​Алмас Кішкенбаев ажырасып кеткенін растады

0

​Алмас Кішкенбаев ажырасып кеткенін растады

Алмас Кішкенбаев Тимур Балымбетовтің «Шыны керек» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы айтты. Соңғы бір жылда әншінің ажырасып кеткені жайлы әңгіме желдей есіп жүрген еді. Әнші осы әңгіменің нүктесін қойып,ажырасқанын растаған.

«Қазір жүрегімде болып жатқанын өзім білмеймін. Ажырасқан кезде әйел, бала-шағамсыз мен қалай өмір сүре аламын деген сұрақ болды. Мен ол сұраққа жауап таба аламын ба білмеймін. Неге ажырасқанымыз туралы сұраққа толық жауап бере алмаймын. Себебі бұл сұрақ мен үшін өте ауыр. Бір айта алатыным, мен ешкімді тастап кеткен жоқпын. Мен біреудің соңынан кеткен жоқпын. Мен біреуді іздемеймін де. Әлі күнге дейін өз қалпыма келген жоқпын. Мінсіз адам да, мінсіз өмір де болмайды. Кез келген адамның өмірінде сынақтар болады. Соңғы үш-төрт жылдың ішінде қиын жағдайлар бірінен кейін бірі орын алып жатыр»-дейді әнші.

Дереккөз: Reactor