Ағашты күйдіру арқылы көркемдеп өңдеу әдісінің ерекшелігі

0

Ағашты күйдіру арқылы көркемдеп өңдеу әдісінің ерекшелігі

Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … … … 3
1 Ағашты көркемдеп өңдеудің теориялық
негіздері … … … … … … .. … … … …5
1.1 Ағашты көркемдеп өңдеудің тарихи
мәліметтері … … … … … … … … … 5
1.2 Күйдіру – ағашты көркемдеп өңдеудің тәсілі. Күйдіру
түрлері … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 7
1.3 Материалдар, құралдар, құрал-жабдықтар, сұққыштар және күйдіру
тәсілдері … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..14
2 Күйдіруді мектепте
үйрену … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … 25
2.1 Мектеп бағдарламасының дидактикалық
сараптамасы … … … … … … .25
2.2 Күйдіруді орындау
технологиясы … … … … … … … … … … … … … … … .27
2.3 Қызбен құс картинасын
жасау … … … … … … … .. … … … … … … … … 56
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … .60
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… ..61
Қосымша … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … …63

Кіріспе

Ағашты көркемдеп өңдеу 9-10 ғ.ғ. бастап белгілі бола бастады. Адамдар
ағашты ерте заманнан-ақ әр түрлі мақсаттарда қолданып келеді. Оның пайдасын
танып білген тек қана шебер ұсталар ғана емес. Көркем бұйымдар мен
кәдесыйларды жасау үшін, ерекшеліктері мен икемділігін назарға ала отырып,
ағаштың әртүрлі тұқымдарын қажеттіліктеріне пайдаланды. Сонымен қатар ағаш
безін, қайын қабығын, шыбықты (тал, мойыл) қолданды.
Ағаштан жасалған көркем бұйымдар дегеніміз — пайдасы мен әсемділігі
үйлесетін тұрмыс заттары. Оларға ағаш үйлерде әшекейленіп жасалған
жақтаулар, шілтерлі жиектері; ішкі көріністің әшекей элементтері – нақышты
паркет едені, ою салынған есіктер, төбелер және т.б.; жиһаз бен шырақтар;
үй аспаптарын ішінде – ыдыс-аяқ, азық-түлікті турайтын тақтайлар; ағаш
ойыншықтар мен кәдесыйлар (ұшталған, ойылған, өрнектелген); киім
әшекейлерін және т.б. жатқызуға болады.
Ағаштан жасалған көркем бұйымның, өзінің айқын түсі мен пішінінен
басқа, ою-өрнекпен әшекейленуі жиі кездеседі. Сәндік-қолданбалы өнердің
заманауи суретшілері көркем туындыларын жасау барысында ұлттық және әлемдік
өнердің ғасырлық дәстүрлеріне жүгінген.
Ағашты көркем өңдеу – адамзатпен игерілген көне қолөнер кәсібінің
бірі. Біздің еліміздегі ағаштан жасалған ағаш архитектурасы, ішкі көріністі
әрлеу, жиһаз, әр түрлі тұрмыс заттары, өнердің маңызды түрлерінің біріне
жатады және халықтың ұлттық мәдениетінде маңызды орын алады.
Мектеп оқушыларын ағашты көркем өңдеуге үйретудің білім беру жағынан
және тәрбие беру жағынан маңызы зор: технологиялық мәдениетін дамытады,
жеке тұлғаның эстетикалық және шығармашылық дамуына септігін тигізеді,
құрдастарының ортасында өзін-өзі табысты жетілдіруде және әлеуметтендіруде
көмек береді, кәсіби тұрғыда өзін табуға септігін тигізеді. Технология
мұғалімінің ағашты көркемдеп өңдеу технологиясын жітік меңгере отыра, оны
оқушыларға үйрету әдісін білуі педагогтың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз
етіп, оның еңбек нарығындағы бәсекелестігін күшейтеді.
Мектеп оқушыларына ағашты өңдеуге үйрету жұмыстары нәтижелі болу
үшін, болашақ технология мұғалімінің бұндай кәсіпке арнайы дайындығы қажет.
Бұл дайындық біріктіргіш сипатта болу керек және тек қана жалпы
педагогикалық және әдістемелік икемділіктерді қалыптастырып қана қоймай,
ағашты көркемдеп өңдеу технологиясының жоғары дәрежесін меңгеруді, болашақ
мамандардың эстетикалық дамуын қосу керек, сондықтан дипломдық жұмыстың
тақырыбы өзекті болып келеді.
Жұмыстың мақсаты: ағашты көркем өңдеу ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу объектісі: күйдіру технологиясын орындау үдерісі.
Зерттеу пәні: күйдіру әдісі бойынша сурет дайындау.
Гипотеза: егер күйдіру барысында, құралдар мен өңделетін материалдың
түрі сәйкес келуін есекере отырып, анықталған технология ерекшеліктерін
ұстанса, дайындалған объект сапалы болады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Ағашты көркемдеп өңдеу ерекшеліктері бойынша, соның ішінде ағашты
күйдірудің теориялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттеріне талдау
жасау.
2. Ағашты көркем өңдеу технологияларын зерттеу.
3. Күйдірудің пайда болу тарихын зерттеу.
4. Күйдіруді орындау технологиясына сипаттама беру.
5. Технология бойынша мектеп бағдарламасын тауып, сараптама жасау.
6. Технологиялық үдерісті сипаттай отырып, суретті дайындау.
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиетті талдау, оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын зертеу және талдау.
Зерттеу жаңалығы болып, технология бағдарламасының материалдарды
көркемдеп өңдеу бөлімінде күйдіруді орындау технологиясының
қарастырылмайтыны болып келеді. Ағашты көркемдеп өңдеудің бұл түрінің
мысалында ағаштың кейбір ерекше қасиеттерін зерттеуге болады.
Тәжірибелік маңыздылығы болып, жүргізілген талдауды қолдана отырып,
оқушыларға күйдіруді үйрету жұмыстарын ұйымдастыру кезінде қолдануға
болады.

1. Ағашты көркемдеп өңдеудің теориялық негіздері
1. Ағашты көркемдеп өңдеудегі тарихи мәліметтер

Ерте заманнан-ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде
пайдаланған. Олар ағаштан үйлер салып, керек-жарақ, ыдыс-аяқ, ойыншықтар
жасаған. Көне орыс ағаш ұсталары мен шеберлері үлкен үйлер мен мұнаралар
салған, бал және квас сусындары үшін құмыралар жасаған, сонымен қатар үйге
қажет тұрмыстық бұйымдар, мысалы жазық және жалпақ пішінді қамыры ашытуға
арналған астаулар жасаған. Күбі жасаушылар емен тақтайшаларынан бөшке,
құмыра жасаған, ал қырнаушылар жұмсақ ағаштан тостаған, табақ жасады. Ағаш
қабығынан қораптар, үйеңкіден әдемі сыңғырлаған қасықтар жасаған.
Адамның қолымен жасалған барлық ағаш заттарының тәжірибелік мәні мен
рухани мағынасы болған, мәселен әр жасалған зат шебердің көңіл күйі мен
ойын жеткізеді. Еңбек үдерісі кезінде шебердің қолы жетіліп, материалды
сезіне бастайды[1].
Ағашты көркемдеп өңдеудің әртүрлі әдістері бар, алайда ең кең тарағаны
ою болған. Оюмен архитектуралық ғимараттарды, жиһаздарды, әртүрлі тұрмыстық
керек-жарақтарды әшекейлеген. Ағашты оюлауды басқа да кәсіпте қолданған.
Поволжьеде сырлаумен үйлесімді жазық оюлау түрі дамыды. Ақ немесе
көгілдір фонда бедерлі түрде қызғылт және алтын тектес жайдарлы
арыстандардың, балық құйрықты су перісінің, желпуіш құйрығы бар құстардың
бейнесі салынған.
Сарайлар мен үйлерді әдемі ою-өрнектермен әшекейлеген. Жарқыраған
күннің көзінде киноварь, ярьмедянка және алтынмен өрнектелген шыға беріс
пен маңдайшаларында бедерлі оюы жарқырап тұратын. Коломенскідегі сарайдың
әдемілігі мен асқан әсемдігі үшін дәуірлестер әлем кереметтерінің біріне
жатқызған. 17-18 ғ.ғ. ағашты көркемдеп оюлау өнері, көлемді, горельефті,
пішінді ою басым болған кезде, иконостарды, сарайдың ішкі көрінісін,
жиһаздарды оюлап безендіру дамыды. Көп түсті ою-өрнекпен жүк желқайықтарды
безендірді, әсіресе үлкен желкенді кемелер мен борттарды, сонымен қатар
құстармен аңдардың және теңіз құдайларының бейнелерімен бейнеленген әскери
–галиот, корвет кемелерін салған [2].
Архитектуралық ою-өрнекке үлкен монументалды пішіндерге ұқсас болса, ал
күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттардың оюлары пішініне қарай оюланған.
Тоқыма білдегі, ұршық, киім-кешектерді қағуға арналған құрал, түткіш құрал,
шаруа үтіктері, мерекелік шаналар – жол жүретін арбалар қарапайым
геометриялық пішінді оюларымен әшекейленген. Олар төртбұрыш, үшбұрыш,
әртүрлі болып үйлесетін ромбтар түрінде пішіндермен бейнеленген.
Ерте заманда ою ата-бабамыздың тілдік түсініктерімен байланысты болған,
белгілі бір нышанды мағынасы ретінде пайдаланған. Мысалы, шеңбер, аттар мен
құстар бейнесі, егіннің, одан әрі егіншінің тағдырына әсер ететін
құбылыстар, күнге табынушылықпен байланысты болған.
Шаруа өнерінде 18-20 ғ.ғ. геометриялық пішінді ою салу тек қана әдемі
өрнек болған жоқ — халық оның терең мағынасын есте сақтаған.
Ағаштың түсі мен текстурасы шексіз әртүрлі, ал бұл шебер үшін көркем
композицияны құрастыруда қосалқы амалдарды қарастырмай-ақ материалдың
әсемдігін анықтауға мүмкіндік туғызады [3].
Оюшы жайында айтқан кезде, оны орындаушы деп атауға келмейді, тек қана
оюшы – суреткер ретінде, сондықтан бұндай шебер бейнелеу өнерінен хабардар
болуы тиіс, дегенмен көркем бейнелеуді әшекейлі оюмен алмастыруға болмайды,
себебі қылқаламмен пышақтың көркем туындылар жасауда мүмкіндіктері әртүрлі.
Тек, ерінбей шығармашылықпен еңбек еткен адам ғана қысқа уақытта ою салу
өнері мен ағаш шеберлігін меңгере алады.
Ағашты көркемдеп өңдеу қолөнерінің дамуы жалпы өнер мен архитектураның
дамуымен тығыз байланысты. Ағашты көркем өңдеу өнерінің көне
ескерткіштерінің түпнұсқасы аз сақталған, сондықтан оларды шежіре, әдеби
бұлақтар, фольклор, миниатюралармен сурет бейнелерінен, шетелдіктердің
мәліметтері бойынша, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық және
көркем факторлардың әсерімен дәстүрлі пішіндерін сақтап қалған халық
өнерінің кейінгі ғасырлар ескерткіштерін пайдалана отырып зерттеді.
Ағашты көркемдеп өңдеу өнері – әлемге әсем архитектуралық ескерткіштері
мен әдемі тұрмыстық керекті бұйымдар сыйлаған бірден-бір құбылыс. Ол Днепр,
Волга, Дона жағалаулары, Ильмень өзені бойында біздің дәуіріміздің бірінші
мыңжылдығында қоныстанған көне славян өнерінен бастау алған. Славян
ғибадатханаларының қабырғасында бейнеленген адамдар, құстар, аңдар шежіре
бойынша қандай да бір өмірді иемденген. Көне славян халқының пұтқа
табынушылыққа байланысты түсініктері кеңінен қолданды, әсіресе сәулет-
қолданбалы өнерде мифологиялық бейнелер ретінде (қиял-ғажайып аңдар,
аттардың жанындағы әйелдер мүсіндері және т.б) салынған.
Ағаш, құрылыс материалы ретінде құнды қасиеттерге ие: жақсы жылу
оқшаулағыш, су өткізбейді, аздаған тығыздығы бар, әдемі табиғи түсі және
текстура суреттерінің әртүрлілігі, өңдеуге қолайлы болуы. Ағаштан тұрғын
үйлер, бекеттер мен қала қабырғалары, көпірлер мен ғибадатханалар салынды;
қайықтар, кемелер, шаналар, арбалар, күйме, ауыл шаруашылығына және үй
жұмыстарына арналған еңбек құралдары, ыдыс-аяқ (қасықтар, ожау, тұз
сауыты, тостаған, шелек, күбі) жасаған. Халық ағаштың құнды қасиеттерін
біліп, оның әр бұтағын шаруашылықта қолданған. Мәселен, су өткізбейтін
қайын қабығымен үйдің төбесін жапқан, ал кесіндісін тотықтықтын алдын алу
үшін ұста және шебердің құрал саймандарына арналған тыстар тіккен, азық-
түліктерді сақтауға арналған әр түрлі қораптар жасаған, қайын қабығына
мадақтамалар жазылған [4].
Бояуды тінге қолмен басқанда, өрнектеп кесілген ағаш тақтайын қолданды.
Бедерлі оюы бар керамикалық плитаны ағаш пiшінінің көмегімен жасаған. Оюмен
немесе өрнектелген оюмен безендірілген ұршықтардың түр түрі болды. Көркем
әрлеу үшін оюмен қатар, кейде біріктіретін, басқа да тәсілдерді қолданған
(өрнек, нақыш).
Қасықтардан бастап ұлы ғибадатханаларға дейін өнер туындыларының
түпнұсқасын жасауға мүмкіндік беретін шеберлердің бай қиялдары мен
материалды сезінулерінің арқасында туындаған.
Күйдіру арқылы бұйымдарды жасау үшін, ағаш жайлы оның қасиеті мен
сапасы, қолданысы мен өңдеуге келетіндігі жайлы анық білімдерді талап
етеді.

2. Күйдіру – ағашты көркем өңдеудің бірден бір тәсілі. Күйдірудің
түрлері

Ағашты күйдіру ертеден-ақ белгілі болған. Ағашты күйдірудің қандайда
болсын амалын кез келген халықтың мәдениетінде кездестіруге болады.
Күйдірілген оюмен безендірілген тұрмыс заттар алғаш рет біздің дәуірімізге
дейін 700 жылдар шамасында Перуде табылған. Орта ғасырларда Еуропада
күйдіру халық шығармашылығының бір түрі болып қана қоймай, шынайы өнер деп
танылған. Өз замандарында Леонардо да Винчи, Рембранта, Брюйер, Гюго және
Пикассо сияқты әйгілі өнер қайраткерлері де ағашты күйдірумен айналысқан.
Ата-бабаларынан үлгі тұтып, бұл адамдар күрделі оюларын қызып тұрған
қаламұшпен іске асырған. Адамзаттың ұлы қайраткерлері тәжірибелерінің
арқасында, бүгінгі таңда күйдіру, өзіне отпен жазу мен графикалық суретті
біріктіретін, синкретикалық жанр болып табылады. Сондықтан бұл өнерді
меңгергісі келген әр адам, алдымен тушьпен, акварельмен және графитті
қарындашпен сурет салып үйрену керек [5].
Бүгінгі таңда күйдіру тәсілі халықтық, сәулет-қолданбалы өнер
ретінде қолданып келді. Адамдар ағашты күйдірумен, немесе пирографиямен бір
жүз жылдық қана айналысқан жоқ. Пирография ұғымы Викториарндық дәуірде
Англияда пайда болған, қызып тұрған көсеумен ағашқа ою салуды атаған. Грек
тілінің руг от және graphos хат деге мағынаны береді.
Адамзат отпен танысқан кезден-ақ, онымен ағашқа ою салуды бастаған.
Тас немесе металл қаруымен көмірленген ағашты шимайлап отырып, алғашқы
адамдар ағашты сурет салу үшін тамаша материал екенін және оның қасиеттерін
сәндік безендіруде қолдануға болатынын түсінген. Бұл байқаудың арқасында
пирография пайда болды.
XVII ғасырда Еуропада ағашты күйдіру аса танымал көркем қолөнерге
айналды. Пирошеберлер ең басты ағаштан жасалған тұрмыстық заттарды оюмен
безендірген, кейінірек күйдірумен безендірілген жиһаздар танымал болды.
Пирография үшін, күміс керек-жарақтарды немесе сол заманғы тігілген
киімдерді әшекейлеуге қолданған сияқты дәстүрлі ою-өрнектері қолданылған.

XIX ғасырда пирошеберлердің кәсіпқойлығы елеулі түрде өсті. Дегенмен,
күйдіру тәсілі әлі де коммерциялық кәсіпке айнала қойған жоқ, онымен көбіне
өздерінің қызығушылығы үшін айналысты. Оның бір себебі, сол уақытта
қажетті құрал саймандардың болмауына байланысты болды. Пирошебердің
қарапайым құрал-саймандарының жиынтығына тасымалы қыш құмыра немесе
көсеуінде тесігі бар тұтқалы табадан тұрған. Көсеудің тесігі арқылы, ағаш
көмірінде қатты қызған темір пештің үстіне қойылады. Көсеуге арнайы үшкір
ұштық кигізіледі. Әдетте шебердің бірнеше осындай әртүрлі пішінді
ұштықтары болған. Шебер көсеуінің тұтқасын, қолы күйіп қалмауы үшін,
асбестпен жаққан. Пирошеберлердің кейбір туындыларының сапасы қаншалықты
жоғары болғандығы таң қалдырарлық, әсіресе жұмыс жасаған құрал-
саймандарының қызуын ескерсек. Ірі туындымен жұмыс жасау кезінде міндетті
түрле шебердің көмекшісі болған. Пештен жаңа алынған көсеумен шебер ең
алдымен сызықтың айқын және терең жерлерін күйдірген, бірте бірте ағарыңқы
сызықтары болжанған жерлеріне көшеді.
Викториандық дәуірдің соңына қарай, пирошеберге көмекке газды және
электр пештері мен жанарғылар, сонымен қатар платиналық ұштары бар көсеулер
шықты.
Көсеуден басқа ағашты күйдіру үшін трубка арқылы келетін газды жанармай
қоспасын қолдана бастаған. Оны жеңіл күйік жасау үшін қолданды. Сонымен
қатар жанартау қағидасымен жұмыс жасайтын күйдіру машинасы да қолданды.
Бұл машина қазіргі заманғы үлкен аэрозоль құтысына ұқсайтын, оған екі
іргелес резеңке бөшкелерге ауаны қысып толтыру үшін көрік пен резеңке
тұтқасы жалғанған баллондардан тұрған. Баллон жаңармаймен немесе спиртпен
толтырылды. Жаңармай қоспасының булары сораппен платиналық ұшы бар резеңке
трубкаға толтырылып, одан өту кезінде жанған. Қажет болған кезде ауыстыруға
болатын, машинаның әр түрлі пішінді бірнеше қосымша ұштықтары болды. Бұндай
машинамен жұмыс жасау кезінде, әрдайым қоластында ұштықта пайда болатын
қақты алып тастайтауға арналған, азот қышқылы бар кішігірім бак болу тиіс.
ХХ ғасырда жоғарыда айтылған құрал-саймандардың орнына
дәнекерлегіштің негізін салған жаңа пирографиялық аспап пайда болды. Бұл
алға жөнелтер үлкен қадам еді. Бұндай құрал, өзінің тым үлкендігі мен
жұмыс жасау кезінде қатты қызатынына қарамастан, шеберлермен қолданылып
келеді. Прогресс бұнымен аяқталған жоқ, 1962 жылы ағаш шебері Петр Чайлдтың
ұлы Рой Чайлд бұл аспапты жетілдіруге бел буды. Он бес жасар бала аспаптың
күйдіру бөлшегінің жаңа конструкциясын жетілдіріп, жоғарыда аталған
кемшіліктерін жоққа шығарды. 1973 жылға қарай қыздырылған сыммен күйдіретін
пирографтар шығарыла бастады. Қазіргі таңда бұл құрал жетілдірілді. Арнайы
пішінді сымды ұштық, тот баспайтын болаттан жасалған ұстағышқа салынып,
тұтқаның қызып кетпеуін реттейді.
1975 жылы өндіріске қатты ұштығы бар пирографиялық құрал іске
қосылды. Жоғарыда сипатталған құралға қарағанда әмбебап құрал болған
емес, дегенмен өзінің қарапайымдылығы мен бағасының арзандылығының
арқасында ол асып түсті деуге болады. Бұл екі құрал бірін бірі толықтырып
келеді және қазіргі заманғы пирошеберлер екеуін бірге қолданады [6].

1-сурет. Сұлба бойынша күйдіру мысалдары

Заманның осыншама жетілгеніне қарамастан, көне пирографиялық
техниканың қолданыста қалуы қызық болды. Мысалы, Мадагаскарда әлі күнге
дейін қатты қызған металл күрегімен ағашты күйдіру тәжірибеленеді, содан
кейін шебер пышақпен ағаштың көмірленген қабатын қырып, ою-өрнек салады.
Пирографиямен көркем өнер білімі жоқ адам да айналыса алады. Бұл тек қана
елеулік қана болып қоймай, ақша табудың бір амалы болуы мүмкін. Күйдіріліп
безендірілген бұйымдар әрдайым сұранысқа ие. Пирографиялық құрал жабдыққа
келетін болсақ, оның қолданысы қарапайым және құны қымбат емес. Егер сіз
шыдамды, үйренуге дайын және қиялыныз шексіз болса, онда бұл жұмыс
қолыңыздан келеді.Күйдіру суреттің мәнеріне, ағаштың бетіне ою немесе өрнек
салуына байланысты бірнеше түрлеріне бөлінеді. Ең кең тараған және ең
қарапайым түрі болып заттың сұлбасын ғана сызықтап күйдіретін сұлбалы
күйдіру болып саналады (1- сурет).

2-сурет. Әшекейлі күйдіру

Күйдіруді ұнататындар сонымен қатар сәулет күйдіруді де жиі қолданады.
Онда сұлбасы қаншалықты айқын бейнеленсе, көлеңкесі де соншалықты айқын
салынады (2- сурет).
Жұмысқа кірісерде композицияның сипатын анық елестету керек. Қандай
күйдіру болатынын анықтап алу керек. Күйдірудің үш түрі бар: сұлбалы,
силуэтті, көркем. Адам, жануар, өсімдік, геометриялық пішін, әріп немесе
фон силуэттері көрсетілетін, тұтас күйдірілетін силуэт түрі жиі
қолданылады [6].
Сұлбалы күйдіру түрін көбінесе күйдіру әдісін енді үйреніп жүргендер
үшін қолданады. Ол біршама қарапайым және қағаз бетіне сұлбалы суретті
қарындашпен салғанды еске түсіреді. Бұндай күйдіру түрі әдетте, иненің
ұшымен жасалады. Сұлбалы күйдіру түрімен жазба жасаған ыңғайлы. Оюмен
жұмыс жасаған кезде бұл күйдіру түрін түр сызықтарды салған кезде қолдануға
болады (А қосымша).
Силуэтті күйдірудің екі тәсілі бар: тегіс түр сызықтар және күйдіріп
алу. Алғашқысын қолданған кезде ағаш беті жырасыз, тегіс, ойықсыз, қатты
күймеген және ақ дақтарсыз, тегіс қара болып шығады (Б қосымша). Бұл
тәсілмен үлкен аумақтарды күйдіруге болады. Тез жүргізілген иненің
қозғалысы әр түрлі реңктерді алуға мүмкіндік береді: терең қарадан ақшыл-
сарыға дейін күйдіріледі.
Силуэтті күйдірудің басқа тәсілі – күйдіріп алу тәсілі. Бұл тәсілді
қолдану кезінде алдымен суреттің жиектерін күйдіріп, пішінің белгілеп алуға
болады.
Көркемдеп немесе бейнелеп күйдіру түрі сұлбалы және әсіресе силуэтті
күйдіру түрлеріне негізделген (В қосымша). Дегенмен, игеріп алған
икемділікпен шектелген дұрыс емес. Бұл күйдіру тәсілі жарық, көлеңке
сияқты маңызды түсініктермен таныстырады. Көркем күйдірудің міндеті болып,
сызықты ғана емес, ойдағы кеңістікте құру қажет, ауқымды пішінді көрсету
болып келеді. Бір зат жақынырақ көрінсе, екіншісі тереңірек және олардың
арасында бос кеңістіктің бар екенін көрсету керек. Бейнеленетін заттардың
материалы әр түрлі түр сызықтар арқылы, сызғылау арқылы жеткізіледі.

3- сурет. Жазық күйдіру

Жазық күйдіру, бейне мен фон бір деңгейде болып, ал айқындығы әр түрлі
пішінді сызықтар мен көлеңкеленген түр сызықтардың, нүктелердің көмегімен
жеткізілуімен сипатталады (3- сурет).
Сұққышты баяуырақ немесе жылдамырақ жылжытқан кезде, әртүрлі жалпақ
және терең сызықтарды алуға болады. Сұққыштың қызуын өзгерте отырып, түр
сызықтардың әр түрлі реңктерін жасауға болады. Сұққышты ерекше күшпен
басып жүргізуге және сурет бойы сенімсіз баяулатуға болмайды.
Егер жырашықтың күйген шеті көмірленген болса, демек сұққыштың
қозғалысы тым бояу болғаны немесе сұққыш дұрыс қызбағандеген сөз. Яғни қуат
беруші кернеуді бәсеңдету керек немесе ауа жіберуді азайту керек. Сұққыштың
ұшын мәрмәр тақтасына тигізіп немесе бірнеше уақыт тік ұстап тұрып суытуға
болады.
Бірден суреттің жан-жағынан күйдіре бастайды. Уақытша бір бөлігін
қалдыра тұрып, басқасына көшеді, кейін қайтадан біріншісіне қайтады. Бұны
ағаштың жақын бөліктерінің қатты қызуынан пайда болған, аралық күйіктердің
болмауы үшін жасайды. Сондықтан өзара жанасатын сызықтар мен түр
сызықтардың бірден күйдірмеген жөн, жаңа түр сызықты күйдірер бұрын
қасындағысын суытып алу керек. Әдемі сызықтар немесе нүктелерді күйдіру
кезінде сұққышты тақтай үстіне перпендикуляр түрінде ұстау керек, ал түзу
сызықтарды күйдірген кезде, қарындашпен сурет салу тәрізді, көлдеңең ұстау
керек. Егер салыстырмалы түрде үлкен аумақты жандыру керек болса, алдымен
сұлбасын (абрис) күйдіреді, содан кейін ішкі жағын сұққыштың жалпақ жағымен
күйдіреді. Фонды өңдеу кезінде әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады: тік
жалпақ сызықтар мен түр сызықтарды салу, әр түрлі өлшемдегі нүктелерді салу
немесе, пішіндік сұққышты қолданып, квадрат, үшбұрыш және т.б. пішіндерді
салуға болады.
Терең күйдіру кезінде, пышақ тәріздес сұққышты қолдана отырып, жалпақ
емес өзгеше сурет салынады. Терең күйдіру кезінде сурет фоны тереңдей
түседі. [7].
Жұмысты келесі түрде жасайды: алдымен сурет айналасынан екі жырашықты
таңдайды, біреуі фонмен жанасады, ал екіншісі суретпен, осылайша, суреттің
шекарасын қоршайтын жіңішке жиек пайда болады. Одан әрі фонды тереңдетуге
көшеді. Ол үшін жалпақ пышақ тәріздес сұққышты қолданады. Жалпақ жағымен
қойып, фонның үстін тегіс жасауға тырысып, ағаштың бөліктерін кескендей
тәрізді күйдіреді, кейін қалған жиегі күйдіріліп, сурет фонның үстінен
көріне бастайды. Фонды таңдап, пышақ тәріздес және қарапайым сұққышты
қолдана отырып, соңғы өңдеуге көшеді. Суретті аяқтағаннан кейін, қалаған
фактурасын жасап, фонға қайта оралуға болады.
Ағашты күйдірумен сәндік өңдеу кезінде, пирографиядан басқа, әртүрлі
қышқылдарды қолдануға болады. Қышқылдың әсерінен қоңыр түске айналады.
Қышқылмен күйдіру үшін ең қолайлы материал болып – талшын мен алмұрт ағашы
келеді. Жалпы алдын ала дайындықтан соң, тақтайдың үстін жұқа қабат
парафинмен немесе балауызбен жағады, кейін жоңғышпен жақсылап тегістегеннен
соң, болашақ сурет бейнесі айқындалады. Осыдан кейін үстін шөп қылшағының
көмегімен күкірт қышқылымен дымқылдатады.
Парафин немесе балауыз қорғаныс рөлін ойнайды, сондықтан онымен
жабылған ағаш аумақтары сол күйінде қалады, ал қорғаныс жамылғысы жоқ
жерлерде қоңыр сурет пайда болады.
Қышқылдың әсері ағашта жарты сағаттан екі сағатқа дейін сақталады.
Уақытқа байланысты сызықтардың өңі және қанықтығы әр түрлі болады. Уақыт
өткеннен кейін балауыз қабаты және күкірт қышқылының қалдықтары скипидармен
немесе сабын сумен жойылады. Кепкеннен кейін қышқылмен бұзылған аумақтарды
алдымен металл қылшағымен, кейін талшықпен жояды. Дәл осылай қара
тақтайларда да жасауға болады. Бұл жағдайда күйдірілген сурет тақтай
фонынан ағырақ болады [8].
Қоңыр түс алу үшін тақтайдың немесе шеренің үстін марганец
ерітіндісінің бір бөлігінен тұратын және жылы судың 20 салмақтық бөлігінен
тұратын ертіндісімен жоқ қылады. Ағаш әбден кепкеннен кейін тақтайдың
үстіне кез келген тәсілмен сурет салады. Содан кейін үш пайызды лимон
қышқылын алып, қылқаламмен және қарапайым болат қаламмен қышқылды суретке
түсіреді. Лимон қышқылы ерітіндісі тиген жерлер ақшыл болады, себебі қышқыл
ерітіндісі бояуды жояды.
Қара түсті алу үшін үйеңкі мен бүк ағашын 10 % марганец ерітіндісімен
сіңіреді. Ыдысқа дайын ерітіндіні құяды, оған тақтайшаларды салып, бір
сағаттай қайнатады. Аяқтағанна кейін күннің көзіне кептіріп, сумен шаяды.
Одан әрі қоңыр фонды тақтайда жасалған іс-әрекет қайталанады.
Тақтай бетіне қышқыл ерітінділерін құю үшін, тек резеңке қолғаппен
қолдану керек. Теріге немесе басқа да затқа тиген қышқылды кетіру үшін,
әрдайым қол астында ауыз содасымен су болу керек.
Суретті күйдіріп болғаннан кейін, үстіңгі қабатын жақсылап ұсақ егеуқұм
қағазымен тазалайды. Терең күйдіру тәсілімен жасаған суреттерді, алдын ала
қалың көмірленген қабатын жою үшін болат қылшақпен өңдейді. Жоңғыш немесе
қылшақпен әбден өңдеген кезде, сызықтармен түр сызықтарды бүлдіріп алмай,
жиектерін дөңгелетіп алмауға тырысу керек.
Күйдіру мен бояу үйлесетін кезде, суда еритін бояуларды таңдайды:
анилин бояғыштары, түрлі түсті тушь, түрлі түсті сия.
Қоңыр түстің әр түрлі реңктеріне күйген суреттер мен фонды бояу және
қызарыңқырау жақсы нәтиже береді. Бұндай бояу жарықтан көлеңкеге дейін
біркелкі және жұмсақ көшуді қамтамасыз етеді. Ағашты қоңыр түске бояу үшін
марганец ерітіндісін қолдануға болады, ол барлық дәріханаларда сатылады.
Қызартыңқырауды және бояуды бұйымның үстін әбден ұсақ шыны қағазбен
тазартып, тегістегеннен кейін жасайды. Ағаштың үстіндегі болмашы жыра,
ылғалдандырған кезде айқын көрініп, бұйымның түрін бұзады. Жыралардың
болмауы үшін, соңғы тазартуды ұсақ шыны қағазымен талшығы бойын өңдеу
керек. Ағаштың үстіңгі қабатын су ерітінділерімен бояу кезінде тым қою
ерітінділерді қолданбау керек. Түс қанық әрі қою болып шығу үшін, бояудың
сұйық ерітіндісімен бір жерді екі-үш рет сырлау керек.
Ағаштың дөңбек беті, сонымен қатар шере жиектері іргесіне қарағанда
бояу мен ылғалды жақсы сіңіреді. Сондықтан шара қолданбаса, бояған кезде
бұйымның дөңбек беті іргесіне қарағанда қаралау болады. Ала-құла бояуды
болдырмау үшін, бояу алдында бұйымның дөңбек жағын сумен шаю керек. Сонымен
қатар, ағаштың үстінгі қабатын сырлау кезінде пішіннен шықпай бояу қиынға
соғады. Ағаштың талшықты болуына байланысты, бояу үстіңгі қабатына сіңген
кезде әр жаққа тарағанда біркелкі болмайды. Ағаш талшығының бойында жиі
оюдың суретін бүлдіретін, бояу тамшылары қалады. Сондықтан, пішін ішіне
бояу салу керек болғанда, пішін шекарасы бойы үзілмес сызықты күйдіріп алу
керек. Ағаш талшығы күйдіріліп, бояу шектен шығып кетпейді. Іздерден басқа
да амалмен құтылуға болады [9].

4-сурет. Ағаштан жасалған бұйымды бояғыштың су ерітіндісімен бояу және
қызартыңқырау

Ағаш талшығының үстіңгі қабатын кесіп тастау керек. Ол үшін суреттің
пішінің пышақпен немесе басқа да үшкір заттың жүзімен айқындап алыңыз.
Бұйымды бояу үшін әдетте, жұмсақ қылқаламдарды қолданады. Бұйымның үстіңгі
қабатын жаппай сырлаған кезде, бояу ерітіндісін мақта тампонымен жағады (4-
сурет). Біркелкі сырлау үшін, боялған үстіңгі қабатты бірден жұмсақ таза
матамен сүрткен дұрыс.
Күйдірумен әшекейленген бұйымды, кейін лак жағып немесе балауызбен
өңдеуге болады. Балауыздау кезінде ағаш бұйымдарының үстін балауыз
политурасымен (балауыз пастасы немесе мастика) жағады. Балауыз политурасын
немесе мастиканы өздеріңізге жасау оңай деуге болады. Ол үшін таза
скипидардың екі бөлшегіне араның табиғи балауызының бір бөлшегін ерітеді.
Балауызды алдын ала сулы жылытқышта балқытады, кейін оған скипидар қосады.
Балауыздауға дайын және жақсы кептірілген бұйымды жақсылап шаңнан
тазарту үшін таза матамен сүртеді. Одан әрі таза жүн матаны балауыз
политурасымен сіңіріп, тығыз тампонға орап, алдымен жағалай, кейін көлденең
бұйымға жағады.
Жарты сағаттан кейін дәл осылай бұйымды мастикамен өңдейді, содан кейін
жақсылап кептіріп, кішкене жылтырлай бастағанынша үстінгі қабатты жүн
матамен сүртеді.

5- сурет. Бұйымның үстін лактау

Күйдірілген сурет бұйымдарын лактау үшін, ақшыл спирт лагын қолданады.
Лакты бұйымның үстіне майлап жақпай, жұқалап, бір-екі қабат қана жағады.
Мақтаның кішкене бөлігін лакпен сулайды және жұмсақ, таза матамен орайды.
Тампонның жұмсақ беті бір-екі тамшы зығыр немесе күнбағыс майымен
ылғалдандырады. Лак бұйымның үстіне ағаш талшығына паралель түрде жұқа
қабатпен жағылады. Тампонмен сүртілген жерді бірнеше рет қатар сүртуге
болмайды, алдымен бірінші қабаты кеуіп, кейін келесі қабатын жағуға болады.
Спиртті лактың кебуі үшін бірнеше секунд жетеді (5 — сурет).
Күйдірілген суретті акварель немесе майлы бояумен өрнектеуге болады.
Өрнек ерекше сәндік тәсілі ретінде, күйдірілген бұйымды толықтырып, оны
әдемілеп айқындатады.
Ағашты өрнектеу үшін жоғары сапалы акварель және майлы бояулар, жұмсақ
дөңгелек және жалпақ қылқаламдар жинағы керек. Күйдірілген және боялған
жұмысты ең жақсы өңдеу түрі – балауыз деп айтуға болады. Балауызбен өңдеу
кезінде ағаштың табиғи түсі сақталып, суретке күңгірт, жібектей
жылтыратады. Салынған бояу өзінің қанық түсін сақтап қалады [10].

1.3 Материалдар, құралдар, құрал-жабдықтар, сұққыштар және күйдіру
тәсілдері

Ағаш өсімдіктерінің 50000 астам түрі белгілі.Олар екі категорияға
бөлінеді: жұмсақ (қылқанды) және қатты (жапырақты). Алғашқысы қағаз және
жоңқалы ағаш тақтайын жасауға қолданылады, ал екіншісі ағаш шеберлерін,
ұсталарды, пирошеберлер әртүрлі бұйым жасау үшін пайдаланды [11].

6-сурет . Ағаш сұрыптары

Ақшыл түсті ағашта жұмыс көркемірек көрінеді, онда суреттің ұсақ-
түйектері және түр сызықтары жақсы көрінеді. Дегенмен, күйдіру үшін барлық
ақшыл ағаштар келе бермейді, өйткені оның кейбір сұрыптары талшықты
тіннің қомақты үлесіне ие (6 — сурет).
Шпон (шерелеу) – арнайы дайындалған ағаштың белгілі бір қалыңдықтағы
бейінді кескіні. Әдетте шеренің қалыңдығы 0,5-0,8 мм, алайда 1 мм
қалыңдықтағы шере де кездеседі. Жұмыстың ыңғайлылығы үшін арзан жоңқалы
ағаш тақтайының бөлігіне шерені жабыстыруға болады, сонда күйдіру үшін
әлдеқайда қатты тегістікті жасауға болады. Басқа да амалы бар – ПВА
желімін және үтікті қолданып, шере жапырағын оргалитке жабыстыру керек. Ол
үшін шеренің артын желіммен жағу керек. Көпіршіктер қалып қоймауын бақылау
керек. Одан әрі шерені ұсақ терімен өңдеп, ағаштың қалған шаңын жою керек
(ол үшін мата немесе шаңсорғышты қолданады).
Қарағай – қымбат емес және жақсы күйдіріледі, бірақ тегістігі біркелкі
емес. Сондықтан оның бойымен үздіксіз сызықты жүргізу қиын. Кейбіреулер
қарағай және т.б. ағаштың талшықты сұрыптарымен оңай әрі табысты жұмыс
істей алады, дегенмен, бұл ағашта егжей-тегжейлері көп емес сурет күйдірген
жөн.
Емен, өкінішке орай, күйдіру үшін жарамсыздау болып келеді. Емен ағашы
өте ақшыл және өте тозыққа берік болғанымен, оны күйдіруге мүлдем келмейді.
Алайда, жоғарыда айтылғандарға қарамастан, қиын материалмен тәжірибе
жүргізбеу керек деген сөз емес.
Жөке ағашы – күйдіру материалы ретінде жетекші орында. Ағаш
кәдесыйларының 90% осы ағаштан жасалады. Ол ақшыл және жұмсақ, икемді,
талшығы тегіс, құрылымы біркелкі тығыз болып келеді. Жөке ағашы осы
қасиеттерінің арқасында күйдіру және өрнек салу үшін тамаша материал.
Күйдіру кезінде сымды саптамада көмірленген қатпарлар мүлдем қалмайды деуге
болады, себебі бұл ағаш қарамайлы емес.
Шегіршін – дәстүрлі түрде ыдыс-аяқ жасау үшін қолданылады: ағаш
қасықтар, күрекшелер, азық-түлікті турайтын тақтайшалар. Сәйкесінше,
күйдіру үшін де жақсы материал – ақшыл, талшығы қатты емес.
Шілік ағашы өте қатты, дегенмен, ол оның кемшілігі емес. Бұндай ағашты
күйдіру үшін көп уақыт кетеді, бірақ оның үстіне ұсақ тетіктермен сурет
салуға болады. Шілік ағашының көп бөлігі қаралау, бірақ қабығына жақындай
түскенде ақшыл бөлшектері де кездеседі. Шілік жоңғыш білдекте өте икемді,
ал тегістегеннен кейін сипауға жағымды болып келеді. Егер шеренің тұтас
бетін сатып алсаңыз, назар салыңыз: мүмкін қызықты табиғи суреті бар бетті
кездестіресіз.
Атбас талшын – түсі шегіршінге ұқсас, талшық тінінің үлесі аз. Шегіршін
ағашынан жұмсағырақ, бұл қасиеті пайдалы болуы мүмкін: түптердің кейбір
түрлерінде қолданылатын терең науашықтар оңай күйдіріледі.
Үйеңкі – құс көзі — өзіңізге құмды жағажайды, жерді су жапқаннан
кейінгі көріністі елестетіңіз. Жұмыр тас су топыраққа батып, қайта кеткен
судың ізі сияқты толқынды бедер көрінеді. Дәл осындай бейнені үйеңкі құс
көзі ағашына қарасаңыз көресіз. Шеренің кейбір нұсқалары әдемі болғаны
соншалық, оны өнер туындысы ретінде қоюға болады. Үстінгі қабаты күйдіруге
икемді, бірақ ірі жұмыр таста күйдірілген жөн, себебі нәтижесі әр алуан,
әрі аумағы әр түрлі күйдіріледі.
Алмұрт ағашы – әдетте, қаралау болып келеді, ұсақ терінің арқасында оны
тегістеуге болады. Күйдіруге икемді, бірақ қаралау ағаштан қалайтын түске
жету үшін көп жұмыс жасау керек.
Қайыңды қаптамалы ағаш жоңқаланатын плитасы. Бұл материалды жақын
маңайдағы дүкеннен сатып ала алмайсын, дегенмен ірі жеткізушілерден
2,44*1,22 м тақтайын табуға болады. Егер сіз тұтас тақтайды сатып алмақ
болсаңыз, жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай дүкенде шағын бөлшектерге кесіп
береді. Сонымен қатар бұл материалды жиһаз жасайтын фабрикалардан табуға
болады. АЖП кесінділері өндірістік қалдық болып қалады.

7- сурет. Қайыңды қаптама АЖП-ның

Қайынды қаптамалы АЖП түрімен шегіршіннен айырмашылығы жоқ, ұсақ
жоңғышпен өңдеген соң үсті тегіс болып, күйдіруге дәл келеді. Шегіршіннен
басты айырмашылығы: жұмсағырақ және арзанырақ болып келеді. Ол көлемді
дайындамаларды жасауға келмейді, мысалы қасық сияқты, бірақ жазықтақта
сурет күйдіру үшін дәл келеді (7 — сурет).
Қайыңды қаптама АЖП-ның қасиеттері шегіршінге ұқсас болғанынан,
шегіршінді күйдіру алдында пирограф сабының қызған деңгейін тексеру үшін
қолдануға болады. Шере күйдіру үшін таптырмас материал. Шерені құрылыс
нарығында сатып алуға болады. Сол жерде сізге керекті өлшемді кесекке кесіп
береді. Шере АЖП-ға қарағанда әлдеқайда жеңіл, арзан және құрамында зиянды
қарамай мен желім жоқ. Ол көбінесе қайыңнан жасалады, бірақ қарағайдан да
болады, өте сирек бүк ағашынан жасайды. Қайын шересі қарағай шересіне
қарағанда күйдіруге қиынырақ беріледі, дегенмен оның құрылымы біркелкі
тегіс. Бүк ағашынан жасалған шере күйдіру үшін жақсы материал, оны күйдіру
кейбір қиыншылықтар туғызса да, құрылымы біркелкі. Шеренің қалыңдығы әдетте
0,3-2 см [12].
Ағаш күйдірумен айналысып, керемет бұйымдарды жасап үйрену үшін арнайы
құрал-жабдықтар, құрал-саймандар, кейбір аксессуарлар алу қажет.

8- сурет. Қолдан жасалған күйдіргіштің құрылысы: 1. Ағаш тұтқасы; 2.
Металл кесіндісі; 3. Металл кесіндісінің тұтқаға қосылуы; 4. Электр
күйдіргіштің жұмыс ұшы

Суретті электр күйдіргіш арқылы күйдіреді. Ол түсіруші
трансформатордан (6-12 вольт), электр сымынан, михром сымынан жасалған сабы
бар сұққыш тұтқадан тұрады. Оның жұмыс бөлігі қаламұш немесе сұққыш (электр
тоғымен қыздырылатын иілген сым) пластмасса тұтқасына бекітіледі. Сымды
сұққышпен ең қиын бейнелерді күйдіруге болады: әртүрлі көлемдегі сым
сұққышты нихромды және вехралевті сымнан жасайды. Электр күйдіргіш үшін
сымды сұққышы бар құралды өз бетінше жасауға немесе сатып алуға болады (8
сурет). 6 мм шереден немесе тақтайдан жасалған 1 тұтқасында екі металл
тілкемі бекітілген. Бұл тілкемнің бос ұштарына бұрандаманың көмегімен
нихромды сымнан 0,4-0,5 мм қалыңдықтағы 4 ілмешекті бекітеді. Ол үшін сымды
шиыршықтан электрплитасына қарай қолданған ыңғайлырақ.

9 — сурет. Қолдан жасалған жаңармайлы термокаутердің құрылымы: а –
қаңылтыр құты; б – резеңке тығыншық; в – резеңке құбыршек; г – ауа грушасы;
д – ұзын құбыршек; е – ағаш тұтқа; ж – сұққыш.

Металл кесінділерінің қарама қарсы ұштарына электр сымының ұшын
қосады, одан әрі күйдіргіштің сабын оқшаулағыш таспамен орайды. Таспаның
үстінен сапты жұқа сыммен орауға болады немесе түптелген коленкормен
жабыстырып тастайды. Содан кейін электр күйдіргішті трансформатордың
қысқыштарына қосады. Электр күйдіргіштің жұмыс сабы трансформаторды тоққа
қосқан кезде қыза бастайды. Соның ортаңғы бөлшегінің ұшымен суретті
күйдіреді. Сымды сұққыш суреттің өте күрделі және ұсақ тетіктерін күйдіруге
мүмкіндік береді. Сымды сұққыштардан басқа пішінді сұққыш кеңінен
қолданылады. Ол терең және жалпақ күйдіру кезінде қолданады. Пішінді
сұққышпен жұмыс жасау үшін газ жанарғысымен термокауутермен қолданады.
Шынында да қазіргі кезде бұндай құралдарды жасамайтын болды, бірақ олар
жоғары сапалы суреттерді жасауда үздік болып қалуда. Дегенмен, газ
жанарғысын жанармаймен алмастыруға болады, 9 — суретте оның құрылысы
көрсетілген.
Резеңке грушаны ақырын қысып, жаңармайы бар құтыға ауа жібереді,
одан әрі жанармай буы қызған сұққышқа жетіп, сол жерде жанып кетеді.
Сұққыштың қызуы ауасы және жанармай буының құбіршек арқылы келіп тұруының
арқасында жүзеге асады. Ауаның келіп тұруын күшейте немесе бәсеңдете
отырып, резеңке шарды қысып отырса, сұққыштың қызуын реттеуге болады [13].

10 — сурет. Электр дәнекерлегіш негізіндегі күйдіргіш

Тағы бір пішінді сұққышпен күйдіретін құрал болып дөңбек электр
дәнекерлегішті санайды. Онда сабақтың орнына сұққыш үшін бұранда ойығы бар
бастиекті қолданады (10- сурет).
Қызу, құралдың төмендеп жатқан трансформаторға қосылуы арқылы
реттеледі.

11 — сурет. Сымды сұққыштырадың үлгілері

Сымды сұққыштардың (11-сурет) әртүрлі пішіндері, көбінесе нихромды және
вехралевті сымнан қолданады.
Оларды жасау оңай: сымды кесінділерге кесіп, атауызбен қысып қалаған
пішінді береді. Ағашпен жанасатын үстіңгі жағын жақсылап егеуқұм терісімен
тегістейді. Сұққыштар тұтқаға әр түрлі бекітіледі. Ол құрылымына байланысты
– кішкентай бұрылғылармен, қысқыш бұрамамен және т.б. амалдармен. Барлық
жағдайда сұққыш нық және берік бекітілу керек. Корпусты сұққыштар
пластинадан, темірден, жезден жасалынады. Сымды сұққышқа қарағанда оларды
жинау қиынырақ, бірақ жұмыста сенімдірек. Сондықтан олар терең күйдіру
кезінде қолданылады. Егеуқұмда қайрап немесе сұққыштың ұшын егеу арқылы
қалаған пішін беруге болады. Сұққыштар бүлінбес үшін оның тұтқаға жақсылап
бекітілуін қадағалау керек. Нашар қызған және кірленген ұштағыштарды
жақсылап отта қыздырып алса, кейін олар өз қалпына келіп, іске жарайды.
Сұққыш үшін тұтқаны жылу шығармайтын материалдан – эбонит, текстолит
немесе ағаштан жасайды. Ол пішіні бойынша ыңғайлы әрі әдемі болу керек.
Тұтқа жиектемесі арқылы бұрама кесіндісімен мыс бастиегі бұралатын трубка
өтеді [14].
Пирографиялық құралдың үш түрі бар. Пирографиялық құрал дәнекерлегіш
қағидасымен жұмыс жасайтын құрал. Бұндай құрал қымбат емес, бірақ
мүмкіндіктері шектеулі. Әдетте құралдармен ауыстырылатын саптар қоса
жүреді. Саптама ұяшыққа бұрама арқылы бекітіледі. Бұл құралдың кемшілігі
болып оның тез қызып, қолға ұстауға қиынырақ болып келуі.

12 — сурет. Сабы қатты пирографиялық құрал

Сабы қатты пирографиялық құрал. Бұндай типті пирографтың жылытқыш
элементі бар, жұмыс бөлігі қатты болып келеді (12 — сурет).
Бұндай құрал үлкен сұранысқа ие. Сатылымда әр түрлі пішін мен
өлшемдегі саптардың үлкен таңдауы бар, сонымен қатар бұл құралға арналған
күйдіру үшін арнайы мөрлер бар. Қазақстанда бұндай құралды табу оңай емес,
бірақ ғаламтор арқылы шетелдік өндірушілерге тапсырыс беруге болады.
Қатты сабы бар пирографиялық құрал, дәнекерлегіш қағидасымен жұмыс
жасайтын құралдардан басымырақ. Бұндай типті құрал майлы сызықты немесе
қайтадан өрнектелген сурет пирошеберлердің көңілінен шығады. Жалпақ ұшқышы
бар жұмыс бөлшегі өңделетін тегістікте біркелкі түр сызықтарды көлеңкелеу
кезінде немесе күйдіру үшін өте ыңғайлы. Бұндай жағдайда қатты сабы бар
пирографиялық құрал ең лайықты құрал сайман болып келеді. Күйдіру үшін мөр
өрнек салу үшін өте пайдалы құрал, әсіресе жаңа үйреніп келе жатқандар
үшін. Сатылымдағы мөрлердің көбісі қарапайым пішіндердің шектеулі саның
күйдіруге мүмкіндік береді – ең қарапайымы дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш,
өрнектің әралуан түрін осы мөрлерді қолдана отырып жүзеге асыруға болады.
Ағаштың үстінде өрнектің қалай жататының елестету үшін алдымен мөрқалып
тығырығына сиямен мөрді сулап, қағаз бетіне басып көруге болады.
Қатты сабы бар пирографиялық құралды күйдірудің кез келген жұмысын
орындау үшін қолдана алады. Алайда, сурет нақты емес болып көрінуі мүмкін.
Саптамалар мен түр сызықтарды ауыстыру қажет, тәрелкелерді санамағанда.
Себебі тәрелкеге өрнек салу үшін В21 немесе В22 қатты сабы бар түр
сызықтардың үлгісі қажет болады.

13 — сурет. Сымнан жасалған сапатамалы пирографиялық құрал

Сымнан жасалған саптамасы бар пирографиялық құрал. Бұл типті құрал
сайманның иілгіш, тұмсық тәріздес жұмыс бөлігі бар. (13 — сурет). Ол никель-
хромды сымнан жасалынады және қарапайым қарындаш немесе қаламұшқа ұқсайтын
тұтқаға бекітілген, арнайы ұстағышқа бекітіледі.
Сымнан жасалған саптамалы пирографиялық құрал дәнекерлегіш қағидасымен
жұмыс жасайтын құралға қарағанда электр жүйесін қолданады, ал сымның қызу
деңгейін осы құралда орнатылған арнайы реттеуіштің көмегімен орнатады.
Жоғарыда айтылған құралдардың ішінен бұл құрал ең жақсысы және осыны
қолданған жөн. Себебі сымнан саптаманың әр түрлі пішіндерін жасауға болады.
Көбінесе тұмсық тәріздес және қасықтәріздес сапатамалар. Яғни, қандай да
болмасын өрнекті күйдіре аламынба деп, немесе суреттегідей шығады ма деп
уайымдамай, әр түрлі оюлар мен түр сызықтарды күйдіре беруге ыңғайлы.

14-сурет. Сымнан жасалған саптамалы құралды қолданатындар үшін құрал-
саймандар

Сымнан жасалған саптамалы құралды қолданатындар үшін келесі құрал-
саймандар қажет: қысқыш, төс, тістеуік, бұрағыш, үстел шамы және т.б.(14-
сурет).
Қысқыштар сымды саптамаға керекті пішінді беру үшін таптырмайтын зат,
сонымен қатар әр түрлі сымды саптамаларды келістіру үшін қажет.
Кішігірім төс. Төсті дүкеннен сатып алуға болады немесе оның орнына
балға, зілбалғаның металл бөлігін қолдануға болады.
Тістеуік. Саптамаларды жасау кезінде сымдарды кесу үшін қолданылады.
Бұрағыш. Күйдіргіш құралдың айырында ұсталып тұруы үшін, қолданылатын
бұрандамаларды бекіту үшін немесе босату үшін қажет.
Қандауыр пышақ. Оны медициналық құрал-жабдықтардың дүкенінен сатып алуға
болады. Ол суреттің кішігірім қателіктерін жоюға арналған. Кейде сурет
күйдіру кезінде әр түрлі тетіктерден қателік кетеді, мысалы сызық тым ұзын
болып кетеді немесе көлеңкенің орнына жарық күйдіріп қойған кезде. Осындай
жағдайда кандауыр пышақтың жүзімен, абайлап қыру керек.

15- сурет. Үстел шамы

Үстел шамы. Әр түрлі бұрыштан жұмысыңызды жақсы көру үшін, үстел шамын
қолданады Жұмыстың нәтижесін нақтырақ бағалау үшін, жұмыс үстеліне үшкір
бұрыштан түсіп тұрған жарыққа үйрену керек. Әр түрлі тереңдіктегі
күйдірілген атыздармен көрінетін көлеңкелерді нақтырақ көруге мүмкіндік
туады және салып жатқан түр сызықтардың нәтижесін алдын ала байқауға
болады. Терең атыздары бар пирографиялық туындыларда бейнеленген
объектілер, жақсы жарықта көрермендерге үш өлшемді болып көрінеді (15-
сурет).
Қарындаштар. Сізге әртүрлі, қатты және жұмсақ қарындаштар керек болады.
Ағаштың бетіне сурет салу үшін 2М немесе М қарындаштары қолданылады. Ағаш
бетінде күйдіруді аяқтағаннан кейін нобайлар қалып қояды, оларды міндетті
түрде жұмсақ өшіргішпен немесе ұсақ терімен жою керек. Нобайларды салу үшін
міндетті түрде жұмсақ қарындашты қолдану керек, себебі қатты қарындаш
өзінің артынан қатты із қалдырады. Көшірме қағазы арқылы суретті ағаш
бетіне көшіру үшін қатты қарындашты қолданады, мысалы 2Т немесе 4Т. Қатты
қарындаш өзінің үшкірлігін ұзақ уақыт бойы сақтап қалады, осыған байланысты
керекті нәтижеге қол жеткізесіз.
Ұштағыш. Жұмыс үшін жақсы ұштағыш сатып алған жөн. Ең дұрысы металлдан
құйылған ұштағыш.
Өшіргіш. Пирошебер қолданатын құрал-саймандардың ішінен міндетті түрде
өшіргіш табылу керек. Ол ағаш бетінде қарындаштан қалған іздерді өшіру үшін
қажет. Қатты ластик пирографпен немесе қарындашпен салынған сызықтың тым
қарқын түсін өшіру үшін қолданады.
Көшірме қағаз (қара, көмірмен жабылған). Көшірме қағазбен қиындықтар тууы
мүмкін. Көмірлі көшірме қағазын нотариуспен қағазды көшіру үшін қолданған.
А4 форматындағы қағаздың бір беті бірнеше айға жететін және бояуды аз
шығындайтын. Алайда, комьютерлік дәуірдің пайда болуымен бұндай қағазды
сирек кездестіруге болады. Оны бұрынғыша өңдіреді, бірақ табу қиын. Егер
бұндай қағазды таба алмасаңыз, қара сиялы көшірме қағазымен қанағаттануға
тура келеді.
Болат сызғыш. Болат сызғышпен жиі қолданатын боласыз. Әсіресе, ұқыпты
түзу сызықты жүргізу керек болғанда қажет болады. Сызықты орташа қызған
сымды саптамамен сызғыштын бойымен белгілеп алуға болады. Сол жерде жырашық
қалуы мүмкін, кейін соның бойымен қатты қызған саптамамен жүргізу керек
болады.
Жоңғыш. Жоңғыш ағаш бетін күйдіруге дайындау үшін қажет. Өңделетін
тегістікті жырып алмау үшін, ұсақ жоңғышты қолданған жөн.

16 — сурет. Қылқаламдар

Бұлыңғыр терісінен жасалған қылқалам. Егер сіз бұйымыңызды бояуға бел
бусаңыз, сізге бірнеше қылқалам … жалғасы