Ағылшын тілі сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Шет тілдер кафедрасы
Жабай Бибігүл Кенжебекқызы
Ағылшын тілі сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану арқылы бастауыш сынып
оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011900 Шет тілі: екі шет тілі
Қостанай 2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. АҒЫЛШЫН САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері 6
1.2 Ағылшын сабағын пәнін оқытуда көрнекіліктерді пайдалану ұйымдастырудың
мазмұны 14
1.3 Ағылшын сабағын пәнін оқытуда ойын түрлерін ұйымдастырудың жолдары
19
2. АҒЫЛШЫН САБАҒЫНДА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
2.1. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктерді тиімді пайдалану
30
2.2. Ойындар пайдаланып танымдық қызығушылығын дамыту 38
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы
әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Осыған
орай білімнің алғышарттарын анықтайтын Қазақстан Республикасының білім
жүйесінің даму концепциясыатты құжатының мәні ерекше. Мәдениеті жоғары ХХІ-
ғасыр адамын қалыптастыру міндеті мен білім беру ісін ірілендіру жақсарту
қажеттігі мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелерді қойып
отыр.Ағылшын тілі –ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын,
әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ (ОБСЕ)
Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Еліміздің
шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың
шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін
арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балалардың шет тілін
білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген
мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойынде ерте кезеңнен
бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына
тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың
артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл
аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін
берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Білім
сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы
мәселені шешу – білім беру мазмұнын жаңашаландыру, оқу үрдісін ұйымдастыру
технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен
нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.
Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеуде, білімдерін
нығайтуда сабақтағы ойындардың атқарар рөлі өте зор. Бұл ойындар қазіргі
теледидарда беріліп жүрген ойындармен сәйкестендіріліп жасалынған.
Оқушылардың шетел тілін оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық
белсенділігін арттыруда, алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білуде,
қабілеттерін дамытуда ойынның мәні зор.
Шет тілі сабағындағы ойын дегеніміз – тынысы кең алысқа меңзейтін, ойдан-
ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе,
ақыл-ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-
өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға
жол ашады. Алайда, ойынды үнемі оқу процесіне пайдалануға, ұзақ уақыт
созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабаққа нұқсан
келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Ойын адамның айналадағы жағдайды тануының қарапайым да оңай әдісі бола
отырып, осы және басқа да білімді, өнерді иемденудің табиғи да мүмкін жолы
болуы қажет. Оқыту және тәрбие просеціндегі бұл оңтайлы құрылысқа, ұйымға
деген қажеттілік оны мұқият және егжейлі-тегжейлі зерделеуді талап етеді.
Бастауыш сынып оқушыларына тілге үйрету барысында көбінесе
көрнекіліктерді қолдану – басты құрал болып табылады. Оның нәтиже беруі
дұрыс ұйымдастырылуы мен ұсынылуында. Жалпы тілді уйретуде қызықты идеялар
өте көп, соның бірі төменгі сынып оқушыларына көрнекілік құралдарды жиі
пайдалану. Сурет арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары пайда
болады және есте сақтау қабілеттері артады.
Жалпы сабақ барысында көрнекіліктерді қолдануды көптеген ғалымдар
зерттеп келеді. Көрнекілік ұғымын чех педагогі Я.А.Коменский ғылымға
енгізген болатын. Одан кейінгі педагогтар швейцар И.Г.Песталоцки, шетел
А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д.Ушинский көрнекілікті дидактика мен
әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптасырды. Көрнекіліктің үлгілерін
пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, “Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап
сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін” мақсат етіп
қойды.
Тіл дамыту барысында көрнекіліктерді қолдануды Р.Б.Сариева,
А.К.Жақсылықова шетел ел сабағын интерактивті тақтада өтудің маңызы зор
екенін айтты. Ә.Н.Жансеркеева, И.А.Құттыбаева көрнекі құралдарды қолданудың
теориялық ерекшеліктерін қарастырды. Бұл оқушылардың сабаққа деген ынта
жігерін және қызығушылығын арттырады.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарында ағылшын сабағында
көрнекіліктерді пайдалану арқылы танымдық қызығушылығын дамыту. Оқу үрдісін
ынталандыру мен сенімділікті арттыру құралы ғана емес, сонымен қатар
психологиялық қолайлықтың және оқушылардың ой әлсіздігін басудың қажетті
аспектісі ретінде қарастыру.
Зерттеу нысаны: Көрнекіліктерді пайдалану арқылы танымдық
қызығушылығын дамыту және тигізетін әсері.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда ағылшын сабағында көрнекіліктерді
пайдалану арқылы танымдық қызығушылығын дамыту элементтерінің рөлі.
Зерттеу міндеттері.
— мектептегі ағылшын сабағында көрнекіліктерді пайдалану қолданудың
қазіргі жағдайын анықтау;
— көрнекіліктерді пайдаланын оларды ойындарға кіргізіп оқушылардың ой-
өрісін дамытудың теориялық негізін анықтау;
— ағылшын сабағында көрнекіліктерді пайдалану әдістемесін жасау, оның
тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің әдістемелік негізі: Мектептегі шетел тілі сабағында
көрнекіліктерді пайдалану мазмұнды ойындарды қолдану арқылы оқушылардың ой-
өрісін дамыту теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оқушылардың ой-
өрісі артып, оқу сапасы артады, өйткені бұл жағдайда, оқушылардың шетел
тілін оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы күшейе түседі.
Зерттеудің әдістері: Дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша
теориялық талдау жасау, материалдар мен бейнетаспалар жинақтау,
педагогикалық эксперимент, бақылау жүргізу, тескеру жұмысын ұйымдастыру
және нәтижесіне баға беру, қорыту.
Ғылыми жаңашылдығы: Көрнекіліктерді пайдалану арқылы балалардың
белсенділігін арттыру, білім сапасын көтеру және көрнекіліктерді пайдалана
отырып ойындарға ендіріп тәрбиелік мақсатын анықтау.
Теориялық маңыздылығы: шетел тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері,
оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері, шетел тілін оқытуда
оқушыларға қарым-қатынастық біліктілігін қалыптастыру, дамыту керектігін
және сабақты қызықты өткізудегі факторлар, әдіс-тәсілдерді қолдану
керектігін қарастырады.
Практикалық маңыздылығы шетел тілін оқытуда көрнекіліктерді пайдалану
ұйымдастырудың жолдары, шетел тілінде оқытуда ойын элементтерін
пайдаланудың тиімділігін қарастырады.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс мақсатқа сай кіріспеден, екі
тараудан және қорытындыдан тұрады.
1. АҒЫЛШЫН САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім-беру жүйесінің барлық деңгейінде
қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны
тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және
қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің,
кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға,
өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты
шешімдер қабылдауға қабілетті жек тұлғаны қалыптастыру. Бұл- жаңа кезеңде
адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру
деген сөз. Бүгінгі кезеңде бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік
адамдар, қажет-ақ. Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына
жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы
деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол
жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі
таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан
Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе
мемлекеттік тілді еркін меңгерту,шет тілін меңгертудегі басты мақсат –
білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру[1]. Бұл үшін
жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет
екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі. “Білім беру реформасы табысының
басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы
әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге
көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз” деп атап көрсетті.
Қазіргі кезде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір
сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын
қамтып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан-жақты терең
білім маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдерге басты көңіл
бөліп отырғаны да сондықтан. Білімді азамат тәрбиелеудің жауапкершілігінің
қаншалықты күрделі екендігін түйсінген білім саласының мамандары үнемі
оқытудың тиімділігін артыру мақсатында іздену үстінде. Түрлі зерттеулер
нәтижесінде шетел тілін оқытудың технологиялары пайда болып, күнделікті
өмірге еніп жатыр, өйткені тиімді технологияларсыз білімді нәтижелі беру
мүмкін емес.
Шетел тілін оқытудың сапасын көтеру үшін ағылшын тіліне оқытуды
бастауыш сыныптардан бастаған жөн. Бастауыш сыныптардан бастап оқытудың
нәтижесі осы кезеңдегі балалардың жас ерекшеліктерін пайдалану болып
табылады. Шетел тілін оқыту арқылы мұғалім баланы жан-жақты тұрғыдан
дамытуға тырысуы керек.
Мұғалімнің мақсаты- қоғамдық жұмысқа белсенділігі мол, өз бетімен
жұмыс жасай алатын, іскер жанды тәрбиелеу. Сондықтан шетел тілін бастауыш
сыныптардан оқыту белсенділік жетілдіру, тәрбиелеу, тәжірибелік мақсаттарын
көздейді. Оқыту процесінің барлық жиынтықтарының ең бастысы- тәжірибелік
мақсатқа жету[1].
Тәрбиелік мақсаттар- балалардың ағылшын тілін оқуға деген
қызығушылығын арттыруды, оқу дағдыларын дамытуды көздейді.
Жетілдіру мақсаттары- ағылшын тілін оқыту барысында балалар өздерінің ой-
өрісін, сезімдерін, зейінін, қиялын, ерік-жігерін, есте сақтау қабілетін,
сөйлеу қабілеттерін дамытады, сонымен қатар оқушылар ағылшын тілін зерттей
отыра, өздерінің ана тілінің құбылыстарын да терең түсінеді. Балалар бір-
бірімен қарым-қатынас жасауға, басқа оқушылардың жұмысын қадағалауға
үйренеді.
Оқу-ағарту немесе тәжірибелік мақсаттар- оқушыларды белгілі бір
тақырыпқа ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауды көздейді. Бұл тақырыптар
бағдарламаға сай болуы керек.
Шетел тілін оқыту мақсаттары мен міндеттері.Оқытудың мақсаты оқу
бағдарламасымен айқындалады.Оқу бағдарламасында пән атаулары мен
тақырыптары, сағат саны белгіленеді, бұл оқытудың негізгі құжаты болып
табылады. Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі ағылшын
тілін оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі.Олар ағылшын тілінде қалай
сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді
ғана айтса да, соған қуанады.Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың
атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап,
дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тыңдай
білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол
жеткізуге болады. Шет тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге
көмектеседі. Оқу арқылы интелектуалды еңбекті де дамытуға болады. Балаларды
оқи білуге, ақыл –ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және
ауызша жаттығулар жасау үшін қажет.
Шетел тілін оқытуда оқушылардың физиологиялық, психологиялық қызмет
көздерінің мол екені мәлім.
Оқушылардың:
— тез қабылдауы;
— еліктеуге бейімділігі;
— ойлау, ауызша сөйлеу іскерліктерінің дамуы;
— танымдық іс әрекеттерінің басымдылығы;
— есте сақтауы;
— қызығушылық қасиетінің молдығымен әр түрлілігі;
— жан-жақты тәрбиелеуге бейімділігі;
— сезімтал болуы;
— іс-әрекетті ойын түріндегі тез қабылдауы.
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында қарым-қатынас
біліктілігін қалыптастыру және қарым-қатынасты дамыту. Осы басты мақсатқа
жету барысында оқушылардың бойында бағдарлама талаптарына сай төмендегі
іскерліктерін қалыптастырып, дамытуымыз қажет:
• тыңдап түсінуді;
• сөйлеуді (Монолог және диолог түрінде);
• оқуды;
• жазу.
Шет тілін оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның
дамуына әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз
болып табылады.
Шет тілін оқытуда мотивацияның рөлі зор. Оқушының тілге деген
қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір
әрекетке , затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады,
ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уакыт сақталады. Оқу
процесінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды реакциялардың көп болуы,
ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады[2]. Т.А.Дегтерова өз
мақаласында сабақты қызық және тартымды етіп өткізуге төмендегідей
факторлар әсер ететінін көрсетті:
• мазмұнды, машықтану формаларының әр түрлілігі;
• оқушы мен оқытушы байланысының белсенділігі;
• оқытушы тұлғасы.
Шет тілі оқытушысы оқушылардың мотивациясын арттыру үшін тиімді де,
уақытты үнемдейтін әдіс тәсілдерді пайдалануы қажет.
Ғалым-әдіскер Н.Д.Гальскованың айтуынша ағылшын тілі сабағында қолданылатын
әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
• оқушы қызығушылығын арттыру үшін тілді қарым-қатынас әрекетіне қолдану
қажеттілігін тудыратын қолайлы атмосфера жасау;
• оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту;
• оқушының тілдік, когнитивті, шығармашылық қасиеттерін ояту, ынталандыру;
• оқушының оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенділігін арттыру;
• сабақта алуан түрлі жұмыс түрлерін, яғни жеке, жұп, топ, ұжым жұмыстарын
ұйымдастыру;
• сабақта түрлі көрнекіліктерді, оның ішінде техникалық (үнтаспа, компьтер,
бейнефильмдер), техникалық емес құралдарды (суреттер, апликация, альбомдар,
сызбалар, кестелер, кроссвордтар) кең қолдану;
• әсіресе ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану;
• сабақта жаңа педагогикалық технологияларды (жоба әдісін) пайдалану.
Ағылшын тілін меңгеру оқушылар үшін қиыншылықтар туғызады, себебі
ағылшын тілінің графикалық және орфографиялық ерекшеліктері көптеп
саналады. Берілгендерден төмендегідей қорытынды шығарамыз: орфографикалық
тізбекте 26 әріп қолданылады, 146 графема (әріп тіркестері) 46 фонеманы
береді (фонема-тілдік бірлік).
Осылай ағылшын тіліндегі алфавит оқушыларға көп қиыншылық туғызады, екі
тілдің арасындағы айырмашылық күшті әсер етеді. 26 жұп ағылшын әрпінен
(бастауыш әріптер және кіші әріптер) тек төртеуі ғана қазақ алфавитіндегі
әріптердің мағынасы мен формасына ұқсас[2]. Олар К,Һ,М,Т. Оқушыларға 32
әріп толығымен жаңа әріптер. Олар: b,D d, F,f, G,g,h, L,l, I, і, J,j,
Nп,Q,q, R, r, S, s, Т,tI, U, и, V,v, W, w, Z z, А, а, В, С, с, Е, е, Н, О,
о, Р, р, Ү, у, X, х — әріптері басқа тілдер де бар, бірақ әртүрлі оқылады.
Ең қиын әріптер соңғылары болып табылады.
Бастауыш кезеңдердегі ағылшын сөздерін оқи білуге үйрету барысында
жаңа әріптердің ерекшеліктерін ескеру керек, ал ағылшын тілінде қандай
дыбыс немесе дыбысталу береді және оның қазақ тіліне сәйкестігі мен
сәйкессіздігін ескеру керек.
Дауысты дыбыстарды оқу үлкен қиындық туғызады, дауысты дыбыстар
тіркесі және бірнеше дауыссыздар ереже бойынша әр түрлі оқылатындықтан
қиындық тудырады. Мысалы; тап-пате, this-think, window-down.
Оқуға үйрету барысында оқушылар негізгі оқу ережесін меңгеру керек:
дауыстылардың екпін түскен жабық және ашық буындардағы және г алдында
келегенде оқи білу; дауыстылардың тіркесін оқи білу; ее, еа, ау, оу, оо,
ои, оw дауыссыздар с,s, k, g, ch, sh, th, пg, сk, және мынандай тіркестерді
: -tiоп,-ssiоп,-оus,-іgh оқи білу керек.
Оқушылар сөздерді оқуға үйренуі, әр түрлі жазылатын сөздерді және
бірдей оқылатын сөздерді үйрену керек. Олар; sип-sоп, tоо-twо, sее-sеа, еуе-
І.
Мысалы, бала Тhе bооk іs оп thе desk сөйлемін оқиды, онда әрбір сөз бөлек
оқылады , Тhе bооk іs оп thе desk деп оқылмайды. Сондықтан да алғашқыда
оқушылар сөзбе -сөз оқиды, оларды синтагмалық оқыту арқылы, сөздерді
біріктіре отырып, мағаналық тобын анықтауға үйрету қажет.
Оқуды меңгерудегі үлкен қиыншылық тек қана сөзді білу емес, структуралар
және структуралық элементтер білімі негізінде сөйлемдер мен абзацтардағы
ақпарат қабылдауда туады.
Ағылшын тілін оқудағы ерекшіліктерден, алдын-ала оқу материалдарын
ауызша тапсыру қиындықтың жартысынан арылтуға көмектеседі. Дауыстап оқуға
үйретуді толығырақ қарастырайық. Оқуға кірісерде, оқушылар алфавит барлық
әріптерін біледі, оларды атауды, айтуды, бұл әріп қандай дыбыс беретінін,
сөздерден мысалдар келтіру, осы әріптер кездесетін сөзерден мысалдар
келтіре алады.
Мысалы, олар алфавиттің барлық әріптерін жаза алуы керек, бұған
жартылай баспа шрифтіні қолданады. Осылай жазбаша және баспаша шрифтілер
байланысты, оқи білу мен жазу жеңілдейді. Оқуға үйретуде бірден-бір туатын
проблема ана тіліндегі интерференция болып табылады. Ағылшын сөзінің
графикалық таңбасын оқулықта бірінші рет көрген, оларды мұғалімнен кейін
немесе диктордан кейін хормен оқып, оқушылар өзіндік оқу барысында сөздерде
әріптер бойынша оқуға тырысады.
Көптеген оқушылар оқу курсын аяқтаған кезде де оқу барысында көп қате
жібереді, мұндай болмау үшін, ана тілінің интерференциясының алдын-алу
керек. Мұғалім алфавитпен танысу кезеңінде балаларға ағылшын тіліндегі
сөздер әріптер арқылы оқылмайтынын, оларды тұтас танып, білу керектігін
түсіндіреді. Осы мақсатта балаларға сөздерді енгізу үшін бірнеше ойындар
ұсынылады. Мысалы; Бейкер стритті тапсырма мұнда Шерлок Холмс Qиепtіп
(Раul, Оlіver) атты қылмыскерді табуды сұрайды. Балаларға астында аттары
жазылған бірнеше портреттер таратылады[3].
Олар керекті аты бар портреттерді іздейді, Ағылшын аттарымен және оқу
ережелерімен танысады : Quеstіon -qu-[kw], Раиl-аu-[о:] және адамның
қазіргі кездегі орналасқан жері: airport-аіr-[еэ] Мұндай жаттығулардың
мақсаты балаға сөзді тұтас білуге оқыту, тіркестердегі алдамшы әріптерге
аи, ои, оw, qи сияқты сенбей және оқу ережесімен алғашқы танысуды
ұйымдастыру . Алғашында балаларға өте қиын о әрпіне қарап оны [а] қылып
оқу , мысалы оpіniоn сөзінде.
Келесі сабақтарда ойын қиындайды: құрастырылған полотнода әр түрлі
фигуралар (пішіндер) жануарлардың аттары жазылған аңдар мен құстар
көрсетіледі: bird, tiger және т.б. Балаларға лексика таныс емес.
Құрастырылған полотноға екі аңшы оқушы шақырылады. Мұғалім сөзді атайды.
Аңшылар құрастырылған полотнодан графикалық салынғандарды іздейді. Сөзді
бірінші тапқан оқушы полотнодан оны суырып алады да, оның өзінің аңшы
сумкасына салады. Кім көп карточка жинаса, сол жеңіске жетеді. Жеңіске
жеткен оқушы оқушыларға суреттерді көрсетіп, сумкасынан карточкаларды
шығарып, жануарлардың атын, аңдар мен құстардың атын оқиды.
Оқушыларға ойын ұнайды. Келесі сабақта оның шарттарын өзгертуге
болады: аңшылар емес, жануарлар әлемі хабарының кинооператорлары
сайысады. Кім көп аңдарды пленкаға түсірсе және кім қызықты хабар жасаса,
сол жеңіске жетеді.
Осылай әріптерді оқу кезеңінде оқушылар есіне сақтап, керекті минимум
сөздердің оқудағы түрлі ережелерін қалай оқитындығын есте сақтайды[3].
Осындай алдын-ала дайындық оқу ережесін терең білуге өту болып
табылады. Балалар төрт түрлі буынмен танысады және кейбір ағылшын
әріптерінің құпияларын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ұзақ та тынымсыз
жұмыс. Шаршағанды басатын тек қана ойын.
Мысалы, балалар с әрпін оқудың құпияларымен танысады, Сөз аукционы
жүргізіледі. Сынып екі командаға бөлінеді. Бір команда тек сөздерді сатып
алады, бұл сөздерде с әрпі s болып оқылады. Ал келесі команда с әрпі
[k] болып дыбысталатын сөздерді сатып алады. Мұғалім тез шапшаңдықпен
балаларға саt, сіnеmа, сlub, nісе, welсоmе сөздері жазылған карточкаларды
көрсетеді. Команданың тапсырмасы — «I buy it» деп айқайлап үлгеріп және
сатып алу. Егер де сіrcus, соnсеrt сияқты с әрпі s болып оқылатын
сөздер ұсынылса, онда бұл команда да сөзді сатып алуға болады. Кім көп сөз
сатып алса, миллионер деп таныстырылады. Көп сөз жинаған команда жеңімпаз
атанады.
Осыған ұқсас ойындар кез-келген оқу ережелеріне ұсынылады. Оқушылардың
дәстүрлік жаттығулары жаттығу үшін сөздерді оқуда оқушыларға қызығушылық
туғызбайды, мұндайда, Капитан Флинта ойынын ұйымдастыруға болады, бұл
көңіл-күйдің қалай ауысуына байланысты ойын. Балаларға тізбекпен сөздерді
оқуға, кітаптағы немесе тақтадағы сөздерді оқуға тапсырма беріледі. Әр сөз-
риф, егер сөзді дұрыс оқыса өтуге болады. Капитан сыныпты риф арқылы
жүргізеді, яғни сөздерді оқиды. Ал балалар оны хормен оқиды, яғни
капитаннан кейін. Егер капитан қателессе, кеме кедергі алады. Капитан
құтқару дөңгелегін лақтырады (хормен сөзді дұрыс оқиды), бірақ бұдан кейін
капитан болып басқа оқушы сайланады.
Осы ойынның кеңейген түрі индеецтердің әскербасы деп аталады. Бұған
пияздан нысанаға ату керек. Әрбір дұрыс оқылған сөздер нысанаға тиген
болып, дұрыс емес оқылғаны қисық кеткені болып есептеледі. Балаларға
ұнағаны ең мерген ковбойды таңдау: егер сөзді дұрыс оқыса, онда лассаны
табысты лақтырғаны, егер дұрыс емес оқыса қисық кеткені болып табылады[4].
Сөздік сигналдарды дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі
кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде
дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация
сипатында болады. Балаға сағат деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап
сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да,
дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми
қабығының анализдік, синтездік жүмысы әлі жонді жетілмегендігін, ягни онда
созді дұрыс қабыл-дау, түсіну әлі мардымсыз екендігін корсетеді. Сөзді
жалпылай алу — адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай
қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндсп ие болып отырады.
Сөйлеу, тіл, қарым-қатынас ұғымдарының мән-мағынасы жақын
болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас
адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің
негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек
сейлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылар-мен түрлі
ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стено-графиялық жазу,
эсперанто т. б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті,
қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып
жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз ымға
түсінбеген дымға түсінбейді деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен
күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-катынастық қызмет
атқаратыпы белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі
нұсқалары болады. Мәселен, қыз-мет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір
түрлі болса, отбасында, құрбы-құрдастарымен пікірлескенде кісі басқа
формада сөйлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей,
жанама, әзіл-қалжың, эмоциялы, интеллект (ақыл —- парасат) түрінде көрініп
отырады. Қарым-қатынас, сөйлеу ұғымдарының мән-мәнісін негізінен
психология ғылымы карастырады[4].
Тіл ұғымының да (дыбысты тіл) аукымы кең, ол, кобінесе, қоғамдық
ғылымдарда (тарих, социология, педагогика т. б.) жиі қолданылады. Тіл жеке
адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс. Тіл
аркылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан
ұрпаққа (ауызекі — фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал сөз,
сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт
адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді.
Психология тіпті есі кіресілі-шыгасылы адамдардыц да сойлеу ерекшеліктерін
зерттеумен айналысады. Басқа ғылымдар сөйлсудің осы жақтарын қарастырып
жатпайды, олар тіл ұғымын адамзат қоғамына ортақ қүбылыс ретінде әр қырынан
сөз етеді.
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге
асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай
сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу
бірнеше түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі
топка жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша
сөйлеу болын, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.
Ауызша сөйлеу — сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған
түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер
ауызша создің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі
ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты. Ауызша
сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөййлеу. Диоогтық, сойлеу дегеніміз
екі немесе бірнеше адамның тілдееуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық
ерекшсліктері төмендегідей:
1. Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайын жатуды тілейді;
2. Үнемі кезектесіп айтылатындыктан ықшам келеді, тек әңгімелесуші
адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, келе жатқан тогызыншы
деген сөйлемді осындай номірлі авгобусты кутіп тұрған адамдар ғана түсіне
алады;
3. Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т. б.) кемдеу
болады;
4. Диалог сөз ым-ишаралармеи, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен
(қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т. б.) толықтырылады.
Монологтық сойлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының,
лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері
төмендегідей:
1. Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес ққрылады, бұл алдын-ала
даярлықты тілейді;
2. Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен,
баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл
бөледі);
3. Монолог сөз мәнерлі, адамга әсер ететін моменттерді (сөзді сазына
келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Диалог және монолог сөздер кобінесе беттің мимикасының өзгеруімен,
ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар
біздің сезімімізді мәнсрлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да
түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес
күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана
пайдаланады[4].
Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және
пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер.
Пассив сөздер тілімізде сирек пайдаланағын, мағынасына түсінгеімен күн
сайын ашылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар
және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу
рекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив
сөздері орта есеппсн 6000-7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың,
ғалымдардың актив сөздері 10000-13000 сөзге жетін отырады. Мәселен,
Шекспирдің сөздік қоры 12000-дай болған.
Сойлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы
әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен
түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде,
ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Жазбаша сойлсудің кейбір ерекшеліктері:
1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-
ишара қолданылмайды.
2) Жазбаша сөйлсудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен,
белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауга
тырысады, кең ойланып, толғанады. Өйтпейінше бұдан нәтиже шығару қиын.
3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады,
мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам
озінің туысқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай
байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың
бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-кағаздық т.б. создер.
Сөйлеудің жеке бір түрі — ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар
негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай
бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осығадай кезде адам
ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас
жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін
пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады.
Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді[5]. Тек тиісті аспаптармен
зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де және стезиялық
тітіркендіргіштерге орай туьш отыратындығы анықталған. Ішкі сөйлеумен
жөнінде И. М. Сеченов былай дейді: Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе
сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен
айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін)
жиі кездеседі. Мен тіпті озімді де білемін: ойымның ауыздың жабық,
қозгалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық
еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да
басқалардын алдымда бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу
сыбырлап айтып аламын. Ішкі сойлеу өте кысқа, икемді болып келеді. Өйткені
адам әркез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі
сойлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың кажеті де болмайды.
1.2 Ағылшын сабағын пәнін оқытуда көрнекіліктерді пайдалану ұйымдастырудың
мазмұны
Оқу ережесін бекіту жүмысын әр сабақта өткізуге болады. Өте ыңғайлы
жаттығу қар адамын жасау, (үй түрғызу, пирамида). Мұғалім алғашқы қарды
лақтырады, яғни сөзді атайды. Мысалы, ball. Балалар қар домалағын жасайды
тізбек бойынша сөздерді, берілген ереже бойынша оқиды: тар, lар, саt және
т.б. Біз үш қар домалағын (әр қайсысы әр оқу ережесі) жасаймыз, қар адамы
дайын болады.
Бұл ойынның бірнеше нұсқасы бар. Мысалы: Кімнің шыршасы әдемірек
деген сайыс. Бұл сайыста әр топ өздерінің шыршаларын ойыншықпен сәндейді.
Байланысты сөздерді таңдайды. Кім көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
а дыбысын оқи білу ережесін меңгеру үшін алма ағашының суретін салып оны
осы дауысты дыбыс бар сөз — алмалармен әдемілеуге болады. Әр түрлі
буындардағы О әрпін оқи білуді меңгеру үшін, тауықтың құйрығын
әдемілейді, осы дауыстыға сөздер таңдайды және т.б[5].
Оқу ережесін меңгеруді бақылау үшін оқушыларға мынадай жеке
карточкалар беріледі (сурет және құрастырылған сөздер). Балалар сөздерді
оқу ережесіне сай оқып әрі карточкаға жаза білу керек.
Мұндай жаттығу көп уақыт алмайды, бірақ үлкен нәтиже береді: біріншіден бұл
фонетикалық жаттығу, балалардың қолымен толтырылған карточкалардың
дыбысталуы, екіншіден, оқу ережесін қайталау, үшіншіден, оқылған сөздерді
қайталай білу. Осы үш түрлі буынды меңгерген балалар сөздердің
дыбысталуында қателер жасамайды, ои, аw, еа, all, іr әріп тіркестерін
қамтыған.
Оқу ережесі бойынша кестемен жұмыс тиімділігі аз. Бірақ егер бұл
кестені балалармен бірге толтырса және көрермен образымен байланыстырса,
кестенің тиімділігі артады. Мысалы, оқулықта tеа сөзі кездессе мұғалім
балаларға қағаз бетіне үлкен чайниктің салынған суретін көрсетеді.Әрі қарай
балаларға бұл чайникке сай сөздерді түсіндіреді, еа сөз тіркесі,і
болып дыбысталады. Жайлап кестеге sеа,рlеаsе, tеасhеr, сlеап және т.б.
сөздер толтырылады[6].
Үйшікке сөздер орналасқан оu тіркесі [аu] дыбысын береді: аbout
оut, rоund, shоut, grоund және т.б.
Боялған доп аl(l) тіркестерін оқи білуге көмектеседі: ball, tall, stаll,
еtс.
Балалар оқулықтан сөздерді тапқан бойда, тірек — кестеде көрсетілген ереже
бойынша оқиды, олар кестенің әрқайсысына толтыруды өздері ұсынады.
Тірек карточкалар бір жағдайда ғана қателерді болдырмауға көмектеседі. Ал
екінші жағдайда өткен сабақта жіберілген қателермен қайталау жұмысы,
үшіншіден, жан-жақты және жекелік тапсырмалармен қайталауға көмектеседі.
Мысалы, оқу барысында, диалогтарда балалар І’vе gоt а саt саllеd Кіttу
сөйлемге кездеседі. Бұл жазылған таспаны тыңдайды, мұғалімнен соң
қайталайды. Осы өз бетімен оқитын диалогта топтың жартысынан көбі called
сөзінің дыбысталуын қате айтты, [о:] дыбысының орнына [а] дыбысы айтылды.
Мұғалім оқушыға тірек — кестені (футбол добын) көрсетеді және
балаларға өз қателерін түзетеді.
Келесі топта тірек — кесте магниттік таспаны таңдағаннан кейін, диалог
өз бетінше оқу алдында мұғалімге көрсетіледі. Оқушылар диалогтен сөздерді
табады, тірек-кестеден берілген ережені оқиды, хормен дұрыс нұсқаны
айтады[6].
Оқушылардың көмегімен құрылған тірек-кесте, дайын кестеге қарағанда
маңыздылау. Біріншіден, балалар сөз құрамын сараптайды, екіншіден, түсті
картинка, оқу ережесінің ассоциацияын туғызады, оқуда әріп тіркесіндегі
қиындықты меңгеруден өткізеді.
Оқушылар мен мұғалімдердің қосымша тірек-кестені бірлесе құруы, рифмовкалар
балалардың байқағыштығын дамытады. Сөздерді сараптауды, оқылғандарды
салыстыру, оқу ережесін беркітуде балалардың шығармашылық қабілетін
дамытады.
Ойын- адам өміртанымның алғашқы қадамы. Ойындар бала қиялын ғана
дамытпай оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Бала өз
мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмытылады.
Ойын-бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызығушылығынан туады,
белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін
көрсетеді.Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері
ашылады. “Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дербестігі…”Ойын пән әрекетін
күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер
ететінін анықтайды. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген
мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде
ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің
дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының
жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр
ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін
арттырады[7].
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік
ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады.Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілет бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі
бір ережелерді сақтап ойнайды .Ол ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де
дамытады.
Оқушылардың негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса,
әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу-білім алу мен
білік дағдыны қалыптастыра,қарым-қатынас- бұл балалардың
бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ал
ойын- баланың дамуын арттырады.
Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай
компоненттері қарастырылады:ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары,ойын
түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы барлық
өзара байланыстар.
Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық
ойындарға деген қызығушылық барынша өсе түсуде. Г.А.Кулагина зерттеу
үрдісінде ойындағы таным дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі
өзіндік формаға ие болатындығын анықтады бұл жерде қиялдау мен жауапты өз
бетінше іздестіру, бұрыннан белгілі дәйектер мен құбылыстарға жаңаша
көзқараспен қарау, білімді толықтыру мен кеңейту,байланыстарды орнату,
жекелеген құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу
сияқтыларды барлығын кездестіретін болады.
Ойын қарқыны мектеп оқушыларын жылдам және шапшаң түрде ойлана білуге
үйретеді. Олардың тілдік жадыларының даярлықтарын жаттықтырады,сөйлеу
қарқынын дамытуға мүмкіндік береді.Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің
ойларын жеткізуге машықтанады,осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-
бірте автоматтандырылады.(К.А.Родкин).Дем ек,ойын сөйлеу шеберліктерін
дамытудың нәтижелі құралдарының бірі болып табылады.Осылайша дидактикалық
ойындар мен оны оқу үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің
барлығын талдап,қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:
а) Дидактикалық ойындар ойлау,ерік,жады,назар,сөйлеу,мотори ка сияқты
психикалық үрдістерді жандандырады.(Г.А.Ляпина,М.В.Строни н және т.б.);
б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік
жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің
ұлғаюына мүмкіндік береді.(Е.Енгабаева,А.А.Баранов,Г.А .Ляпина);
в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәтілігі мектеп оқушыларының ойын
үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық
пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты. Ю.П.Азаров,О.С.Кель,В.Н.Терский);
г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып
табылмайды,ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік
береді.(А.А.Баранов,В.И.Иванова).
Әдебиеттерді шолу мен тәжірибелік сараптамалық жұмыстар дидактикалық
ойындардың барынша әр алуандығын айқындады.
Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу тапсырмаларына
барынша назар аудару және мектеп оқушыларын зерттеу элементтеріне ие іс-
әрекетке тарту болып табылады.Мұндай тапсырмаларды орындау үрдісінде
оқушылар бірқатар логикалық операцияларды жүргізеді,танымдық іс-әрекеттің
аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін белгілейді.Мұндай дидактикалық ойындар
ізденгіштік деп аталады.
Ізденгіштік дидактикалық ойындар репродуктивті және жартылай ізденгіштік
дидактикалық ойындардан тұрады.Мұндай тапсырмалар жеткіншекті
шығармашылыққа даярлайды[7].
Жекелеген дидактикалық ойындар мектеп оқушысын дербестікке баули
отырып оны шығармашылық жұмысқа итермелейді. Себеп-салдарлық байланыстар
мен тәуелділіктерді айқындау кезінде мектеп оқушысы өзінің танымдық іс-
әрекетінің мазмұнына тереңдей отырып, зерттелуші құбылыстың бірқатар
қырларын дербес Ашу мүмкіндігіне ие болады.Мұндай дидактикалық ойындарды
біз шығармашылық ойындар деп атадық.Бірқатар шығармашылық-дидактикалық
ойындар мектеп оқушысының суырып салмалылығын іске қосады. Мұндай ойындарды
біз рольдік элементтері бар шығармашылық ойындар деп атадық.Тәжірибе
нәтижелері шығармашылық ойындарды сабақ-мерекелерде сабақ-жарыс, сабақ-
суырып салушылық,сабақ-саяхат тәрізді белгілі пәннің оқу материалдарынан
тұратын үш түрінде пайдаланудың барынша мақсатқа сәйкес екендігін
көрсетеді. Түрткі ретіндегі қызметті дидактикалық ойындар орындайды.Ойын
ситуацияларының эмоциональдылығы барлық мектеп оқушыларының белсенді
қатысуына түрткі болады.
Сабақтағы ойын ситуациялары балаларды тежелушіліктен құтқарады,бір-
біріне сенімділік және іскерлік атмосферасында белгіленген жұмысты
жүргізуге ұмтылады.
Мектеп оқушыларының іс-әрекеттерінің сипаты бойынша дидактикалық
ойындарды топтастыра отырып біз шартты түрде репродуктивті, жартылай-
ізденгіштік, ізденгіштік ролдік элементтері бар шығармашылық және ролдік
элементтері жоқ шығармашылық дидактикалық ойындарды бөліп қарастырамыз.
Ойын ситуацияларында қажетті шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру
мақсатында мектеп оқушыларының білімін жаңғыртатын дидактикалық ойындар
қысқа мерзімділігімен ерекшеленеді.Іс-әрекеттің процессуалдық жағы мұғалім
арқылы бағытталады және бақыланады[8].
Дидактикалық ойындарды сабақтың әралуан буындарына енгізу:
1.Түрткі ретіндегі дидактикалық ойындар
2. Материалды игеруге даярлық кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар
3. Материалды пысықтау кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар
4. Игерілген материалды қайталау кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар.
Оқу материалын меңгеруге даярлық кезінде қолданылатын дидактикалық
ойындар жаңа материалды қабылдау үрдісіндегі белсенділікті жоғарылатуды
мақсат етеді.
Жаңа метериалды бекіту, мақсатында енгізілген дидактикалық ойындар
жаңа нәрсені түсінуді нақтыландырады , үй тапсырмасын орындау кезінде
неге назар аудару қажеттігін көрсетеді.Бұл жағдайда дидактикалық ойындар
мектеп оқушыларының жартылай меңгерген оқу-материалдарына негізделеді[8]
Қайталау кезінде дидактикалық ойындардың барлық түрлері
пайдаланылады.Ойындар мектеп оқушыларын бұрыннан бар білімдерді жаңа
ситуацияларда қолдануға итермелейді. Дидактикалық ойындар арқылы мектеп
оқушысының танымдық іс-әрекетін жандандыру үшін басты шарт-жалпы білім
беретін мектептердегі бағдарламалық талаптарға негізделген, бірте-бірте
күрделеніп отыратын дидактикалық ойындарды оқу үрдісіне мақсатқа
бағытталған түрде енгізу болып табылады.
Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып, қиын оқу
материалдарын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу
материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.
1.3 Ағылшын сабағын пәнін оқытуда ойын түрлерін ұйымдастырудың жолдары
Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі — ғаламдық
феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің
экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де
тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен
оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін
оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру
жүйесіне орала кету орынды.
Болашақ бастауыш сыныптың шетел тілі мұғалімінің әрбір сабағы басынан
аяғына дейін балаға деген мейірімге толы болуы керек. Осы бағытта
Ш.А.Амонашвили : Мектептегі әрбір күн, әрбір сабақ мұғалім тарапынан
оқушыға сыйлық болуы керек. Әрбір оқушының мұғалімнен тілдесуі бала бойына
қуаныш пен өмірге деген құлшыныс беру керек деген екен. Сондықтан да әрбір
ағылшын тілі сабақтары қызығушылықты ояту, ой ашардан басталады. Яғни
мұғалім кішкене балаларға жымиып, оқушылармен жылы амандасып, хал-
жағдайларын сұраумен басталып, өз иелігіндегі 45 минуттық құзіреттілігін
өзі сезініп, балаларды да өзіне тарта білуі керек[10].
Мемлекеттік білім стандартының басты мәселесінің бірі: тіл пәндерін
оқытудың регуметивтік , танымдық, этиктік, бағалау бағдары. Оқушылардың тіл
аралық түрлі елдің мәдениетін , әдебиетін , экономикасын,саясатын т.б
үйрене отырып, халқының , өз елінің тілін, мәдениетін, әдебиетін терең
сезініп білуге, дамытуға дағдыланады, үйренеді.
Шетел тілі – үлкен тәрбиелік диапазон. Ол оқушылардың жан дүниесін
байытады, ой — өрісін кеңейтеді, көркемдік талғамын кеңейтеді, көркемдік
талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқудың
алғашқы кезіңде оқушы тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, ол
бара- бара материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әртүрлі
қиыншылықтарға кездеседі. Ал бұған мұғалімдер кезінде көмек жасай алмайды.
Демек оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді.
Мұндай қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы шыгып кетуге
болады. Ол үшін мұғаліммен бірге, оқушыда ойынның шартын, ережесін меңгеруі
тиіс. Ойын үрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Ойын түрлерін дұрыс
қолданып өткізілген сабақта оқушының шетел тілін үйренуге деген ықыласы,
сол тілде сөйлеп үйренуге деген ықыласы артып тілді жақсы меңгеруге
қызығады[11].
Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі
бір дағдылар мен қабілеттілікті қажет етеді. Сондықтан сабақ процесінде
белгілі бір дағды мен қабілет қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылық
пайда болады. Бастауыш кезең оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығушылық
басым келеді.
Ағылшын тілін оқыту технологияларын қолдану арқылы студенттер білімінің
сапасын көтеру үдерісі — оқыту технологияларының сапасын, студенттердің сол
технология бойынша ағылшын тілінен алған білімінің сапасын, ағылшын тілін
үйретуші оқытушылардың шығармашылық жұмысының сапасын, ағылшын тілін үйрету
әдістерінің сапасын танытатын, анықтайтын ерекше дидактикалық үдеріс.
Ағылшын тілін оқыту технологиясының сапасы оның қол жеткізілетін түпкі
нәтижесі арқылы өлшенеді. Студенттер тәжірибе жинақтау барысында кәсіби
санасы жетіліп, елжандылық рухы, сана-сезімі жетіліп, даралық қабілеттері
де даму үстінде болады. Ағылшын тілін оқыту технологиясының сапасы оның
қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді. Педагогикалық
технологиялар арқылы ағылшын тілі пәнін меңгертуде мынадай түйінді
мәселелер өз шешімін табады:
− ағылшын тілін үйренуші студенттің тілді тереңірек танып-білуіне, өз ойын
ағылшын тілінде еркін білдіруге қажетті дағдыларды игеруіне оң ықпал етеді;
− ағылшын тілінің практикалық бағытына басымдылық берілетіндіктен,
студенттің білімді өмірде қолданудың маңызы жайында түсінігі дамиды;
− студенттің танымдық қабілеті мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады;
− студенттер проблемаларды ынтымақтастықта шешу қажеттілігін түсінеді
Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімнің тапсырмасы балаларды ағылшын
тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген
қызығушылықтарын дамыту болып табылады[11]. Сондықтан қазіргі 12 жылдық
білім беруде ағылшын тілі екінші сыныптан өтіліп жатыр. Балаларды тілге
үйретуде сабақ жеңіл, қарапайым және қызықты болуы қажет, ол үшін оқытудың
әдістері мен тәсілдерін дұрыс пайдалана білу керек. Бастапқы кезде хормен,
жұппен, топпен жұмыс істеп, сонымен бірге ойын, жарыс ұйымдастырып, көрнекі
құралдарды пайдалану қажет. 2-сынып оқушыларына магнитофон тыңдатып, оған
еліктеуге үйрету қажет.
Көрнекті педагог Ш.Амонашвилидің тілдерінде бастауыш кезеңде
оқушылардың қатесін үнемі көрсете бермей, қайта олардың өзіндік дара
қабілеттерін дамыту керек. Демек ол кісі бастауыш кезең оқушыларын
қызықтыру үшін әртүрлі әдіс – тәсілдерді ұсынады.
Сабақ үстінде түрлі ойын түрлері арқылы осы әдіс – тәсілдердің іске
асуы қажет деп санайды. Әрине сабақ үстінде ойындар қолдану арқылы жақсы
жетістіктерге жетуге болады. Ойын балалардың назарын алып, сабақты
жандандырады, тілге деген қызығушылықты арттырады, оларды еңбекке баулып,
бірігіп жұмыс атқаруға үйретеді. Ойын тілді дұрыс, дәл меңгеруіне
көмектеседі. Мысалы, мұғалім бір сөздің дыбысталуын қате дыбыстайды ал
оқушылар оны түзейді. Оқушыларға творчествалық мәндегі, мақсатты
тапсырмалар орындаттырудың маңызы да зор[12].
Мысалы: белгілі бір текстті ұсынып, оның … жалғасы