Home Lifestyle Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

0
84

Информатика 6 сынып

Тақырып: Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Мақсат: Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс – әрекеттерінің алгоритмін құра білуге үйрету.
Білімділік – оқушыларға алгоритмнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құрал – жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар.

Мұғалімнің іс – әрекеттері
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сұрақ – жауап.
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм тіл дегеніміз не?
3. Программа дегеніміз не?
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
5. Алгоритм тілі дегеніміз не?
Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.

Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген
логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1 – ші серия), ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2 – ші серия) орындалады.

Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдер екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

Сарқан қаласы, Ақын Сара атындағы орта мектептің
информатика пәні мұғалімі
Асель Данияровна Адамбекова

Толық нұсқасын жүктеу