Әйелдер қауымы ерлерге жиі айтатын өтірік түрлерін білесіз бе?
Әйелдердің ер адамдарға жиі өтірік айтатын кездері:
1. Сүйіктілері өздерін жақсырақ сезінуі үшін әйелдер өтірікке жүгінеді
Кез келген еркек үшін әйелдің өзіне тәуелді екенін білу бақыт сезімін сыйлайды. Міне, осы себепті әйелдер қауымы әдетте өздері шеше алатын мәселелерді әсірелеп, әлсіздік танытып ер адамның қолына табыстап жатады.
2. Өздерінің кем тұстарын жасыру
Әйелдер қауымы өздерінің кемшіліктерін барынша жасырады. Тіпті көптеген бойжеткен өздерінің бұрынғы суреттерінің ішіндегі сәтсіз шыққандарын жігіттеріне мүлдем көрсетпеуге тырысады.
3. Әйелдер бұрындары кездесіп жүрген ер адамдардың нақты санын айтпайды
Бұл рас. Өйткені кез келген әйел атаулысы өзінің бұрында болған қарым-қатынастарының шынайы санын айтқан жағдайда, ұнатып қалған ер адам кетіп қалуы әбден мүмкін деп ойлайды.
4. Олар жұмсаған ақшаның шынайы соммасын айтпайды
Егер әйел адам дүкен аралауға барса, онда көп жағдайда сүйіктісіне шын мәнісінде жұмсаған қаржысын жасырып қалады. Оған сауда жасап жүргенде қолдағы ақшасын тез әрі қажетсіз дүниелерге жаратып тастауға жақын әйелдер қылығы себеп болса керек.
5. Бұрынғы сүйіктісімен сөйлескені жайлы қыздар ешқашан айтпауды жөн көреді
Көптеген әйелдер бұрынғы жігітімен арада болған әңгіме жөнінде толық жауап бермейді. Қажет емес тұстарын олар барынша жасырып қалуға тырысады. Тіпті ғашығыңыздың қасында отырғанда оған бұрынғы жігіті қоңырау шалып қалса, ол хабарласқан адамның шын мәнісінде кім екенін айтпай, басқа адамға сілтей салады.
6. Өзіне ғашық болып, артынан жүгірген табынушылар санын әсірелеп жібереді
Кез келген әйел адам өзінің сүйіктісі оны одан бетер бағалауы үшін осындай өтірік айтып жатады. Олар бұрындары артынан жүгіріп, әрі құлай сүйген ер азаматтардың санын әсірелеп жібереді, Тіпті шын мәнісінде әшейін ғана қызығушылық білдірген еркектер де бұл тізім қатарына кіріп кетеді.
7. Сүйіктісінің бет-бейнесі жайлы
Ер адам салонға барып шашын қиып келген сәтте өзін жақсы сезінетіні сөзсіз. Алайда оның сүйіктісіне ол әркез ұнай бермейді. Жалпы әйелдер қауымына ерлердің шашын қысқартып тастаған кездері көңілінен шыға бермейді. Жігіттің бойына сенімсіздік ұялатпас үшін қыз бала жаңа шаш үлгісін тамаша шықты деп алдап жатады.
8. Күні бойы не істегені жайлы толыққанды шынайы мәлімет берілмейді
Әсіресе күнін құрбыларымен өткізген уақыты жөнінде астарлап айтқанды ешбір әйел ұнатпасы анық. Мәселен достарымен айтқан құпиялары мен ессіз қылықтар жасырын қалып қояды. Сол себепті әйелдер көп жағдайда сүйіктілерінің тыныштығы үшін өтірік айтады.