
Сан ұрпақ, бал суының дәмін татқан.
Жаралған болар бірге Жер — анамен,
Бастауын алып сонау әлімсақтан.
Ол куә кешегіге, бүгінгіге,
Ғасырға ел есінен шыққан мүлде.
Шат басып шадыман шаттық кешті ме әлде,
Күйзеліп, күңіреніп, түңілді ме.
Ол жағын жаратушы тәңір білер,
Бір жылап ұланымен бірге күлер.
Табиғат — анамыздың төл мінезі,
Десек біз келісіммен өмір сүрер.
Қара Ертіс – табиғаттың бір парасы,
Көп болар жүрегінде жан жарасы.
Осы ойдың жетегінде тұрған шақта
Деді біреу: « Жігітім, бері қарашы».
-Аштық, — дейді, — бұл өзі болған жай ма?
Болса да оны айтқаннан қандай пайда?
Ескерткіш ашылады… Ал сонан соң
Құрбандар… Келесі күн ұмытылмай ма?
Жіберді азалы әуен сөзді бөліп,
Алаңды қалың халық тұрған керіп.
Ақ жамылғы сырғыған сәтте сенсең,
Тұрғандай боп көрінді күңіреніп.
Күңіренер жөні бар күйзелетін,
Сандаған жыл сақтықпен бүркеп бетін.
Кеңес құлап кеткен соң құрдымға,
Тәуелсіздік шындықтың тырнап бетін.
Ашты ақыры тың бетін, ақиқатын,
Ашты ақыры «аштықты» атап атын.
Мәңгүрт сана сілкінсін көз ашылып,
Ел жоқтасын жоғалтқан асыл затын.
Ал ескерткіш солардан қалған белгі,
Шұбап шығып артына тастап елді,
Өмір үшін күресті арманда өлді.
Аштық, азап жесе де қанша жанын
Ойлады олар ұрпағын, арттағы елді.
Жолда
Тігулі үй артта қап ата мекен,
Ақ бәйбіше буынған белін бекем.
Дұға қылып аруақ атаулыға:
– Оралармыз күні ертең аман – есен,
– Деп ойлады, бас аман, болсақ есен.
Бұл кешегі Ерденнің жесірі еді,
Ерден болса сол елдің есіл ері.
Бетке ұстары байы еді, мырзасы еді.
Күні-түні қонақтан босап төрі
Көрмеген деп арттағы ел аңыз қылған,
Байлық, бақыт мәңгілік кімде тұрған.
Жылына сол Ерденнің жиылмады ел,
Ат ізін сала алмады жақын-туған.
Осы жай бәйбішені алаң еткен:
– Хабар жоқ ағайыннан неге көптен,
Бақбай мен Бәйт, Алтыбайға…
Балам, сендер кезінде хабарлап па ең?..
– Саламыз оларды іздеп қайда хабар?
Жарты жыл ішке түсіп кеткелі олар.
– Апыр-ай, неге мұны айтпадыңдар?
– Деген ем сіз бекерге алаң болар.
– Қап, қап! — деп ақ бәйбіше аһ ұрғаны,
Егіліп жылап бір сәт басылған-ды.
Аштықтың беті жаман болғаны ғой,
Дейсің бе талай ауыл тақырланды.
– Қоңсылар қыс ішінде көшіп кеткен,
Түбіне олардыңда аштық жеткен.
Шалыңның жылы өтті қозғалайық
Айта алмай жүруші едім мұны көптен
Деді ұлы «Қор азайды, ашығамыз,
Құдай — ау, кімге барып бас ұрамыз?!
Айтшы сен қайда барып паналаймыз.
Деді ол: «Ана, бекер жасымаңыз,
Халықтың басынабұл келген нәубат
Шығайық жолға, ана, асыға біз,
Аттанып бұл арадан жырақтайық
Жан сақтар жерге барып тұрақтайық».
Дегені жалғызыңның жанды баурап,
Тастады ауыр ойды сырыпаулақ.
Сол күні-ақ кете берген жолға шығып
Қоштасып ата жұртпен «а, құдайлап».
Баласы немересі бәйбішенің,
Және де айы — күні тақау келін.
Тыйя алмай күрсінеді көз жастарын,
Қия алмай кетіп барад сары белін.
Арбаға азын — аулақ азық — түлік,
Арттырылған күнделікті қажет мүлік.
Тор төбел дамыл таппай пысқырады,
Жаутаңдап төңірекке құлақ түрі,
Көңіліне бәйбішенің кірді күдік .
Жануар бір пәлені тұр ма біліп,
Қыбырлап жануардың жүрісі өнбей,
Пор-пор боп өз- өзінен берді терлей,
Арбадан кейін қалды бұлар түсіп.
Жүрісі тор төбелдің енді өнердей,
Көрінген бірақ үміт ақталмады,
Тоқтайды есікпенен жүріп төрдей.
Ақыры кезікті де қалың шілік,
Сөзіне баласының құлақ түріп.
Тоқтады осы арада түнеп шығып,
Таң ата Құдай жазса кетпек жүріп.
Айнала түнек түннің құшағында,
Сол түннің немересі бір шағында
Ішім, — деп безектеді тыным бермей,
Қараңғы шілік іші бейне көрдей.
Әрірек барайық, — деп немересін
Ертіп бәйбіше байғұс жүре берді…
Арбаға әлдекімдер шабуыл жасап,
Екеуін өлтіргенін көзі көрді.
Таласқан тор төбелге төбелесіп,
Мен таптым бұл олжаны деген бөсіп.
Бір – бірін итше талапжеңісе алмай.
Пышақпен кеңірдегін жіберді есіп,
Біреуі қанға бөгіп жатты сұлап.
Айғайға екіншісі түрмей құлақ.
Қойнына қара түннің сіңіп кетті.
– Өлген — дәу, оны өлтіріп қашқан — шұнақ,
– Деп біреу өзгесіне хабар шашқан.
Тұрғандар өзек талып қатқалы аштан
Азықты арбадағы көрген сәтте
Сілейте бірін — бірі ұрды бастан.
Жатқанда бір — бірімен жұлмаласып,
Жөн болар бұл арадан кеткен қашық.
Егіліп көзінен жас бұршақтады,
Зілмауыр өне бойын қайғы басып.
Әйтсе де немересіне тіс жармады,
Көмусіз қалды ұлы — басты арманы.
Кінәсіз сәби мерт боп, келіп апат
Немере ата — анадан жас қалғаны.
Болаттай болған іске бекінді анық,
Келеді Баянтауды ол бетке алып.
Алақтап немересі қыңқылдайды:
– Әкем мен апам қайда, жатыр нағып?
Қояды: «Әже, су», — деп мазаны алып.
Өзі де шөлдеп келед өзек талып.
Түк жоғын біле тұра құр қарманып,
Қалып ед қалтасына қолын салып.
О, Тәуба — ай өлмегенге өлі балық,
Бір уыс қатқан құртты шықты алып.
Кетерде қатқан құртты көзі қимай,
Келіні жіберген-ау, сірә, салып.
Сол құртты өзек жалғап сорды кезек,
Ащы құртқа жұбансын қайтып өзек.
Титықтап бара жатыр әлі құрып,
Ажал сұм тұрғандай ма мылтық кезеп.
Алыс жол арқалаған ауыр қайғы,
Ұзаққа бара алмасын іші сезед.
Өлмейтұғын адам жоқ темір өзек,
Кімге де уақыт жетсе келер кезек.
Сол сәтте сансыз елес пайда болды,
Құдай – ау шешесімен теріп тезек,
Жүргендей сорлы анасытілін безеп:
– Таста да немереңді менімен жүр.
– Жүр!- дейдітаста барын жүр тезірек,
Әкең де сені бірге іздеп шыққан,
Әкесі тосып тұрған бұрылыста.
-Күттім ғой, қызым сені көп сарылып.
Ақыры, кезіктірді-ау тағдыр — мыстан.
Селт етіп бәйбішенің зәресі ұшқан.
– Күнім, деп немересін сүйіп-құшқан.
Күңгірлеп құлағына келгендей ме,
Шақырған әке даусы тым алыстан.
Елеспен келед кемпір алпарысып,
Сәт сайын әр дыбыстан зәресі ұшып.
Ащы құрт аш өзекке жақпады ма?
Жол бойы немересі келед құсып.
– Әже, мен шаршап кеттім, аялдашы,
Салбырап кетті түсіп төмен басы.
Бәйбіше қалжыраған, қан жылаған,
Аялдап аз-мазырақ ентік басып.
Сәл мызғып алмақ болып жантайған-ды,
Сезіліп өн бойынан әл тайғаны.
Ақбет тау қарсы алдында тұр айбындап,
Көңілі тауды көріп бір жайланды.
– Иншалла, кешкедейін жетеміз,- деп,
Көңілден күдік сырғып, үміт үдеп
Арманда кеткен ұлы, келінімен,
Елестеп көз алдына қалды жүдеп.
Ой меңдеп, уайымның артқаны анық,
Қайғының қалың өрті бойды қарып.
Жүрегі қатты соғып қаны тасып,
Қалғанын сезбей қалды болып ғаріп.
Орнынан қанша ұмтылды,- тұра алмады.
Дәрменсіз бел құрт қойдай бұраңдады.
Ақбетке көз тігумен жатты бейбақ,
Жетсем деген іске аспай ұлы арманы.
Қыңқылдап: «Әже!»- деді немересі,
Сол сәтте кеткен еді ауып есі.
Қос мұңлық осылайша қарсы алған ед,
Арқаның жел-желпіген қоңыр кешін.
Таң ата бәйбішенің есі кіріп,
Баурында немересі жатқан бұғып.
Тұра кеп төңірекке көз салып тұр,
Жел желпіп қыр төсінде жайқалған гүл.
Шырылдап бозторғайлар сәл жырақта,
Салады тоғай жақтан әнге бұлбұл.
Бәйбіше тұра алмады сал боп қалған,
Баянсыз қас-қағымда өтті жалған.
Айрылды бір-ақ сәтте барлығынан.
Бауыр еті баласы, келінінен,
Ен дәулет, қаптап жатқан дүние- малдан.
Барады қайрат кеміп, оты сөніп,
Қалмаған кетер жанда ақыр көміп.
Тағдыры немеремнің не болар деп?
Ойлады тұрғандығын қауіп төніп.
Әлдекім қастарынан өте беріп,
Баланы жылап тұрған қалды көріп.
Аяды, бәлкім, басқа ойы бар ма?
Бұларға тізгін тартты таяп келіп:
– Бұл сіз бе?
– Апыр-ау, сіз Қайшамысыз?
Бұл жерде тәңірім-ау қайдан жүрсіз?
– Деп аттан қарғып түскен Айдарбекті
Бәйбіше қара қабақ қарсы алды үнсіз.
Айдарбек айтпай ұқты оның жайын
Құшақтап жылай берді апатайын.
Аталасы еді ол Айдарбектің,
Көргенде мүшкіл халін етті уайым.
Сұрады ол: «Балаң қайда , келін қайда?»
Сілтеді Қайша қолын шілік сайға.
Болғанын бір сұмдықтың іштей ұғып,
Сыйынды «Сақтай гөр!» — деп бір Құдайға,
– Жеткен-ау, аштық, шіркін, титығына!
Деген ол: «Әй, Айдарбек, мені тыңда».
Көрсетіп немересін «Аманат» деп,
– Басымды қаратып кет құбылаға.
Қырық жыл қырғын болса ажалды өлмек.
Ажалсыз ебін тауып күнін көрмек.
Бақбайға не Бәйітке табыстарсың,
Ал енді бар деген ед қолын сермеп.
Айдарбек, Аманатты ап жолға түскен,
Баланың жылай — жылай көзі іскен.
– Ағатай, қарным ашты, — деп қояды,
Емеспін арғы күннен тамақ ішкем.
– Шыда, — деп басты енді атқа қамшы,
Ашыққан бала қалай шыдамақшы.
Әйтсе де сөзді ұғып үндемеді,
Түскенін сезді ме әлде асығы алшы.
Тоқтады, ақыры, олар бір бұлаққа,
Бұлақ көп, таудан аққан біздің жақта.
Жуынып шайынған соң Айдар аға.
– Кел, қарғам, — деп шақырды, — кел тамаққа.
Тамақты бірақ бұған көп бермеді,
Бұл, сірә, аштық жайын ескергені.
Қалдырып Аманатты осы арада,
Кетті өзі жолдың жайын барлап қайтпақ.
Аңшы еді қысы — жазы аңға шығып,
Үйренген аң аулауға бұғып жүріп.
Тақалып айдау жолға тың тыңдады,
Көз салып айналаға құлақ түріп.
Арыған алыс жолдан шаршап талып,
Қаптаған аш — арықтан көзі тұнып,
Анық ед бұра тартар жолдың жоғы
«Тәуекел!» — деді дағы кетті жүріп.
Тосқауыл
Кенеттен қос салт атты құлап қырдан,
Аштарды болса керек аңдып тұрған.
Қамшының астына алып кері қуған,
Талайы аш-арықтың құлап тынған,
Әп — сәттеқұлақ тұнды ащы шудан.
Алайда ашыққан жұртжасымады,
Ұмтылды күшіктерге асыранды.
Жан алып, жан беріскен бұл шайқаста,
Әлдекім белсендінің басын жарды.
Белсендінің біреуі мұны көрген,
Дәуір — ай әумесерге мылтық берген.
Атам деп әлгі антұрғанбас жарған — ды,
Шығарған жаралыны бірақ көрден.
Мылтығын тастай салып,есі шығып,
Қылмысын қалмақшы да елден бүгіп.
Айдарбек осы жайды көргеннен соң,
Атына жеткен еді зыр жүгіріп.
Алдына Аманатты мінгізіп ап,
Атына қамшы басып кеткен жырақ.
Қуалап өзек — сайды, ормандарды
Ел жүрер айдау жолдан кетті жырақ.
Бұрады аттың басын қайда бірақ?
Бірден — ақ көлденеңдеп осы сұрақ.
Сенделді ат үстінде жауап таппай,
Сүйегі далада өлсе, қалмақ қурап.
Өлімнен десек-тағы құтылған жоқ
Ақ жуып аруланған көңілге тоқ.
Ерте ме, әлде кеш пе сөнері анық,
Маздаған кеудеңдегі бір алау шоқ.
Тағдырды кей әулие өлшеп-пішкен,
Алланың не ойшылдан әмірі үстем.
Содан да «таңғы ырзық тәңірден» — деп
Айтқан ғой,
Сан рет қайталады мұны іштен.
Ширығып сол сәтінде сала берген:
«Тәңірдің не салғанын бара көрем»-,
Деді де жалғастырды жолын әрмен.
Қарақшылар
Суы бар көзден таса жерде түнеп,
Секілді арты- жарық,
Алды- түнек.
Құрады аңға – тұзақ,
Балыққа – ау,
Аштықтан Аманат та қалған жүдеп.
Шырайы бірте-бірте кіргені анық.
Отырады жағалауда қармақ салып,
Мұңайып ата-анасын есіне алып.
Әжесі көзін ілсе, түсіне енеді,
Серейіп есін жимай жатыр талып.
Әке мен шешем неге тастап бізді,
Біздерден қалай ғана күдер үзді?..
Осы сәт қармағында тулап балық
Еріксіз Аманаттың ойын бұзды.
Балықты ағасына алып ұшты
Қуанып табысына сүйіп, құшты.
– Бір айдай біз шыққалы болды жолға
Мен барлап келейін бір маңай тұсты,
– Деді де кете барды орманды өрлеп,
Аманат балық аулап етіп ермек.
Құлағы шалып қалды әлдекімнің:
– Вася, деп шақырғанын,- мұнда кел,- деп.
Үлгерді бой тасалап сол сәтінде,
Бір орысшұқырды шыр айналып шықты тегіс
Содан соңсәл ысқырып белгі берген.
Ат арба сол сәтінде салып келіп,
Қаптарды түсіріп жатқанын көзі көрген.
Сонан соң келушілер қайтты кері
Секілді гүр-гүр еткен бейне бөрі.
Басшысы – ауәлдекімді топтан жырып,
Қалдырып осы арада жөнелді енді.
Аманат мұның бәрін сырттай бағып,
Отырған: «Ағам қайда, жатыр неғып?».
– Қозғалма, осы арадан адасасың,
– Дегенін бала, шіркін, алған қағып.
Шыдады, шыдамасқа шара бар ма?
Маса шағып, ызыңдапаралар да.
Қара түн бара жатты қоюланып,
– Қалмаса ағам кез боп осыларға
Жарар ед.
Өз ойынан өзі шошып,
Көз ілмей ағасын олтосып отыр.
– Аманат, айналайын!- дегенінде
Кеткен ед күдік тарқап,
Көңілі өсіп.
Қалдырмай
Тіптен бүге — шігесін де,
Көргені айдан анық тұр есінде.
Ағаға болған жайды баяндады,
Атады «Вася» — деген бір есімде.
– Ат арба, қаптар, шұңқыр, бірер адам,
Бұлар кім?
Үзіп ойын осы арадан.
Күреңді бір ағашқа тас қып байлап:
– Қозғалма, қазір келем осы арадан,
– Деді де қара түнге кеттісіңіп.
Алмақ боп аз — мазырақ көзін іліп.
Жантайған күзеттегі жас қарақшы,
Қор етіп тәтті ұйқыға әбден батты.
Алғанда әлдекімнен жерден жұлып,
Ұйқысын аша алмады көз жұмылып.
Шошып кетіп шоршып түсем дегенінде,
Тап болып бейтаныстың шеңгеліне.
Күтірлеп қабырғасы сына жаздап,
Тұншығып деген тұста енді өлдім бе?..
Кеңірдегін босатып қоя беріп,
Қос тізерлеп тіземенен салған керіп.
– Кімсің? — деген сауалы сондай сұсты,
– Жөніңді айт, тез қанекей.
Шапалақпен жіберген салып — салып.
Жас қарақшы әу бастан су жүрек — ті,
Естіп үнін ананың дір — дір етті.
– Антонмын, атым- Антон, мүгедекпін,
Қаптағы астық – Васянікі, менікі емес.
Тек мені сабама! — деп зыр – зыр етті.
– -Вася кім?
– Біздің топтың жетекшісі,
Бұл жерге басқа жақтан келген кісі.
Қанды қол қарақшының нағыз өзі,
Түрмеден естуімше қашқан кісі.
– Ол қайда, топтарыңда қанша кісі?
– Дегенде қудай болып қашты түсі.
– Дәл қазір қайда екенін біле алмадым,
Леша бар қасында оның кетік тісті.
Күн көріп ел үстінен үзіп — жұлып,
Кәсіпке машықтанып қарақшылық.
Васяның бұйрығымен ел тонадық,
Шатыстық шайтанға еріп Құдай ұрып.
Шықпақшы ед таң сәріде ертең іске,
– Сеніңіз, машықтанған біз бұл іске.
Әр сәтте қалт жібермей шаруаның
Астығын құтқармаймыз қолға түссе
– Ертең де…
Сол сәтте арқасына қамшы ойнаған,
– Ағатай, ұрмашы! — деп ойбайлаған.
– Апар!- деп тура бастап оны айдаған.
Ақыры Антон тоқтап бұған қарап,
– Мына жол диірменге алып барад.
Әкелмек диірменге шаруа астық,
Алмақшы қарақшылар соны тонап.
Тек сендер диірменшіні өлтірмеңдер,
Өтінем, оған зақым келтірмеңдер.
Сорлыны кемсең қаққан алып барып,
Байлады бір ағашқа шандып матап.
Сонан соң: «Аманат, сен бері кел,
– Деді де сөйлеп кетті орысшалап.
– Айғай сап, белгі берсе бұл зәнталақ.
Өрте деп сіріңкені берді оған.
От қойсаң май ағашқа лаулап жанад.
Соны естіп қалмады ма зәре — құты,
Құп- қу боп, үнсіз қалды тілін жұтып
Егіліп үн шығармай жылап тұрды.
Ерлікпен шатыстырған зұлымдықты,
Бейшара қателігін енді ұқты…
Келеді ат үстінде Антонға еріп,
Ол байғұс көз жасына ерік беріп.
«Ағалап» аналарды жамандайды,
Ал Айдар әр сөзінен жаны жеріп.
Тұрса да құлақ түріп амалсыздан
Қояды ара-тұра сауал беріп.
– Васяда қару бар ма? — дегенде
– Қаруы жоқ, бірақ кетік Леща
Әлденеше,
Адамды қанжар атып, майып қылды.
– Иә, иә, айтары жоқ, тіпті кеше,
Ал Вася бір қойғанын өлтіреді,
Сондай күшті,- деп Антон желпінеді.
Отты қару жүр дейді қолға түспей…
Міне — міне келдік деп елпілдеді.
– Көпірді көресіз бе мына жатқан?
Талайды осы көпір қан жылатқан.
Жан –жақтан диірменге келетіндер
Өтеді осы арадан әуел бастан.
Соларды …
Антонды алысырақ алып барып,
Байлады бір ағашқа шандып таңып.
Алдына мінгізіп апАманатты,
Алаулап шыға келді шоқтай жанып.
Айғайлап дыбыс берсең аямаймын,
Өлтірем қызыл отқа қақтап қарып.
Шамасы, бір шақырым шыққан шақта,
Көрінді өгіз арба арғы жақтан.
Бұларда аттан түсіп, алдын тосқан,
Арбада қатарласты бір заматта.
Арбада шал мен қыз астық артқан,
Құрбаны бандылардыңтосып жатқан.
Осылар екендігін біліп Айдар
Оларға жылы жүзбен амандасқан.
– Қазақпын, мына бала — інім менің,
Аштықтың салдарынан қырылды елім.
Амал жоқ…
Тентіреп осы жаққа келген едім,
Диірмен бар деген соң осы маңда,
Бір пана табам ма деп шыбын жанға.
Шығып ем жол таба алмай сенделедім,
Жарар ед жем болмасам тағы аңға.
Дегенде шалдың бұған жаны ашып:
– Диірмен бұл арадан емес қашық.
Аңды қойшы, екі аяқты жауыздар бар,
Жүрмесін абайсызда қанын шашып.
Деп сырын ішке бүккен жайып салды.
Келеміз жанды түйіп шүберекке,
Маңында диірменнің банда бар-ды.
Деген сөз естілсе де ауық-ауық,
Күпсінген кеңесіміз – ел қорғаны,
Келгенде бандыларға соқыр тауық.
– Жә, шырақ, енді біздер қозғалайық,
Диірменге осы жол барады алып,
Бала мен мына кісі атқа мінсе,
– Дегенде ару бикеш қанаттанып:
– Жарайды, солай болсын деген еді,
Шиқылдап өгіз арба дөңгелегі.
Көпірге жақындаған бұрылыста,
Деген-ді Айдар: «Тыңдаңыздар енді мені,
Осы жерде тұрыңдар, тасаланып,
Арбаға банды шабуыл жасары анық.
Митрич олай-бұлай болып кетсең егер,
Тастама Аманатты жаныңа алып».
Солай деп Митричтің киімін киіп,
Жөнелді шүберекке жанын түйіп.
Ағаштың басында ешкім көрінбейді,
Көпірдің ортасынан асқан тұста.
Көрінді қара арба көзге күйік
Олардың ойын ұқты Айдар бірден,
Көпірге айнала алмай көлік кірген.
Шабуылға оңтайлы жер осы ара
Болды ғой кесіп-пішіп білек түрген.
Екеуі тұра ұмтылды арбаған енді,
Деді Айдар: «Ал қимылдар кезің келді».
Оларды көрген бойда түсе қашты
– Өгізді ұста…
Жайлаймын қуып жетіп ол енеңді.
Ал Айдар қарсы ұмтылды тұра қалып,
Сарт еткізіп қамшымен қалды салып.
Қамшыгердің қолы ауыр шыдатсын ба,
Бейшара ұшып түсті естен танып.
– Көмектес, өліп барад, өліп барад,
Жүрегі кейде қысып талып қалад.
Дегені Антон тұтқынесінде еді.
– Өлем қап, түп енеңді сен зәнталақ,
– Деп боқтап жеткен Леша сөйлеп өктем,
Оны да дойыр қамшы еңіреткен.
Сол сәтте ат жегілген арбаны алып,
Желдіртіп Митричкеліп жеткен.
Екеуін қол — аяғын байлап — матап,
Жатқанда Митричтің атын атап
Деп: «Сен төбет әлі күнге тірі ме едің?»
Леша Митричті жатты даттап,
– Бұл сен бе ең тұзақ құрған бізге, жәллап?
Арман не едқаныңды өлсем сенің жалап.
Түбіме, ақыры, сен жетер болдың,
Әуелден қолы таза сұм зәнталақ.
Қылмыскерге мейірімсіз ең бала жастан
Қағылған киер киім, ішер астан.
Аш құрсақ өлсек тағы сен антұрған,
Кетіп ең тура жолдан бұрылмастан.
Кезім көп сендейлердің қанын ішкен,
Дүние — ай арманым не, ед қолға түссең.
Жөнелді Митрич оларды алып,
Арсызға тіл қатпады тынып іштен…
Қыз бен шал аман қалған бағы жанып,
Талайды қасқырдайын салған жарып.
Қарақшыларды байлап — матап әкелгенде,
Қалған ед диірменші естен танып.
Әлден соң есін жиып: «Ұлым», — деген,
Болайын ей, Митрич, құлың деген.
Тым құрыса жалғызымның сүйегін бер,
Мен оны таныстырған жырынды мен.
Паналатқан қашқынды сөзіне еріп,
Қанішер қарақшыны
Мен едім кезіктірген тауып беріп.
Антонды бір үлеске алам деген,
Қасыма маған сеніп қылсаң серік.
– Қалғанын заң орнына баяндарсың,
Сезді ме жұрттың өзі аямасын,
Арбаға ешкім айтпай өзі ілесті,
Бір тықыр деген болар таянды шын.
Жас қыздың жан жүрегін сезім билеп,
Құтылып қорқыныштан жаны түлеп.
Айдарға Антонина тіл қатқан — ды:
– Танысайық, қане, — деп тұр күлімдеп.
– Атым – Айдар.
– Мен болам – Антонина.
Міне осылай танысты жүрген
Бір – бірінен тым алшақ бір қиырда.
– Ержігіт екенсің сен дегенмен,
Бет қаратпас бір сәтте жауды жеңген.
Шақырам шаңырағымда қонағым бол,
Әкемнің кетерінде айтқаны сол.
Ұласып бұл таныстық махаббатқа,
Білмеді басталарын бір ұзақ жол.
Болары ащысы да, тұщысы да
Шыдарын қос жүректің небір сынға.
Күрессіз кім жетіпті жетістікке,
Күрессіз шыңдалыпты қандай тұлға.
Әуелден ержігіттің еңбек пірі,
Мал бағып егін еккен жазғытұры.
Өзгелермен жарасып еңбек еткен,
Қаптаған колхозшының болды бірі.
Ата-ана атандырған тағдыр дархан,
Дейтін — ді ұлың – тұмар, қызың – алқам.
Өсіріп ұрпақтарын мәпелеген.
Аманатқа ақылшы болған, қалқам.
Қос тағдыр қол ұстасып тұрып жатты,
Еңбекпен өтті күндер бір ырғақты.
Күнге-күн, аптаға — апта жалғасумен
Бес жылдың өткенінде білмей қапты.
Білетін бірін — бірі бақытым деп,
Тірліктен тапқан асыл жақұтым деп.
Митрич тұтқындалып қара түнде,
Қалған ед сенім күйреп, көңіл жүдеп.
Табылып жаңа жаулар ел ішінен,
Бір үрей шыққандайед көр ішінен.
Тағы бір зұлыматтың басталғанын,
Бейбіт ел қашанғыдай кеш түсінген.
Түс
…Сол түні түсіне құзғын енген еді,
Үстінде алтын тақтың тербеледі.
«Қазақстан» — деген жер картадағы,
Біліп қой болмайды енді, өзгереді.
Қазақтың тірісінен өлгені көп,
Жабайы ел төрт түлікті еткен тірек.
Шыдамай кіші төңкеріс дауылына,
Өлгені өліп, тірісі жүр тентіреп.
– Мына сен қаңғып жүрсің Ресейде,
Менімен шамаң барма тіресерге?
Біразы Қытай, біразы Ауған ауды,
Біразын құтқармадым, тықтым көрге.
Ха, ха, аштық, менің уым – сен,
Сендерді дәуір өзі сыртқа тепкен.
Әлі алда көретінің, көрешегің
Сендерді қоямын қоршаптікенекпен.
Әп -сәтте басып түнек жер мен көкті,
Тұмшалап қара бұлт тұрды көкті.
Әулиелі Қызылтау күңіреніп,
Азалы үні жер дүниені тітірентті.
Ақбет тауға жарасып қара сәлі,
Жел желпіген – Желтауға қарашы әні.
Баурындағы Қос Шалқар көзін жұмып,
Көргісі келмейтіндей тамашаны.
Көр соқырдай көл біткен көзін жұмды,
Қан татырам қаласам қара суы.
Қаншама тұлдансаң да, кәрленсең де,
Шамаң маған келмейді Қалмаққырған,
– Дейді құзғын зәр төгіп айбаттанып,
Атқа мінген қарғалар елді қуып,
Қанды жас байтақ жерді жатты жуып.
Қара шеңгел Желтаудың сұры қанып,
Қан сорғыш ши бөрінің күні туып.
Төңірек әлем — тапырық, астан-кестен,
Айрылған аш адамдар ақыл — естен.
Етін жеп бір – бірінің, қанын ішіп,
Адам — аңның күйін кешкен…
Деді құзғын:
– Сен енді ана тұрған тауға қара,
Үйдірттім мен оларды жеке дара.
Ұлтымның ертеңі деп жүргендерің
Қаңқасы аштан өлген бала — шаға.
Еліңнің келешегі күндей күңгірт,
Аштықтан соң далада түскен ымырт.
Естілмейт уілдеген ұрпақ үні,
Айнала төңіректіңбәрі жым — жырт.
Осы сәт рухы кеміп күйзелістен,
Бейберекет бейжайлау күйге түскен.
Селт етті қаһарына қаһар қосып,
Жіберді намыс шіркін қозғап іштен.
Құзғынға тақта отырған тап берген — ді,
Сол сәтте күзетші қарға шап бергені.
Шошынып айғай салып түре келді,
Өңінде емес екенін, түс көргені.
Екенін білген сәтте кемсеңдеді,
Мұны көрмей жақсы ме, ед әлде өлгені?…
Осы ойдан құты қашып, зәресі ұшып,
Еңсесін тіктеген — ді кеткен түсіп.
Аштықтан қазақ аз ба қаза болған,
Қаны қайнап орнынан тұрды ұшып.
Сен өлсең өлген қазақ саны артады,
Осы сауал санаға сәуле төккен.
– Ысырып күмәнді ойды жаңартқанды
Сәт санап бара жатты айбыны артып,
Жасыған қайрат жігер сәл шәу тартып.
Тапқандай бірте-бірте өз арнасын,
Өзіне бұрынғыдай сенімі артып,
Анямен ойын ашық бөліскен-ді.
– Сағындым сарыарқаны гүл мекенді,
Көшейік деген еді,
Келіскенді.
Ұлы мен қызын алып Аманатты,
Кетпек боп артқа тастап алапатты.
Ал Аня ермей оған қала берген,
Білмек боп не боларын мұның арты.
Әкесі атылғанын білген сәтте,
Соңынан күйеуінің бірақтартты.
Табысып өзін күткен отбасына
Поэзға отырып ап жолға түскен.
Көзін тауып өзгертіп құжаттарын,
Тағдырға іштей налып күйіп-піскен.
Ақыры, отыз жеті сырғып өткен.
Алла сақтапқалғандай ед бұл нәубеттен,
Айдар да есін жиған алапаттан.
Бар арманы айтары елге жетсем.
Аман – есен көре алса ел қарасын,
Жазылардай көрінген жан жарасы.
Сол елге жетер тұста тұтқындалды,
Тағдырға кімнің қылар бар шамасы.
Отбасы келіп жетті қырға аңырап,
Ақыры, тапты Шеңгелді жұрттан сұрап.
Сұрамай Аманаттың кім екенін,
«Ағайын, қазағым», — деп ұшты құрақ.
Антонина қалған еді өз тегінде,
Көрсетті құжаттарын белсендіге.
Әкесі балалардың «Митрич» — деп,
Әкеткен құжаттарға олар тіркеп.
Аманат ағайынға сырын ашпай,
Бұл менің анам деген әуел бастан.
Бөлісіп қолда барын аз ағайын,
Бұлар да жұртпен бірге ораза ашқан.
Оралу
Сұрланып жылдар бойы сұры қашқан,
Қақаған қыстан кейін не зымыстан.
Түскен ед күн сәулесі жерге баяу,
Талай жыл уысында ұстап қысқан.
Саясат әлемінің тарлан бозы,
Көсемнің Ленинді көрген көзі.
Әр сөзін Иман шарттайжұрт жаттаған,
Аттанар о, дүниеге келді кезі.
Әкесін халықтардың қимағандар,
Жылады шын көңілден сыйлағандар.
Күңіреніп, күйзеліп қарғыс айтты,
Ноқтаға жұмыр басы сыймағандар.
Халық жауы атанған талайлардың,
Кім білген алда таңы арайларын.
Айдар да бағы жанып аман қалған.
Өткізген тар қапаста сана ойларын.
Айың не ондаған жыл өте шыққан,
Жылқыдай ақ түтекте безіп ыққан.
Үштіктің ұйғаруымен еш кінәсіз
Жер түбі Колымадан бірақ шыққан…
Ақыры Керекуге, елге жеткен,
Ауылын әркімдерден сұрайды еппен.
Сескеніп үстіндегі киімінен,
Талайлар жауапқатпай жылжып кеткен.
Базарға сөйте жүріп іліккен — ді,
Кейбіреу түр түсінен күдіктен — ді.
– Кімсің? — деп бір арбакеш сыбыр етті,
Тәуекел адам болар ақ ниетті.
Жанына жақындап кеп сәлем берген,
Ал анау көзін қадап әудем жерден.
Тұр еді мұның бағып әр қимылын,
– Емеспе, тәңірім — ау, мынау мерген,
– Дейтұра өз — өзіне сенбеген — ді.
Көз салмай тұр, қарап: сендегенді.
Сұрадың Қарашеңгелдіәркімдерден
Әрине, жөн сұрауыңжөндеген-ді.
Әйтсе де Қарашеңгел кіндік кескен,
Жерің бе, туысың кім онда сенің?
Осы сауал Айдардың тілін шешкен.
Қысқаша кім екенін аңғарта кеп,
Жылдар бойы көкейін әбден тескен,
Сұраған Бақбай, Бәйіт, Алтыбайды,
Білсең айтшы өтінем солар жайлы.
Аманат аман жүрсе ата жұртта,
Аня мен шығар дерек балам жайлы,
Деген ой көкірегін меңдеген — ді.
– Қамшыгер, енді бәрі жөнге келді.
Сұр мергенім, палуаным есенбісің?
– Дегенде жер дүние дөңгеледі.
Айдарбек көз жасына ерік берді,
Келген жан өлмесе де көріп көрді.
– Қой, аға, жыламаңыз, — деп арбакеш
Айдарды арбасына ертіп келді.
– Қазірде Баян жерін мекендеген
Сізді алып ертең Қойтас кетем деген.
Сен таныдың ағаңды мен танымай…
– Мен сізге тіптен аға бөтен емен.
Әкіжайдың аталас інісімін,
Шапықтың Кенжеұлы Тынысымын.
Сол Тыныс атын атап тізіп айтқан,
Аштықтың құрбандарын тірісінің.
Күләнді қарындасын аталмады
– Сұрауға Айдарбек те бата алмады,
Әлден соң Тыныс бұған сынай қарап,
Сұрады не екенін басты арманы.
– Басты арман – ел — жұртыма аман жету,
Таба алсам отбасымды бақытты ету.
Аманатты табыстап Қайша апамның
Ағайынға…
Басына Күләнімнің дұға ету.
– Дұға дейсіз?…
Күләнің тірі емес пе?
Қойтаста біз баратын тұр емес пе?
Дегенде Айдар тұрды таңқалумен
Шындық па бұл жоқ…
Әлде түс елес пе?..
– Аға, — деді ана қу жымың қағып,
Аня жеңгей жүруші еді Крес тағып.
Сол кресін…
Тірі екенін отбасы естігенде,
– Бара жатты көз алды тұманданып.
– Сүйіншімді бересің барған бойда
– Тәңірім жеткізе гөр ұлы тойға.
– Аня жеңгем мұсылман, Алла, — дейді.
Ал Аманат қой бақты келген бойда.
Әжептәуір орысша білімі бар,
Жас жігітке комсомол боп ынтызар.
Қызметке ауданға алып кетті,
Естуімше ол қазір – секретарь.
Алда Қойтас…
Артта қап ауыр жылдар.
Халықты тоз — тоз қылған қаскөй, мұңдар,
Өзі кеткен артында көзі қалған,
Талай-талай кезікті қиын сындар.
Түйін
Біздің халық күрескер мойымады,
Тарих өзі қазақты мойындады.
Тәуелсіз ел – бұл күнде Қазақстан,
Күш –білімін, өнерін бойындағы.
Сарқа жұмсап елінің ертеңіне,
Ата ұрпақ — жас өскін өркеніне.
Ұқтыруда тарихын елдің өткен
Жаңа тарих
Тас тарихел төріне.
Шығып жатыр кезімен, кезеңімен,
Тұр ескерткіш ұлы Ертіс өзенінің.
Әнін естіп тоқтамас өмір ағын,
Бірге гүлдеп жасамақ өз елімен.
Сол ескерткіш бейнелеп аштық жылын.
Еске салар аштықтың құрбандығын.
Ақ таңдақтың айқара бетін ашып,
Қара жүзін аярдың етер жырым.
Өлісін тірісіндей ардақтаған,
Еліме Алла өзі төккей нұрын.
Сүлеймен Баязитов