Ағаштарды қолөнерде пайдалану | Скачать Курстық жұмыс

0

Кіріспе
Адамды адам қылған еңбек — деген сөз рас себебі адам баласының даму
сатысы еңбек және іс тығыз байланысты. Мындаған жылдар өту конында, адамның
интелектуал еңбек пен іс әрекет, қол өнердің дамуына, адам баласын өнер
жолына жетектеді. Мысалы ертедегі адамдардың жасалған тас қаруларын алатын
болсақ, бұнда да біз өнердің бір түрін көре аламыз. Әрине уақыттың
адамбаласы әр үлтқа бөлініп, жеке бір жер бетін мекендеді. Әр ұлттық
өздеріне тән. Мәдениеті, тілі және де өнері пайда болды. Сол көптеген үлт
арасында біздің ата — бабаларымыз өсір сүрген. Қазақ халқының қол өнерінің
даму тариғын, республика жерін мендеген тайпалардан біле аламыз. Олар сақ,
үйсін, қыншақ ғұн қарлүқ және тағы басқа көне түркі танпаларының
мәдиниетімен төркіндестігінің айғығы . Жалпы бұл тайпалардың барлығы
темірден, ағаштан, күмістен тағы да басқа заттардан түрлі эшекелі бұйымдар
мен күнделікті өмірде қажет ететін заттар жасаған. Міне осындай қорқынмен
дамыған қолөнер жолы ғасырлар ағытымен дамып XIX ғасырға да жетті . Бұл
процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жаң — жақтын келген көшпелі
халықтардың, содай-ақ . Оңтүстік-Сібір, Орта-Азия, мен орыс халқының
мәдиниеті де жер етті.
Сайып келгенде, жергілікті көне мәдиниет сырттын келген мәдиниет
элементтерінің сан толқының бойына сініріп, үнемі жақсарып, жаңғырып
отырды. Осындай жалесыз дамудың нэжижесінде сол XIX ғасырдың екінші
жартысында, XX ғасырдың басында қазақ халқының дэстүрлі қол өнері өз
дамуында ойтарлықтай жоғарғы деңгейге көтерілді. Революцияға дейінгі
қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік — экономикалық жағдайы,
көшпелі өмір, біртіндеп отырыңшылыққа көшу процесі, бұрын үстелі болып
келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен әсіресе Ресеимен,
сауда қашынасының шаруашылық және мэдени байланыстың орта түсуі, тағы да
басқа көптеген ішкі — сыртқы факторлардың эсері айтарлықтай ықпал жасады.
Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің қаламен байланысты болмады.
Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басын көпшілігін
қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, негізінен, халық
шеберлерінің өнеріне сүйенді олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана
кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналатын. Соның өзінде
қолөнер шеберлерінің өнерлі енбегі, тіпті ғажап туындылардың өзі де жете
бағғаланбайды . Сондықтан, қолөнерді кәсіп етуші шебер жандардың өзі
жақшылық зардабынан қол үзе алмады. Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті
еңбегінің тым ауырлығының бір себебы, олардың басым көпшілігінде
жабдықталған арнайы шеберханалардың болмаүы. Әсіресе, ершілер, зергерлер,
етікшілер, тағы да басқа ұсақтниек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе,
қысы — жазы тұрғын үйінде жатып істеді. Қазіргі тандау қол өнердің далуы
айтарлықтай жоғары. Өйткені ата — бабалаларымыздың бізге қалдырған өнер
мұрасы, қазіргі қол өнершілерге әр — дайым үлгі решінде қызмет етеді.

1.1. Қазақ халқының қолөнер тарихы
Қазақ халқының қолөнері деп халық түрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер
жиынтығын айтады. Шын мэнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай
ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-
кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің түрмыстық кәсібі етіп, оларды
күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап,
өмірде сән-салтанат та қүра білді. Бүдан біз халық творчествосының қандай
түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн
көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
«Халықтың қолөнеріне эдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал
өсіруге және егіншілікке қажетті қүрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің
сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі
бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс,
таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік,
және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен
жасап, түрлі нақыштарымен әшекелейтін болды. Қолөнерінде көңілге қонымды
мэнерлер мен ондаған қолданылған эдістер архитектурада кеңінен қолданылып
келеді. Ертеден біздің заманымызга дейін сақталған мазарлар мен
ескерткіштердегі, діни әр түрлі қүрылыстардың қабырғалары мен
мүнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған
діңгектер — халық қолөнерінің тамаша туындылары.
Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру, шақпаққа қу жасап,
оны түтанғыш ету, бейіт, қорған, мешіт және т.с.с. салуда қолданған
балшықты қыл, жүн, шөп-шалам араластырып илеу тәсілдері де өте ертеден-ақ
халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған айла-тәсілдер.
Батырлық пен саяатшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл
мен босмойын, аңшыларға қажетті қүстың түғыры мен томағасы, балдағы мен аяқ
бауы сияқты көптеген жабдықтар да қазақ халқының түрмыс салтына, кәсібіне
байланысты туғандығы сөзсіз.
Мал шаруашылығына қажетті желі, шылбыр, ноқта, бүршақ, жүген, құрық,
бүғалық, түсамыс, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандарды да халық даналығы
ойлап тапты. Зергерлік, кестешілік және оюшылық өнерді дамытты. Халык,
өнерпаздары қүмнан, тастан, саздан қүмыра, ыдыс-аяқтар; мүйізден, сүйектен,
мал мен аң терілерінен эшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз,
сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасады.
Халықтың колөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса,
екінші тобы — қайыс өру, қару-жарақ, көшу-кону, жол-жорық жабдықтары еді.
Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп
өрнектеу сияқты ауыр кәсіппенде шүғылданады.
Курстық жұмысының мэселесін көтеру себебім осы жазылған деректердің
қазақ халқының шеберлік, іскерлік жолындағы технологиясын біліп мектеп
бағдарламасына енетін болса онда келешекте бала үлкен деңгейде ағаш шебері
болып шығады деп сенемін.
Сондықтан қолөнер «еркектерге тән іс», «әйелдерге тән іс» деп екіге
бөлініп келеді. Мысалы, тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен
ағаштан бұйымдар жасап, оны эсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады.
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек току, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер
шалу, тері киім тігу сияқты нэзік жұмысты әйелдер атқарды. Тері илеу, киіз
басу, ши тарту, шом, жазы жасау жүмыстарын еркектер мен әйелдер бірлесіп
істеді. Бірақ еркектер киім пішу, үлгі жасау, киім тігу, жүн сабау, арқан
тарту, тері ыстау жұмыстарынан да шет қалған емес.
XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері
ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш тесек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу,
өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-түрман мен
белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға, жасап
оларды түрлі түсті өрнектермен эшекейлеу өнері де өрістей түсті. Қазақ
халқының «Қарыс қазы — балықта, қалың қазына — халықта» деген мақалды да
осы өнер молшылығынан туған еді.
Әрине, жоғарыда аталған қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді
керек етті. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы
жаңа эдіс тауып, жана түрге ие болды, кейбіреулері түрмыс қажетіне жарамсыз
болғандықтан тіпті қолданылмады. Күйген кірпіш пен темір бетон, цемент пен
шлак сияқты және басқа да сапалы материалдар бүрынғы материалдарды ығыстыра
берді. Енді илеген балшыққа май салу, жылқы қылын, түйенің жабағысын қосу
керексіз болып қалды. Аяқ киім молшылығы жасалғаннан кейін қолдан тері
илеу, қайыстан, көннен етік тігу, шәрке байлап, шабата кию мүлдем жойылды.
Ел салтанат қүрды, ерлер даңққа бөленді, азаматтар сән түзеді.
Халықтың мэдени дәрежесі өскен сайын түлыну бұйымдары мен жабдықтардың
сапасына қатты талап қойып, олардың әрі үнамды, әрі сәнді болуын қалады.
Еңбек үстіңдегі творчестволық ізденудің нэтижесінде түрмысқа керекті
заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздардың ою-
өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендірілу және
жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта түсті. Фарфордан,
тоттанбайтын металдан, эмаль жалатқан темірден, пласмассадан, жасанды
талшықтардан жасалған жарасымды жаңа жиһаздар көбейді. Халық әлі де болса
түлынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды.
Техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік артельдерінде кілем
тоқылып, шифоньер, кітап сөрелері жасалды. тігу ісі мен кестелеу өнері де
машинамен орындалды, тастан қашап, сүйектен оюлап, қүмнан қүйып жасайтын
бұйымдар енді заводтарда көптеп шығарылды.
Бұл айтылғандардан қолөнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды,
ендігі жерде онымен шұғылданудың керегі жоқ деген үғым әсте тумайды. Қайта
халық қолөнерінін бай мү_раларын жинап, сүрыптай отырып, заманымызға
лайықты сапа, түр беру эдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. Мысалы,
жеңіл күпі, каптал шекпен, саптама етік, түлкі тымақ жүн. қолқап, бөкебай,
шарф сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін қазір де қажет. Киіз үйдің
сүйегі, үзік-туырлық, қымыз саба, тері қауға мен ер-тоқым түрмандары
керексіз деп ешкім де айта қоймайды. Осыған байланысты осы еңбекте қазақтың
халықтың қолөнері саласының біраз түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.
Олар: ою-өрнектердің түрлері, олардың атаулары мен қолданылатын орындары.
Өрнектердің түрленіп даму тарихы мен кейбір өрнек элементтерінің үлгісі;
жүн және одан үқсатылатын заттар. Қой, түйе жүндері, ешкінің түбіті мен
қылы, олардың түрлері мен атаулары. Жылқы қылы мен қоянның, қүхтың жүндері,
олардан жасалатын заттар. Жүндерді іске әзірлеу: жуу, қайнату, сабау, түту,
шүйкелеу, иіру, басу, бояу және т. б. Бұл тарауда түрлі жіптер, жиектер,
өрмектер, бау-шулар, басқұрлар, арқандар туралы айтыла келіп, өрмек өнері
туралы (кілем, алаша, шекпен, қоржын т. б.) егжей-тегжейлі мағлұмат
беріледі. Бізбен, сыммен шүлық, қолқап, шэлі тоқу жолдары; киіз басу. Мұнда
жүн сабау, киіз басу, текемет, сырмақ сияқты заттарды өрнектеу әдістері мен
жұмыс процесі айтылады, кейбір істердің үлгі-суреттері келтіріледі;
кестешілік пен көркем тігіс өнері, олардың түрлері, атаулары, кестелеу
эдістері, керекті құрал-жабдықтары, өрнек түрлері мен қазақ қол тігісі;
зергерлік өнері, зергерлер жасайтын сәнді бұйымдардың түрлері мен атаулары,
зергерлік ісінін өзгешелігі, оған керек жабдықтар мен істеу әдістері. Ат-
түрман, теңге, моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы жасаудағы
зергерлер ісінің мэнерлері және т. б. жайлардан деректер келтіріледі; сүйек
пен мүйізден істелген эдемі заттар — жүк-аяқ, асадал, кебеже, ожау, піспек,
адалбақан т. б. Олардың түрлері, эшекей жасау эдістері; ағаш шеберлерінің
жасаған эдемі заттары, оларды жасау, өрнектеу эдістері, киіз үйдің сүйегін
басу, олардың түрлері мен атаулары, ағаштарды қүрастыру, бояу, сүйектеу,
күмістеу және т. б. мал мен аң терілерін ұқсату, олардың түрлері мен
атаулары, ұқсату эдістері, іп салу, қайыс илеу, көң қатыру, тері ыстау, көн
тілу, өрімшілік, ат-түрман жасау өнері; былғары үқсату, етікшілік,
тігіншілік, етік, кебіс, мэсілдердің түрлері мен атаулары, кіселер, күмісті
белдіктер, олардың істелу эдістері; ши орау өнері, шиді әзірлеу, тоқу,
өрнектеу, шидің түрлері мен атаулары. Сондай-ақ бояу түстерін орналастыру
туралы тарихи мағлүматтар да беріледі.
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады.
Балташылар, ағаш үхталары, ершілер қайыңды, үйеңкіңі, үйшілер, ағаш ойып,
шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп,
арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш үхтасы
стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар
оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар
қамыстан, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жүмысқа
бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.
Ағаш шеберлері балта, пышқы, үстірік (сүргі), бүрғы, ағаш түрпісі,
тез, қысқы, үскі, қашау сияқты аспаптарды пайдаланады. Бұлардан басқа түрлі
елшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші қүралдары да
болады. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі,
қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның
түбірі (безі), жеке, тал, арша, жаңғақ ағагііы, май қарағай сияқтыларды
пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі
жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін,
бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр
түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады. Мысалы, қазақ шеберлері әрі жеңіл,
әрі жонуға жақсы деп ерді, арбаның төс ағашын, кереуеттің басын қайыңнан
істейді. Күйменің, тарантастың өре ағаштарын әрі солқылдақ, әрі мықты
болады деп үйеңкі мен мойылдан жасаса, найзаның сабын, садақтың жебесін,
соқа мен арбаның оқтық және т. б. бөлшектерін темірдей берік деп еменнен,
мал суаратын науаны (астауды) су сіңіп ісінбейді деп самырсыннан жасайды.
Қүхтың түғыры балдағы, пышақтың сабы, қасық, шөміш сияқты әрі жеңіл,
әрі қызыл, көк, ақ түстер аралас, иісі жақсы болғандықтан арша ағашынан
жасалады. Балтаның, балғаның, қамшының саптарын көбінесе ырғай мен шырғай,
үліқат ағаштарынан, тобылғыдан істейді. Қазақ үйдің уық, керегелерін
талдан, қара мойылдан, шаңырағы, маңдайша мен табалдырығын қайыңнан
істейді. Күйдіріп, өрнектеу көбінесе қайыңға, ал оюластырып шегелеп
өрнектеу емен мен қызыл ағашқа жасалады.
Киіз үй. Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде
киіз үй, кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерішң үлкен-кішілігін
керегелер санына қарай белгілейді. Академик Ә. Марғүлан өзінің «Қазақ үйі
және оның жиһаздары» деген еңбегінде киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап
он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкен түрлері болғандығын, бір
үйдің керегелерінің басы 70-80-нен бастап 360-қа дейін болатындығын айтады.
Соған орай киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан-сүлтандар
мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын
үлкен және ете бай жиһазды, эшекейлі болып қелген. Бұларды ақ ала орда, ақ
орда, ақ шаңқан, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен
кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара
үй, қара лашық, қалмақ үй, лашық, аран, жаба салма, көтерме туырлықты,
кепе, үранқай, күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған.
Жолшылар мен жорықшыларға тән үйлерді абылайша, ақ қос, қос, қаңқа
(арбаның үстіне тігілетін киіз үй), қоспа, жоламай (жол амалы), жорық үй,
жүлым үй (түзу уықтарға туырлық жаба салатын үй) деп, ас үйлерді: асхана,
ас үй, бойра, кібіт (түбірі татарша — кибіт), кілет үй деген. Сондай-ақ
құрым киізден, қамыстан, шиден (кейде құрым, қамыс, шиді сыртынан былжырмен
сылаған) қақыра, доғара, аран, қалқа, қалға сияқты киіз үй тектес үйшіктер
салынатын болған.
8-18 қанат сәнді үйлердің киіздерін ақ жүннен басып, үстінен күйдірген
әкпен, ақ бормен, күйген сүйектің күлімен ағартып бояған. Ал кіші-гірім
қақыра немесе қалқа сияқты үйлер көбінесе соғыста майдан шебіндегі далада,
кейде қорған есебінде тігілетін.
Қазақ киіз үйлерінің неғізінен «қыпшақ үлгісі», «қалмақ үлгісі» деп

аталатын екі түрі бар. Оның біріншісі — иығы шығыңқы, мінсіз дөңгелек те,
екіншісі, еңсесіз шошақ үй. Қазақ киіз үйлерінің «үзікті үй», «көтерме
туырлықты» үй деп аталатын да түрлері бар. Көтерме туырлықты үйдің де екі
түрі болады. Көтерме туырлықты үйде бөлек үзік болмайды, оның орнына
туырлық шаңыраққа бір-ақ жетіп түратын биік қасты болып жасалады.
Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш,
табалдырық, сықырлауық деп аталатын ағаш қүралдардан түрады.
Кереге арналып кесіліп, тезге салып иген, ішкі жағын бірнеше сызьщты,
бояу, сырмен кейде бас-аяғын күміспен күптеген ағаштарды тор көзден көктеп
қүрастыру арқылы жасалады. Оның әрбір бөлек қабырғаларын қанат деп атайды.
Қанатқа көктелетін жеке-жеке ағаштарды кереге деп, қоспаларында болатын
қысқа керегелерді сағанақ деп атайды. Керегелер торкөз, желкөз деп түрге
бөлінеді. Торкөзді керегенің ағаштары жиі көктеледі, көздері тар, көбінесе
20-22 басты болып келеді. Желкөз сирек көктеліп, кездері кең, көбінесе
бастары 17-21 болып келеді. Керегелер тез керіліп жазылады, тез жиырыльш
жиналады және жайған кезде жарты шеңбер жасап дөңгелене қалады.
Керегенің басы мен шаңырақтың ортасын түтастырып түратын ұзын ағаш
шыбықтарды уық дейді. Уық деген сөз үй оқ (үйдің оғы) деген сөздерден
алынған. Оның кереге жақ басын уықтың иіні дейді. Ол энтек доғалана бүгіліп
барып, шаңырақ жағы түзуленіп келеді. Осы шаңырақ жағын уықтың қары дейді.
Шаңыраққа сү_ғылысатын үшы төрт қырлы сүйір болып келеді, оны қалам немесе
уықтың қаламы дейді. Үйдегі керегенің басы нешеу болса, сонша уық керек.
Шаңырақ — киіз үйдің төбесі. Мүны керегенің қанат саны мен басына
қарай мөлшерлеп, қайыңнан иіп немесе бірнеше иіндіні қималастырып шеңбер
бейнелес етіп жасайды да, өн бойынан уық шанышатын төрт бүрышты тесіктер
қашайды. Оны шаңырақтың көзі немесе қаламдығы дейді. Көздер керегенің
басына, үш-үштен, кейде төрт-төрттен айқастырған бүгулі шыбықтар бар. Оны
күлдіреуіш дейді. Олар жапқан түндік киізді көтеріп тұрады.
Күлдіреуіштердің екі жақ басы шаңыраққа қашалады. Шаңыраққа қашалар түхында
оларды тізіп бекіткен тағы үш не төрт қысқа көлденең таяқшалар болады, оны
кепілдік дейді. Шаңырақтың шеңбері қырланып, иректеліп кейде күміс
білезіктермен әсемделінеді.
Маңдайша — екі босағаның үстіңгі жағынан бекітіп түратын эшекейлі
көлденең ағаш. Маңдайшаның үстіңгі қырында бес, алты уық түратын ү_ялар
болады. Кейде мандайшаға сықырлауық қиюласатын ыра (ырып жасаған шү-ңқыр
ернеу) қашалады.
Киіз үй есігінің екі жақтау ағашын таяныш дейді. Ол маңдайша,
табалдырықтан бөлек, жеке-жеке жасалып, екі басы табалдырық пен мандайшаға
сұғылып бекітіледі.
Табалдырық (табан түрық, яки табан ілдірік)— екі таяныштың аяғын
көлденең бекітіп түратын ағаш. Табалдырық пен маңдайшаның екеуінде екі
тобыршық бар, ол сықырлауықтың жабық тұруын қамтамасыз етеді.

Бұлардың ішінде шаңырақ, табалдырық, маңдайша қайыннан, ал басқалары тал,
қара мойыл, терек сияқты ағаштардан жасалады. Киіз үй үлкеңді-кішілі көлемі
мен керегесінің санына қарай жоғарыда айтылып өткендей төрт қанат, бес
қанат, алты қанат, жеті қанат, сегіз қанат, тоғыз, он төрт қанат болып
бөлінеді. Кереге қанаттың саны көбейген сайын оның уығы да ұзарып, уыққа
уық қосылып, шаңырағы ауқымдана береді.
Кереге ағаштары жуан болса керегесі, сүйекті дейді де, жіңішке болса,
сүйегі нашар, яки кэукеншек кереге деп атайды. Керегенің ең шеткі басы
сыңар келіп, ол келесі керегенің сыңарымен айқасады. Сыңар баста булдірге,
оған байланған таңғыш болады. Кереге қоспаларының жоғары және төменгі
жағында кейбір бас ағаштар өзгелерден шолақ тұрады, оны да сағанақ дейді.
Сықырлауық— киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл
ортасынан ашылып жабылатын жарма есіктерге үқсас. Ол екі таянышқа кекпен
немесе шот ілмек арқылы үстасады да, ашып, жапқанда сықырлап тұрады.
Сықырлауықтарды көздеп, оймалап, сүйектеп, бояп жасайды.
Осы аталып өткен барлық киіз үй ағаштарын киіз үйдің сүйегі деп
атайды.
Киіз үйдің сүйектерікің барлығы да морға салып балқытып, тезге салып,
иіп, ырғаққа тастап кептіру арқылы жасалады. Мор салып, үй жасайтын
шеберлерді халық үйші дейді. «Тоғай аралаған — үйші, ел аралаған — сыншы»
деген мақал осыдан қалса керек. Үйшілер киіз үйдің сүйегіне лайықтап,
ұзындығы мен жуандығына және түзулігіне қарай ағашты орманнан өздері
таңдап, өздері эзірлейді. Бүрынғы кезде үй ағашын ел жайлауға щыққан кезде
кесетін. Кесілген ағаштың сыртқы қабығын сындырып, ал ішкі сары қабығын
бүзбай сау қалдырып, бас-аяғын түжырымдап көлеңкеге кептіріп қояды. Уық,
кереге жасалатын ағаштар 45-50 күн, шаңырақ пен босаға ағаштары кемінде 60-
70 күн осылай сақталады. Кейде үй ағаштары бір жыл бүрын дайындалады.
Мүндай ағаш жақсы ағаш деп саналады. Кейде кептіруге қойған үй ағашыи оқтын-
оқтын жаңбырға шығарып немесе су бүркіп дымдайды, сонда ағаш қурамай сары
тап болып кебеді. Мүны қақсал (кепкен ағаш) деп атайды.
Үй ағаштары әрі иілғіш, әрі жүмсақ болуы үшін және сол иген қалпында
тез қатыру үшін оларды морға салып балқытады. Мор дегеніміз үзынан қазылған
шүңқыр жерге қойдың қиын түтатып, үстіне дымқыл көң, қи үйіп, бықсытып қана
жаққан ыстық қорда (қоламта). Мор лапылдап тез жанып кетпеу үшін оның
төмінгі қабатына жылқының жас тезектерін майдалап салып, анда-саңда тү-
ншықтырып тастап отырады.
Ауыр, қатты ағаштан жасап, жерге мықтап орнатқан үш аяқты бақа ауыз
ағаш немесе ортасын кертіп ойған жуан арқалық ағашты тез дейді. Осы бақа
ауызға немесе арқалықтағы кертпекке салып ағашты түзетеді немесе иіп әр
түрлі бейнеге келтіреді. Мұны тезге салу дейді. Халықтың «Қисық ағаш
жатпайды тез қасында» дейтіні осыдан. Тездің аузына асатқан ағашты басып,
оны керегінше бір қалыпқа түсіріп, сықап түрып ырғайтын бел-ағашты
сықауырын дейді. Сықауырын кепкен қайыңнан жасалып, оны ұстаушы шебер бір
басын беліне салып түрып ырғап басу арқылы іске қосады.
Кептірілген ағаштарды морға салып балқытқан соң, оны ыстық күйінде
тезге салып, сықауырынмен басып түзетеді немесе қажетті бейнеге келтіріп
иеді, иілген ағаштарды ырғаққа салып қатырады. Ырғақ деп не кірпіштен, «не
тастан қалап, не жуан ағаштан кертіп жасаған қалыпты айтады. Бұл кереге
сияқты кей жері бүгілген, кей жері шалқақ келеді. Бұдан соң кереге
ағаштарын тазалап сарнайды. Сарнау деп керегенің бас жағын, уықтың қарын
сай-сай етіп сызықтауды айтады. Мулы сарнауық дейтін, тісті, бүкір қырғы
темірмен істейді. Бүдан кейін кереге бойын тор көз, жел көз торларының
буыңдарына бөліп, көктеуге қажетті тесіктерді теседі. Керегенің көк келетін
орындарын эуелі өлшеп отырып кертіп белгі салып алады. Сол белгіні үйшілер
дембі салу деп атайды. Бұл процесс бүкіл керегенің бүктеліп, жазылып,
жайылуына және оның келесі керегемен қабысу техникасын үйші үстаның дұрыс
меңгеруіне байланысты. Керегелердің неше басты болуы, киіз үйдің
шаңырағының көлемі, көз саны, болашақ үйдің уық санының бәрі де осы көктеу
орнын тесуден басталып, белгіленеді.
Химиялық өңдеудің ғылыми тэсілі табыла қоймаған кезде халық керегені
жосылаудың оңай да қарапайым түрлерін қолданды. Осы тиімді эдіс кереге
бояуға да пайдаланылады. Қазақ үйдің керегесін жосамен (қызыл түсті
топырақ) бояйды. Кейбір аймақтарда жосаның көк, сары түстері де үшырайды.
Керегені сырмен бояп, бастарын, көздерінің әр жерін күміспен күпсеп те
жасайды.
Әрі санап, әрі көлемін өлшей отырып тескен кереге шыбықтарын көктеп
қүрастырады. Көктеуге жүнін үстарамен алған (жидітіп алуға болмайды)
қыртысы бүтін, илен-беген, яғни көн, қайыс таспа пайдаланылады. Мүлдай
таспаны көк деп атайды. Мұндай таспадан түйген кереге көктері әрі иліккіш,
әрі берік болады. Керегенің көгін түйенің, өгіздің үйегінен (малдың
тамағынан бастап бауырын қуалай тілініп алынған, ені 15-20 сантиметрдей
жалпақ қайыс), жылқының бас терісінен тіліп алады. Кереге ағаштарын
бұрандалармен де бекітеді. Кейде көктердің түйіншек басына күміс қапсырма
шытыраш кигізеді.
Киіз үйдің уығы кереге басының санына қарай есеп-теліп жасалады. Бүған
қоса әр үйде мандайшаға шаншылатын 5 уық болуы тиіс. Уықтың керегеге
байланатын басы энтек жалпақтау етіліп иіледі. Мүны уықтың иіні дейді де,
уықтың түзу жағын қары, шаңырақтың көзіне дэлдеп, төрт қырлап жонған басын
уықтың қаламы дейді. Уық бүтағы жоқ қүрықша ағаштан жасалады. Уықтың кереге
жағы мен иін басында тесіп байлаған уық бау тұрады, ал әрбір қанат кереге
түхында уықтарды бір бөлек жинауға арналған аяқ бау бар. Аяқ бау жібі эдемі
есіліп, ұшы шашақталған екі қабат қос тін немесе өрнектеп тоқыған терме
түрінде келеді. Сондай-ақ киіз үйдің шаңырағын жасау да үлкен
талғампаздықты талап етеді. Ең эуелі бұтақсыз қайыңнан кептірген шаңырақ
ағашын морға салып балқытып, тезге басып дөңгелектеп иеді. Мүндай ағаштар
кейде екі бөлек, кейде үш бөлектен қүрастырылады. Бұларды шаңырақтың
қоспасы дейді. Иілген қоспалар біраз уақыт ырғақта жатып қатқан соң, оларды
жонып, сыздықтата қырлап эдемілейді. Қазақ шаңырақтарының қыр аралықтарында
көп кездесетін оюлар: «ырғақ», «тіс», «мүйіз» оюлары. Бұл қоспаларды
бірімен-бірін үхтастыра шегелеп бекітеді. Сәнді жасалған шаңырақтардың
қоспаларын күміс білезікпен құрсаулап, шегелерін күміс түйіртпекті,
көрнекті етіп қағады. Содан кейін дөңгелек шеңбердің жалпы аумағын өлшеп,
оны жасалған кереге бастарының жалпы санына қарай бөледі. Мысалы, шаңырақ
шеңбері 6 метр болса, істелген 4 қанат керегеде 60 бас бар. Оған
маңдайшаның үстінен келетін 5 уықтың орнын қосқанда 65 болады да, бұған 65
көз жасалады. Көзді төрт бүрыштап, сыртын төмендете, ішкі жағын жоғары
тайқита қашайды. Жай тесік етіп шығарса, оңда шаңырақ уықтың қаламдығын
үхтай алмай жылжып кетеді.
Шаңырақтың үстінен жабылатың түңдікті (кейде «қайырма» деп те атайды)
үстап тұру үшін және үйдің төбесіне жаңбыр суы іркілмес үшін 45° шамасында
дөңгелене иілген ағаштан айқыш-ұйқыш көктеп күлдіреуіш орнатады. Күлдіреуіш
3-4 ағаштан тұрады. Күлдіреуіштің ортасыңцағы тор көзден бақан тіреп,
шаңырақ көтереді. Шаңырақтың екі жеріне есіп екі желбау жасайды.
Әдетте қазақ үйдің шаңырағы әр жерде әр түрлі мэнермен өрнектеледі.
Республиканың бірсыпыра аудандарында шаңырақ күлдіреуіштер 6 не 10 имек
шыбықтан түрады. Мүндай шыбықтар үштен не бестен өзара қатарласып алып, әр
қатар шаңырақ ортасында бірін-бірі қиып өтіп, үштары шеңбердің қарсы
беттегі тесіктеріне сұғылады. Ондай күлдіреуіштердің де екі жақ басы
кепілдіктермен бекітіледі. Ал бірсыпыра аудандарда шаңырақтың дэл ортасыңда
эдеміленген төрт бұрышты, не дөңгелек қалың тақтай түрады. Оның сырт
көрінісі төңкерген табаққа үқсайды. Күлдіреуіш шыбықтар сол — «табақтың»
төрт жағынан төрт-төрттен өткізіліп, оның екінші басы шаңыраққа барып
бекиді.
Қазақ үйінің есігі табалдырық пен маңдайша және екі жақ босағадан
түрады. Босаға кепкен, түзу ағаштан жасалады. Маңдайша мен табалдырық жуан
қайыңнан шабылып сүргіленеді, ою-өрнектермен эшекейленеді. Маңдайшаға уық
шаншитын 5 үя жасайды. Оның астыңғы жағыңда екі босағаның жоғарғы басы
сүғылып түратын 8-10 см терең екі қашамасы болады. Табалдырықтың үстіңгі
жағында да маңдайшадағыдай екі қашама бар. Бұған екі босағаның төменгі жағы
сұғылысады. Босаға ағаштары киіз есік қана жабылатын қырсыз және сықырлауық
орнатылатын қырлы, ү_ялы жақтаудан қүрастырылады. Киіз үйдің тақтай есігін
ағаш үсталары, ал жай босағаны үйшілер жасайды. Әсіресе маңдайша мен
таяныштардың ішкі жақ беттері оюланып, күмістеліп, кейде жалтырауық тастар
орнатылып, өте көрнекті етіліп эшекейленеді. Кейді екі босағаның
(таяныштың) алдында екі жерде алтын, күміс діңгектер, адалбақандар тұрады.
Оған қару-құралдар мен киім-кешек ілінеді. Хан-сүлтандар осындай босаға
діңгектерге көбінесе айдаһар, арыстан сияқты қаһарлы жыртқыштардың суретін
салдырып қоятын болған. Әсіресе Оңтүстік Қазақстанда жиі кездесетін ағаштан
істелген жасаулардың бетіндегі ою-өрнектердің көбінесе бояумен
жүргізілетіні белгілі.
Ал арнаулы пышақпен безелген оюлар мүнда сирек қолданылады.
Әрине, бояу кебеженің және киіз үй есігінің беттеріне жасалатын оюдың,
сондай-ақ түрлі сызаттармен белгіленетін эшекейдің әрін енгізеді. Кейбір
ағаш жасаулардың беттерін тек бояумен ғана өрнектеп, әшекейлеу де
кездеседі, әсіресе шкаф, жүк аяқ, адалбақан сияқты үй мүліктерін көбінесе
бояумен әшекелейді. Олардың бояуы өте ашықтығымен қатар тым нәзіктігімен де
кездің жауын алады. Бедерлеп оюлауда болсын, бояу өнерінде болсын қазақ
өрнегінің негізгі түрі «қошқар мүйіз» өрнегі мен өсімдік түрлері және
геометриялық фигуралар болып саналады.
Ыдыс -аяқ.Революцияға дейінгі қазақ халқының өмір жолы көшпелілік,
жартылай көшпелілік және отырықшылық жағдайда өтті. Осыған орай, олардың
күнделікті түрмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй іші жиһаздары
(мебельдері) мен ыдыс-аяқтары да көш-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп
жасалады.
Ағаштан жасалған үй іші жиһаздарының қүрамына төсек ағаш, жастық ағаш,
жүкаяқ, кебеже, сандық, эбдіре, жағлан, қант шаққыш тоқпақ, саба аяқ,
піспек, астау, табақ, тегене, шара аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш
шелек, келі, келсап және басқа да көптеген бұйымдар кірді. Қазақта Бұл
бұйымдардың әрқайсысын дербес жасайтын арнайы маманданған шеберлер
болмаған. Олай болса, әр шебер өзінің мүмкіндігіне қарай үй бұйымдарының
қайсысын болсын жасаған. Аса шебер үсталар ағаштан жасалатын үй
бұйымдарының беттеріне ою ойып, түрлі түсті бояулармен өрнек салып,
эсемдеумен бірге сүйекпен, әр түрлі металдармен, түрлі түсті тастармен,
шынылармен көркемдей білген. Ендеше, мұндай үсталар темір, мыс, жез, күміс
үстау ісін де меңгерген шынайы өнер иелері болған. Қазақ арасында он
саусағынан өнер тамған қолөнердің сан-саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз
болмаған. Кейде ағайынды жігіттердің бірі ағаш ісін меңгерсе, екіншісі
темір, үшіншісі күміс ісін дегендей, қолөнердің бірнеше саласын игерудің
нэтижесінде олар бірігіп, үй бұйымдарының сан алуан түрін аса көркем етіп
шығарды, еңбектері де өнімді болды.
Ер қосу. Аттың таулы жерлерде мінуге, аңшылық пен мал шаруашылығы үшін
де ете қолайлы көлік екені белгілі. Сондықтан атты міну үшін оның арқасына
батпайтын, жүрісіне бөгет болмайтын, мінген адамға жайлы ер-тоқым керек.
Дұрыс жасалмаған ер атты жауыр етіп, мінген адамды шаршатады. ¥лы Абай:
«Ер қосқанға үхайды сөз сөйлемек,
Қиыстырып қиыннан айтсам демек.
Атқа жайлы, мінуге және ыңғайлы,
Алды-арты бірден келсін дөп-дөңгелек»,
дегенде ер қосу өнерінің аса қиын да, қажетті өнер екенін, үлгі етті.
Ерге өте жақсы ағашты қолданады. Мүлдай ағаш қайыңның, үйеңкінің, қара
мойылдың түбірінен немесе сол ағаштардың жуан ортасынан алынып, мүқият
кептіріледі. Бір рет жонылған соң тағы кептіріледі. Содан кейін оны қосуға
кіріседі. Ер қосу деп ердің бөлшектерін жонып, қиюластырып қосуды айтады.
Ердің «қазақ ері», «қоқан ері», «құранды ер», «ашамай ер», «қазық бас
ер», «орыс ері» деп аталатын түрлері бар. Қоқан ерін көбінесе әйелдер мен
қарттар пайдаланады. Оның арты жалпақ, отыруға өте жайлы, бірақ атқа ауыр.
Орыс ерін киізбен қалыңдап былғарымен қаптайды немесе темірден,
алюминийден, ағаштан жасайды. Ашамай ердің алды-арты биік сүйемелі келіп,
мүны көбінесе жас балалар мінеді. Ердің жасалу үлгісіне қарай «арғын ері»,
«найман ері», «дулат ері», «мұрын ері» деп аталатын түрлері де бар. Ердің
күміспен сәнделгенін күміс ер деп атайды.
Ердің алдыңғы қасы, артқы қасы, екі қаптал ағашы, белдік ағашы (бел
ағаш) деген бөлшектері бар. Алдыңғы қас артқы қастан гөрі биік, алқымы
көтеріңкі, бет жағы эдеміленген, сыртына қарай аздап томпақтау болып
келеді. Артқы қастың алқымы тайыз, қуысы ендірек, алдыңғы қасқа қарағанда
жатағандау, үсті жалпақтау. Ердің қапталы аттың қапталдығына сай, орта түсы
жатыңқы, екі басы жоғары көтеріле аттың шоқтық тттүңқыры мен сауырына бейім
болып келеді. Бел ағаш — ердің екі қасының аралығына дэл келіп, еңкіштелген
жұқа ағаш. Мүлың екі басы қаптал ағашқа бекітіледі.
Бөлшектерді әзірлеген соң, екі қаптал ағашты жарыстыра салып, эуелі
алдыңғы қасты, содан кейін артқы қасты қондырады. Бел ағашты қаптал ағашқа
ырып немесе ағаш шегемен шегелеп үстатады.
Күмістелетін ердің эшекейлеу ісін ерді қоспай тұрып жасайды. Қаптал
ағаштардың алдыңғы жағына таман, орта шенінен таралғы өткізетін тесік
қашайды. Екі басының екі жағын шеттік өткізу үшін теседі. Қанжыға
тесіктерінің қасынан тағы әнжімеге арнап тесік теседі.
Кейде энжіменің, таралғы тесігінің орнына доға, шығыр орнатады да,
өмілдірік, құйысқан, таралғыны соған өткізіп қояды.

1.2 Ағаш өңдеу технологиясы
Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі оған
өрнек ою болып табылады. Адам баласы ғасырлар бойы өзінің түрғын үйін, ат
әбзелдерін, қолөнер бұйымдарын ою өрнекпен көркемдеп безендіріп отырған.
Мысалы, сақтар кезеңінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек
алған. Ағаштан ойып жасалған шағын мүсіншелермен сақтар ер-түрман
әбзелдерін көркемдеген, ағаш бұйымдарын безендірген.
Өрнекті оюдың бірнеше тэсілі бар. Соның бірі — геометриялық бейнедегі
өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетіне геометриялық сурет салу арқылы жасалады.
Олар үшбұрышты, төртбүрышты немесе шаршыны бірнеше үшбү-рышқа бөлу арқылы
өрнектеледі. Мүндай өрнектер өте шағын әрі кішкентай ойықтар болғандықтан,
оларды зімпарамен тазалау немесе әрлеу қиын. Сондықтан өрнекті орындау
сапасы пышақ пен қашаудың өткірлігіне тікелей байланысты.
Екінші тэсіл — өрнекті жүқалай тіліп салу (плоско-рельефная резьба).
Мұндай өрнекті салғанда оның ізін пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін
көлбеулей жұқалап жонып алады. Бұл тәсілдің ерекшелігі, мүнда нобайы
бойынша өңделетін бейне шет жақтарынан да өңделеді. Сондықтан да өрнекті
жұқалай тіліп салу эдісі алынады. Мүндай оюды бірнеше эдістермен орындайды:
— біріншіден, өрнектің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп, өрнекке
кеңістіктегі көрініс беріледі;
— екіншіден, өрнектің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да
ойықшалап бедер беріледі;
— үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін
(фоньон) бедерлеу, бедерді өрнектің мэніне қарай таңдап, бедер беру
тэсілімен орындайды.
1. Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу эдісі.
Тақтайдың өрнек салынатын бетінің көлеміне қарай сызылатын өрнек
үлгінің көмегімен симметриялы жиек етіп салынады. Барлық жағдайда базалық
жиек 5 мм-ден кем болмауы керек.
Салынатын өрнек тақтайдың бетіне симметриялы түсуі үшін тақтайдың
бетіндегі бөлінген бөлшектер міндетті түрде жұп болуы керек. Сонда ғана
өрнек иықтары бір бағытқа (а, э) бағытталады (30-сурет).
Тақтайдың бетін тең бөліктерге бөліп түсірілген сызықтар мен базалық
сызықтардың шекарасында өрнектер ырғағы бір-біріне түйісіп түрулары шарт.
Егер сызылатын өрнек өрнектелетін тақтайдың бетіне толық көшірілуі
қажет болаған жағдайда, көшірме кальканың немесе үлгінің көмегімен
көшіріледі.
а) Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандармен танысайық. Ағашты
кесіп, дайындауға қол ара, балта, кернеу ара қолданылады. Балтамен ағаш
бүтақтарын шапса, қабығың әр түрлі қырғыштармен алады. Ағаштан алынған
тақтайды түрпімен, қарапайым сүргімен, үлке сүргімен т. б. қүралдармен
өңдейді, сондай-ақ бұрғы мен үскіні де пайдаланған.
Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал — қол ара. Оны негізгі түрлері
суретте көрсетілген. Ара қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады,
оларды төсем деп атайды. Төсем өте қатты, тегіс және иілгіш болуы шарт.
Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса, төсемнің тістер тез сынады.
Араның тістері екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден ол ағаштың
талшығын кеседі, екіншіден, кесілгенде пайда болған ағаштың үнтағын сыртқа
ысырып, шығарып отырады.
Ағашты кесу үшін араның әр түрін пайдаланады. Ағаш талшықтарын кесу
бағытына байланысты оны көлденең ұзына бойы және аралас эдіспен кесуге
болады. Көлденең кескенде, кесу бағыты ағаш талшығына перпендикулляр, үзына
бойы кескенде, параллель болады. Көлденең кесу үшін, ара тісінің кескіні —
тік үшбұрыш, ал үзына бойы кесу үшін қиғаш болады.

Ағаш кептіру

Адам ежелден-ақ ағаш кептіруде түрлі эдісті қолданған. Мысалы,
қазақтар жаңа кесілген ағаштың қабығын аршып, ауа өтпейтіндей дәрежеде
сиырдың жапасын жағып, көлеңке жерде бірнеше ай ұстаған, ал кейбір шеберлер
күлдің астында сақтаған. Кең тараған тэсіл — жаңа кесілген су ағаштан
бұйымды барынша болжамға келтіріп өңдеп, оны 2-3 сағат суға салып
қайнатқан. Сөйтіп ағаштың бойындағы химиялық заттардың бәрін сыртқа
шығарған. Кейбіреулер суға ас тұзын қосады. Бұл тэсіл қазір де қолданылады.
Өндірістік саланың дамуына байланысты қазіргі кезде ағаш арнаулы
камералардың күшімен белгілі бір температурада кептіріледі. Кептірудің
бірнеше түрі бар. Олар: атмосфералық, камералық, радиациялық беттестіру
арқылы, жоғары ток өрісі арқылы және балқытылған ортада кептіру.

Ағашты сүргілеу

Ағаш бұйымдардың беті тегіс болу үшін, оны сүргілейді, ол арқылы
ағаштың қажет пішіні мен өлшемі алынады. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен
оның жүқа қабаты алынып тасталады. Оны жоңқа деп атайды.
Сүргілеу аспаптарының да түрлері көп. Олардың ең көп тараған түрлері —
сүргі, шерхебель және фуганок. Шерхебель пышағының жүзі доға тәріздес дөңес
келсе, фуганоктың пышақ жүзі түзу сызық сияқты болады. Шерхебельмен
алғашқы, дөрекі өңдеу жүмысы жүргізілсе, сүргімен таза (тегіс) өңдеу жүмысы
орындалады. Фуганок — жалпақ беттерді тазалап тегістеу үшін қажет аспап.
Оның үзындығы кәдімгі сүргіге қарағанда есе үлкен, сондықтан онымен ұзын,
жалпақ ағашты сүргілейді.
Сүргіленген кезде күштің бәрі қолыңа түссін де, дененің көп қозғалтпа.
Алғашқы сүргілеуде сол қолыңа көбірек күш түсіріп, төсемнің алдыңғы жағын
басыңқыра, содан соң екі қолыңа бірдей салмақ салып соңында салмақты
төсемнің арт жағына ауыстыр.

Ағаш ою құралдары

Ағаш материалдарын қарапайым өңдеу үшін, балташы қашіуларды,
сүргілерді, бүрғыларды, балға түрлерін паидаланады. Ал матрриалды көркемдеп
өңдеуге арнайы дайындалған кұрал тұррлерін қолданады. Олар: тік жүзді өткір
қашаулар мен жартылай ойықшакеіген қашаулар. Қашаулардың жүзде 6 мм-ден 32
мм-ге дейін жетеді.
Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар қашау мен үшкір пышақ.
Ең көп қолданылатын қашау түрлері: үшкір пышақ (1), тік жүзді (2) және
ойык жүзді (3) қашау қүралдары жөне олардың ойған пышақ пен қашау іздері
көрсетілген.Ағаш оюдың бірнеше тэсілдері бар

Ағаш ою тәсілдері

Ағаш оюдың бірнеше тәсілдері бар. Негізінен оларды бедерлеп ою және
жүмырлап ою деп шартты түрде екіге бөліп топтауға болады. Бедерлеп ою деп
тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп мүсіндік бейнелерді
жартылай көлемімен мүсіндеуді, ағашқа бедерленетін барельефті атайды. Ал
тұтас ағаштан шабылатын келі-келсап, аяқ-табақ, саптаяқ, ожау сияқтыларды
жасау арқылы жұмырлап ою тэсілін үйренеміз.
Бедерлеп оюдың өзі де орындалу эдіс-тәсілдеріне қарай әр түрлі келеді.
Егер тақтаға өрнекті тіліп түсірсең, жосықтау деп, қашау ізін тік салсаң,
қиып ою деп, қашау жүзін көлбеу салып нұқи ойсаң, кертіп ою деп атағаның
дүрыс.
Ал ағаш ою үшін шеберхананың температурасы түрақты, жел соқпайтын,
ауасы қүрғақ, қоналқы үйден оқшаулау … жалғасы