Әлеуметтану негіздері | Скачать Реферат

0

Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
I.Кіріспе
1.Әлеуметтану ғылымының пайда болуы.
II.Негізгі бөлім
1.Әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең:
2. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы;
III.Қорытынды
1.Г.Спенсердің әлеуметтанулық ой-пікірлері.

1. Қандай да ғылым болмасын белгілі бір объективтік қажеттіліктерге, өмір сұранысына байланысты пайда болады. Сондықтан біздің нақтылы ғылым туралы біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болмау үшін әрбір ғылымның шығу, пайда болу тарихын білу қажет.
Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІV ғасырда өмір сүрген гректің ұлы ойшылдары Платонның Заңдар, Мемлекет туралы еңбектері мен Аристотельдің Саясат, т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.
Платонның Мемлекет туралы еңбегіндегі негізгі тұжырым әлеуметтік мәселелерді сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасау болып табылады. Қоғам басшысынан бастап бұзылады деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел. Платонның ойынша, мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді.
Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жету болып табылады. Бұған белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі.Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі төрт кезеңнен өтті:
1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
. 2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды.
3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын кезеңде әлеуметтану өзінің теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламент және президент сайлауларының қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
2. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт. Ол 1839 жылы 6 томдық Позитивтік философия курсы атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин Әлеуметтану болатын.
О.Конт жүйесі боынша жеке адам, қоғам, жалпы адамзат өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді.
Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады. Ол абсолюттік білімге ұмтылады. Теологиялық ойлау өз кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм.
Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз