Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар және гиповитаминоздар. Гипервитаминоздар

0

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар және гиповитаминоздар. Гипервитаминоздар

Орындаған: Базабраева А.А.
Тексерген: Бесімбаева Жанат Бердіғалиқызы
Тобы:202 А
Факультеті: Жалпы медицина
Дициплина: Медициналық биохимия

Ақтөбе 2018ж

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
А) Авитоминоздар мен гиповитаминоз
Б) Гиповитаминоз аурулары
III.Қорытынды

Кіріспе
Тағамдағы витаминдердің аздығынан организмдегізат алмасу процесінің бұзылуынан болатын ауру. Мәселен[2] , С витаминінің жетіспеуінен қызыл иек тканінің, ауыз шырышты қабығының қанауынан т. б. белгілерден байқалады. Ел арасында мұндай кеселді құрқұлақ деп те атайды.[2][3]
Егер ұйқыңыз қашып, тәбетіңіз жоғалса, басыңыз солқылдап ауыра бастаса, ағзаға В1 мен В9 дәрумендері жетіспейді деген сөз.Есте сақтау қабілетінің нашарлауы, іштің ауруы В12 дәруменінің жетіспеушілігінен туады.D мен Е дәрумендері жетіспесе, ол бірден байқалмайды. Тез арықтау, терлей беру осы дәрумендердің азаюынан хабар береді. Сондай-ақ, В15, К, РР дәрумендердің аздығын да өздігімізден анықтау қиынға түседі.
Дұрыс тамақтану. Құрамында дәрумендері көп тамақтарды талғап жеңіз. Мысалы С дәрумені жеткілікті мөлшерде алу үшін күніне 25 стақан таза алма шырынын немесе 4 стақан апельсин не шабдалы шырынын ішу керек. Ал ағзаңызға В1 дәрумені жетіспейтін болса, күн сайын бір келі қара нан мен жарты келі майсыз ет жеген дұрыс. Кальцийдің жетіспеушілігін жойғыңыз келсе, күн сайын 1,5 литр сүт ішкен жөн немесе 300 г. ірімшік жеңіз. Дұрысы — кәдімгі көкөністерден бастаңыз. Әрі оларды сатып алуды қалтаңыз да көтереді. Пияздың құрамында темір, калий басқа да микроэлементтер бар, дәрігерлер ай сайын тамаққа 600-700 грамм пияз қосуы керек дейді.Сәбіз — ең пайдалы көкөніс.Оның құрамында В1, В2, В6, С, Е, РР, К дәрумендерімен қатар минералды тұз да бар.Сәбіз көздің көруін жақсартып, терінің жақсаруына әсер ете алады. Қызылшаны да көбірек жеңіз. Оның шаршауды басып, депрессиядан құтқаратынын көбіміз біле бермейміз.Авитаминоздың белгілері біліне бастағанда дәрігердің нұсқаулығынсыз көкөністер мен тамақтарды қалай-солай жей беруге болмайды.
Авитаминоз — әлдебір дәруменнің ағзаға жетіспеушілігінен туындайтын ауру. Көктем келгенде біздің ағзамыз тез шаршап, ұйқыға жата кеткісі келіп тұрады, депрессияға тез берілеміз, кейбір жағдайда шашымыз түсіп, ерніміз жарық-жарық болып кетеді. Міне, осы жағдайлар авитаминоз ауруының тууынан болады. Көбіне көктем кірген бойда әлсіздікті сезінсек, «Болды, мен авитаминозбын» деген қорытынды шығарамыз. Әлбетте, дұрыс емес. Шын мәнінде авитаминоз өте жаман аурулардың қатарына кіреді. Қазақ ауруларды дауыстап айтудың өзін жаман ырым деп білген. Аурудың алғашқы белгілері білінген бойда, оны бірден жоюға тырысыңыз. Ағзама қандай дәрумен жетіспейтінін қалай білемін? Егер ұйқыңыз қашып, тәбетіңіз жоғалса, басыңыз солқылдап ауыра бастаса, ағзаға В1 мен В9 дәрумендері жетіспейді деген сөз. Есте сақтау қабілетінің нашарлауы, іштің ауруы В12 дәруменінің жетіспеушілігінен туады. D мен Е дәрумендері жетіспесе, ол бірден байқалмайды. Тез арықтау, терлей беру осы дәрумендердің азаюынан хабар береді. Сондай-ақ, В15, К, РР дәрумендердің аздығын да өздігімізден анықтау қиынға түседі.
Авитаминоздан қалай емделемін? Алтын қағида. Дұрыс тамақтану. Құрамында дәрумендері көп тамақтарды талғап жеңіз. Мысалы С дәруменін жеткілікті мөлшерде алу үшін күніне 25 стақан таза алма шырынын немесе 4 стақан апельсин не шабдалы шырынын ішу керек. Ал ағзаңызға В1 дәрумені жетіспейтін болса, күн сайын бір келі қара нан мен жарты келі майсыз ет жеген дұрыс. Кальцийдің жетіспеушілігін жойғыңыз келсе, күн сайын 1,5 литр сүт ішкен жөн немесе 300 г. ірімшік жеңіз. Дұрысы — кәдімгі көкөністерден бастаңыз. Әрі оларды сатып алуды қалтаңыз да көтереді. Пияздың құрамында темір, калий басқа да микроэлементтер бар, дәрігерлер ай сайын тамаққа 600-700 грамм пияз қосуы керек дейді. Сәбіз — ең пайдалы көкөніс. Оның құрамында В1, В2, В6, С, Е, РР, К дәрумендерімен қатар минералды тұз да бар. Сәбіз көздің көруін жақсартып, терінің жақсаруына әсер ете алады. Қызылшаны да көбірек жеңіз. Оның шаршауды басып, депрессиядан құтқаратынын көбіміз біле бермейміз. Дегенмен, авитаминоздың белгілері біліне бастағанда дәрігердің нұсқаулығынсыз көкөністер мен тамақтарды қалай-солай жей беруге болмайды
1 кесте. Витамин жетіспеушілігінің негізгі түрлерінің клиникалық белгілері және кейбір
лабораториялық көрсеткіштері
Витамин жеткіліксіздігі
Клиникалық белгілері
Лабораториялық көрсеткіштер
С (аскорбин қышқылы, аскорбат)
Ерін, мұрын, құлақ, тырнақ цианозы, қызыл иектің кебірсуі мен көгеруі, тіс аралық емізікшелердің ісінуі, ерінмен басқанда және тіс шайғанда қызыл иектің қанаққыштығы, терінің бозғылт және құрғақтығы, гипотермия, бірлі — жарымды петехиямен шаш фолликулаларының мүйізденуі.
С витамині тәуліктік зәрде 567,7 мкмольл (10 мг), аш қарынға 1 сағаттағы зәрде 0,3 мг, плазмада 17,0 мкмоль (0,3мг%), лейкоциттерде 567,8 мкмольл (10 мг %). Нестеров бойынша капилляр резистенттілігі 15 петехиядан жоғары.
В1 (тиамин)
Жылдам психикалық және физикалық қажу, тәбеттің болмауы, іш қату, бұлшық ет әлсіздігі, аяқта ауру сезімі және жүргенде аяқтың қажуы, бұлшық еттердің пальпациясында ауру сезімі, парестезия, гиперестезия, ентігу.
В1 витамині тәуліктік зәрде 100 мкг, аш қарынға 1 сағаттағы зәрде 10 мг, пирожүзім қышқылы тәуліктік зәрде 30 мг аспау керек, плазмада 114 мкмоль(1 мг%).
В2 (рибофлавин)
Еріннің көгеруі және құрғауы, онда қызыл кайма мен тыртықтар — хейлоз, жырықтар және ерін бұрышында қабыршақтар — ангулярлы стоматит, құрғақ ашық қызыл түсті тіл, мұрын-ерін қатпарында себорейлі дерматит, жарықтан қорқу, коньюктивит, блефарит.
В2 витамині тәуліктік зәрде 30 мкг, аш қарынға 1 сағаттағы зәрде 15 мкг.
РР (никотин қышқылы, ниацин)
Неврастениялық синдром (тітіркенгіш, ұйқысыздық, тежелгіш, шаршағыштық), қансыз және шырышсыз іш өту, жүйке-бұлшық ет ауру сезімі, еріннің құрғақтығы мен бозғылт болуы, тіл ісінген, құрғақ немесе ирімді, ашық қызыл түсті, ауру сезімі бар, жырықтар, қол саусақтарының сыртқы беті мен мойында эритема, қабыршақтану, гиперкератоз, пигментация.
N1 — метилникотинамид тәуліктік зәрде 4 мкг, аш қарынға 1 сағаттағы зәрде 0,3 мг.
В6 (пиридоксин)
Ерте жастағы балаларда өсудің кідіруі, асқазан — ішек жолдары бұзылыстары, қозғыштықтың жоғары болуы, эпилептиформалы құрысулар, гипохромды микроцитарлы анемия. Ересектерде тәбеттің болмауы, лоқсу, мазасыздану, құрғақ себорейлі дерматит, хейлоз, коньюктивит, глоссит. Жүкті әйелдерде тітіркенгіштік, депрессия, ұйқысыздық, психикалық реакциялар, құсу мен лоқсу, стоматит, глосситтің болуы. Беттің, бастың шашты бөлігінің, мойынның себорейлі және десквамативті дерматиті.
тәуліктік зәрде 4 — пиридоксин қышқылы 0,5 мг, аш қарынға 1 сағаттағы зәрде 30 мкг. 10 г триптофан ішкеннен кейін ксантурен қышқылы 50 мг.
А (ретинол)
Терінің бозғылттығы және құрғақтығы, қабыршақтану, шаш фолликулаларының мүйізденуі, іріңді зақымдалуға бейім безеулердің шығуы, шаштың құрғақтығы және түсуі, тырнақтың сынғыштығы, коньюктивит, блефарит, бірлі — жарым Бито түйіндақтары, жарықтан қорқу, түнгі соқырлық, немесе гемералопия.
А витамині қан сарысуында 0,52 мкгмольл (15 мкг %), каротин 0,75 мкгмольл (40 мкг %). Түнгі бейімделу норма сызығынан төмен (Рипак бойынша).
D (кальциферол)
Балаларда жоғары тітіркенгіштік, қозғалысты мазасыздану, жалпы әлсіздік, тершеңдік, тіс шығуының кешеуілдеуі, жеңіл спазмофилия, тыныс жолдары ауруларына бейімділік. Ересектерде енжарлық, шаршағыштық, жамбас пен аяқта бұлшық еттің тартылып ауруы, ақсаңдау.
Сілтілі фосфатаза қан сарысуында балаларда 100 бірліктен жоғары, ересектерде 60 бірліктен жоғары.

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз — күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп, белок пен … жалғасы