Әлеуметтік педагогикалық факторлардың жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалын арттыру жолдары

0

Мазмұны

Кіріспе
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … .

1 ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ .
1.1. Әлеуметтік факторлар және оның педагогикалық мазмұны
… … .
1.2 Жеке тұлғаның дамуында әлеуметтік педагогикалық факторлардың
маңыздылығы … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … …

2 ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА
ЫҚПАЛЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ.
2.1 Әлеуметтік педагогикалық факторлардың жеке тұлғаның қалыптасуына
ықпалын арттыру
жолдары … … … … … … … … … … … … … … .
2.2 Жеке тұлғаның дамуына арналған жұмыстар
… … … … … … … … … ..

Қорытынды
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … …

Қолданылған әдебиеттер
… … … … … … … … … … … … … … … … …

Кіріспе.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі қалыптасқан білім беру жүйесі барлық
күш-жігерді тәрбиеленуші өмірдің жағдайына бейімделуге бағыттады. Адам –
қоғамның ең жоғары құндылығы және қоғамдық дамудың өз мақсаты ретінде
қарастырылады. Өмірдің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен, қоғамның және
жеке тұлғаның қажеттіліктерінің дамуымен әлеуметтік факторлар қалыптасады.
Жеке тұлғаның қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі
белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның
мінез-құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Тұлғаның
белсенді қимыл-әрекетке итермелеуші қоғамдық орта. Бұны Э. В. Ильенковтың
зерттеуінен байқауға болады “қоғам жеке тұлғаны белсенді іс-әрекетке
итермелеуші күш ”деді. Жеке тұлға белсенділігін өзіндік реттеу арқылы
бақылап отыру қажет. Орыс ойшылы Е. П. Ильин былай түсіндіреді: “Тұлға өз
белсенділігін саналы түрде бақылап, реттеп отыруы қажет және осы іс-
әрекеттегі қиындықтарды жеңе білуі керек”.
Әрбір жеке тұлға белгілі бір қоғамдық ортаға жататындығы белгілі.
Жеке тұлғаны дамытушы қоғамдық факторлардың жеке тұлға өмірінде алатын
орнын барлық ғылым саласы зерттейді. Бұл пікірімізді Б. Г. Ананьев
зерттеулері дәлелдей түседі. “Жеке тұлғаның қоғамдық даму мәселелері барлық
ғылым салаларына маңызды мәселе, әлеуметтік құрылым әлеуметтік өмірдің
жалпы көрінісі”.
Қазіргі кезде адамның қоғамдық тарихи қалыптасу мәселелеріне қатысты
көптеген еңбектер жарияланған. Мәселен, белгілі философ Антрополог Б. Ф.
Поршневтің “Адамның қалыптасу тарихы”, “Әлеуметтік психология тарихы”деген
еңбектерінде осы мәселе кеңінен талқыланған. Сондай-ақ Б.Ф. Поршнев адам
жануарлардан қалыптасуы мүмкін емес деді. Яғни Б. Ф. Поршнев “Адамның даму
тарихы жануарлардан өзгеше” деген пікірді көздеді.
Қазіргі таңда қоғамға жеке бір адамның бүкіл халыққа әсер етуі
алаңдатуда. АҚШ-тағы 11 қыркүйек, Ресейдегі жанқиярлардың жанкештілердің
көбеюі қатты толғандырып, әлемдік деңгейде оның күшін төмендетуге біріккен
істер қолға алынуда. Қазіргі психология мен педагогикада кең көлемде
әлеуметтік факторлар туралы зерттеулер, әдебиеттер, терминдік
ерекшеліктерін ұсынғандар. (Дж. Брунер, В.В.Давыдов, Ж.Пиаженің т.б.)
әлеуметтік педагогикалық факторлардың ителлектуалды ерекшеліктерін
практикалық міндеттерді шешуде оның оқу – тәрбие іс — әрекетте көрінетініне
тоқталғандар (Л.С.Выготский, Б.М.Теплов, т.б.) болды.

Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ қарама-қайшылықты үрдіс. Ол әрбір
тірі және даму үстіндегі организм адамға тән сыртқы ықпалдардың, сонымен
қатар ішкі күштердің әсерімен өзгерістерге ұшырап отырады. Сыртқы ықпалдар
мен әсерлердің тиімділігі даму үстіндегі адамның даралық ерекшеліктерін
анықтайтын әлеуметтік факторлар. Адамның әлеуметтік дамуы оның
психологиялық, педагогикалық, рухани, интеллектуалдық өсуімен айқындалады.

Жеке тұлға – қоғамдық өмірдің жемісі, сонымен қатар тірі организм.
Оның қалуптасуы мен мінез-құлқында әлеуметтік және биологиялық факторлардың
ара қатынасы өте күрделі.

Адамның түрлі іс-әрекеттерінің нәтижесінде қоршаған ортаның ықпалы
үнемі дамып, мазмұны жағынан өрістейді. Олар іс-әрекеті негізінде басқа
адамдармен араласуда, қоршаған ортадан алған білімдерін тәжірибеде қолдану
арқылы дамып, қалыптасады. Педагог-зерттеуші Мудрик А.В. өзінің
еңбектерінде мынадай тұжырым жасаған: Оқушылар қарым-қатынасы-бұл рухани
құндылықтар алмасуының қоршаған адамдармен және әр түрлі серіктерімен ойша
диалогтық формадағы біріккен әрекет процесі.
Тәрбие, білім беру, оқыту үрдістері ұжымдық (топтық, әлеуметтік)
сипатта қолданылады. Жеке тұлғаның саналы әрекет жасау, ойды қорыту қарым-
қатынас белсенділігі нәтижесінде көрінеді. Тұлғаның дамуына әлеуметтік
педагогикалық факторлардың ықпалын зерттеу қазіргі таңда өзекті
мәселелердің бірі.

Зерттеудің мақсаты: әлеуметтік педагогикалық факторлардың
педагогикалық сипатына және тұлға дамуына ықпалын теориялық негізде
қарастырып, тұжырым жасау.
Зерттеудің міндеттері:
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау
Өзекті мәселе ретінде жеке тұлғаның дамуына әлеуметтік педагогикалық
факторлардың әрекеттік ықпал жолдарын қарастыру.
3. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалын арттыру жүйелілігін анықтау.
Зерттеу базасы: №5 орта мектептің 4 а сынып оқушылары

Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептің тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте жүргізілетін тәрбие сабақтары.

Зерттеу кезеңдері:
1.Зерттеу жұмысы бойынша әдебиеттерге әдістемеліктерге шолу жасау
тәрбие туралы авторлардың еңбектерімен танысу;
2. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбында сынып
жетекшінің жұмыс жүйесін ұйымдастырудың жолдарын жүргізу;
3. Зерттеу тақырыбының теориялық практикалық жақтарын қарастыруда
сынып жетекші жұмысының әдістемесін бастауыш мектепте жүргізіп
нәтижесін анықтау.

1 ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ .
1.1 Әлеуметтік факторлар және оның педагогикалық мазмұны
Адам мен қоғамның өзара әрекет етуі: әлеуметтену ұғымымен
белгіленеді, ол пәнаралық мәртебеге ие және педагогикада кеңінен
қолданылады. Бірақ оның мазмұны тұрақты емес және бір мағынаны білдірмейді.
Әлеуметтік орта ұғымына осы қоғамдағы қоғамдық қатынастар мен осы
қатынастарды реттеп отыратын әлеуметтік институттар кіреді. Осы институттар
жеке тұлға дамуына ықпал етуші әлеуметтік факторлар.

Әлеуметтік факторлар туралы ұғым әлеуметтік жүйеде жеке тұлғаның
интеграция үрдісі, оның барысында жеке тұлғаның бейімделуі іске асады.
Америка социологиясының негізін салушылар Т.Парсонс, Р.Мертон. бұл бағыттың
дәстүрінде әлеуметтену ұғымы бейімделу ұғымы арқылы ашып көрсетіледі.

Адаптация ұғымының көмегімен әлеуметтену адамның әлеуметтік ортаға
ену үрдісі және оның мәдени, психологиялық, әлеуметтік факторларға
бейімделуі болып табылады.

Әлеуметтік факторлар дегеніміз әлеуметтену үрдісінің дұрыс жүруі үшін
жағдайлар жасауын айтады. Әлеуметтік факторлардың негізігі факторларын үш
топқа бөліп қарастырады:

1. Макрофакторлар (космос, планета, әлем, ел ,қоғам, мемлекет)
планетаның барлық тұрғындарының әлеуметтенуіне әсер етеді
немесе белгілі бір елде тұратын адамдардың өте үлкен тобы;

2. Мезофакторлар (мезо – орта, орталық деген мағынады) ұлттық
белгілері бойынша бөлінетін адамдардың үлкен топтарының
әлеуметтену шарттары (этнос әлеуметтену факторы), өмір сүріп
жатқан тұрғындардың орын мен түрлеріне қарай (аймақ, ауыл,
қала, поселок); көпшілік коммуникация жүйелеріне қатынасына
байланысты (радио, теледидар, кино және тб.);

3. Микрофакторларға нақты адамдарға тікелей әсер ететін отбасы,
бір топ замандастары, микросоциум, әлеуметтік тәрбие іске
асатын оқу, кәсіби қоғамдық ұйымдар және тб жатады.

Микрофакторлар, социологтардың айтуынша, адамның дамуына

әлеументтік агенті деп аталатын, демек, тікелей өмірі өзара байланысты
іске асатын адамдар арқылы ықпал етеді.Мәселен, балалар мен жеткіншектерге
қатысты әлеуметтену агентігінің қызметін ата-аналар, ағалары мен апалары
туған туысқандары, құрдастары, көршілер, мұғалімдер атқарады.

Шет елде әлеуметтік факторлар проблемасын айналысқан ғалымдардың
ішінде мыналаларды ерекшелеуге болады: Э.Дюркгейм, Т.Парсонс,
Д.Г.Сластенин., А.В.Мудрик., И.С.Кон., А.В.Петровский., Г.М.Андреева және
тб. бұл бағытта ғылыми –зерттеу жұмыстары жан-жақты қарастырылған.
Қазақстанда жеке тұлғаның әлеуметтік факторлардың ықпал ету проблемасынмен
зерттеу жасалған жұмыстар әлі де жеткіліксіз. Кез келген проблема,
қоғамдық құбылыс сияқты, ол көп қырлы проблема, сондықтан да көптеген
ғалымдар әлеуметтік факторлар, әлеуметтену мәселесіне еерше мән беруде.

Педагогика ғылымында таным мен әлеуметтік тәжірибе мен рухани
құндылықтары да бір ұрпақтан екніші ұрпаққа жеткізуді тиімді ұйымдастыру
үшін әлеуметтік факторлардың жан-жақты қырлары ескеріледі және
пайдаланылады. Беделді үлкендердің ықпалымен әлеуметтік мінез-құлық
нормалары мен мәдени құндылықтар меңгеріледі.

Жастық шақ кезінде агенттің құрамына ерлі-зайыптылар, жұмыстас бірге
оқыған, бірге әскери борышын өтеген әрәптестері кіреді. Есейген шақта өз
балалары, ал соңғы жылдары ғалымдар әлеуметтік факторлардың
микрофакторларына ерекше мән беруде, оның ішінде тбиғи – географиялық
жағдайларға, табиғи – георграфиялық жағдай тікелей және жанама түрде жеке
тұдғаның дамуына ықпал ететіндігі дәлелденіп отыр.

В.В.Давыдов әлеуметтік факторлардың оқушылардың тиісті мәселелерді
шешуде жалпы қоршаған ортадағы орнынн айтатын болса, М.Коул мұны бала бір
үйренген тәсілін өзге, бұған қатысы жоқ жағдайға қолдана білу деп түсінеді.
Бірақ осының екеуі де баланың қоршаған ортадағы орынын жатады.
Балаға қоршаған ортаның ықпалы арқылы тәрбиен беруде ертеден келе
жатқан қазақ халқының ауыз — әдебиеті, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар,
шешендік сөздер, нақыл — өсиеттер, жұмбақтар болып табылады. Осылардың
барлығы баланы тапқырлыққа, шешендікке, өнерге, ойлауға, қиялдауға, ойын,
тілін дамытуға, тілін жаттықтыруға үйрететін этнопедагогикалық туындылар.
Халқымыздың бала тәрбиесінде қоршаған орта, мұнда әлеуметтік факторлардың
оның жеке тұлға болып қалыптасуына орасан маңыздылығы ерекше екенін халық
ауыз әдебиеті, аңыз әңгімелерден көреміз.
Қорқыт Ата, Асанқайғы, Жиренше шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Сырым тб.
қазақ топырағында өмір кешкен бабаларымыз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін шешендік ой толғауымен шешкен, келесі ұрпаққа ақылды, парасатпен
айтылған сөздерін қалдырды. Сол ұлы тұлғаларға еліктеу арқылы баланың
дамуына қоршаған ортаның жағымды ықпалын дамыту туралы ғалым – педагог
С.Қалиев ұрпақты дамытып – тәрбиелеуде … ежелден қалыптасқан
халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағлымдарын, парасаттатылығы мен
көргендігі, мәдениет тарихын, ойшылдары мен ағартушыларының ақылды, саналы
оймен қалдырған рухани мұраларын оқып үйренбей тұрып, келер ұрпаққа дұрыс
тәлім-тәрбие беріп, оның дамуына мүмкіндік жасай алмайсың … — деп
тұжырымдайды.
Сонымен бірге, ғалымдарымыз, қазақ салт – сана, әдет – ғұрып, дәстүр,
ұлттық өнер мен ауыз әдебиеті үлгілерінен талғым айтып, мұра қалдырып
кеткен ортағасыр ғұламалары әл – Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари,
ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектері, педагогикалық
ой – пікірлерін оқып – үйрену, жинақтаған ілімді заман талабына сай
оқушыларға ұлттық рухта тәрбие беріп, ортаға үйлесімді еніп және оны жан-
жақты дамыту әрбір мұғалімнің міндеті.
Халқымыздың өз ұрпағының Сегіз қырлы, бір сырлы, шынайы, отаншыл,
өнерлі азамат болуын армандады. Ғалым педагог С.Қалиев қазақ халқының қазақ
балаларының қарым-қатынасқа тез түсе алатын, қоршаған ортаның оң ықпалын
дамыту мен тәрбиелеу қағидаларын ұстануда мынадай мазмұнды айтып өткен:
— ақылды, арлы, намысқой азамат болуын;
— еңбексүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу;
— адамгершілік қасиеттерге – ізгілікке, қайырымдылыққа, адалдыққа
тәрбиелеу;
— отансүйгіштікке, ұлтжандыққа, бүкіл, адам баласын сыйлауға
тәрбиелеу;
Міне, бұл қағидалар, ұрпақтың, қоршаған табиғат, өмір шындығының
болмысындағы жарасымдылықты тану, игеру негізінде, қазақ халқының өз
ұрпағыны әсемдікке, өз бойын, тәнін сұлу етіп шынықтыруға, ақыл – ойын
саралауға әлеуметтік факторлардың маңыздылығын басты мақсат етіп ұстанғанын
көреміз.
Бүкіл тәрбие процесі баланың жеке тұлғасын дамытуға,
ұстаздар мен оқушылар қарым – қатынасын демократияландыруға
іліктендіруге, ата – аналар қауымымен ынтымақтаса жұмыс істеуге
бағытталған. Еліміздің әлеуметтік – экономикасын жетілдіру
кезеңіімен нарық экономикасы жағдайында адам факторы жаңа негізде
қаралып, жаңа адамды қалыптастыру тың мәселе болмақ.
Келешекте кез – келген техникалық білімді меңгертуде тірек
болатын ең жалпы, іргелі политехникалық білімнің маңызы артық. Олай
болса, заман талабына сай компьютер тілін меңгерген білімді де
білікті жас ұрпақты даярлау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі
бола бермек.
Халықтың тәлім – тәрбие оның тұрмыс – тіршілігімен тығыз
байланысты. Әр елдің тұрмыстағы әдет – ғұрпы, ой – санасы халық
тағдырымен ұштасып жатады.
Қазақ халқы өскелең жас ұрпаққа ақыл – ой тәрбиесін
беруде, ой – санасындамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше болған.
Ғалым А. Э. Измаилов халықтық тәлім – тәрбие жайында: Қазақ
халқының тәрбие саласындағы тәжірибесі көбінесе ұрпақтан – ұрпаққа
ауызша түрде жалғасып, халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында,
мақал – мәтелдерінде сақталып, ұлттың салттары, дәстүрлері арқылы
өзінің көрінісін беріп отырады, — дейді.
Тұрмыстық – мәдени жағдайларға сай тауып, қалыптасқан
дүниетаным, білім, тәжірибе айтыс жанрларында, оның ішінде әсіресе
жұмбақ айтыстарда, ауыз әңгімелерде, халқымыздың ой – қиялынан, сана
– сезімінен туған бата сөздерінде, төрт түлікке сай өлең жырларында
ерекше маңызға ие болған. Жұмбақ айтысының өзінде қанша тапқырлық,
ақыл – ой тәрбиесі барын көруге болады.
Сонымен қатар , қазақ халқы өзінің өмір тіршілігі, күн
көріс кәсібімен байланысты жыл мезгілі құбылыстарының ерекшеліктерін
бақылау, табиғатқа және жұлдыздарға қарап ауа райын алдын – ала
болжау қасиеттерінің арқасында дараланған.
Қазіргі кезеңде жаңа қоғам адамын тәрбиелеудегі басты нысана-адамның
адами тұлғалық қасиетін сақтап қалу. Демек, жаңа тұлғаны тәрбиелеуде, ең
алдымен, әрбір жеке адамның дамуы үшін оның өзіндік табиғи табиғатын танып
білу, сонымен қатар барлық интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту негізгі
қағида болуы тиіс.

1.2. Жеке тұлғаның дамуында әлеуметтік педагогикалық

факторлардың маңыздылығы.

Жеке тұлға қоршаған ортамен өзара белсенді қарым-қатынас үрдісінде
қалыптасады. Әлеуметтік факторлар бір мезгілде жеке тұлғаны
қалыптастырудың, ортаның ролі туралы факторлары болып табылады. Бірақ
әлеуметтену факторларының айырмашылығы жеке тұлғаны қалыптастыру факторы
биологиялық факторлармен қосымша толықтырылыады.

Адамның тұлғалық қалыптасуы әлеуметтік жағдайларға тәуелділігі ертеден-
ақ дәлелденген. Бұл туралы Л.С.Выготский өзінің зерттеулерінде ерекше мән
берген. Ол адам әлеуметтік ортаның негізгі құрамды бөлігі деп есептейді. Өз
тарапынан орта мүлде өзгермейтін, қатып қалған. Ешнәрсе әсер етпейтін дүние
емес, ол үнемі адамдық ойлы қарым-қатынаста болатындығын айта келіп, орта,
сайып келгенде адам үшін әлеуметтік орта болып есептеледі де, адамға
әлеуметтік тәжірибесі мен табиғи ықпал жасайды деген пікірді ұсынады.
Л.С.Выготский әлеуметтік ортаны шартты түрде адамдар қарым-қатынасының
жиынтығы деп есептей келе, әлеуметтік ортаның ерекше өзгермелі жаңа
мазмұны, түрлері тәрбиенің өте икемді, қажетті құралы бола алатындығын
дәлелдейді.
Роджерс көзқарасы бойынша жеке тұлға сыртқы обьектілерді өзінің ішкі
әлеміне қабылдайды. Жеке тұлға обьектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Өмір
сүретін ортасына қоғамдық (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен
қалыптасып отырады. Бұны жеке тұлға өз сөзімен “Мен концепциясы” деп
атайды. Мен — концепциясы қабылдаудың бір бағытта жүруі.
Қазіргі қоғамдa өз жеке бас мәселелерді шеше алатын, шығармашылық
қабілетін көрсете білетін деңгейде жеке тұлғаны қалыптастыру негізгі
мәселелердің бірі. Жеке тұлға алдымен белгілі қоғамның мүшесі. Ол қандай
болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті тәжірибесі, білімі мен дағдысы,
икемі, белгілі дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты,бағыт-бағдары мінезі,
қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген өзінің іс-әрекетін тізгіндей
алатын кісі.
Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік
туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын оның
қажеттіліктері. Кез-келген адамның бойында ішкі түрткі, қызығу сезімдері
болады. Бұл “ Мен- концепциясы” негізінде орындалады.
Мен-концепциясы әлеуметтік байланыс салдары. Бұның құрамына:
1). Физикалық Мен –дене тізбегі
2). Шынайы Мен – дәл қазіргі уақыттағы өзіндік Мен
3). Динамикалық Мен – субьектінің болашақта өзгеруі
4). Әлеуметтік Мен — әлеуметтік интеграция сферасымен байланыс
5). Экзистенциялды Мен — өмір мен өлімді бағалау
6).Ерекше Мен – субьектінің өз пікірі бойынша қалай болуы, не істеуі
керек, әлеуметтік нормаларды бейнелеу
7). Қиялдық Мен- субьектінің егер мүмкін болса өзгергісі келуі
Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, рухани мәдени
өзгерістер тәрбие, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатпен тығыз
байланысты. Нарық экономикасының талабына сай, өркениет қоғамның ерікті,
өз бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, білімді,
рухани байлығы мен мәдениеттілігі жоғары, адамгершілік, имандылық, ізгілік
мінез құлқы қалыптасқан, жаңаша ойлау қабілеті дамыған, нарық еңбегімен
белгілі, бәсекелік қабілеті бар, дені сау, өз елінің болашағына жауапты
ғасыр тұлғасынан тәрбиелеу тәуелсіздігіне ие болған Қазақстан
Республикасының дәуірлік міндеті.
Қазіргі кезеңде жаңа қоғам адамын тәрбиелеудегі басты нысана-адамның
адами тұлғалық қасиетін сақтап қалу. Демек, жаңа тұлғаны тәрбиелеуде, ең
алдымен, әрбір жеке адамның дамуы үшін оның өзіндік табиғи табиғатын танып
білу, сонымен қатар барлық интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту негізгі
қағида болуы тиіс. Ежелден адамзат мәдениетінің тарихи дамуында адамды
адамдық дәрежеге көтеру (Әбунасыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд
Қашқари, Қадырғали Жалайыри, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати және
тб.) қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік идеяларынан басты орын алған.
Мәселен, Әбунасыр әл-Фараби өзінің Әлеуметтік-этикалық трактаттары,
Философиялық трактаттары, Бақытқа баратын жолды көрсету атты және тб.
трактаттарында Адам баласы жаратылыстың бүкіл жан иесі атауының шоқтығы,
сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп адамды оқып үйренуге,
тынымсыз ізденуге, өзін-өзі жетілдіруге шақырады.
Жеке тұлғаның дамуы тікелей мәдениетке байланысты. Мәдениеттің
ерекшелігі сол-ол тек объективті шындық қана емес, шығу тегі жағынан
алғанда, оның мазмұны субъективті. Оның шығу тегі адамға, оның еңбегіне
байланысты. Адамның өмір сүру әдісі мен объективті қызмет негізінде ғана
мәдениет материалдық сипат алады.
Қазіргі еліміздің өркениетті нарыққа бет алған кезеңіндегі туындағын
экономикалық, әлеуметтік қиындықтар тұлғаның адамгершілік қадір-қасиетінің
төмендеуіне, салаутты өмір сүру ережелерінің бұзылуына өз әсерін тигізуде.
Мұндай жағдайда тұлғаның қалыпты өмірін қамтамасыз етуге ықпал жасайтын
адамгершілік адами қасиеттердің құндылықтарын бағалаудың қоғамдық-мәдени
ортаның ролі ерекше.
Жекелеген зерттеушілер бихевиористер биологиялық факторларға шешуші
роль береді, орта, оқыту, тәрбие, жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту, табиғи
қалыптасқан психикалық ерекшеліктері тек ғана алғышарттары болып табылады.
Өздерінің қағидаларын дәлелдеу үшін егіздердің дамуынада салыстырмалы
зерттеу мәліметтеріне сүйенеді.

Жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық факторлардың ықпалын жоққа
шығаруға болмайды, адам – тірі организм, сондықтан да ол биологияның жалпы
заңдылықтарына, анатомия мен физиологияның арнаулы заңдылықтарына бағынады.
Тұқым қуалау арқылы жеке тұлғаның сапалары берілмейді, тек қана белгілі
нышандары беріледі.

Отандық педагогтардың көпшілігі биологиялық факторлардың жеке
тұлғаны қалыптастырудағы ықпалын жоққа шығармайды, сонымен қатар оған
бихевиористер сияқты шешеуші рол атқармайды деп дәлелдейді. Жеке тұлғаның
қалыптасуына әлеуметтік факторлардың ролін бағалай келіп, әлеуметтік
жағдайлардың, оқыту мен тәрбиенің атқаратын қызметін ерекше бағалайды.
Сонымен қатар жеке тұлғаның қалыптасуында әлеуметтік факторлардың ролін
асыра бағалауға болмайды. Жеке тұлғаның әлеуметтену проблемасы қазіргі
кезде өте өзекті де, әрі жаңа және тану үшін күрделі.

Демек, заттардың (құбылыстардың) тиянақты бір белгілерін бөлу
процестерінің өзі және тиісті білімдердің қалыптасуы іс — әрекеттің
бағытталуына, оның себептері мен мақсаттарына, адамның тәжірибесіне,
біліміне, дүниеге көзқарасына, бір сөзбен айтқанда ақыл – ой белсенділігіне
байланысты. Қазақстан өз дамуында жаңа серпілісте, онда жеке тұлға
қалыптасуына субьективті жіне обьективті жағдайлар әсер етеді. Элеуметтік
деңгейде екі жағдай макрожағдай мен микрожағдай себепші болады дейді.
Макрожағдай қоғамдағы экономикалық қарым-қатынас, қоғамдық сана
формалары,ұлттар қатынасы, ал микро жағдай ортасына байланысты (отбасында,
ұжымда, топта,құрбыларының арасында). Б. Г. Ананьев зерттеулері: “Жеке
тұлғаның қоғамдық даму мәселелері барлық ғылым салаларына маңызды мәселе,
әлеуметтік құрылым әлеуметтік өмірдің жалпы көрінісі”. Кеңес психологы С.Л.
Рубинштейннің детерминизмді түсіну заңына талдау беріп , сыртқы және ішкі
жағдайдың тікелей қатысуымен шешіледі-деуі жеке адамның ішкі жағдайы
сыртқы әсерге таңдамалы қарайтындығын көрсетеді.

Роджерс көзқарасы бойынша жеке тұлға сыртқы обьектілерді өзінің ішкі
әлемінде қабылдайды. Жеке тұлға обьектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады.
Өмір сүретін ортасына қоғамдық (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер
етуінен қалыптасып отырады. Бұл жеке тұлға сөзімен “Мен концепциясы” деп
атайды. Қазіргі кезде психологтар жеке тұлға бірнеше Мен-концепциясын
иемденуі мүмкін дейді, олардың біреуі –жақсы, екіншілері-нашар, үшіншілері-
жеке тұлғаның қазіргі шағы, төртіншілері-болашақ мүмкін болатын мен-
концепциясы. А.Адлер “жеке тұлғаның әлеуметтенуі қоғамға деген қарым-
қатынас арқылы көрінеді, бұның негізінде әлеуметтік байланыс ұғымы жатыр”
Э.Эриксон әлеуметтену процесін талдады. Ол әлеуметтену, норма ережелерден
тұрады-деді. Адам өз эмоциясын түрлі жағдайларда басқара отырып, реттеу
арқылы іс- әрекеттің кез-келген түрінде сапалы нәтиже шығаруға мүмкіндік
алады. Жағымсыз әсерлерден жоғары тұратын адамдар неғұрлым көп
болса,соғұрлым бәсекелестікке қабілетті болу деңгейі жоғарылайтындығында
күмән жоқ.
Өмір күткен және күтпеген оқиғалардан тұрады. Олардың
кейбіреулері қуанышты болғанымен, кейбіреуі мүлдем жағымсыз.Біз оларды
өзіміздің қажеттілігіміз бен жағдайды білуімізге байланысты сезінеміз.
Егер жағдай жайлы қажетті ақпараттарымыз бар болса, бізде жағымды
эмоциялар туындайды. Керісінше, қажетті ақпараттың жетіспеуі бізді
қобалжытып, ағзаның белсенді жұмысы бұзады. Сондай — ақ мүмкін
реакциялардың бірінен жағымсыз эмоция туындайды. Бірақ кейде адамға
мүлдем білмеген өзі үшін күтпеген және маңызды жағдайларға дайын
болуын қажет етеді. Мұндай жағдайда, егер оқиға ұзаққа созылатын
болса, ағза реакциясы психологиялық және физиологиялық бұзылысқа
алып келетіндей күшейуі мүмкін. Ол үшін адам психологиясының кейбір
жақтарын жақсы түсіну керек. Соның ішінде өзіңе де едәуір оңайлау
болатыны – осы кедергілерді өзің шығармау. Қоршаған ортадағы адамдардың
өзара түсініспеушілік жолында негізгі кедергі болып қалмау үшін, адамға
әңгімелесудің психологиялық ережелерін білу және ең алдымен тұлғааралық
қақтығыстардың негізі болатын өздерінің эмоциялық күйін басқаруды үйренуі
керек.

2 ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА
ЫҚПАЛЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ.
2.1 Әлеуметтік педагогикалық факторлардың жеке тұлғаның қалыптасуына
ықпалын арттыру жолдары

Педагогикалық зерттеулер жеке тұлғаның дамуына, жаңа ортада
бейімделуіне, жаңа материалды меңгеруде әлеуметтік ортаның мәселесіне
ерекше мән берді. С.И.Якминская жаңа білімдерді қандай жолмен, қандай
тәсілдермен алуға болатыны туралы білімдер мен оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастыру мәселесі қоршаған ортаның әсерін қамтамасыз ететін тәрбиелік
және жаңа білімдер қатарына өзін өзі тану, іс-әрекетін талдау, салыстыру,
жалпылау, классификациялау, қарым-қатынас жасау, ұғымға келтіру ережелерін
орындау туралы білімдерді жатқызуға болады деп есептеді.
Кейде психикалық шаршаудың басымдылығынан іске бірден кірісе
алмайсыз. Ондай жағдайда нәтижесі бірден көрінетін іспен айналысу
қажет.Мысалы, үйдегі жиһаздың орнын ауыстыру, отын жару, немесе кір жуу —
бастысы нәтижелі іс болуы қажет. Адам уайымында өзіндік ішкі мақсат
болады:
-әрекетті мотивке сәйкес жүзеге асыру;
-өзінің ішкі жан дүниесінің реттілігін қамтамасыз ету;
-тұлғалық өсуді қамтамасыз ету;
-психологиялық жетілу;
Өз сезімін жақсы басқаратын жеке адамдар жаман, еңсесін
түсіретін әсерлерден жоғары тұрады, сөйтіп нағыз шаттыққа бөленеді.
Қарама — қарсы эмоциялар: адамдарды жек көру, тіпті өшпенділік, эмоциялық
салқынқандық, адамды жаны ашымайтын, парықсыз, менменшіл, қайырымсыз
етеді. Мұндай адамды тәрбиелеу қажет, олар ұжымдағы тату-тәтті
тіршілікке кесірін тигізеді. Аффектілі күйде болған адам өзінің ашу
– ызасына, қаһарына ие бола алмай қалады. Мұндай эмоциялық қозулармен
әрбір адам күресе алады. Ашу қысқан сәтті сезе салып өз ойыңды
басқа бір нәрсеге бөліп жіберуге тырысу өте қажет.
Адам өзінің өмір сүру шекарасынан, одан арғы жаратылыс құпиясын
білуге үш түрлі жолмен талпыныс жасайды.
Біріншіден – ол өзінің өмірде бар екенін , осы өмірдегі тіршілік иесі
басқаларға білдіртуді мақсат етеді. Адамның өмірді өзін-өзі нығайтуының, өз
мүмкіндігін іске асыруының жолдары алуан түрлі: ол сурет салу, кесте немесе
өрме тоқудан, таңертеңгілік жаттығудан басталып, спорт пен көркемөнердің,
саясат пен ғылымның алуан түрлерімен айналысу, түрлі қызмет атқару арқылы
іске араласады. Сөйтіп адам өмірде өзінің бойындағы қабілетін іске асыруда
басқаларға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуге тырысып бағады.
Мысалы, шебер ұсталар соққан пышақты немесе қанжарды, тоқымашылар тоқыған
алаша, кілемдерге қарап отырып оның кімдікі екенін бірден айтуға болады.
Адам өрімде де бір-біріне ұқсамайтын өзіндік мінез-құлық ерекшелігімен
дараланса, өнерде де өз қолтаңбасымен даралануға тырысып бағады. Мұны
адамдардың өмірде өз бойындағы қабілеті мен талантын танытуды, ерекшеленуі
дейміз.
Екіншіден – адамдар өзінің бұл өмірде бар екенін айқындауды қоғамдық
ортада басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым-
қатынастың алғашты түрі мен және сен деп бөлуден басталады да, әр адам
өзінің менің басқалармен қарым-қатыныста танытуға тырысады. Ал басқа адам
сол сияқты қарым-қатынасты өзінің бойындағы қасиеті мен іскерлігін танытуға
тырысып бағады. Сөйтіп әр адамның өмірдегі қабілеті мен іскерлігі адамдар
арасындағы қарым-қатынаста ашылып, белгілі бола бастайды.
Үшіншіден — адам баласының өзі өмір сүріп отырған ортадан ары шығуға
талпынуы, өзінің іс-әрекетін өзінен жоғарғы, үлкен өмірге қатыстыру арқылы
іске асыру.
Адам өз бойындағы мүмкіндігі мен қабілеті басқалармен қарым-
қатынас арқылы іске асыратын болса , ол бұл жерде өзіне идеал тұтатын, үлгі-
өнеге алатын озық ойлы қайраткерлерді пір тұтып , бас иеді. Ол тілдік
шеберлікке табыну, ақынға, шешендерге немесе асыл ойдың иесі-кемеңгер
ғалымдарға табыну,ұйымдастыру қабілетімен,ерекше іскерлігімен көзге түскен,
халыққа танылған көсемдерге (лидерге) табыну, халыққа асқан өнерімен
танымал болған артистерге табыну, соларды идеал тұту сияқты болып келеді.
Жастардың мектепте оқып жүргенде атақты батырлардың немесе актерлердің,
суретші, футболшылардың өнерін көгілдір экраннан көріп, олар жайында
кітаптарды оқып, сондай болуды армандауы осы идеал тұтудың, табынудың
нәтижесі. Яғни, өзінен жоғары тұрған ұлыларға табыну, соларға ұқсап
бағу,солардың жолын қууды армандау да адам баласына тән табиғи қасиет. Бұны
ғылым тілінде адамның өмірге деген ынта,ықыласының саналы түрде іске асуы
деп қарайды. Әр адам өзінің менін өмірге саналы түрде ендіру арқылы оны
(өмірді) өз үйіме айналдырам деп есептейді. Неміс философы М.Хайдеггер
(1889-1976) адамның қоғамдағы өмір сүруін тұрмыстық үй деп қараған.
Адам өмірі материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Рухани
өмірдің қажеттерін өтеудегі адамзат қоғамының ең жоғарғы құндылықтары-
шығармашылық, сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бақыт, қайғы мен қуаныш
сезімдерінің бірлігінен тұрады. Осылардың нәтижесінде қол жеткен табыстарды
біз жоғарғы рухани құндылықтар дейміз. Жоғарыда аталып өткен рухани
құндылықтардың әрқайсысының адам өмірінде атқаратын өзіндік мазмұндық
міндеттері бар және олардың әрқайсысы адам өмірінің белгілі бір қызметін
көрсетеді. Мысалы, шығармашылықты алып қарасақ , ол адамның ішкі
толғанысынан туындайтын іс-әрекет және әр жеке тұлғаның өзін қоршаған
ортаның бейнесін өзгертуге өз үлесін қосудағы талпынысының нәтижесі. Ол
ішкі таланттың, адам бойындағы энергияның сыртқа шығуы. Шығармашылық еңбек
нәтижесі адамға қуаныш та, реніш те әкелуі мүмкін. Мысалы суретші немесе
жазушы сәтті шыққан шығармасыына өзін қоршаған ортадан қолдау тапса
қуанышқа, бақытқа кенеледі, ал ол сынға алынып, еңбегі сәтсіз болып шықса,
ренішке ұшырайды.
Выготский Л.С. әлеуметтік ортаны шартты түрде адамдар қарым-
қатынасының жиынтығы деп есептей келе, әлеуметтік ортаның ерекше өзгермелі
жаңа мазмұны, түрлері тәрбиенің өте икемді, қажетті құралы бола алатындығын
дәлелдейді. Сондықтан адам … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz