Әңгіме алаңы «Латын әліпбиіне көшу»

0
165







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Әңгіме алаңы «Латын әліпбиіне көшу»

Автор: Туртбаева Рауза Жаксиликовна

Бағыты: Басқа Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2018-12-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Мұғалімдерге көмек ретінде пайдалануға болады




Сабақтың тақырыбы: «Латын әліпбиіне көшу» әңгіме алаңы.Сабақтың мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор материалдары.Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, компьютер.БарысыІ Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін біздің мектепте де бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр. Ендеше, «Латын әліпбиіне көшу» тақырыбында өткізілгелі отырған ашық алаңымызға қош келдіңіздер. ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрофон»Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы Сұлтанова Бейбіт апайымыз өз баяндамасын тұжырымдап айтып берсеңіз.

Бейне көрсетілім: «Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы». Бейне көрсетілім: Қазақ тілін латын әліпбиіне көшу заман талабы.

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар. І Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары:

  • Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?
  • Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?

Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:… ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары:

  • Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?
  • Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.

ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары:

  • Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?
  • Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?

ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»Көрермен не дейді?..Бейне көрсетілім: «Қазақ зиялы қауымның ой-пікірлері».Оқушылардың латын әліпбиін меңгеру.ІҮ Рефлексия. «Дауыс беру»Оң жақ: қолдаймыз (қос қолды)Сол жақ: қолдамаймыз (сол қолды).







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.