Ана туралы тақпақ, көктем туралы өлең

0

ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы,
Т. Аубакиров атындағы ЖОМ — нің 3 сынып оқушысы
Бадувалова Аружанның өлеңдері
Сынып жетекшісі Караматдинова Ұлзада

Ана
Анам менің ақылды,
Анам менің мейірбан.
Ана сен маған қымбатсың,
Өмірдегі жан анам.
Бақыттымын мен балаң,
Күліп жүрші жан анам,
Саған бақыт тілеймін.
Мейірбаным жан анам.

Көктем
Дала жасыл, құс сайрап,
Көктем келді қараңдар.
Ойнайық та, күлейік,
Шаршамайық, талмайық.
Құстар қайтып еліне,
Көктем қандай тамаша!
Ағаш гүлдеп, күн шықты,
Жақсы көрем көктемді.