Әдістемелік нұсқау хат 2019 – 2020 оқу жылы, нұсқау хат 2019

0

2019 – 2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019 – 2020 оқу жылы
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды (2019 жылғы 14 маусымдағы №5 хаттамасы)
2019 – 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр – Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. – 384 б.
Жинаққа 2019 – 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық және жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң 1 – 11 – сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2019
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019 – 2020 оқу жылы
3
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2019 – 2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2019 – 2020 оқу жылында 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 – сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша, ал 11 – сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен білім алады.
2019 – 2020 жаңа оқу жылында білім беру процесінің нормативтік – құқықтық қамтамасыз етілуі:
1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1 – 3 – сыныптарда білім беру процесі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама); ✓ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м. а. 2018 жылғы 10 қазандағы № 556 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығы ✓ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен бекітіліген өзгерістер мен толықтыруларымен);

​Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019 – 2020 оқу жылы. көшіріп алу
Әдістемелік нұсқау хат жүктеу

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз