Агорафобиямен ауыратын кейіпкер туралы фильм шықты

0

Агорафобиямен ауыратын кейіпкер туралы фильм шықты

Әлеуметтік желілерде 3 мәрте «Оскар» марапаты номинанты атанған Ричард Линклейтердің жаңа картинасының трейлері шықты.

«Бернадетт қайда барасың?» аталатын комедиялық фильмде басты рөлді  даңқты Кейт Бланшетт сомдайды. Оның кейіпкері агорафобиямен ауырады. Архитектор мамандығын игерген Бернадетт Фокс ашық кеңістіктен қорқады. Яғни, бұл психологиялық фобиялардың бірі. Бернадетт отбасымен Антарктидаға саяхаттар алдын жоғалып кетеді. Оқиғаның қалай болғанын оның қызы баяндап отырады.

Картинаға Бланшеттен басқа Кристен Уиг, Джуди Грир, Билли Крудап, Тройэн Беллисарио мен Лоуренс Фишборн сынды актерлер жұмылдырылған. Фильм премьерасы 2019 жылдың 22 наурызына жоспарланып отыр.


Дереккөз: https://massaget.kz/