Әмеңгерліктің нәпсіқұмарлық емес астары
Өкінішке орай, жұрт әмеңгерлікті аға өлсе, іні мұра дейтін әдемі сөзбен «бүркемеленген» қатынқұмарлық, дүниеқорлық қана деп түсінеді. Алайда, бұл бабам қазақтың
– «қазақ байыса қатын алады» делінетін қатынқұмарлығы, қатынжандылығынан,
– қалыңмалы төленіп қойған әйелді шығын шығармай, иелену мүмкіндігіне әуестігі әлде бейілдігінен,
– ағаның дүние-мүлкі, атаның малы басқаға кетіп қалмасын дейтін дүниеқорлығынан, малжандылығынан ғана емес, бірінші кезекте
– атаның ұрпағы, ағаның баласы басқаның есігінде жүріп, жат болып кетпесін немесе бөтендігі бетіне басылып, күшігінен таланып өспесін дейтін текшілдігінен,
– бір кездегі ағаның жары, қадірлі жеңгесі басқаның қатынына айналмасын, қорлығын көріп, аяғының астында жатпасын дейтін арлылығынан болса керек.
Әкесі Құнанбай бірден-бір және басты кемшілігі – орысшылдық, жайпақтық, көпшілдік санаған Абайдың өзі, сірә, осы дәстүр үшін ағасы Тәкежанмен әмеңгерлік таласына түсіп, ақыры Оспанның жас қатынын алып алған.