АҒАШТАН ЖАСАЛАТЫН ЖИНАЛМАЛЫ БАҚША ОРЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ

0

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану-математика факультеті
Физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы

Дипломдық жұмыс

АҒАШТАН ЖАСАЛАТЫН ЖИНАЛМАЛЫ БАҚША ОРЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ

5В 012000 – Кәсіптік оқыту

Орындаған: Нәби Н.А.

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы

Абдимоминова Д.К.

Қостанай 2016

МАЗМҰНЫ

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … 3

1. Трансформер үстелінің шығу тарихы және оны дайындауда қолданылатын
материалдар.
1.1 Жиһаздардың және трансформер үстелінің шығу тарихы туралы жалпы
мәліметтер … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … … . 5
1.2. Ағаштың қасиеттері және
түрлері … … … … … … … … … … … … … … … … .. 15
1.3 Жиналмалы бақша орындығын жасауда қолданылатын құрал – саймандар
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … … … … … . 22

2. Ағаштан жасалатын жиналмалы бақша орындығының жасалу технологиясы.
2.1 Трансформер үстелдерді жасаудағы
ерекшеліктер … … … … … … … … … … . 42
2.2 Технологиялық
бірізділігі … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … 45
2.3 Технологиялық
картасы … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … 46
2.4 Өзіндік құнының
есептемесі … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … 49
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … . 51
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… . 56
Қосымша … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 57

Кіріспе

Ағаш өндеу тарихы өз тамырын өте тереңнен тартады, Жер тұрғындары ағаш
сүрегін баспана, жерүсті және суүсті қозғалысы құралдары мен т.б.
құрастыруда белсенді қолданған. Бағзы замандардан ағаштан үй салынып, керек-
жарақ, ыдыс-аяқ дайындалған, ойыншықтар жасалынған. Көптеген халықтарда
ағаш өндеу – ұлттық көркемдеу өнерінің ең дамыған әрі ең көне түрі.
Ескілікте ағаш бұйымдарының көбі тек пайдалы қызмет атқарған, алайда
шебер олардың әрқайсысына сұлулық бөлшегін қосуға, материал пішіні,
үйлесімі мен сәнділігіне ерекше назар аударылған. Егер ағаш сүрегінің
мәнерлі текстурасы бұйымның сәнін келтіре алатын болса, оны анық етіп
көрсетуге тырысқан.
Адамның ағаштан жасағандарының барлығы да үнемі пайдалы қызмет
атқарды әрі рухани мәнге де ие болды, өйткені пайдалы қызметі үшін жасалған
заттардың шебер көңілін, оның сезімдері мен ойларын өн бойында тасушыға
айналуы қолөнер бұйымдарының ең белгілі ерекшелігі болып табылады. Адам
затты пішіні мен қабылдануы жағынан жақсарта түсті, ал еңбек әрекеті
барысында оның шеберлігі жетіле түсті, пішін, түс, материал, сәйкестік,
симметрия, ырғақты сезіну қабілеті тәрбиеленді.
Құрылыс материалы ретінде де ағаш бағзы замандардан бері қолданылады.
Ол көптеген қасиеттерге ие, жеткілікті түрде жоғары механикалық беріктік,
төмен жылуөткізгіштік, шағын көлемді салмақ, оңай өнделеді, қышқыл, тұз,
майлар мен т.б. ықпалына төзімді.
Одан бөлек, дұрыс қолданған жағдайда, ағаштан жасалынған құрылыстар
көп жылдар көлемінде сақталады. Өндіріс орындарының үлкен құрылысы етек
жайған, соғысқа дейінгі кезеңде ағаш құрылыстар кең қолданыс тапты. Олардың
төбелерін жабуда сол кезең үшін заманауи бөлшектер және ағаш-металды
фермалар, шегелі арқалықтар және т.б. қолданылды. Сол кезеңде ағашты
күрделі ғимараттарда қолдануға мүмкіндік берген, шіруден және жанудан
қорғаудың жаңа әдістері ойлап табылды.
Өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін, адамның өзін қоршаған
кеңістігін барынша ұтымды пайдалануы табиғи құбылыс. Біздің күнделікті
өмірімізде ең маңызды орындардың бірін ала отырып, жиһаз керекті жайлылық
деңгейін қамтамасыз етуге зор ықпалын тигізеді және ғимарат интерьеріндегі
үлкен функционалдық салмақты алып жүретін құраушы болып табылады.
Ағаш бұйымдарының және олардың құрылыстарының алуан түрлілігіне
қарамастан, оны өндеудің технологиялық үдерістері бір ғана ұстанымдар
негізінде қаланады. Тек өндеу тәсілдері мен әдістері ғана өзгерген. Қол
құралдарының орнына механикалық өндіріс құрылғылары келді, олар ағаш
өндеудің уақытын барынша қысқартты және еңбек өнімділігін, жасалған
бұйымдардың сапасын айтарлықтай жоғарылатты.
Жиһаз – біздің әрқайсысымыздың күнделікті өмірімізде қолданылатын және
біздің физикалық жағдайымызға, көңіл-күйімізге әсер ететін заттар болып
саналады. Бүгінгі күні жиһаз адам үшін тек жататын немесе отыратын орын
болып қана емес, сонымен қатар өмірлік кеңістікті айқын толтыру құралы да
болды. Трансформер үстелі — кеңістікті үнемдеу кезіндегі мінсіз шешім. Ол
ыңғайлы, эргономикалы және көпфункционалды. Мұндай жиһаздың негізгі міндеті
– үстел үстінде адамдар санын көбейту. Аз орын ала отырып, жиналатын үстел
қонақ келген кезде көмегі тиетіні сөзсіз.
Диплом жұмысының өзектілігі: Жиналмалы жиһаздардың бүгінгі нарық
заманының кезеңінде тұтынушылардың қызығушылықтарын оята отырып,
сұраныстарын қанағаттандыру.
Диплом жұмысының мақсаты: Бақшаға арналған ағаш трансформер орындығын
жобалау, құрастыру және оның өзіндік құнын есептеу.
Диплом жұмысының міндеттері:
1. Зертелетін жұмысқа керекті әдебиеттерге талдау жасау.
2. Бұйымға қажетті материалды таңдау және әзірлеу.
3. Бұйымды жасау технологиясын әзірлеу
4. Бұйымды дайындау және өзіндік құнын есептеу.
Зерттеу нысаны: ағаштан жасалынатын жиналмалы бақша орындығын әзірлеу
және құрастыру үдерісі.
Зерттеу пәні: ағаштан жасалынатын жиналмалы бақша орындығы
Зерттеу әдісі: анализ, талдау, жобалау.
Гипотеза: егер бақшаға арналған ағаш трансформер орындығын әзірлеп әрі
оны құрастырса, бұл жобалау және ағаш өндеу бағытындағы кәсіби дағдыларды
дамытуға және бекітуге мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, бірнеше тармақшаға
бөлінген екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.

1. Трансформер үстелінің шығу тарихы және оны дайындауда қолданылатын
материалдар
1. Жиһаздардың шығу тарихы туралы жалпы мәліметтер

Жиһаз өндірісі сан ғасырлық тарихқа ие. Жиһаздың бізге белгілі ең
көне үлгілері б.з.д. ІІІ ғ. Мысырда салынған патша қорғандарынан табылған.
Бұл піл сүйегі, малахит және көгілдір ақық тастармен безендіріліп,
қарағаштан жасалынған қобдишалардың сынықтары. Сол жерден адамзат
тарихындағы алғашқы отырғыштар табылған, тіпті олардың бірі жиналмалы
болған. Бұл отырғыштар ағаштан жасалынған, ал аяқтары жануар тұяқтары
бейнесінде пілдің тұтас азу тісінен ойылып жасалынған. Сондай-ақ, ежелгі
мысырлықтар кереуеттер мен орындықтардың авторлары болып табылады [1].
Адамның алғаш жасаған жиһазы өте қатты әрі аса функционалды болған.
Тек мысырлық перғауындар ғана алтын қаптамалармен және күрделі оюлармен
безендірілген креслода отыру мүмкіндігіне ие болған. Ұлы, бірақ тұрмыста
қарапайымдылықты сүйетін гректер ерекше сандық – ларды ойлап тапқан, олар
бір мезетте жантайма төсек және отырғыш қызметін атқарған. Ал ежелгі Рим
ақсүйектерінің сарайлары мен қала сыртындағы виллаларындағы жиһаз өте
салтанатты, оюлармен және әшекейлермен безендіріліп, алтын жалатылған және
түрлі-түсті сырмен боялатын болған. Салтанаттылыққа ұмтылу барысында
римдіктер жиһаз өндірісінде жаңа материалдар – қола мен түрлі-түсті мәрмәр
тастарын қолданған, олардан отырғыштар мен үстелдердің, мозаика түріндегі
үстелдің беткі тақтайлары жасалынған. Ал римдік қолөнершілер өз үйлері үшін
тал бұтақтарынан тоқып, ыңғайлы әрі арзан жиһаз жасаған.
Шкаф орындықтар мен үстелдерден әлдеқайда кешірек пайда болды. Бұл
оқиға орта ғасырларда феодалды Еуропаның готикалық қамалдарында орын алды.
Лар-сандық шкафтың түпкі үлгісі қызметін атқарды, ол сақталынатын заттар
молшылығынан биікке көтерілуге тырысты және бірден жиһаз иерархиясынан
басты орындардың бірін иемденіп, шкафқа айналды. Шкаф готикалық қамалдарға
еліктей бастады, мұңаралар, бағаналар үлгісінде, тіпті ағаш мүсіндермен
әшекейленді. Түрлі мақсаттарда қолдануға қолайлы шкаф тұтас бір жиһаз
әулетінің негізін қалаушы болды: кейінірек кең ауқымды шыны құю игерілген
соң, шыны есікшелері бар буфет пайда болды, ал одан кейін кітап шкафы да
жарыққа шықты.
Бәрінен бұрын сарай жарасымдылығының бірлігіне ұмтылған Барокко,
жиһаз түрлері мен пішіндерін барынша түрлендірді. Жиһаз барокколық интерьер
әдемілігін арттыра түсетін, ол сан түрлі әрі шектен тыс безендірілетін бола
түсті. Алтынмен апталған, суреттермен, мүсіндермен толып кеткен
архитектураның бай үдемелі пішіні жиһаздан да көрініс тапты. Жиһаз заттары
сан түрлі ернеу үлгілері және әшекейлердің көптігімен көлемі жағынан үлкен,
пішіні жағынан күрделі бола түсті. Ренессанс стилінің жайлы әрі айқын
сызықтарымен салыстырғанда, пішіннің тұрақсыздығын сипаттайтын мүсінді ою,
қола, мыс, күмістен жасалынған металл қаптамалар, сондай-ақ көркем мозаика,
интарсия, өрілген бағаналар зерлеу ісінде үлкен рөл ойнады [2].
Жұмсақ жиһаз – сәнді маталар – мақпал, штоф, гобелен, Кордовадан
алынған мәнерленген испан былғарысы және глазетпен (алтын және күміс жіптер
кіріктіріліп тоқылған мата) қапталған жұмсақ отырғыш, арқалық, шынтақ
сүйеніштері бар отырғыш, орындық, кресло, дивандар сәнге ене бастайды.
Жұмсақ отырғышы бар ұзынша орындық пішініне ие, 6-8 аяқты канапе-кушеткалар
көп тарала бастайды. Кресло, орындық, дивандар сәулетті көрінеді, олардың
арқалықтары толқын тәрізді, ал шынтақ сүйеніштері толқын иірімі түрінде
болды. Қаптама қалпақшасы көлемді ірі шегелермен бекітіледі. Ұшталған
аяқтар сан түрлі (консоль, балясин, төменіне қарай жіңішкеретін пирамида, s-
тәрізді пішінде). Жиһаздың жұмсақ бөліктерін алмалы-салмалы тыспен жабу
әдеті орнайды. Тоқылған отырғыштары үлкен гүлдері бар ашық түсті маталармен
қапталған, қала сыртындағы резиденцияларға арналған креслолар да пайда
болады.
Үстелдердің пішіні де түрленді әрі жетілдіріле түсті. Олар енді бір
немесе төрт аяқты бола алатын, ою, қола детальдармен, түрлі-түсті мәрмәр,
ақық тастардан жасалынған флоренциялық мозаика немесе Францияға әйгілі
әшекейлі сурет-маркетримен (фр. Marquetri – таңбалармен шұбарланған)
безендірілуі мүмкін болатын. Салтанатты композицияға топталған купидон, су
перісі, грифон, бүркіт, арыстан, қабыршақ, оралған таспа, акант ширшықтары
ою мен әшекей сюжеті қызметін атқаратын. Жаңғақ ағашы оюға қиын берілетін
еменді жиһаз өнеркәсібінен түгелдей ысырып шығарды. Жаңғақтан көркем
консольды үстелдер жасалынады, олар қабырға тұсына қоюға арналған және сол
себепті бір жағынан ғана безендірілетін. Бұл әсемдік заттары, оларға сағат,
ыдыс-аяқ, шырағдан, қобдишалар қойылады. Керісінше, сәнге айналған
гобеленді маталармен тартылған экрандар тек сәндік қана емес, пайдалы мәнге
де ие, ойткені олар өтпе жел немесе ыстықтан қорғай алады.
Шкафтар да көркем сипатқа ие бола бастады – мысалы, көлемді
архитектурасымен танымал болған гамбургтық шкафтар. Оларды ерекшелейтін
шар тәріздік аяқтары, берік ернеулері және жақ тәрізді фронтон ортасындағы
картуштар еді. Қайта өрлеу дәуірінде танымал болған лар-кассондар енді
көптеген қорапшалары бар комодпен, кітап шкафтарымен, бюро (үстел), шкаф-
кабинеттермен ауыстырылды.
Үй иесінің бөлмесі мүлде өзгерді. Енді бұндай бөлмелерге барынша
үйлестірілген салтанатты жиһаз – жазу үстелі, бюро, кітап шкафы, шырағдан,
сағат және өзге де нәрселерге арналған консольды үстел, тек кабинеттік
заттар қойылатын. Географиямен айналысатын көзі ашық адамдарда, осы жерден
карталар мен глобустарды кезіктіруге болатын.
Жатын бөлмелердің алдындағы бөлмелерде тек функционалды комодтар
қойылатын. Ал жатын бөлмелердің өздері ХVІІ ғасырда салтанатты орын болып
саналған, бұнді тіпті қонақ қабылдау ісі жүзеге асырылатын. Кереуеттер
Қайта өрлеу дәуіріндегідей, балдахиндерді сақтады, дегенмен әсемірек
бедерленетін болды. Алтын немесе күміс жібек жіптерімен өрнектелген,
атластан жасалынған әсем төсек жапқыштары – Лион немесе Флоренция
тоқымашыларының бұйымдары – оларға салтанатты түр беретін. Шығыстық
суреттері бар маталар сәнде болатын, олар Англияда, кейінірек бүкіл Еуропа
бойынша жапондық деген атқа ие болды, алайда онда жапондық қана емес, қытай
мотивтері (ірі және ұсақ гүлдер, гүлдеп тұрған сакура бұтақтары, құстар) де
бейнеленетін [3].
Жиһаз сәнін шығарушылардың ережелері біртіндеп Италиядан Францияға
өтті. ХVI ғасыр аяғы мен XVII ғасыр басындағы Италия мен Батыс Германияның
сарай жиһазы (шкаф, кабинет, жазуға арналған шалқаймалы қақпағы бар кабинет-
секретерлер), қисықсызықты үйлесімдер динамикасы және жарық көлеңкесімен
ойнау сәйкес интерьерде толықтай сіңісу әсерін бергенде, пішіндердің көркем
пластикасына ие болады.
ХV және ХVII ғасыр басында, Англияда барокконың өріс ала бастаған
тұсында Тюдор (билік құрушы әулет атауымен) стилі басымдыққа ие болады,
оған ренессанс мотивтерінің біраз оңайлатылған интерпретациясы тән. Тюдор
үйлесіміне бөлме қабырғаларын, ернеулерін және төбесін ағашпен өрнектеу
тән. Француз абсолютшілдігі (XVII – XVIII ғасырлар) дәуірінің бай
салтанатты интерьеріндегі түрлі-түсті мүсіндер, жабыстырма, алтын зерлі ою,
көптеген айна және жарқыраған паркетпен безендірілген жарық залдар көлемді
кеңістік әсерін тудырады. ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан, классикалық
барокке кезеңінде жиһаз Луи Каторз – Он төртінші Луи стилінде жасалына
бастады. Бұл фанерленген кабинеттер және екі қақпақты шкафтар, олардың
бойында барокколық әсемдік (гүл шоқтары, өсімдік оюлары) жарасымды әрі
салтанатты тікбұрышты пішінмен үйлесетін. Таққа тән биік тік арқалығы бар
Он төртінші Луи креслолары, жұмсақ әсем отырғыштар салтанатты кең
көйлектері бар ханымдарға арналған. Оларды әсемдеуде бағалы тұсқағаздар,
левкас үстімен алтын жалату әдістері қолданылады. Француз бароккосының
жиһазы итальяндық үлгілер негізінде пайда болды. Корольдік жиһаз
фабрикасына итальяндық жиһаз шеберлерінің бір парасы шақырылған. Жиһаз
бойынша жұмыс жасаған суретшілер (Жан Лепотр және Блондель) жиһаз үлгілері
бейнеленген альбом шығарады. ХІV Людовик стиліндегі жиһазды сарай маңындағы
фабриканттар мен шеберлердің тұтас бір әулетінің фирмасын қалаушы Андре-
Шарль Буль (1642-1732) есімімен байланыстырып, Буль стиліндегі жиһаз деп те
атайды. Ол жалғыз өзі, кейде ұлдарымен бірігіп жұмыс жасаған. Аталмыш
француз шеберінің комодтары интерьердің ең сәнді бұйымдары болып жатады.
Қарағаштан жасалынған бұл комодтар пішін тұрғысынан барынша қарапайым
болған. Оларды ерекше сәнді еткен бетперде, Күн пішінін (өйткені шебер Күн-
патша – ХІV Людовик дәуірінде жасаған) қайталайтын бедер, пальметкалар
түріндегі зерлеу еді. Буль зерінің тағы да бір нұсқасы – түрлі
материалдардан жасалынған сурет геометриялық дұрыс пішіннің нақты
жиектемесіне орналасатын маркетри техникасының кең жиынтығы. Кей кездері
комодтардың бұрыштарында кариатидтер мен сфинкстерді бейнелейтін мүсінді
қаптамалар орналасатын. Симметриялы орналасқан ою-өрнек Еуропада жоғары
бағаланған Буль жиһаздық өнеріне қымбат жарасымдылық реңін сыйлайтын.
Жалпы, оның барлық жиһазы пішін тұрғысынан қарапайым, алайда ағаш бетін
түгел жабатын әшекей мен зерден көрінбейтін. Ою-өрнек антикалық Рим мотиві
бойынша салтанатты акант шиыршықтары, әскери олжа суреттері, лавр шеңбері,
қылыштар және с.с. түрінде жасалған. Буль стиліндегі жиһаз тек Францияда
ғана емес, ХVІІІ ғасыр бойында басқа да елдерде таралған.
ХVІІ ғасырда тұрмыста шезлонг – жатуға ыңғайлы, шалқайма арқалығы бар
ұзынша кресло; арқалығы бас орналасатын тұсында томпайып келетін, кәрілерге
арналған кресло; ортақ арқалығы мен отырғышы бар, біріктірілген үш кресло
түріндегі дивандар пайда болды.
Жиһазды отырғыш пен арқалық пішіні бойынша арнайы үйлестірілген
гобеленді дара матамен қаптайды. Гобелендердің суреттері гүл тізбектері
және таспалармен есілген гүл, құс, өсімдік, жануар, музыка атрибуттарының
күрделі композицияларынан тұрған.
Үлкен залдар мен қонақ бөлмелерінің қабырғаларының тұстарына үстінде
айнасы бар екі аяқты консольдер (ерекше үстелдер) қойылатын болған.
Консольдерді барынша қалыпқа түсірілген әрі талғаммен иілген аяқтармен және
картуштармен безендірген. XVII ғасырдың басында тартпалары бар жазу үстелі,
комод, бюро жарыққа шыға бастады.
ХІV Людовик өмірден өткен соң, Францияны оның жиені, ханзада-регент
Филипп Орлеанский басқарды. Сондықтан да кейінгі барокко стилі регенттік
стилі деп аталады. Бұл стиль жиһазының сән-салтанаты біраз төмен, жарқылы
бәсеңдетілген көрінеді, жиһаз аяқтары аласалау, пішіні иілген, отырғыштары
алға қарай шығыңқы.
Тым мәнерлі куртуаздылықтан қашқақтаған ХVI Людовик билігі итерьер
безендірілуі мен жиһаз өндірісіне үлкен қатаңдық алып келді. Рококо мен
классицизм арасындағы бұл француз стилі Он алтыншы Луи (Луи Сез) деп
аталады. Кейде оны Мария-Антуанетта патшайымның құрметіне атайды. Жиһаз
мейлінше қатаң, артық заттары жоқ пішінге ие болады; корпустық жиһаз (шкаф-
буфет, бюро, секретерлер) қола әшекейлерімен көзге түсетін,
салтанаттылықтан қашқақтайтын әрі антикалық қарапайымдылыққа ұмтылатын, жиі-
жиі көне грек және рим өрнектерін қайталайтын қызыл ағаштан жасалынған
қатаң геометриялық пішіндер жеңілдігіне ие болады. Бұл стиль аясында
Францияда Ж.Жакоб, Ж.А.Ризенер шеберлер, сондай-ақ неміс жиһазшысы
Д.Рентген жұмыс жасаған.
Франциямен салыстырғанда, үшінші қауым адамдары алдыңғы қатарлы рөл
ойнаған және бүкіл өмір сарай маңына шоғырланбаған еуропалық елдер үшін,
мысалы Голландия мен Англияда жиһазбен жабдықтаудың өзге стильдері дамып
жатты. Голландияда 17-18 ғасырларда қала топтары (бюргерлер) үшін сенімді
әрі ыңғайлы жиһаз дайындалған. Көп қалыпты ернеуі бар екі қақпақты шкафтар,
құмыра тәрізді ұшталған ауыр аяқтары бар үстелдер, ұшталған тіреулер мен
көлденең ағаштан жасалған биік арқалығы және көбінесе былғарымен қапталатын
трапеция секілді отырғышы бар орындықтар кең таралды. Осыған ұқсас, бірақ
17 ғасыр мүсіндерімен молынан зерленген жиһаз Германияда жасалынып жатты.
Англияда бұндай қолайлы жиһаз аталмыш стильге атау берген
Т.Чиппендейл шебердің арқасында өз шарықтау шегіне жетті. Бұндай жиһаздың
пішіндерінің оңтайлылығы сызықтардың жеңілдігімен әрі өз бойына готика,
рококо және шинуазри сипаттарын жиып алған хикметі көп өрнекпен үйлесім
тапты. Англияда бұл кезеңді неоготика деп атайды. 18 ғасырдың екінші
жартысындағы ағылшын шеберлері Т.Шератон мен Дж.Хеплуайт жиһаздары
классицизм сипатындағы зермен әшекейленетін, алайда ыңғайлы жеңіл пішіндер
Чиппендейлге жақын.
Америка Құрама Штаттарында чиппендейль жиһазына және безендіруіне
еліктеу колониалдық деп аталған өзіндік стиль тудырды.
18 ғасыр аяғындағы архитектурада классицизм стилі басымдыққа ие болды,
ол жиһазға сызықтар нақтылығын, классикалық сәйкестілікті сақтауды, күрделі
иіндерден бас тартуды алып келді. Сәндік безендіруі ұстамды, рим және грек
мотивтері басым. Англияда классицизмді көбіне-көп Регенттік дәуірінің
немесе Рэдженси стилі деп атайды (1811-20 жылдары Георг Уэльский ханзада
регент болған). І Наполеонның Еуропадағы билігі классицизм дәуірінің аяқ
тұсы саналатын ампир (жиһаз саласында ол 19 ғасырдың бірінші ширегінде аса
танымал болған) стиліне сән келтірді. Ампир стилінде безендірілген үй-жай
үшін интерьер кеңістігін ұйымдастыруда жиһаз шешуші рөл атқарады. Статикасы
түрліше байқалатын пішіндердің бекзат қарапайымдылығы мен конструктивті
анықтығы болмыс тұрақтылығы және патшалық беріктігінің көрінісін тудыра
отырып, Наполеонның мысырға жасаған жорығы және мысырдың суретті
ескерткіштері туралы іргелі еңбектің жарық көруінен кейін Еуропа тарапымен
қайта ашылған көне мысыр өнері мен көне рим өнері ұштасқан мотивпен
үйлеседі. Безендіруіліне ірі қола бедерлер тән. Сондай-ақ, әсіресе Ресейде
оюлап, алтын жалатылған ағаш қолданылған. 1810-40 жылдары Австрия мен
Германияда үй жайлылығына басымдық берген бидермейер стилі ампирдің орнын
басты. Жиһаз шағын пішінде, жылжытуға қолайлы болып жасалына бастады,
жұмсақ қаптама оралды, зерлеу бұйымдарының саны минимумға дейін түсті.
Жалпы, жиһаз әзірлеуде түгел дерлік құрастырылуы ең арзан, қарапайым
заттарға қарай бетбұрыс жасалынып келеді. Ондай жиһаздың қандай да белгілі
бір стилін анықтау мүмкін емес, шеберлер сәнге басымдық береді (мысалы,
тікбұрышты үстелдер дөңгелек, сопақ пішінділермен ысырылуда), қаптама үлкен
рөл ойнайды, жиһаз эклектикалық бола түсуде.
Жалған стильдер, қажетсіз, шамадан тыс әсемдеу пайда болады. Англияда
Регенттік дәуірі біртіндеп георгиан стиліне ауысады, ол бойынша жиһаз ақ
түске боялады. Кейінгі викториан стилі көпшілік тұста еуропалық
бидермейермен үндеседі. Жиһаз сарайлық өзгешелігінен арылады, өйткені оның
кең таралымы мінсіз талғаммен үйлеспейді.
19 ғасырдың екінші жартысында фабрикалық өндіріс дами бастайды.
Технологиялық өрлеу (иілген ағаш, сүректі штамптау) конструктивті
қарапайым, берік әрі салыстырмалы түрде арзан жиһаздың пайда болуына
мүмкіндік жасайды. Шын мәнінде Моравияда (сол уақытта Габсбургтар
патшалығының құрамында) ағайынды Тоне компаниясы ойлап тапқан вена
жиһазы сондай сипатқа ие еді. Бұл жиһаз бағасы жағынан тіпті дәулетті
шаруалардың өзіне қолжетімді болды әрі жаппай өндіріс дүмпуін шақырды.
Жалпы, 18 ғасыр аяғы мен 19 ғасырдың бірінші жартысында бүгінгі күнге
дейін сақталған жиһаз түрлері мен пішіндері ойлап табылған. Жиһаз үшін бұл
классикалық кезең, бұл уақыттың стильдеріне әлі күнге еліктеушілік
танытылуда, өйткені олардың бойында функционалдық жайлылық әрлеу сәнімен
үйлесім тапқан. Модерн жиһазында қатар екі бағыт дамиды: көркемдік (қиын
пішіндер мен сұлбалар) және конструктивті (тура сызықтар, анық құрылыс),
әрі соңғысы неміс және ағылшын бұйымдарына тән. Сызықтар мен пішіннің
конструктивтік анықтығына ұмтылатын бұйымдар барынша қарапайым, басқа зер
түрлері секілді маркетри де минимумға жеткізілген. Бұл бағыт жиһаз
шеберлері Римершмид пен Панкок шығармашылығында молынан көрініс тапқан.
Австрияда, кейіннен Германияда осындай жиһаз пішіндерінің (әсіресе
шкафтардың) өндірісі игерілді, олар барлық жағынан бұрынғы үлгілерден
ерекшеленетін. Маркетриді белсенді пайдаланатын солардың бірі жапон
жиһазының элементтеріне бет бұрған. Модерн кезеңінің жиһазында елеулі орын
алатыны маркетри – ағашты бояудан бастап, сюжеттердің түрлілігіне дейін.
Осы кезеңді сараптауда стильдік бағалау негізгі орында тұрады. Маркетридің
бойынан уақыт қалауы көрініс берген: 1890 жылдардың соңында ең сәнді түс
үйлесімі сары түстері бар жасылдау-қоңыр модерн болды, кейін сақталып
қалған қызғылт-сары, інжу түстес, сұрғылт-жасыл, ақшыл-қызғылт реңдермен
қатар, қызғылт, көк, қызыл, қоңыр қызғылт түстердің қанық салқын гаммасының
терең реңдері және олардың кей кездері үйлесім табуы жиі орын ала бастады.
Бұндай гамма өнердегі өткенге көз жүгірту бағытының нәтижесі болатын.
Ағаштың түсіне келетін болсақ, ХІХ ғасырдың соңында ашық түсті ағаш түрлері
– үйеңкі, алмұрт, қайың аса танымал болды. Құс көзі үйеңкісі, қайың және
жаңғақ бездері, сондай-ақ сүрегінің күрделі суретімен ерекшеленетін өзге де
ағаш түрлері және соларға ұқсастыратын бояу да сәнге енеді. Кейінірек,
әсіресе өткенге көз жүгірту сипатындағы жиһаздар үшін күңгүрт түстер
қайтадан сәнге айналды. Уақыт өте келе қымбат ағаш түрлеріне ұқсатылған
жасанды заттар пайда болды – палисандр, қызғылт ағаш, морилкаланған емен.
Бұл үшін шамшат, алмұрт және еменнің тығыз сүрегі сай келетін. Ағаш сүрегі
өзіне тән емес түстерге – ақ түстен бастап қанық жасыл, көк, күлгін, қызыл
және с.с. бояла бастады. Маркетри қоспаларының көне рецепттері жаңғыртылды,
олардың көмегімен түс алуда бірегей нәтижелерге қол жеткізілген. Ерекше
қабаты бар, мысалы, металл ұнтағының көмегімен алынатын ақ түс реңі бар
жиһаз сәнге енді. Ғасырлар тоғысында жиһаз үшін дәстүрлі емес материалдарды
пайдалану әдеттегі жағдайға айналды. Осылайша, маркетри панносымен қатар
керамикалық ендірмелер және олармен беткі бетті қаптау, мысалы үстелдің
үстіңгі тақтайының тегіс бетін қаптау кең етек жайды. Жиһаз жасауда шыны
ендірмелер және кей кездері күрделі сюжетті құраған тұтас витражды
композициялар үлкен танымалдылықпен қолданылды. Кейде олардың жапсырма
үлдірдегі көшірмесін дүкендердегі жаппай сатылымнан табуға болатын.
Металдың әсемдік мүмкіндіктерін пайдалану сол уақытқа тән болатын – әрі тек
ұлттық романтизм сипатындағы бұйымдардағы өрнектелген жез композияциялар
ретінде ғана емес. Бұл ағаш бетіне фактура ойынын және күтпеген түс әсерін
беретін сары және қызыл мыстан, тотықтырылған металдардан болған сан түрлі
ендірмелерді, ортағасырлық үлгілерді қайталайтын, бейнесі күрделі ілмек-
жиковиналар да болуы мүмкін еді.
ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы жиһаз дизайны бұған дейінгі
пішіндерден өте ерекшеленетін өнер туындыларының жарыққа шығуымен көзге
түсті, бұл өз кезегінде аталмыш құбылыстың табиғаты, оның пішін
қалыптастыру ұстанымы, әдістері мен заңдылықтарына деген қызығушылықты
туғызды. Ырғақ, көлем, салмақ, мөлшер, бөлшектеу жүйесі, жалпы жиһаз
жобалаудың композициялық ұстанымдары жайлы дәстүрлі түсініктер жаңа
материалдар, технологиялар шығысымен және дизайн нысандарының пішінін
қалыптастыруда көркем мәнерлілік рөлінің артуына байланысты қайта
қарастырылады. Функционализм кезеңіндегі жобалау қағидалары мен ұстанымдары
заттық ортаның ыждаһаттылығын, өңсіздігі мен жансыздығын ұзартты.
Стандартты заттардың жаппай өндірісінің легі ашық көрініс тапқан көркем
бейнесіз болатын, ол айқын, дара пішіндерді табуға бағытталған дизайндағы
жалпы глобальды үдерістерді іске қосуға мүмкіндік беретін. Бұл жағдай
адамның материалдық және рухани қажеттіліктеріне сай заттық ортаның
жайлылығы мен үйлесіміне қол жеткізу мақсатында дизайн нысандарының
көркемдік-бейнелік және композициялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың
функция, пішін және құраммен өзара тепе-теңдігін анықтау қажеттілігін алдын
ала көрсетті. Жиһазды көркем жобалаудың бүгінгі кезеңінде оның
технологиялық және тұтынушылық сапаларынан бөлек, өнердің жоғарғы өнімі
ретінде танылатын дизайн нысанының көркем бейнесін қалыптастыру ісіне
басымдылық беріліп отыр. Бұл бағыт постмодерн жиһазының ерекше белгілерінен
көрініс табады, әрі түрлі дәуір, аудан және субмәдениеттерден еншіленген
сан алуан көркемдік әдістердің, тарихи дәстүрлер мен ұлттық ерекшеліктердің
қолданысынан байқалады. Дәл осы кезеңде ең жаңа ғылыми-техникалық
мүмкіндіктер эстетикалық және көркемдік түйсінуді қажет ететін, толық түрде
ең таңғажайып жобаларды жүзеге асыруға жағдай туғызады. Тек қана
материалдық қасиеттерді бейнелейтін сәйкестік, масштабтылық, тектоника және
с.с. шеңберінде ғана пластиканы әсемдеу әдістеріне ие кәсіби дизайнердің
қатысуы затты туынды деп санау үшін жеткіліксіз. Тіпті заттың пластикасында
орнаған тұрпаттылық, даралық, жинақылық секілді қасиеттердің болуының өзі
оны көркем мәнерлі еткенімен де, оны өнер туындысына айналдырмайды, өйткені
бұл қасиеттер көбіне-көп материал құрылысы мен функциясының эстетикалық
мәнерлілігіне қызмет етеді. Сондықтан да көркем мәнерліліктің барынша
айқын қасиеті – метафоралылыққа жүгіну толық түрде заңды болады. Кейде
жиһаз мүсінге ұқсас бола түседі, айырмасы өз жиынтығында көркемдік, әсемдік
сапалары мен құндылығынан бөлек, функционалдық баламасын да ала жүреді.
Соңғы жылдары құндылықтарды қайта қарастыру тек кәсіби дизайнерлер
санасында ғана болған жоқ. Тұтынушының да жиһаз нысандарының эмоционалды-
бейнелік мазмұнына деген көзқарасы айтарлықтай өзгерді. Жиһаз бұйымын
таңдау барысында сатып алушы үшін бұйымның көркемдік қасиеттері мен
құндылығы үлкен маңызға ие. Бұл жаңаша жағдайда жиһаз өнерінің дизайн-
пішіндерін қабылдаудың үйреншікті тәжірибесі жеткіліксіз болып қалады,
бұнда мәдени ерекшеліктер шешуші мәнге ие, бұл факт кәсіби тәжірибе үшін
де, композицияның теориялық қыры үшін де ұғынуды талап етеді. Алайда
пішінді көркемдік тұрғыда ұғынудың қазіргі кезеңінде оның ішкі кәсіби
өзгешелігінде беті ашылмаған көп дүние жатыр. Басты назарды оның ішкі
дизайнерлік морфологиялық жобасына аударған жөн. Жиһаздың көркем пішінінің
эстетикалық әлеуеті дизайнер үшін аса маңызды, ол осы пішінмен анықталатын
элементтердің логикалық байланысына және мағыналық мазмұнына, тұтастық
талаптарына, эстетикалық нормасына бағыт ұстауға мүмкіндік береді деуге
болады. Өз кезегінде, көркем жобалау қосарлы тезаурусты (пішіннің
композициялық түрлілігі негізіндегі бейнелі санаттар) және олармен жұмыс
жасау техникасын жетілдіреді, көлемді модельдер бейнесі, оларды қабылдау
және жасау жайлы ретке келтірілген түсініктерді қалыптастырады. Орта
туғызушы пайдалы нысанның көркемдік-композициялық жүйеден тыс орналасуы
ойға қонымсыз, өйткені ол өз бойында функционалды, әлеуметтік және
эстетикалық ұйымдасушылық бірлігін табиғи түрде үйлестіреді. Сондықтан да
жиһаздың көлемді-композициялық жүйесін қалыптастыруда басты рөл эстетикалық
үйлесім мен бейнелі мәнерлілік ұстанымдары бойынша ұйымдасатын пайдалылық
пен молшылықты, эстетикалылықты, пайдалы функционалдылықты біріктіретін
тұтастық пен оңтайлылық ұстанымдарына тиесілі. Адамның өмір сапасын
жақсартуға ұмтылысы бірегейлілігімен, бейнелілігімен, көркемдік шешімдер
жаңашылдығымен көзге түсетін, стиль талаптары мен негізгі сәндік бағыттарға
сай келетін жиһаздың бәсекеге қабілеттілігімен байланысты мәселелерді
дизайнердің алдына әкеледі. ХХ ғасырдың екінші жартысынан, постмодерн
кезеңінде, жобалаудың теориялық концепцияларындағы елеулі ілгерілеу
композициялардың семиотикалық тұрғыда талдануына негізделгендігі де маңызды
болып табылады; кәсіби көріктеу құралдарының түрлері айтарлықтай молайды.
Бүгінде жиһаз пішінін қалыптастыруда мәдени ерекшеліктер шешуші мәнге ие
болуда. Бұл бағыт жиһаз дизайнының теориясы үшін де, тәжірибесі үшін де
керекті ғылыми ұғынуды қажет етеді.
Трансформер үстелдерінің шығу тарихы туралы жалпы мәліметтер.
Трансформер жиһаз әлем бойынша танымал, жарайды, бұл заңды құбылыс.
Заман талабы өз ережелерін бекітеді: қалалар өседі, пәтерлердің ауданы
кішірейеді. Жайлылық сезімін сақтауға және өз үйіңізді керек әрі онша қажет
емес заттардың мұражайына айналдырмауға қолайлы трансформер жиһаз
көмектеседі. Оның артықшылықтары – барынша функционалдылық және кеңістікті
үнемдеу. Көптеген дизайнерлер бұл жанрға ықыластарын танытады, оның үлкен
болашағы бар деп ұғады. ХІХ ғасырдың аяғынан, тұрмыс мейлінше демократиялық
сипатқа ие болғанда, трансформерлі жиһаз үлкен мәнге ие бола бастады.
Жекежайда тұру мүмкіндігіне бірлі-жарым адам ғана ие бола алатын, ал
табысты үйдегі жалға берілетін пәтер ең танымал қалалық баспана түрі болып
алды.
Модерн стиліндегі диван-кереуеттер қолайлылық және орын үнемдеу үшін
үздік шешім әрі қонақ бөлме баламасы қызметін атқарды. Олар сөрелер немесе
бүйірлік тумбочкалар түріндегі функционалдық қосымшаларға ие бола алатын.
Сондай-ақ төсек жабдықтары мен таңғы бой түзеуге қажетті барлық заттары бар
жуыну қондырғысын сақтауға болатын шкаф түріндегі трансформер кереуеттер де
шықты. Асүй үстел-кереуеті түріндегі қызметшіге арналған жатын орын да кең
өріс ала бастады, ол кереуеттің өзі жасырылатын тумба түрінде болды. Бұл
жаңашылдықты саудалаған неміс фабрикасы қолданудағы техникалық қолайлылыққа
баса назар аударатын.
Біраз уақыттан соң контейнер-жиһаз да пайда болды, ол түрлі функцияға
ие ықшам буып-түйілген құрылғы түрінде болатын, мысалы жорыққа қажеттінің
бәрін салуға болатын, көлемі 60х70 см, сарбаздарға арналған сандық-шезлонг.
Бүгінде бұндай жиһаз далалық әскери жұмыстарға арналған мобильді кеңсе
деп аталады.
1920 ж. функционалды жиһаз лайықты сыртқы түрге ие болды: ол енді
кеңістікті үнемдеп қоймай, оны көріктендіретін болды. Стандартты заттардан
бөлек жалғыз данада ерекше авангардтық дизайн-өнім ретінде қолмен
құрастырылған эксклюзивті жиһаз пайда болады: шыны мен металдан жасалған,
биіктігі реттелетін журнал үстелдері, сәндік заттары мен көптеген өзге
дүниелерге арналған жасырын бөлімі бар қабырға айналары. Ғасыр аяғында жаңа
ілгерілеуші бағыт көзге түсті: қажетті сәтте ғана пайда болатын жоғалып
бара жатқан жиһаз. Аталмыш ойды айқын көрсетушілердің бірі сынақшы-
дизайнер Джо Коломбо болды. Ол жасөспірімге арналған әмбебап тұрғын
контейнер жасады, оның ықшам көлемі әдеттегіден биігірек орналасқан төсек
өлшемімен бірдей, параллепипед пішінінде болды. Оның ішінде жазу үстелі,
орындық және іш киім, киім-кешек әрі кітап сақтауға арналған қорап
орналасқан [4].
Матрёшка сипатында жұмыс жасайтын конструкция бүгінгі күнге шейін
сұранысқа ие, мысалы, Жапонияда. Ұтымдылық пен ықшамдылыққа ұмтылған
заманымызда жиһаздың болуы оның мүмкіншіліктері мен қызметінен маңызды
емес.
Трансформация тәсілі бойынша үстелдердің өзін шартты түрде ең кемі үш
топқа бөлуге болады: үстел беті тақтайының өлшемі өзгеретін, алайда
аяқтарының тұрақты биіктігімен; тіреуіштерінің биіктігі реттелетін, алайда
беткі тақтайының тұрақты ауданымен; бүкіл құрылысының толық
трансформациясымен, яғни жылжымалы үстел бетімен және биіктігі реттелінетін
тіреулерімен. Диван-кереуетке келетін болсақ, бұл жатын бөлме, қонақ бөлме
және асүй қызметін бір ғана бөлме атқарғанда, жиһазбен жабдықтаудың кең
өріс алған бұйымы. Трансформация тәсіліне қарай, бұл диван-кітап немесе
сырғытпасы бар диван болуы мүмкін. Шамасы, бұл барынша жетілдірілген
жиналмалы кереуеттердің екінші өмірі болса керек.
Жиналмалы механизмі бар және дененің орналасу қалыбын реттеу
мүмкіндігі бар креслолар; шкафтан тек түнде сырғытып шығаруға болатын,
жасөспірімдерге арналған роликті кереуеттер; отырған және тұрған күйде
жұмыс жасауға болатын компьютер үстелдері; шағын үстелдермен, кіріктірілген
көйлек-көншекке арналған қораптар және шағын бармен жабдықталған дивандар –
барлығын санап болу мүмкін емес.
Қазіргі заманның соңғы жетістіктері – гипертрансформерлер. Бұл
төңкерілген ерекше жиһаз, біз ондай бұйымның бір бөлігінен оп-оңай
функционалдығы төмен емес екінші бұйымды жасап аламыз. Бұндай жиһаздың
барлық бөлігін шынтақ сүйеніштерінен бастап, жастықтарға шейін ішке не
сыртқа бүгіп қана қоймай, оның пішінің реттеуге де болады. Уақыт өте келе
трансформерлі жиһаз кішкентай пәтерлер және арзан материалдармен байланысын
үзіп, түрлі мақсатты, стильді және қымбат бола түсуде. Жиһаздың бұл түрі
кездеспейтін бір де бір үйді таппайсыз.
Біздің өмірімізді үстелсіз елестету мүмкін емес. Оның үстінде ас
әзірленеді, тамақ ішіледі, жұмыс істелінеді, жазу жазылады, түрлі заттар
жайылады және тіпті бильярд та ойналынады. Бұл жиһаз түрінің орындық және
кереуетпен қоса ең көне екендігі анық. Алғашқы үстелді мысырлықтар ойлап
тапқан делінеді. Ол бүгінгі үстелге онша ұқсамаған көрінеді. Ас ішуге
арналған үстел дөңгелек әрі шағын болған, қазіргідей 4 аяқта емес, жуан бір
бағанада тұрған. Мысырлықтарды пайдалану ыңғайлылығы мен қарапайымдылығы
емес, тек сыртқы әсемдік қана қобалжытқан. Үстелдерді көне гректер де
қолданған. Бір жолы белгісіз бір көне гректік шебер көркем оюлы табурет
жасап шығарған, әрі оның үстінде отыру әбес көрінген, сондықтан да біреу
оны үстел ретінде пайдаланған жөн екендігін аңғарады. Үстел басында ас
ішіле бастайды. Олар тек ағаштан ғана емес, мәрмәр мен қоладан да
жасалынатын болған. Бұндай үстелдер ауыр салмағына қарамастан, мобильді
болған, тамақтанғаннан соң оларды бөлмелерден шығарып отырған. Ортағасырлық
дәуір орнаған сәтте үстел жасаудағы антикалық дәстүрлер жоғалып тынады.
Үстелдер үлкен, ыңғайсыз және салмақты етіліп жасалына бастайды. Бір сәтке
қарапайым жиһаз бұйымын тек жоғарғы қауым өкілдері иемдене алатын, ал
кедейлерде үстелдер болған жоқ. Х-ХІ ғасырларда Орыс жерінде саз балшықтан
соғылған, төменгі жағы жерге көміліп тұратын үстелдер кең тараған, тек XVII
ғасыр шамасында ғана бұл жиһаз қозғалмалы болды және ағаштан жасалына
бастады. Көне орыс тілінен шыққан үстел (стол) сөзінің өзі әу басында
бүгінгі билік (престол) – тақ мағынасын берген. Сол сөзден астана
(столица) сөзі де туындаған. Бүгінгі жиһаз өз бойына өткен уақыт
дәстүрлерін жиып алған. Ол алуан түрде және дизайнда жасалынады. Кантри
стиліндегі үстел модерн стиліндегі үстелден айтарлықтай өзгешеленеді.
Сондай-ақ үстелдер арнаулы қызметі бойынша да ерекшеленеді – жазу және
түстену үстелдері, шыныдан жасалынған журнал үстелдері, теледидар қоюға
арналған үстелдер, сонымен қатар, нұсқаулығына қарай журнал үстелі де,
түстену үстелі де бола алатын жиналмалы трансформер үстелдер де бар.
Үстел қай жерде тұрса да, қандай мақсаттарда қолданылса да, қандай да
бір қуат орталығы есебінде адамдарды әрдайым өзіне тартады. Оның
айналасында ылғи да қуат жинақталады.

1.2 Ағаштың қасиеттері және түрлері

Егер біз ағашты(діңгегін) көлдеңенінен кессек, онда ағаштың кесілген
жерінен беліленгені бойынша және сыртқы түрі бойынша бір-бірінен
ерекшеленетін жеке бөліктерді (қабақшасын) көреміз. Әр қабақшаның өз аты
бар: қабық, камбий, сүрек, өзек.
Ағаштың қабығы сыртқы және ішкі қабаттардан тұрады. Сыртқы тоз, қабат
ағашты сыртқы бүлінуден қорғайтын қатты қабат болып саналады. Ішкі қабықты
қабат сыртқыға қарағанда жұмсағырақ, онда камбий қабатына баратын қоректік
заттар өтетін каналдар бар.
Камбий – қабық пен сүректің арасында орналасқан тірі жасушалардың өте
жіңішке қабаты. Ол тірі жасушалар көбею арқылы жаңа ұлпа құрайтын нәзік,
әрі шүйгін ұлпа болып саналады.
Сүрек – құрылымдық мақсаттарға бағытталған діңгектің ішкі, қатты
бөлігі(1-сурет.). Бір жылда ағашта бір жылдық сүрек қабаты(сақинасы)
түзіледі. Көлденең кесекте қанша жылдық сақина болса, ағаш сонша жаста.
Ағаштың өсуі бойынша өзекке жалғасқан ескі жыл сақиналары уақыты келе нәрлі
шырындарды өткізетін қабілетін жоғалтады, қурап қалады және ядро деп
аталатын бері және тығыз сүрекке айналады.

1-сурет. Ағаш сүрегі.

Ядролық сүрек күңгірт түсті болады, тығыздылығымен ерекшеленеді және
діңгектің жансыз бөлігіне қарағанда ылғалдылығы аз.
Өзек – діңгектің ішкі орталық бөлігі. Беріксіз, жұмсақ жасушалардан тұрады
және бүкіл діңгек бойынша өтеді [5].

Қайың(2-сурет).Көп тараған және екі түрге бөлінеді: жас тармақтарында
сүйелдің көп болуынан сүйелді қайың деп аталатын түрі және ақ қайың. Екі
түрдің таралған аумағы кең (Ресейдің және жақын шетел жапырақты орманының
½ аумағы). Қиыршығыс түрлерінен қайыңның сары және қабырғалы қайыңды, тас
қайыңды, қара қайыңды, темір қайыңды белгілеуге болады. Қайың – ядросыз
тұқым. Сүрек ақ сары немесе ақ қызғылт түсті. Жылдық қабаты онша
көрінбейді. Сүрек сәулелері радиалды кесектерде ғана көрінеді. Қайыңның
сүрегіне жоғары беріктік, қаттылық, тығыздылық, тұтқырлық тәне, бірақ
беріксіздік шіруге әкеледі. Темір қайыңның сүрегіақ қайыңның сүрегіне
қарағанда тығыздығы және беріктігі бойынша 1,5 есе, ал қаттылығы жағынан
2,5 есе көп. Сары, қара және тас қайыңның сүрегінің физикалық-механикалық
қасиеттері де жоғары көрсеткіште. Ақ қайыңның сүрегі жиі қолданылады
(шереге арналған аршылған кілтек, мылтық ложасы, құрылыстық бөліктер,
плиталар, шаңғы, целлюлоза, паркет, фурфурол, құрғақ ағызуға және көмір
жағатын шикізат). Карель қайыңының сүрегі сәндік материал ретінде
қолданылады. Темір қайың сүрегі машина жасауда қолданылады.Сүректің басқа
тұқымынан қарағанда қайың радиалды және тангенциалдық кесу қасиеттерінде
айтарлықтай айырмашылығы жоқ, бірақ ылғалды болып кетуі мүмкін, сондықтан
мамандар оны қыңыр тұқымы деп те атайды. Қайың сүресі жақсы боялады, сол
арқылы дизайнға арналған шектелмеген мүмкіндіктер ашады. Кептіру кезінде
ағаш қисайып қалуы мүмкін. Сүрек кептірілгеннен кейін тегіс, күңгірт
жылтыр және оның үсті жеңіл өңделеді. Желімдеуді, бұрама шегені және
шегелерді жақсы көтереді, бірақ тесікті алдын ала бұрғылап алу керек.
Қайыңды негізі фанера, ағаш шеберлігі және жиһаз өндірісіне қолданылады.
Карель және кап қайыңдары құнды. Қарапайым қайың жоғары беріктілігімен,
біртекті құрылысымен және түсімен, орташа тығыздылығымен және қаттылығымен
ерекшеленеді. Оның сүрегі шіруге қарсы тұрақсыз, негізінен фанер, ашылған
кілтек жасауға пайдаланылады; жиһаз өндірісінде қолданылады. Қайың оңай
өңделеді және қиюланады, өңделу кезінде жақсы боялады. Сүрек буланған кезде
жақсы шіриді. Қайың бездері мозаикалық жұмыстарға өте құнды материалдар
береді. Сүректің біртектілігінің, жабысқақтылығының және беріктілігінің
арқасында қашап жасалған бұйымдарды жасауға да қолданылады. Бұл тұқымның
кемшіліктері: көп кебеді, оңай ұсатылады, қатты , жарылады, қисаяды,
құртталады.

2-сурет. Қайың ағашының құрылымы.

Бүк ағашы (3-сурет). Әсіресе шығыс бүк ағашы жайылады, сонымен қатар
орманды бүк және европалық бүк ағашы. (Кавказда, және Крымда). Бүктің
жайылыпөсуі үшін борпылдақ және шұрайлы топырақты, кальцийлы тау жерлері
жағымды. Оптималды жағдайлы жерде бүк ағашы- 40-50 метрлі және 150диаметрлі
биіктікке жетеді. Бүк ағашының өмір ұзақтығы 600 жыл, бірақ әдетте 120
жылдық діңгектердің көбісі шіріп кетеді және сүрегі жарамсыз болады. Сүрек
діңгегі түзу, жақсы қалыптасқан, және өсу кезінде орманда олар бұтақтарсыз
18 метрге дейін жетеді. Күннің көзінің әсерінен ақшыл сүрек қараяды.
Өзекті сәулелер өте кең. Сүрек қызыл-сары немесе сұрылау ақшыл түсті.
Кесетін құрылғымен және жақсы өңделеді және тегістеледі. Бүк ағашы ылғалдың
өзгерілуінт тез сезеді және соған байланысты қыңыр тұқымды болып
саналады. Бүк ағашының сүрегі арнайы жылылық өңделуге жақсы беріледі, ол
оның бояуын тегістейді және қызыл тонға итермелейді. (мұнарлы бүк ағашы).
Бүк ағашының сүрек текстурасы әдемілігімен және жоғары сәндік қасиеттерімен
, әсіресе тенгенциалды және радиалды кесектерде , ерекшеленеді. Тығыздылығы
және қаттылығы бойынша бүк ағашы еменнен төмен емес, бірақ ол жоғары
гигроскопия кесірінен құрттауға шалдығады. Сондықтан бүктен жасалған
бұйымдарды жоғары ылғалдылығы бар жерде қоюға болмайды. Мұндай құбылысты
сүректің демалуы деп атайды, одан құтылу үшін, сол жердің температурасы
және ылғалдылығы жоғары болмау керек. Бүк ағашының сүрегінің ылғал
тартқыштығы өңделуі және кептірілуі кезінде жағымды әсер етеді. Сүректі
кептіру үрдісі басқа тұқымдарға қарағанда тез жүреді, ал сызаттары азаяды.
Бүк ағашы оңай ұсатылады, араланады және қол қол құралдарымен өңделеді ,
әрең тегістеледі. Бумен өңделген бүк ағашы оңай майысады, бұл қасиеттері
вен орындықтарын дайындау кезінде, яғни жиһаз өндірісінде қолданылады. Бүк
ағашы бапалдақ сатыларын, еденді, паркетті, панельді және жиһазды жасауға
арналған керемет материал. Ағаш химиясында пайдаланылады. Сүректі құрғақ
алып шығу жолымен сірке қышқылын және креозотты алады. Тығыздығы:. 650
кгкм3. Қаттылығы: 3,8.

3-сурет. Бүк ағашының құрылымы.

Қызылқайың (4-сурет). Еуропада, Кіші Азияда және Иранда көп таралған,
сонымен қатар Кавказда, Карпатта, Крымда, ТМД елдерінің оңтүстік шығыс және
батыс аудандарында өседі. Қызылқайыңды тағы ақ қайың деп те атайды. Оның
сүрегі қатты, берік және тығыз, оның түрі ақшыл-сұрылау түсті.
Қызылқайыңның текстурасы шағандыкіндей ашықтығымен ерекшеленбейді; тегіс
бұлыңғыр фонда оның сүрегі ақшыл нүктелермен тарамдалған. Бұл тұқым
сүрегінің қабат құрылымының болуы жиі емес, сондықтанда қызылқайың әрең
ұсатылады. Жұқа сүрек қабаты ядроға өткеннен үлкен айырмашылығы жоқ.
Деформация және кеуектілікті бодырмау үшін ұзағынан және мұқият кептіру
керек. Қызылқайың кепкеннен кейін шалыстануға шалдықпайды; оның беріктілігі
еменнен қарағанда жоғарылайды. Кесетін құралмен әрең өңделеді. Қызылқайыңды
ағаш шеберлігінде қолданылуы түрліше, дегенмен емен, шаған немесе бүк
ағашына қарағанда ондай кең емес; құрастыруда қолданылады. Қызылқайың
жақсы өңделеді және уланады. Тығыздылығы: 750 кг м3 шамалас, беріктігі:
3,5 шамалас.

4-сурет. Қызылқайың ағашының құрылымы.

Емен (5-сурет). Бүк ағаштар тұқымы. Ең көп таралған жаздық емен, ол
емен орманының 95% -ын алады. Емен – шексіздік белгісі – құрылыс шаруасында
көп уақыт қолданылды. Еуропада, Азияда және Америкада көп таралған, Ресейге
дәстүрлі тұқым болып саналады. Емен Еуропаның барлық дерлік жерінде өседі,
оңтүстікте де, солтүстікте де. Финляндияда еменнің табиғи өсімінің алаңы
Аланд аралы және Оңтүстік Финляндияның жағалық аудандары. Емен сонымен
қатар Кавказда және Түркияның кейбір аудандарында өседі. Еменнің жасы 1000-
нан да асуы мүмкін. Ағаштар 18-30 метрге дейін және диаметрі 120-180 см-ге
дейін өседі. Еменнің діңі, тік және бұтақтарсыз өскен, 15 м биітікке дейін
жетеді. Үлкен түрлілігімен ерекшеленеді, себебі оның тұқымдасының жалпы
саны 200 түрдей. Жаман жерде өсетін солтүстік ағаштары оңтүстік ағаштарының
сүрегіне қарағанда сүрегі жақсы. Еменнің жұқа сүрек қабаты ақшыл-сары
түсті. Жетілген сүректің түсі ақшыл-қоңырдан сарғыш-қоңырға дейін болады.
Ол берік, бұзылмайтын, сыртқы әрекеттерге төзімді болып келеді. Уақыты келе
емен қараяды, ол игі кәріліктің белгісі тәрізді. Еменнің сүрегі ақырын
кебеді, тездетілген кептіруде сынып қалуы мүмкін. Емен сүрегіне сәндік
қасиеттер берілу үшін оны жиі морилкалауға немесе улауға жібереді. Еменді
морилкалау дегеніміз оны көпжыл суда ұстау, содан сүрек жибекті, қара-
күлгін түсті болады. Морилкалау сүректің қаттылығын көбейтеді, бірақ
сонымен бірге оның сынғыштығы жоғарылайды. Емен қабығын және үгіндісін
сүректің басқа тұқымдас арзанқол материалдарына қолданылады, ол олардың
табиғи түсін өзгертеді. Ол үшін ағаш бұйымдарын илік заттармен толтыра
отырып, ұнтақталған қабат пен емен діңінің жаңқа қоспасының қайнатпасында
ұстау керек. Емен бұйымын өңдеу әдісін таңдаған кезде сүректің спиртті
лакты және политураны нашар қабылдайтынын есепке алу керек. Политураны
жоғары кеуектілігі үшін қабылдамайды. Емен сүрегінің көтеріңкі беріктілігі
оған шегенің шегеленуін және бұрама шегенің бұралуын қиындатады. Сондықтан
тақтайшаның жарылуын болдырмау үшін алдын ала бұрғылау керек. Баспалдақтың
емендік элементтері өз арасында жақсы жабысады. Емен сүрегі түрліше
қолданылады: паркет ретінде, жиһаз өндірісінде, көлік жұмысында,
жәшік(шарапқа және сыраға арналған бөшкелер) және илік-экстраттық
өндірісте. Айқын атмосфера тұрақты лактармен жабылған еменнен жасалған оюлы
массивті … жалғасы