Алматыда 11 жастағы қызды әкесінің қарызы үшін ұрлап кеткен
Алматыда 11 жастағы қызды әкесінің қарызы үшін ұрлап кеткен
Отбасының танысы бесінші сыныптың оқушысын мектептен шыққанда ұрлап кетіп, бірнеше сағат ұстаған. Қызды ұрлап кеткеннен кейін 27 жастағы азамат бірден оның анасына хабарласқан.
Қыздың әкесі оған 30 мың теңгедей ақша қарыз болған. Бірақ күдікті одан 100 мың теңге қайтаруды талап еткен. Қыздың анасы бірден полицияға хабарласқан. Құқық қорғаушылар дереу қимылдап, күдіктіні ұстаған.
Ол қыз баламен бірге Алматыдағы ірі сауда орталығын аралап жүрген. Тұтқындағаннан кейін ол кінәсін мойындаған.
«Күдіктінің ірі сауда орталығында жүргені анықталып, ұсталды. Кәмелеттік жасқа толмаған аман-сау ата-анасына қайтарылды. Қазіргі уақытта «Адам ұрлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»-деп мәлімдейді Қарасай аудандық полиция басқармасының аға тергеушісі Самат Сатқанбаев.
reactor.inform.kz