Әйелдерге тыйым салынған мекендер
Таң қалмаңыз! Саяхаттың да өзіндік ережелері мен қағидалары бар. Әсіресе, нәзік жандыларға келгенде тым қатал екендігіне көзіңіз жеткен болар. Ол аздай, әйел затына тыйым салынған жерлер де бар екен. Ендеше, таныс болыңыз!
Жапониядағы қасиетті Omine тауына әйелдер мүлде жіберілмейді.
Сауд Арабиясы: мемлекетке аяқ басу үшін зайыбыңыз, ал басыңыз бос болса ата-анаңыз, жақын туыстарыңыз (ер кісі) жаныңызда болу керек. Әрине, құжаттарыңыздың дұрыс болуы қатаң түрде талап етіледі.
Өкінішке орай, нәзік жандыларымыз Афон тауында да (Грекия) бола алмайды.
Мюнхендегі Galaxy аквасаябағына да баруға рұқсат берілмейді. Бұл шешімнің қашан, қалай шыққандығы түсініксіз. Не болса да, саябақтағы техникалардың аса қауіпті болғандығынан деп қорытынды шығаруға болатын секілді.
Қыз-келіншектер қауымына Мумбай аумағындағы ХV ғасырдан қалған құнды көне мұра Әли Қажы ғимаратына да есік жабық болып тұр.
Аяулы нәзік жандылар! Жазбамыздан кейін көңіл-күйіңіз түсіп кетіп жүрмесін! Жер деген алып планетада сіз көрмеген әлі де қаншама керемет мекендер бар! Олар туралы сіздерге талай рет жазғанбыз және жаза береміз.
Дереккөз: https://massaget.kz/