Ана — өмірдің шуағы 1 сынып — ашық сабақ, тәрбие сағаты 8 наурыз

0

«Ана — өмірдің шуағы» 1 сынып

 

Автор: Сұлтанова Маржан Бибекқызы

 

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 1 сынып

 

Жарияланған уақыты: 2019-01-04

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

мұғалімге қажетті тәрбие сағаты, 8 -наурызға арналған


Аналар мерекесі тәрбие сағаты(Анаөмірдің шуағы) Анаөмірдің шуағы.1-жүргізуші:  Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!Сіздерді  көктемнің алғашқы  айында еліміздің барлық жерінде тойланатын  8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.2-жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!1-жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың  ыстық құшағынан қасиетті  ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананның шапағат мейіріміне жетпейді.2-жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын  өтей алмайсың.1-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан оланамыз.2-жүргізуші: Бүгінгі  8-наурыз –аналар мерекесіне арналған «Анаөмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.1-жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.1-оқушы:Сенен өскен балалар,Батырлар мен даналар.Құттықтаймыз мейраммен,Құрметті, жан аналар!   2-оқушы:Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.Ана дейді жас сәби де жарқылдап.Ана дегенбәйтерегі өмірдің Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.3-оқушы:Ана деген асыл жандар болаттай,Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.О, адамдар қадірлей біл ананы,Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.4-оқушы:Ана десем шешек ашып жанары,Өмірімнің бастау алар жанары.Ана деген тіршілікке пана боп,Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.5-оқушы:   Ана деген ақылшың,   Анаң барда батырсың.   Қасыңда кім болса да ,  Тек анаңа жақынсың.6-оқушы:Ақыл құйған санама,Күннен артық, расында.Күн алыста, ал анам,Ылғи менің қасымда.7-оқушы:Шалқып, тасып әнімізЖадырасын жанымызАна сені құттықтап,Әндетеміз бәріміз.2-жүргізуші:Құлақтан кіріп, бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең, меніңше сүй, –деп, Абай атамыз айтқандай оқушымыздың орындауындағы «Аяулы анашым» әнін,  қабыл алыңыздар.Ән «Аяулы анашым»  2-жүргізуші:Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,Иықтан шашып, төгіліп жерге,Күмісті шашбау, жарасып белге  –демекші, ендігі кезекте қазақтың «Қазақ биі», қабыл алыңыздар.Би «Қазақ биі» 1-жүргізуші:Дүние ойдан шығалы,Өзімді өзім ұмытып.Көңілім әнді ұғады,Жүрегім бойды жылытып, –дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.«Асыл әже» әні   2-жүргізуші:Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.2-жүргізуші:Мерекеге арналады бүгін билер.Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.Алдарыңызда қазіргі үнді биі,Таң қалдырып қанекей би билеңдер, –демекші, ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл алыңыздар!«Үнді биі»  2-жүргізуші:Ана ол біздің елде ардақты адам,Кішісі де, үлкені де ардақтаған.Өзінің аяулысы да Отанын да, «Ана» деп біздің халық текке айтпаған, –деп кезекті көрініске береміз.Көрініс «Әжесі мен немересі»  «Дүниеде не қымбат?»  Немересі: —Әже деймін, әже,Сұрақ қойғым келеді сізге.Мен түсінбейтін бір жәйт бар.Түсіндірші соны бізге.Бірінші сұрағым сізге:Дүниеде не қымбат?Әжесі: -Адам қымбат, қалқам.Немересі: —Адамға не қымбат?Әжесі: -Бала қымбат, қалқам.Немересі :-Балаға не қымбат?Әжесі: —Ана қымбат, қалқам.Немересі: —Иә, десеңші әже!Түсінбеппін осы жайды.Тағы бір сұрағым бар сізге,Қатты мен жұмсақ жайлы.Әжесі: —Сұрай ғой, қалқам.Не сұрасаң да жауап берейін.Немересі: —Әже дүниеде не тәтті?Әжесі: Ананың сүті тәтті.Немересі: —Дүниеде не қатты?Әжесі: —Атаның жүрегі қатты.Қарағым, сауал қойдың көп маған.Бір ақыл айтайын сағанТату болсаағайын жақын,Ақылшы болса-апайың жақын.Бауырмал болса-інің жақын,Алдыңа тартқан адал асың,Қимас жақын қарыңдасын.Немересі:-Түсіндім,  әже. «Дүниеде не қымбат екеніненді мен айтайын:Алтын ұяңОтан қымбат,Құт берекеңатаң қымбат.Аймалайтынанаң қымбат.Мейірімдіәжең қымбат.Асқар тауыңәкең қымбат.Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!2-жүргізуші:Ойын  «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.1-жүргізуші:Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,Мерекеге өнерімен келген бүгін.Таң қалдырып, қанекей би билеші,Қол соғып, демеу берсе көрермендерСахнада «Вальс биі» қабыл алыңыздар1-жүргізуші:Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.Өрлесін елдің берген бақыт бағы,Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, –деп, ендігі кезекте «Апатайыманашым» әні, қабыл алыңыздар!Хор «Апатайыманашым» 8-оқушы:                    Достықты  біз ойлаймыз,                   Бірге күліп ойнаймыз.                   Қыздарды да қүттықтап,                   Мерекесің тойлаймыз-дей отырып, біздің сыныптың ер жігіттері қыздарды құттықтап жіберсек дейік.2-жүргізуші:Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.1-жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала–шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құтбереке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

 

 


Тегтер:1 сынып ашык сабак1 сынып ашык сабак видео1 сынып ашык сабактар1 сынып ашық сабақ1 сынып ашық сабақ математика1 сынып ашық сабақ сауат ашу1 сынып ашық сабақ қмж1 сынып ашық сабақтар1 сынып ашық сабақтар ана тілі1 сынып ашық сабақтар математика1 сынып ашық сабақтар слайд1 сынып ашық сабақтар әліппе1 сынып ашық тәрбие сағаттары8 наурыз арналган тарбие сагаты8 наурыз ашык сабак8 наурыз ашық сабақ8 наурыз туралы тарбие сагаты8 наурыз тәрбие сағаты8 наурыз тәрбие сағаты 10 сынып8 наурыз тәрбие сағаты 3 сынып8 наурыз тәрбие сағаты 4 сынып8 наурыз тәрбие сағаты балабақша8 наурыз тәрбие сағаты бастауыш8 наурыз тәрбие сағаты бастауыш сынып8 наурыз тәрбие сағаты бастауыш сынып слайд8 наурыз тәрбие сағаты мектепалды даярлық8 наурыз тәрбие сағаты слайд8 наурыз тәрбие сағаты слайд скачать8 наурызға арналған тәрбие сағатыАна - өмірдің шуағыана тілі туралы ашық тәрбие сағатыана туралы ашык сабакана туралы ашык тарбие сагатыана туралы ашық сабақана туралы ашық сабақ балабақшадаана туралы ашық сабақ бастауыш сыныпана туралы ашық сабақ слайдана туралы ашық сабақтарана туралы ашық тәрбие сағаттарыана туралы ашық тәрбие сағатыана туралы ашық тәрбие сағаты слайдана туралы ашық хатата-ана туралы ашық тәрбие сағатыБастауыш сынып Тәрбие сағатымұғалімге қажетті тәрбие сағатытәрбие сағатытәрбие сағаты жоспары 10 сыныптәрбие сағаты жоспары 5 сыныптәрбие сағаты жоспары 6 сыныптәрбие сағаты жоспары 9 сыныптәрбие сағаты мәңгілік елтәрбие сағаты отбасы бақыт мекені