Алтын дән Тәрбие сағаты

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тобы: Жемістер аралас І-кіші топ.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Алтын дән
Мақсаты: Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру, оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: алтын дән,ақ бидай,қамба,дала.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,сұрақ жауап,сергіту сәті, ойын ойнау.
Көрнекілік: Егін,комбайн суреттері.
Билингвалдық компонент: Бидай-пшеница.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті

Себепті қызығу-
шылығын
ояту
кезеңі

Сәлеметсіздер ме,балалар!
Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Қане,шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілек тілейік.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жақсы.

Қимылмен қөрсету.

Ұйымдас-
тырушылық
ізденіс кезеңі

Балалар, қазір қандай мезгіл?
Балалар, күз мезгілінде үш ай болады?
-Балалар,бүгінгі оқу іс-әретінде ақын К.Ахметованың Алтын дән өлеңін оқимын.
Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағын мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі,толқиды.
Толықсыған тасқындай
Көкжиекпен ұштасып,
Күн астында ақ бидай
Билейді қол ұстасып.

Күз мезгілі.
Қыркүйек,қазан,қараша.

Мұқият тыңдайық.

Күз мезгілінде молшылығы көп жеміс – жидек пісіп, қамба астыққа толтырады.
Ал енді мына суретке назар аударамыз:
1 сурет. Мынау трактор, бұлар көктемде жерде жыртып, жыртылған жерге тұқым себеді.
Тұқым мынадай болады. Көрсету
Егін масағын көрсету.
2 сурет. Мынау егін орып жүрген комбайн, комбайн астықты жинап машинаға артады.
3 сурет. Мынау диірмен. Диірменнен ұн тартып шығады. Ұн мінекей мынадай болады. көрсету
4 сурет. Ұнды наубайханаға жіберіп, әр түрлі нандар шығарады, оны балабақшаға жібереді.
Алтын дән дегеніз-сап-сары болып өсіп тұрған бидай.
Астықты күзде жинайды. Өсіп тұрған бидайды комбайн орып,астықты жүк машиналарды қамбаға тасиды.
Алтын дән ақырында дастарханға ас атасы- нан болып келеді.

Балалар серігіп алайық.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса-баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Ойын: Суретті орны – орнына қою
— жер жыртқан трактор
— егін
— егін жинаған комбайн
— наубайхана
— Дүкендегі нандар
Мақал – мәтелдер
1. Ас атасы нан
Нан атасы дән
Бидай-пшеница.

Қимылмен көрсету.

Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді.
“Қуыршақ пен бауырсақ” атты шағын көріністі тамашалайық.
Автор:
Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Қуыршақ
-Қайдан келдін бауырсақ?
Бауырсақ
-Дүкенен келдім нан сатқан
-Наубайдан келдім нан жапқан
Қуыршақ
-Наубайға келдін қай жақтан?
-Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ
Диірменен келдім ұн тартқан
Даладан келдім жан-жақтан.
Жер-анам менің көсілген
Дихандар мені өсірген
Арғы жағым ақ бидай
Тәттімін жеп көр бақшимай
Жесен өзің байқарсың
Рахмет айтарсын.

Іс-әрекетті
бақылау кезеңі

Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай өлең шумағымен таныстық?
Алтын дән дастарқанымыз не болып келеді екен?
Балаларды мадақтау.

Алтын дән.

Ас атасы нан

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Өлеңнің мазмұнын.
Қандай түсініктерді игерді: Алтын дән нәтижесі-нан,оны қадірлеу керек екенін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Нанның үлкен еңбекпен келетінін.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.