АФК үздік атануға үміткерлер тізімін жариялады

0

АФК үздік атануға үміткерлер тізімін жариялады

Азия Футбол Конфедерациясы 2018 жылдың ең үздік ойыншы мен бапкер атануға үміткерлердің тізімін жариялады. Лауреаттарды марапаттау кеші 28 қараша күні Оман астанасы Маскат қаласында өтеді. Ол жерде 7 бағыт бойынша ең үздік деп табылғандар анықталады. Осы бағыттарға үміткерлер арасында кем дегенде бір жапониялық ойыншы бар.

«Жылдың ең үздік ойыншысы» (ерлер арасында): 
Кенто Мисао («Касима Антлерс», Жапония); 
Юма Судзуки («Касима Антлерс», Жапония); 
Абделькарим Хассан Фадлалла («Аль-Садд», Катар).

«Жылдың үздік ойыншысы» (әйелдер арасында): 
Саманта Керр (Австралия) 
Ван Шуан (Қытай)
Саки Кумагаи (Жапония).

«Жылдың үздік ойыншысы» (футзал бойынша):
Рафаэль Хенми (Жапония)
Хасан Зода Али Асгар (Иран)
Джавид Махди (Иран)

«Жылдың үздік жас футболшысы» (әйелдер арасында): 
Фука Нагано (Жапония); 
Моэка Минами (Жапония); 
Саори Такарада (Жапония)

«Жылдың үздік жас ойыншысы» (ерлер арасында):
Юнь Нишикава (Жапония); 
Чон Се Жин (Оңтүстік Корея)
Туркий Ал Аммар (Сауд Арабия).

«Әйелдер командалары арасындағы жылдың үздік бапкері»: 
Асако Такакура (Жапония); 
Мийо Окамото (Жапония); 
Нуэнгрутаи Сратонгвиан (Таиланд).

«Ерлер командалары арасында жылдың үздік бапкері»: 
Босим Хамдан (Ирак); 
Го Оива (Жапония); 
Равшан Хайдаров (Өзбекстан)