Әңгіме: Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Қазіргі таңда еліміздегі əр 100% некенің 20%-ы аралас неке болып табылады. Бұған не себеп? Ең бірінші ойға келетіні — қомақты қаражат, «бақ» қонған заңғар үй. Иə, көбінесе қыздардың басым көпшілігі байлықтың көзіне құмартқандықтан, осы əрекетке барады. «Бұл топқа көбінесе тұрмысы төмен отбасыдан шыққан қыздар жатады»,-дейді психолог мамандар. Екіншіден, өзге елдің тілін біліп, «Болашақпен» білім шыңына қол жеткізуді мақсат тұтқан «тыңдаушылар»(студенттер) Алғашқыда олар алпауыт елге арман қуалап кетсе де, кейіннен жаңа ортаға бейімделген соң, мəңгілік сол елді тұрақ етуді көздейді(бір себеп: онда айлық табыс біздікінен 10 есе жоғары). Үшіншіден, қазақ жігітінен қатты көңілі қалған бойжеткендер. Олар жігіт атаулыға «кек» қайтаруды көздеп, тұрмыс құрады. Бұл санаттағылардың легі 18-ді өткеріп, оң-солын бес саусақтай таныған қыз-келіншектер. Бірақ, бақ қуалап кеткендердің барлығы дерлік көздегендеріне жете бермейді. Өзгенің қара қасқа иттері “қорғансыздың күйін” кештіріп, қайтып келген қыздардың да саны жетерлік. Бұл дегеніміз, бір қыз шетелге күйеуге шықса, мың қыз түс көргенмен тең (көпке топырақ шашқаным емес)…
Ал өзге ұлт өкілдері неліктен қазақ қыздарын алуды жөн санайды?! Бір жағынан, «Жеті қазынаның бірі — көрікті əйел» екендігін алға тартқанымыз дұрыс. Екіншіден, олар өзге ұлт өкілдерін “құтты қонақ” санайтын елдімекенде өмір бойына “қоныстанғанды” мақсат тұтады Осы тұста таяқтың екінші ұшы бізге келіп тиеді…
Қазақ ұлтының көбеюіне себепші қыздарымызды «белі бесіктен» шыққанша асқар тау əке “қырық үйден тыйып”, аналар ділімізді танытып, жөнімен тəрбиелеуі тиіс. Сонымен қатар, елімізде «аралас некеге қатаң тыйым салу туралы» Заң жобасы іске қосылу керек сыңайлы. Мысалы, Жапонияда мұндай ұғым жоқ, олар 99.9% таза ұлт саналса, Араб елі өзгеге қыздарын ұзатпайды. Ал туысқан Түркияда үйленбек түгілі, шетел азаматымен танысуға да рұқсат жоқ. Ер азаматтар да ұсақтанбай, «есектің артын жуып мал тапса» да, борыштарын орындауы тиіс! Ұлт зиялысы Мұхтар Əуезов «Ел болам десең, əйеліңді түзе» деп босқа айтпаса керек. 17 миллион тұрғыны бар еліміздің 11 миллионға жуығы ғана қазақ халқы. Қандастарымыз «шетелдік күйеу баладан» сыйлай берсе, қалай «Мәңгілік ел» атанамыз?! Бүгінде ұлттығы жойылған Франциямен тең келмейміз бе?!
Əрқайсымыз “Қазақстан — кең-байтақ, 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады”,-деп көкірек кергенімізбен, зиялы қауымның, өнегелі ұрпақ қалыптасуының негізі саналатын қыз атаулыларымыз «көлденең келген көк аттылармен» отау құрмаса игі. Өзекті мəселе турасында айтарымыз да көп, бас шайқарымыз да мəлім. Бастысы, қыздарымызға сана бергей!..
“Қыз өссе — елдің көркі” деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан, қайран бабам?!”