«Аладдин» ертегісінің алғашқы кадрлары жарыққа шықты

0

Режиссер Гай Ричи бастаған түсірілім тобы Disney студиясының 1992 жылы жарыққа шыққан «Аладдин» анимациялық фильміне ремейк жасауға талпынған еді. Жаңа туындының трейлері де әлеуметтік желілерге жүктеліп үлгерді. Күні кеше Entertainment Weekly басылымы оның алғашқы кадрларын шығарып, классикалық ертегінің киноадаптациясын асыға күткен көрерменді одан бетер қызықтырып қойды.

Картинада Жасминді Наоми Скотт, Джин рөлін Уилл Смит, ал Аладдинді Мена Масуд сомдаған. «Аладдин» картинасының сценарийін «Алып балық» және «Чарли мен шоколад фабрикасы» фильмдері түсірілімдерінде жұмыс істеген Джон Огаст жазған. Дэн Лин фильм продюсері болып тағайындалды.

Анимациялық фильмнің түпнұсқасы араб ұлттық ертегісінің желісі бойынша түсірілгені баршаға белгілі. Аталған фильм 1992 жылы ең көп касса жинағанымен қоса, 2 мәрте «Оскар» иеленді.


Дереккөз: https://massaget.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз