Айналым құралдары | Скачать Материал
Тақырыбы:Өндірістік кәсіпорынның айналым құралдары құрылымы
Жоспар:
* Кіріспе
* Айналым капиталы
* Айналым құралдары
* Айналымнан тыс активтер
Кіріспе
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықтан айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Айналым капиталы — деген термин ақша қаражаты түріндегі немесе бір жыл, болмаса бір өндіріс циклі ішінде соған айналдырылған кәсіпорынның қозғалмалы активтеріне қатысты. Таза айналым капиталы ағымдағы активтер (айналым құралдары) мен ағымдағы міндеттемелер (қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыздар) арасындағы айырмашылық ретінде анықталады және айналым активтері қаржының ұзақ мерзімді көздерінен қандай мөлшерде өтеліп жатқанын көрсетеді.
Айналым құралдары әржақты сипатталуы мумкін. Бірақ негізгі сипатамаларына олардың ликвидтілігі, көлемі және құрылымы жатады.
Өндіріс қызметі процесінде айналым құралдарының жеке элементтерінің тұрақты өзгеруі жүріп отырады. Кәсіпорын шикізат пен материалдар сатып алады, өнім шығарады, сосын оны әдеттегідей несиеге сатады. Нәтижесінде дебиторлық қарыз пайда болады. Ол белгілі бір уақыт өткеннен кейін ақша қаражатына айналады.
Айналым активтерінің айналыс табиғаты айналым капиталдарын басқаруда негізгі мәнге ие. Ағымдағы активтер өтімділік дәрежесі, яғни олардың абсолютті өтімділікке ие ақша қаражаттарына ауыса алу қабілеті бойынша ажыратылады. Айналым құралдарының көлемі мен құрылымына келетін болсақ, олар көбінесе салалық қарастылығына байланысты анықталады. Мысалы, айналым сферасының кәсіпорындары тауарлы запастың жоғары үлес салмағына ие, қаржы корпорацияларында әдетте ақша каражаттарының көп мөлшері мен олардың эквиваленттері байқалады.
Айналым құралдарының көлемі өндіріс процесінің сұранысымен ғана емес, сонымен бірге кездейсоқ факторлармен де анықталады. Сондықтан айналым капиталын тұрақты және ауыспалы деп бөлу қарастырылған
Айналым капиталы төмен дәрежеде болған жағдайда өндірістік қызмет қажетті деңгейде қолдау көрмейді, бұл — өтімділікті жоғалту ықтималдығы, жұмыстың ауық-ауық тоқтауы және пайданың төмендігі. Айналым капиталының бірқатар тиімді деңгейінде пайда максималды болады. Айналым құралдарыньң көлемін одан әрі жоғарылату кәсіпорынның құзырында уақытша бос, қозғалыссыз ағымдағы активтер болуына, сондай-ақ пайданы төмеңдететін қаржыландырудың артық шығындарына әкеліп соғады. Осыған орай айналым капиталдарын басқарудың өтімділік қаупін азайтуға байланысты жоғарыда қарастырылған варианты шындыққа жанаспайды.
Осылайша айналым капиталдарын басқару саясаты ликвидтілікті жоғалту қаупі мен … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz