Әдістемелік көмек»Қызықты психология»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Әдістемелік көмек»Қызықты психология»

Автор: Адильгереева Гулжан Сапиевна

Бағыты: Психология Бөлімі: Семинарлар Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-01-05


Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл әдістемелік жинақ мектептегі психолог мамандар үшін оқушылар мен, мұғалімдерге психологиялық білімді берудің әдістері мен тәсілдері, құралдары мен мүмкіндіктерін меңгертуде тигізер пайдасы өте мол. Жас психолог мамандарға арналған.




М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Қызықты психология» атты жас психолог мамандарға арналған әдістемелік жинақ

2018 жылМ. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» факультетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.Хаттама № 2 18.10.2018

Құрастырған: 1.Адильгереева Гулжан Сапиевна — БҚО, Казталов ауданы Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологі;2.Даулетова Жаухар Ханатовна – БҚО, Казталов ауданы Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің педагог- психологі.

Пікір жазғандар:

  • Маденова Лаззат Мутиголлаевна – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және психология ғылымының магистрі;
  • Төлеуова Жеміс Хамидоллақызы – Орал қаласының №45 ЖОББМ жоғары санатты психологі.

Бұл әдістемелік жинақ мектептегі психолог мамандар үшін оқушылар мен, мұғалімдерге психологиялық білімді берудің әдістері мен тәсілдері, құралдары мен мүмкіндіктерін меңгертуде тигізер пайдасы өте мол. Жас психолог мамандарға арналған. КіріспеҚазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр педагогтың күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр педагог өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Қазіргі заманғы психологиялық білім мен оның тәжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі мектептегі психологиялық қызметтің әдістемесіне жаңа, әрі тиімді әдістерді енгізуді қажет етіп отыр. Осыған байланысты мектептегі психолог маман психологияның теориялық сұрақтарымен бірге, оқушыларда оқу барысында пайда болатын психологиялық мәселелерге қатысты сұрақтарына да жауап бере білуі керек болатыны түсінікті. Себебі, психологтер оқушылардың ерекшеліктерін ескеруі міндетті. Оқыту процесі оқушылардың өздері қабылдап алған барлық білім, түсініктердің сана-сезімдеріне қандай әсер ететіндігін түсінуіне негізделген кезде ғана тиімді болады. Мұғалім шеберлігінің бірден бір көрінісі — өз пәнінің мақсаттарын адамның қоршаған ортамен және басқа адамдармен қатынастары тұрғысынан қарастыру, ғылыми пәнді социумның, өнердің, мәдениет пен тұрмыстың мазмұнына үйлестіре алу және оқушылардың құндылық бағдарларын нақты оқу мақсаттарына айналдыра алуында екені анық. Психолог маманның мақсаты дәл осы мазмұнды қамтиды: өмірдің әр түрлі жағдайларында адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасын орнатудың теориясын және тәжірибелік білімдері мен әдістерін оқушыларға меңгертуді көздейді. Мектептегі психологиялық қызмет басқа адамдардың ойлау бейнелері мен әрекет бейнелерін анықтайтын жағдайларды өзгерту мен түсіну тәсілдерін меңгертуге ғана емес, сонымен бірге, адамның өз тіршілік әрекеті мен санасын да өзгертуге бағытталған. Оқушылардың тұлғалық сапаларын қалыптастырудағы мұғалім мен оқушы, мұғалім мен мұғалім арасындағы бірлескен іс-әрекеттің алатын орны мен оған психологиялық жағдай туғызуға қажетті шарттар жайлы С.М.Жақыпов, Е.И.Исаев, С.Д.Смирнов, В.И.Слободчиков өз еңбектерінде баян етеді. Бұл әдістемелік жинақ мектептегі психолог мамандар үшін оқушылар мен, мұғалімдерге психологиялық білімді берудің әдістері мен тәсілдері, құралдары мен мүмкіндіктерін меңгертуде тигізер пайдасы өте мол.

Негізгі бөлімОқытудың міндеттерін құра білу, әрі сынып және сыныптан тыс жұмыстардағы оқытудың мазмұнын ұйымдастыру.Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта  болатыны  бізге  мәлім. Оның жүзеге асырылуы тек сабақ  жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте    сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан  тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз  етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған  және  сабақтың мақсатымен өзара байланысты    болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие  әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал  ете алады.Сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысының мақсаты тәрбиенің   жалпы мақсатын орындауға бағытталған-балаға қоғамда өмір сүруге  қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру, сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету,    олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге  қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, дүниетанымын қалыптастыру, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.Міндеттері:1. Балада   өзіне  қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру  және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын  қалыптастыру.  Егер де балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар  жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда онда толығымен ұжымдық өзара жағымды  әрекеттесу дағдысы қалыптасады. 3. Балада әр түрлі көркем өнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Баланың таным қызығушылығын дамыту  бір жағдайда, ол оқу процесінде жұмыс істесе, екінші жағдайда балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.  Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі  бағыттарын анықтайды.  Соның ішінде псхологиялық үйірмелер мен тренингтерге қатысу сыныптан тыс оқытудың бір түрі болып табылады.Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың әрқайсысының тұлғасын қалыптастыруда, ең   алдымен психологиялық-педагогикалық, басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдермен оқушылардың мызғымас ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ.Түсіндіру, меңгеру және бақылау  міндеттерін шешуге оқу уақытын бөліп, реттеу. Диагностика (грек. «диа» — мөлдір, таза және «гносис» — ілім) – оқылатын нысан немесе үдеріс туралы алдын-ала ақпаратты алудың жалпы тәсілі.Соңғы жылдары жоғары мектеп тәжірибесінде диагностикаға педагогтардың оқыту, тәрбиелеу және білім беру нәтижелерін өлшейтін арнайы қызметінің жүйесі ретінде қарауға көп көңіл бөлуде.Оқыту нәтижелерінің диагностикасы – білім алушылардың жүйелі түрде меңгерген білім, іскерліктері мен дағдыларын анықтау, талдау және бағалау. Оқытудың нәтижелілік – бұл диагностикалау кезінде көздеген мақсаттың жүзеге асу деңгейін көрсету дегенді білдіреді.Бақылау – білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін көрсететін білімін, іскерлігін бағалау, өлшеу, анықтау.Білім алушылардың білім, іскерліктерін бақылау, бағалау әрқашан оқыту үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Диагностика жеке бағытталған сипатқа ие болады, яғни, нақтылы білім алушының оқу жетістіктері басқа білім алушының емес, белгілі бір уақыт аралығындағы өзінің жетістіктерімен ғана салыстырылып, талдалуы болып отырады. Әр адам өзіне тән тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерімен, ойлаудың белгілі бір деңгейінде болатыны, өзіне тән ес, есте сақтау қабілеттерімен ерекшеленетіні аян. Диагностика мен бақылау оқытушылық, дамытушылық сипатта болу керектігін ұмытпау керек, сонымен қоса өзін-өзі бақылаумен қосылып, ең бірінші білім алушының өзіне қажетті, пайдалы болуы тиіс.Диагностика мен бақылау обьективтілік, жүйелілік, көрнекілік принциптеріне сүйенеді.Обьективтілік принципі оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін қамтитын тапсырмалардың, сұрақтардың, тестердің ғылыми негізделген мазмұнына байланысты болады, білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін тексеруді қамтамсыз етеді.Жүйелілік принципі оқыту үдерісінің барлық кезеңдеріне – білімді о баста қабылдаудан бастап оны практикада қолдана алуына дейін диагностикалық бақылауды жүргізу қажеттілігімен анықталады. Жүйелілік диагностикалауды жүргізуге кешенді түрде қарауды талап етеді, ондағы бақылау мен тексерудің, бағалаудың әдістері мен құралдары, формалары өзара тығыз байланыста, бірлікте болып, бір мақсатқа бағынады.Көрнекілік (жариялылық) принципі білім алушылардың білім, іскерлік пен дағдыларын бір талаптар аясында тексеруден тұрады. Көрнекілік принципі тексерудің, оларды талдау мен талқылаудың нәтижелерін жариялап, талдауды қажет етеді.Оқыту нәтижелерін диагностикалаудың негізгі қызметі:-талдамалық – оқушының оқу жағдайын және сипатын талдау;-бақылау-бағалаушылық – білім алушылардың білімділік жағдайын бағалау мен бақылауды жүзеге асыру;-түсіндірушілік – білім алушылардың білімділік деңгейіне түсініктеме беру, нормадан ауытқушылық болса оның себептерін түсіндіру;-дамытушылық – білім алушылардың оқыту нәтижелерін диагностикалау олардың өз бетімен білімдерін арттыруына, өз-өздерін жетілдіруге себеп болады;-ақпараттық –білім алушыларға олардың оқыту нәтижелерінің деңгейі туралы ақпарат беру;-прогностикалық – білім алушылардың білімділік деңгейін ары қарай арттырудың мүмкіндіктері мен болашағын болжау және шамалау;-ұйғарымшылдық – білім алушының білімділік деңгейін ары қарай арттырудың жолдарын анықтау;-кері байланысушылық – диагностика тиімділігін бағалау мен қателерді жоюдың білімділік диагностикасының нәтижелері туралы ақпаратты алу мен талдау.Осылайша, диагностика ұғымы бақылауға қарағанда неғұрлым кең. Диагностикалауға бақылау, тексеру, есепке алу, бағалау, мәліметтерді жинақтау, оларды талдау, рефлексия, оқыту барысын түзету, оқу үдерісін ары қарай жетілдіруді болжау жатады.Диагностиканың негізгі дидактикалық қызметі педагог пен білім алушылар арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын меңгеруі жайлы ақпараттар алу, дер кезінде білім алушылар біліміндегі кемшіліктерді анықтап, күшті және әлсіз жақтарын тауып, түзету жұмыстарының жоспарын белгілеп беру болып табылады. Педагогиканы оқыту барысында маңызды және жауапты кезеңдердің бірі білім алушылардың оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалау, оны түзету кезеңдері болып табылады. Оқытудың тиімділігі бақылаудың саны мен сапасына, толықтығына, дер кезінде ұйымдастырылуына, айқындылығы мен обьективтілігіне байланысты.Бақылауды жүзеге асыру үшін қолданылатын ұғымдар мәнін, тиімділігіне әсер етуші факторларды анықтау қажет. Қазіргі таңдағы педагогикалық теориядағы «бағалау», «бақылау», «тексеру», «белгілеу» ұғымдары қатаң түрде қалыптасқан жоқ. Олар өзара араласып, өзара алмасады, бір мағынасынан келесіде басқа мағынада қолданады. Осы түсініктердің әрқайсысына жеке тоқталайық.Олардың арасында ортақ қолданылатын «бақылау», ол білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын өлшеуді, анықтауды білдіреді. Анықтау мен өлшеу «тексеру» деп аталады. Сондықтан тексеру бақылаудың құрамдас компоненті болып табылады. Тексерудің негізгі дидактикалық қызметі оқытушылар мен білім алушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын игеру жайлы объективті ақпарат алу, дер кезінде білім алушылар біліміндегі түзетуді қажет ететін кемшіліктерді анықтап отыру. Тексеруден басқа бақылаудың құрамына «бағалау» (үдеріс ретінде) мен «баға» (нәтиже ретінде) енеді. Бағалар белгілер түрінде (шартты белгілер, бағаның сандық түрлері) тіркеледі.Оқушылардың үлгерімін бағалау олардың білім, іскерлік, дағдыларын тиімді игерудің критерилеріне сай жүргізіледі. Ең маңызды критерилері деп көлем, жүйелілік, ұғу, беріктік пен пәрменділік (ұтымдылық) саналады. Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық:білім көлемі – оқушының жеке бөлім, модуль, тақырып немесе жеке сабағы бойынша меңгерілетін фактілер, түсініктер, ережелер, заңдар жиынтығы;білімнің жүйелілігі – оқылатын пәннің қисынын, оның идеясы мен заңдылығын түсіну, оқылған материалды белгілі бір тәртіппен орналастыра білу іскерлігі, бір фактіні, ұғымды, ережені екінші бір фактімен, ұғыммен, ережемен дұрыс байланыстыра білу;білімнің ұғынықтылығы – пікірдің айқындылығы мен дұрыстығы, әр қырлы сұрақтарға жауап бере білу іскерлігі, түсіндіру және практикалық міндеттерді шешу үшін теориялық білімді қолдану;білімнің беріктігі – оқылған материалды есте мықтап ұстау және игерген білімін түрлі жағдайларда дұрыс қолдана алу;білімнің пәрменділігі – алған білімді әр түрлі танымдық және практикалық іс-әрекетте қолдана алу, теория мен практиканы өзара байланастыра білу.Білім алушылардың үлгерімін бағалаудың негізі болып бақылау нәтижелері болып табылады. Бұл жағдайда олардың жұмыстарының сандық та, сапалық та көрсеткіштері есепке алынады. Сандық көрсеткіштер балл мен пайыздық мөлшерлеме түрінде, ал сапалық «жақсы», «қанағаттанарлық» т.б. бағалау пікірімен тіркеледі. Әрбір бағалау пікіріне алдын ала келісілген, тағайындалған балл, көрсеткіш сәйкес келеді (мысалы, «үздік» немесе «өте жақсы» деген бағалық пікірге 5 баллы сәйкес келеді).Факторлардың көптүрлілігі субьективтілікке әкеліп соғады, сонымен қатар оқытушыға білім алушының іс-әрекетіне сәйкес бағаны қою кезінде ерекше жауапкершілік жүктейді. Ортақ талаптар мен обьективті амалды қамтамасыз ету мақсатында педагогика ерекшелігін есепке ала отырып студенттердің жауабын бағалау критерийлері белгіленді. Осыған дейін қолданылып келген амалдарды жинақтай отырып, жауаптарға қойылатын бағалардың критерийлерін құрастыруға болады. «Өте жақсы» (балдар – 3,67-4,0; % тік мазмұны – 90-100%; әріптік жүйе бойынша – A-, A) деген баға үшін пәннің оқу бағдарламасына сай меңгерген білім көлемінің тереңдігі; негізгі әдебиеттерді білуі; берік білім мен дағдыларды айқын байқататын дұрыс әрі нық әрекеттер; оқу материалын толық, анық, сауатты әрі қисындық бірізділікпен құра білу; тәжірибелік сұрақтарды талдау барысында теориялық білімді еркін қолдана алу жатады. «Жақсы» (балдар – 2,67-3,33; % тік мазмұны – 75-89%; әріптік жүйе бойынша – B-, B, B+) – деген баға үшін осы талаптар, бірақ оқушының жауабында мұғалімге ескерту, түзету жасатуға негіз болатындай көрсетілген кейбір талаптар бойынша біраз қателіктер кездеседі. «Қанағаттанарлық» (балдар – 1,0-2,33; % тік мазмұны – 50-74%; әріптік жүйе бойынша – D, D+, C-, C, C+) деген бағада осы талаптар, бірақ оқушы жауабында мұғалім көмек ретінде түзетіп, ары қарай жауабын айтуға жетекшілік жасау үшін ескертпелер, түзетулер қолданатын қателіктер кетеді. «Қанағаттанарлықсыз» (балдар – 0; % тік мазмұны – 0-49%; әріптік жүйе бойынша – F) деген бағада – бағдарламаның негізгі сұрақтарын баяндауда пәнді дұрыс түсінбегенін білдіретін қателердің кездесуі; практикалық міндеттерді шешу барысында оларды шешудің жолдарын білмеуі; материал жүйесіз әрі сенімсіз баяндалады. Бақылау психологиялық қызметтің қажетті компоненті болып табылады. Біріншіден, ол сыртқы кері байланысты қамтамасыз етеді (педагог бақылауы) және, екіншіден, ішкі байланыс (білім алушының өзін-өзі бақылауы). Бақылау ақпаратты алуға бағытталған, педагог оны талдай келе психологияны оқыту үдерісіне қажетті түзетулерін енгізеді. Өзгертулер мазмұнға, оқыту әдістері мен формаларына, білім алушылардың оқу іс-әрекетіне және т.б. енгізіледі. Өзін-өзі бақылау білім алушыға өзінің «артық», «кем» жақтарын көруге, білімінде кездескен әлсіз тұстарды байқауға көмектеседі және де олардың орнын толтыру жұмыстарын арттыра түседі.Сабақты ұйымдастырудың және оқытудың белсенді әдістерінің топтық формаларының ерекшеліктері.Сабақ — бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері — мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты-сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.Сабақ сапасын арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақты өткізудің стандарты, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақтарды айтуға болады. Күн сайын өтетін, тіпті тамаша көрнекіліктер арқылы болса да, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын классикалық немесе дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырады, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс – тәсілдерін іздестіруді, бұған оқушыларды тарта білуді, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі міндет. Бірақ, бұдан жаңа әдіс – тәсілдер дәстүрлі сабақтарды толық алмастыруы керек деген ой тумауы керек. Олар дәстүрлі сабақтарды толықтырып, жандандыра түсуі, студенттің білімге қызығуын арттыруы тиіс, сонда ғана оқу үрдісі жетілдіріле түседі. Тәжірибелі, іскер мұғалімдердің авторлық сабақтарының дәстүрлі сабақтар сияқты қандай да бір шаблон, стереотиптік жүру жолы жоқ десек артық емес. Оның түпкі мақсаты – білім сапасын көтеру, оқыту үрдісін жандандыру, оны бірізділік пен формализмнен аулақтау. Әрбір педагогтің тілегі осыған саятын болғандықтан, әрқайсысының оқытудың белсенді әдістерін қолдануда өз деңгейін, оқушылардың деңгейін, материалдық базасын және өтілетін сабақ материалының тарау ішіндегі алатын орны мен маңызын ескере отырып, сәтті пайдалануға толық мүмкіндігі бар.Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы мен дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қоюға ықпал етеді. Оқушыларға білім берумен ғана шектелмейді. Бірге олардың бойында танымдық қызығушылық пен қабілеттің шығармашылық ойлаудың дербес ақыл – ой еңбегімен айналысу шеберлігі мен дағдыларының қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ заңында білім беру жүйесінің міндеттері баяндалған. Солардың бірі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктер және де тұлғаның қалыптасуына дербес дамуына және кәсіпкерлікті меңгеруіне бағытталған. Шығармашылықты рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, білім алуға қажетті жағдайлар туғызу болып табылды. Бұл тапсырмаларды жүзеге асырудың қаншалықты тиімді болуы оқытудың сапасына оқушылардың жоғары дайындығын қажет ететін түрлер мен әдістердің таңдалуына байланысты болады.Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру. Оқытудың белсенді әдістері оқу процесінің әр түрлі кезеңдерінде пайдалануы мүмкін. Білімді тұңғыш игеру кезінде, білімді бекіту және жетілдіру кезінде, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде. Оқытудың меңгерілген әдістерін белсенді және белсенді емес деп бөлуге болмайды. Танымдық іс-әрекет белсенділігінің алуан түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, мұғалім оқушылардың танымдық белсенділігін көтеруге қол жеткізеді.Оқытудың белсенді әдісі мен түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: іскерлік ойындар, проблемалық, оқушылардың баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс – диалог, тренинг, дөңгелек столдар, пікірталас, ұжымдық — танымдық, оқу және т.б. 3.  Мектептегі оқытудың ерекшеліктері  1.Оқыту  және білім беру ұғымы.2.Оқу іс-әрекетінің мақсаты.3.Оқу үрдісінің құрылымы.4.Оқытудың дәстүрлі формалары.5.Оқытудың инновациялық үлгілері.Тұтас педагогикалық үдеріс екі өзара байланысты оқыту және тәрбие үдерістерінен тұратыны бәрімізге белгілі. Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырларының тәжірибесі меңгеріледі.Оқытудың негізгі сипаттары:екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді;-қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі;-танымның ерекше үдерісі;-тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы;-басқарушылық.Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие.Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни мұғалім мен оқушылардың өзара бірлескен іс-әрекетімен танылған. Біріншісінің іс-әрекеті – білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-әрекеті – оқу.Оқыту – білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаратын, ұйымдастыратын мұғалімнің мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған ісі. Оқытудың мақсаты – әрбір оқушының білім алуын тиімді етіп ұйымдастыру.Оқу – бұл мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған студенттердің танымдық іс-әрекеті, оның орындалу барысында білім, іскерлік, дағды жүйесі меңгеріледі және жеке тұлғалық қасиеттері дамиды. Оқудың мақсаты болып таным, қоршаған орта жайлы ақпараттарды жинақтап өңдеу табылады. Оқудың қорытындылары жалпы оқушының дамуынан, қарым-қатынас жүйесінен, білімінен, іскерлік, дағдысынан көрініс табады.Оқыту үдерісі өзара байланысты мынандай компоненттермен танылады: мақсат, міндеттер, мазмұн, субъектілердің қызметі, әдістер, тәсілдер, құралдар және оқытудың нәтижесі. Жүйені қалыптастырушы компонент болып табылатын мақсат оқыту үдерісінің қалған барлық компоненттерін өз қарамағына жинастырады. Олардың барлығы біркелкілік пен бүтіндікті қалыптастырып, алдыға қойылған мақсатқа жетуге септігін тигізеді.Оқыту үдерісінің әдіснамалық негізі болып гносеология саналады. Гносеологияның негізгі қағидаларына сәйкес, таным үдерісі нақтылы пайымдау, абстрактілік ойлау мен практика бірлігінен тұрады.Оқыту үдерісінің қозғалтқыш күші қарама-қайшылық болып табылады. Ол қорытылып талданған түрінде былайша түсіндіріледі: оқытудың арнайы мақсатына жету қажеттілігі мен мақсатқа жетуге деген тәсілдері мен құралдардың жетіспеушілігі арасындағы келіспеушілік; нормативтік талаптар, педагогтың педагогикалық әсер етуі мен білім алушылардың оқу мазмұнын нақты белгіленген уақытта, белгілі деңгейде меңгеру мүмкіндіктері арасындағы келіспеушілік және т.б.Оқыту үдерісінің субъектілері (педагог пен білім алушы) мынаны түсінгені маңызды: олар оқу барысында жалғаса беретін қарама-қайшылықтарды бірігіп шешіп, келесі пайда болатын жаңа қарама-қайшылықтарды шешуге дайын болуы керек.Оқыту процесі — бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу.Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері мыналар:·           Мақсат.·           Педагог·           Оқушы, білім алушы.·           Оқыту әдістері.·           Оқытуды ұйымдастыру түрі.·           Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.·           Педагогикалық диагностика. 

Практикалық бөлімПсихологиялық ойын жаттығулар жинағы

  • «Дос достыққа» сергіту ойыны (5 минут)

Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:Оң қол оң қолмен!Мұрын мұрынмен!«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.

  • «Біз, біздің және оқушылардың құқықтары» коллективтік ойыны (10 минут)

Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет салу.Талдау:

  • Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?
  • Өзіңді қандай күйде бейнеледің?
  • Қандай құқықтарыңды сен ең маңызды деп есептейсің?

Құқықтары қаралады: Өмір сүруге құқығы.Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғануға құқығы.Оқуға құқығы.Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан, дәрігерден, милиционерден, ұстаздан көмек сұрауына құқығы бар.Төңірегіндердің сый-құрметіне бөленуге құқықты.«Жоқ» деген сөзді айтуға құқықты.Басқа да балалардың және басқа адамдардың да дәл осындай құқықтары бар.

  • «Ақсақ маймыл» жаттығуы (5 минут)

Қатысушылар өздерін емін-еркін сезініп, жайғасып отырады. Жүргізуші (психолог): «Қазір мен сіздерге тапсырма берем, бұл тапсырманы менің «бастаймыз» деген сөзімнен кейін орындаймыз, «тоқтаймыз» деген кезде тоқтаймыз. Егер берілген ережені белгілі себептермен бұзып алсаңыз, бір рет қолды шапалақтап белгі беріңіз.Басқа нәрсеге алаңдасаңызда осылай жасаймыз» Енді бәріміз көзімізді жұмамыз да «Ақсақ маймыл» туралы ойламаймыз. «Бастаймыз». Талқылау:

  • Тапсырма орындау барысында қандай жағдайлар кедергі болды?
  • Қандай әсер алдыңыз?
  • Ойды игеру мүмкін ба екен?
  • «Мен – үйде» және «Мен — жұмыста» жаттығуы (10 минут)

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар. Талқылау:

  • Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
  • Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
  • Не себепті айырмашылықтар болады?
  • Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?
  • «Үш жыл» жаттығуы (15 минут)
  • Бәріміз емін — еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық.
  • Елестетіп көріңіз, сіз өзіңіздің үш жыл өміріңіздің қалғанын білдіңіз. Бірақ осы үш жыл ішінде сіз ешқандай да ауырмай, деніңіз сау болып өмір сүресіз. Сіз бұл хабарды естігенде қандай күйде боласыз? Бірден болашағыңызға жоспар құрасыз ба әлде аз уақыт қалғанына өкінесіз бе? Қағаз бетіне түсіріңіз.
  • Осы қалған өміріңізді кімдермен бірге сүрер едіңіз? Қай жерде сүрер едіңіз? Жұмысыңызды жалғастырасыз ба? Осы уақыт аралығында не істеп үлгеру керек? Осылардың барлығын қысқаша қағаз бетіне түсіріңіз.
  • Осы осы үш жылдағы өміріңіз бен қазіргі өміріңізді салыстырыңыз.
  • Қандай ұқсастықтар бар және қандай айырмашылықтар бар? Сол өмірден бүгінгі өміріңізге не қосар едіңіз?

Қорытынды: Енді бұл «үш жыл өмір» — тек ойын үшін жасалған жаттығу деп қабылдап, ол ойдан арылыңыздар. Бұл ойыннан өздеріңізге не алар едіңіздер? Бұл жаттығуды жасай отырып сіз қандай тәжірибе жинақтадыңыз? Қағаз бетіне түсіріңіз.

  • «Рахмет» жаттығуы

Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші (психолог) ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды. Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар?

Сабақтың рефлексиясы:Мен бұл сабақтан алған тәлімім … Маған ұнағаны…Маған ұнамағаны …Менің естігім, білгім, жасағым келгені …

«Менің есімімді ата» жаттығуыМақсаты: топқа деген жағымды сезімді дамыту.Нұсқау: қазір мына кішкентай доп сіздердің қолдарыңызға тиеді. Бұд допты ұстаған адам өз есімін айтуы тиіс. Доп барлығына тигеннен кейін, доп қайта бір айналады. Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатын есімін айтуы тиіс, қолдарына берілген парақшаға есімдерін жазады. ІІ. «Мен-күнмін» тренингіМақсаты: оқушының өзіне сенімділігін арттыру. Сыныптың ынтымағын, ұлдар мен қыздар арасындағы достық, ұлдардың қыздарды қорғауы, сыйлауын байқау.Нұсқау: күннің суретін салып, ортасына оқушы өз есімін жазады. Шашырап тұрған әр сәулеге бала өзінің жақсы деген қасиеттерін жазады. ІІІ. «Шатасқан жылан» жаттығуыМақсаты: топтың бірлесуіне ықпал етеді.Нұсқау: қатысушылар тұрады. Олардың біреуі біршама уақыт дәлізде тұруын ұсынады. барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, қатар тұрайық. бұл қатарды жылан дейік, ал шеткі екі адам –оның басы мен құйрығы. Көп жағдайда, жылан «шатасқан» әртүрлі шығыршық құрып, оралып жатады. Шатасудың барысында біріккен қолдарды аттап өтуге, астынан өтуге болады. Шатасудың соңында жылан жыланның басы мен құйрығы бос қолдарын жасыруы тиіс, бірақ екеуі қол ұстаспауы қажет. Жылан шатасқан кезде, сыртта тұрған оқушы келіп тарқатуы тиіс. 

  • IV. «Жүретін орындықтар» жаттығуы

Мақсаты: кеңістікте бағдарлау икемділіктері мен дағдыларын дамыту.Нұсқау: ойынға3-4 оқушы қатысады. Балалар үлкен бөлмеде қатар қойылған орындықтардың екі жағынан ұстап музыка басталысымен алға қарай жылжиды, ойында бір-біріне бөгет  жасамай, итермей, музыканың қарқынына қарай бірді баяу, бірді жылдам қозғала отырып белгіленген межеге жетуі тиіс.

  • «Төрт өлең» сергіту сәті.

Мақсаты: есту талдағыштарымен байланысты қозғалу талдағыштары дамиды.Барысы: оқушылар шеңбер бойымен отырады. «Жер» сөзі айтылса, барлығы қолдарын төмен түсіреді, «су» сөзін айтса, қолдарын алға көтереді, «ауа»сөзі айтылғанда қолдарын жоғары, «от» сөзін айтса, қолдарының саусақ буындарын айналдырады.VІ. Коллаж «Менің бойтұмарым»Барысы: берілген түрлі-түсті макарондарды жіпке тізбектей отырып, ішімізден жақсы тілек тілеп, өз бойтұмарымызды жасаймыз. VІІ. «Айна» жаттығуы.Мақсаты: өзара жақындасуына ықпал ету, сыныптастарының бағалауына әсер ету.Нұсқау: ортаға екі оқушы шығып, біреуі айнаның рөлін, келесі оқушыға сол айнаға қараған оқушы табушы болады.

«Суреттерді аяқтайық » жаттығуы Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту . Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді . «Түрлі –түсті доптар» жаттығуы Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал . «Менің көңіл-күйім » жаттығуы Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар . «Мен басқаның көзімен» Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды . «Атомдар мен молекулалар» Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады . Афирмациялар « Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » ,« Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда » «Таңғажайып дорба » ойыны Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып , дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі , формасы , түсі жайында ажырата баяндайды . Мен қандай адаммын ? Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі . Менің қиыншылықтарым Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі . Есте қалған қызықты оқиға Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады . Ұқсастық шегі Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі Мен саған сенемін Әуен ойнап тұрады .Жұп құрып , бір- бірінің көздеріне қарап отырады . «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың . « Сиқырлы сөздер » ойыны Мұғалім кез-келген өтінішті айтады , ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы : Айнаш , дәптерді бер . «Айнаш , өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау «Ең жақсы » ойыныҚатысушылар екі топқа бөлінеді . Әр топқа мынадай нұсқау беріледі .Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет . Ең ақшалы , ең жасыл , ең тәтті , ең күлкілі , ең ұсқынсыз, ең қарым-қатынасы күшті , ең жауапты , ең салмақты «Жағдайлы волейбол» ойыны Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады , сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады , бұрыс жауапқа қағып алмайды «Кездесу » ойыны Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады , әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады . Ассосация « Жанұя » Психолог допты лақтыру арқылы ата-анаға сұрақ қояды , олар жауап береді . « Сиқырлы жұмыртқа» ойыныӘр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады . « Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуыТақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады . « Өкпені еріту » жаттығуыТып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін , көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз .Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз . «Тазару» жаттығуыТерең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін . Мен өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым , кештім . 

«Сергіту сәтінде  оқушылардың көңіл-күйін  және есте сақтауын дамытуға  арналған психологиялық  жаттығулар1.«Жунглидағы жаңбыр»Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).Тағы да нөсер жауын жауды.Ұсақ жаңбыр сіркіреді.Дауыл соқты.Жел соқты.Жел басылып келеді.2. Жағымды сөздер.Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.3. «Сәлемдесу» ойыны:Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:«Трансформатор» «Талдықорған»форма қорғанматор тал т.б.6. «Сантики, Фантики, Лимпопо».Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 7. «Қолдағы хат».Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.8. «Көңіл-күй неге ұқсас».Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.9. «Тасбақалардың жүгірісі».Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.11. «Тыныштықты жақсы көретін патша» Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады. ық сурет» атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.Жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, дем алып, рухани толысты.

Психологиялық жаттығуларПсихологиялық тренингтер 3 бағытқа негізделіп жасалынған.1-бағытта қарым-қатынастың негізгі психологиялық ерекшеліктері ескеріліп,топтың атмосферасын жақсарту мәселелері көзделген.2-бағыт адамның сезімталдығына арналған тренинг,басқа адамды есту және көруді бір мезгілде бақылау қабілеттілігін айқындайды.3-бағытта ойдың шығармашылығын қалыптастыруға жетелейтін тренингтер енгізілген.Сондай-ақ, жұмысқа қабілеттілікті арттыруға көңіл-күй деңгейін және психологиялық белсенділікті көтеруге адамға эмоционалды жігер беруге бағытталған әр түрлі психогимнастикалық жаттығулар зор роль атқарады.Бүгінгі күнде тренинг түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ,сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің , әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады. Тренинг термині / ағылшынның training сөзінен / оқыту,тәрбиелеу,жаттықтыру,үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Мұндай көпмағыналық тренингтің ғылыми анықтамасына да тән.Ю.Н.Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді.Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады.Ұйымның жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталады.Сондай-ақ тренингті жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын ұйымның мақсаты мен іс-әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп қарастыруға болады. Бүгінгі күнде тренингті анықтау үшін көп жағдайда психологиялық әсер ету термині қолданылады.Қатынастың тиімділігін арттыруды көздеген тренинг алғаш рет АҚШ-та К.Левиннің оқушыларының ұйымдастыруымен өткен.Тренингтік топтың жұмысының принциптері:1.Белсенділік ұстанымыТренинг барысында ададар арнайы талқыланған іс-әрекеттерге араласады.Ол қандай да бір іс-әрекеттерге араласу,жаттығуларды орындау,арнайы схема бойынша басқалардың мінез-құлқын бақылау болуы мүмкін.Белсенділік ұстанымы негізінен эксперименталды психология саласындағы белгілі адам естігенінің 10 пайызын,көргенінің 50 пайызын ,айтқанының 70 пайызын және өзі істегенінің 90 пайызын игереді деген идеяға сүйенеді.2.Зерттеушілік / шығармашылық / ұстанымыБұл ұстанымның маңыздылығы тренинг барысында топ мүшелері психологияда белгілі ойлар мен заңдылықтарды сезініп,анықтап,ашумен қатар ,өзінің бойындағы жеке мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін де сезіне түсетіндігінде болмақ.Осы ұстанымға сүйене отырып,жаттықтырушы топ мүшелерінің өз бойларындағы жаңа мінез-құлықтарды сезініп , қалыптастыра түсуге,тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар ойлап табады,құрпастырады және ұйымдастырады.Бұл ұстанымды жүзеге асыру әдетте қатысушылар тарапынан қарсылық тудырады.Үйреншікті емес оқыту тәсілдерімен бетпе-бет келген сәтте адамдар тарапынан қарсылық туады.Мұндай қақтығысты шешуге тренинг мүшелеріне дайындықта болуын қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіретін және тренинг аяқталғаннан кейін өзінің мінез-құлқына ,өмірге ,өз-өзіне шығармашылық тұрғыда қарауға ,тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар септігін тигізеді.3.Мінез-құлықты нысаналау / түсіну / ұстанымыҚатысушылар бойында қабілеттілік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тренинг түрлерінде мінез-құлықты нысаналаудың қосымша құралдары пайдаланылады.Солардың бірі топ мүшелерінің қандай да бір жағдайда іс-әрекеттері ,мінез-құлықтарының көрініс табуы бейнеленген бейнежазба болмақ,оны кейін топ мүшелері қарап шығып,талқыға салады.4.Әріптестік қатынас ұстанымыСубъект-субъект қатынасында ең бастысы топ мүшелерінің арасындағы өзара әрекетке деген қызығушылығы ,сондай-ақ олардың сезімі ,көңіл-күйі ,мазасыздануы ескеріледі,басқа адамның жеке құндылықтары құпталынады.Бұл ұстанымды жүзеге асыру топ мүшелерінің арасында өз қателіктерін жасырмай ,мінез-құлқын аша түсу үшін түрлі тәжірибелер жасауына мүмкіндік беретін сенімділік ,ашықтық,қауіпсіздік жағдайын қалыптастырады.Тренинг өткізбес бұрын ,жаттықтырушы өзіне мынадай сұрақтар қояды:-Мен қандай мақсатқа жеткім келеді?-Неге мен ол мақстақа жеткім келеді?-Ол мақсатқа мен қандай жолмен жеткім келеді?1-жаттығуЖаттығу жұппен орындалады.Жаттықтырушы топ мүшелеріне өз араларынан бір-бірімен таныстығы аз жандармен жұп құруды ұсынады.Нұсқаулық: Аталмыш жаттығу бірнеше тапсырмадан тұрады.Әр міндет белгілі бір уақытта орындалуы тиіс.Мен сіздерге не істеу керектігін түсіндіремін,уақытты қадағалаймын және уақыт аяқталғанын сіздерге хабардар етемін.1-тапсырма Бір-бірімізге үнсіз 4 минут қарап тұрамыз.2-тапсырмаӘрқайсыңызға 4 минут уақыт беріледі,осы уақыт аралығында өзіңіздің серігіңізге алдыңызда кім тұрғанын әңгімелеп беріңіз.Әңгімені Мен алдымда … көріп тұрмын деп бастап,алдыңыздағы адамның сыртқы бейнесін суреттей бастайсыз,әңгімеге оның бойындағы жеке қасиеттері мен оларға деген өз бағалауыңызды қоспауыңыз керек,мысалы:мейірімді көздер,ойлы жанар және т.б.сияқты.Алдымен біреуіңіз 4 минут әңгімелейсіз,ал екіншіңіз мұқият тыңдайсыз,одан кейін керісінше.3-тапсырмаӘрқайсыңыз 5 минут уақыт аралығында ,өз серігіңіздің жас кезінде қандай болғандығы туралы өз көзқарасыңызды айтып бересіз.Тек сыртқы келбетін ғана емес,сіздің ойыңызша мінез-құлқының қандай ерекшеліктері болғандығы туралы пікіріңізді де айтуға болады.Бірінші 5 минут өткеннен кейін жаттықтырушы жұптағы өзі туралы әңгімені тыңдаған адамға 1 минуттың ішінде өмірі туралы баяндаудың қайсысы нақты ал қайсысы қате пікір екендігін айтуын ұсынады.4-тапсырмаӘрқайсыңыз 5минут ішінде өз серігіңіздің сіздің көзқарасыңыз бойынша қандай адам екендігін баяндап беруіңіз керек.Сіз Менің серігім қандай адам? деген сұраққа жауап беретін ойыңызды айта аласыз.2-жаттығуҚатысушылар шеңбер құрап отырады,жаттықтырушының қолында доп.Нұсқау: Жұмысты бір-бірімізге бүгінгі күнде жақсы тілектер айтумен бастаймыз.Тілек қысқа,мүмкіндігінше бір сөз болуы керек.Сіз допты тілек тілегіңіз келген адамға ,тілек айта лақтырасыз.Ал ол адам өз кезегінде келесі адамға тілек тілей допты лақтырады.Ешкімді назардан тыс қалдырмай ,араласуын қадағалай отырайық.3-жаттығуҚатысушылар шеңбер құрап отырады.Нұсқаулық: Қане ,бір-бірімізге мақтау айтайық. Оны былай жасаймыз.Бірінші бастағысы келген адам ,қолына доп алады да ,өзі таңдаған адамына лақтырады да ,оған мақтау айтады.Допты тосып алған адам оны келесі адамға лақтырып өзінің мақтауын айтады ,ары қарай т.с.с. доп әркімнің қолында болып шыққанға дейін.4-жаттығуТоп мүшелері шеңбер құрап отырады.Нұсқаулық: Қазір бір-бірімізге қандай да сезімді немесе күйді атап допты лақтырамыз.Ал допты тосып алғанда антоним қарама-қарсы сезім немесе күйді атаймыз.Мысалы мен допты біреуіңізге лақтырамын да Мұңлы деймін ,ал қағып алағн адам көңілді деп антонимін атайды.Содан соң допты басқа адамға лақтырып ,сезім немесе көңіл-күйді атайды,ол адам қарама-қарсы сезім атап,жалғаса береді. 5-жаттығуТоп мүшелері шеңбер құрап отырады.Нұсқаулық: Қанеки танысайық және оны былай жүзеге асырайық:әрқайсымыз өзінің есімін атайды да ,мінезіндегі қасиеттерді,ерекшеліктерді атайды.Біздің ойлануға уақытымыз бар және барлығымыз дайын болған кезде бастаймыз.6-жаттығуТоп мүшелері шеңбер құрап отырады.Жаттықтырушының қолында доп.Нұсқаулық:Қазір бір-бірімізге мына допты лақтырамыз.Допты лақтыратын адам : ауа, жер немес су деген 3 сөздің бірін айтады.Допты тосып алған адам егер ауа сөзі айтылса-құстың атын,жер сөзі айтылсы-аңның атын,су сөзі айтылсы-балықтың атын айтады.Мүмкіндігінше жылдам қимылдау керек. 7-жаттығуТоп мүшелері шеңбер құрап отырады.Нұсқаулық: Қазір әрқайсыңыз үнсіз ешкімге ештеңе айтпай,қандай да бір кез-келген жануарды4 суретін таңдайсыз.Барлығымыз таңдап болған соң кезекпен,еш үн шығармай,таңдаған жануарды бейнелейсіздер.Бір адам көрсетеді,қалғандары бұл қандай аң екенін анықтайды,болжамдарын айтады.Адамдардың эмоционалдық көңіл-күйге түскендерге арналған жаттығулар. Адамның жұмысқа деген қабілетін көтеруге және көңіл-күйін көтеруге арналған жаттығулар.«ХА» дем шығару жаттығуы. Дем шығаруды жақсартады. Демді ішке қарай жай жай тартамыз. Дем тартқан сайын еки қолды көтереміз. Демді шығару үшін қолды төменге түсіріп ХА деп айтамыз, солай бірнеше рет қайталаймыз.«Кеспе» жаттығуы. Ол адамның денесін қыздыртады және де жылытады. Қолымызда ыдыстың ішінде кеспе бар деп елестетемізде бір қолымызбен орай бастаймыз. Одан кейін шынтағымызға қарай орай бастаймыз,одан кейін бүкіл денемізге жайылды деп елестетіп шыр айнала бастаймыз.осылай шыр айналғаннан кейін қайтадан орнымызға келеміз.«Сілку» жаттығуы. Бойымыздағы жағымсыз ойлардан арылтады. Жағымсыз энергиялар түседі. Басымыздан аяғымызға дейін сілкейміз. Басымызды да сілкеуге болады. Осы жаттығу арқылы бойымыздағы барлық жағымсыз ойлардан арыламыз.«Сеніп құлау» жаттығуы. Бұл жаттығу сенімділікті және топтың тұтастығын арттырады. Бұл жаттығу топ ішінде жасалады. Бір адам құлайды қалғандары оны тосып алады. Құлаған адам өзін еркін ұстай отыра көзін жұмып артка қарай шалқая құлайды. Қалғандар оны тосып алады.Осылай кезек ауыса береді. Жаттығу ары қарай күрделене береді. Енді қалғандары орындықтан сосын үстелден жалғасады. Жаттығу аяқталғаннан кейін алған әсерлерін айтады.«Джунглиядағы жаңбыр» жаттығуы. Барлығымыз шеңбер болып тұрамыз. Қолдарымыз бір-біріміздің иығымызға жетеіндей болып тұрамыз. Бастапқы кезде күн нұрын шашып, ауа райы тамаша болып тұрды. Бір кезде ауа райы бұзыла бастады. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызды жайлап жоғарыдан төмен қарай қозғалтыңыз. Жел күшейе түсті. Арқаны ұаттылап ысұылай бастаймыз. Дауыл тұрды қолымызды шеңбер жасап қатты қимылдатамыз. Енді жаңбыр жауды алдыңыздағы адамның арқасын саусақтың ұшымен тырсылдата бастаңыз. Енді нөсер жауа бастады. Қолыңызды жоғары төмен қысымды күшейте қазғалта бастаңыз. Міне бұршақ жауды арқаны қатты тарсылдата саусақтармен ұра бастаңыз. Қайтадан дауыл тұрды. Қатты жел соға бастады. Содан кейін біртіндеп қоя бастады. Енді табиғат тынышталды күннің нұры шықты. Сіз қайтадан джунглиды аралап жүрсіз.

Тұлғаның өз-өзіне сенімділігін арттыруға арналған тренингтер Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы  қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:– жеке тұлғаны дамыту;– қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;–қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;– өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;– өзін-өзі және басқаларды толық тану;– жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейік. Кез-келген практик психолог өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы сөз алдында, «тренинг» ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену, білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.Үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және  құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.Дамыту – жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.Психологиялық тренингтің ең  маңызды мәселесі — өзінің жек даралық  қасиеттері арқылы  тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне  білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі болуына  жаттықтырушыға  бірнеше талаптар қойылады:—        қоршаған жағдай туралы мағлұмат;—        қатысушылар саны қаншалықты үлкен;—        бөлме көлемі қандай;—        бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға  түгелдей естіледі ме;—        жаттығудың негізгі құрылымы қандай;—        қандай оқу құралдары қолданылмайды;—        жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;—        плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;—        орындықтар қалай орналасқан;—        бөлмеде сағат бөлу қажет пе;Психологтың қолайлы нәтиже алу мен ықпал ету қабілетін орнату үшін жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:—        білімдерді толық меңгеру;—        жаңаны үйрену мен тапсырманы орындау барысында және топтық қарым-қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;—        табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту;—        өзін-өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік мүмкіндіктерін дамыту.Әрбір бөлімнің құрылымында біз материалды зерттейтін ортақ игеру логикасын және тұлғалардың өзіндік бақылауы мен бағалауын қалыптастыруда төменгі аспектілері жүзеге асырылды:— Мен қандаймын?— Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек?— Менде жоқ қасиеттерді мен қалай дамытуым және икемдеуін керек?Әрбір сабақтың құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз. Яғни, білім алушы колледж білімгерлерімен түзетіп-дамытатын формалардың дәстүрлі түрлері:— Сәлем беру рәсімі;— Жаттығу тапсырмалары;— Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы;— Тапсырманың негізгі құрылымы— Өткен сабақтың рефлекциясы— Қоштасу рәсіміБұл жастағы тұлғалармен осы тектес жұмыстар аптасына 1-2 рет өтеді. Тренинг ұзақтығы – 1 сағаттан 3 сағатқа дейін.Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді:Кіріспе бөлімі. Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру.«Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету  түрлерін анықтауға көмектеседі.«Назар аудару» бөлімі. Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру.«Нейропсихологиялық ерекшеліктер» бөлімі мидың доминанттық бөлімімен тығыз байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады.Білім беру орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық,  қоғамдық,  педагогикалық және арнайы ғылымдардағы меңгеру психолог мамандарының қызметімен үйлестіре жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы – тренинг екені дәлел. Тұлғаның жаңа ортаға енуі, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы дұрыс  ұйымдастырылған топтық жұмыстарға байланысты.Тренинг мақсаты – адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т.б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Трениг принципіне жататындар:1. Белсенділік принципі.2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип.3. Мінез құлық обьективтілік принципі.4. Қарым-қатынаста субьект, субьектілік принципі.5. Шындық принципі.6. Қазір, осы жерде принципі.«Адам табиғаттың қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. Кейбіреулер қиналса да соңына дейін ойнап шығады» — деп Ф. Искандер тұжырымдағанындай әлеуметтік – психологиялық тренингтің басты жоспары – ұйымдастырылған іс-әрекетті соңына дейін жеткізу болып табылатынында. Тренинг барысында жеке бастың дамуы туралы мәселелер нәтижелі шешіледі және коммуникативті дағдылар жемісті қалыптастырылады. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған әлеуметтік – психологиялық тренингтер білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әр бір бастаған іс-әрекеттінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы – басқаларға  өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктенуін сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне, достары және жолдастарға да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші құралы екендігіне толық сенімдеміз.Әлеуметтік  психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Тренингтің бұл түрін тек психология маманының қызметкерлері ғана емес арнайы психологиялық білімі жоқ мұғалімдер де сабақ беру барысында қолдана алады. Оқу және тәрбие жұмысына жағымды өзгерістер енгізуге, оқу процесін белсендіруге тренингтердің ықпалы жоғары. А.С. Прутченков «Мектептегі әлеуметтік – психологиялық тренинг» еңбегінде, дұрыс ұйымдастырылған тренингтің оқушыларға жағымды әсері, ұйымдастырушының шеберлігі, педагогикалық қақтығысты реттеуші құрал екендігін атап  көрсеткен.Кез келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тб. жағдайлары  кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы кездесуде «Танысу» тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу  мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады..«Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”.  Енді оң жақтағы  ойыншыдан бастап  осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен  айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды. «Комплимент» ойыны.Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.Іскерлік ойын «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі».Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт терапиялық тапсырма орындалды.Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4  және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді.  Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді  жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:—  Суретте ненің бейнесі салынған?—  Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?—  Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.ойын «Әрекет».Ойын ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс:–            Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал стөлде отыруға болады……–            Астроном айға телескоппен  қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше?–            Полмен патолокты аударыңыз……–             Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз……–             Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз……Жоғарыда сипатталған жаттығуларды орындау тиімді. Бұл жаттығуда тапсырма немесе құрал – жабдықтар нақты берілмейді, оның орнына тұлғаның басқалармен бірлескен іс–әрекеттегі қарым–қатынас кезіндегі күйзелісіне, қайтар бағдар беру мүмкіндігін жасайды. Көптеген адамдар қарым қатынас кезінде қиындықтарды басынан кешіруінің бір нұсқасы болуы мүмкін. Өзіңнің  көңіл – күйің дұрысталғаннан кейін өзіңе ғана емес, өзгелерге де көмек жасауға болады.  Ал қайта бағдар берудің екінші нұсқасы негізсіз тәжірибелердің құндылықтары жөніндегі  әңгіме. Осы арқылы адам қоршаған әлем турасында тану дәрежесіне жетеді.Сонымен танымдық белсенділік адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшегі. Топта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін  адамның, оқушының, маманның және тб. іс-әркетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге болады.Зоопарк тренингіМақсаты: Жеке тұлғаның ұялу, жасқану, қорқыныш сезімдерін топ алдында ғана емес, күнделікті өмірде де арылуына көмектесу.Мазмұны: Тренингке қатысушылардың әрбіреуі белгілі бір аңның, жануардың, құстың қасиетін дауыстап айтпай-ақ қозғалыстары арқылы бейнелеу керек. Аэропорт тренингіМақсаты: Тұлғаның өзіне-өзінің сенімділігін дамыту.Мазмұны: Топ мүшелері 2 адам аэропорттағы бақылаушы болады. Олар анаша тасып бара жатырған адамдарды тауып алулары керек. Олар бөлменің сыртына шығарылады. Ал топтың басқа мүшелері 2 адамнан бөлініп әртүрлі себеппен басқа жерге бара жатырған жолаушы болады. Мысалы: 2 адам Астана қаласына жиналысқа кетіп бара жатулары мүмкін немесе 2 адам Америкаға қыдырып бара жатулары мүмкін т.б. Осы жолаушы жұптардың біреуінің сөмкелеріне бір нәрсені анаша ретінде салып жіберу керек, ал сол жұп олардың сөмкелерінде анаша тектес еш нәрсе жоқ екеніне 2 бақылаушыны сендіру керек. Барлығы келісіп болған соң бөлме сыртындағы 2 бақылаушының қызметін атқарушылар ішке шақырылады. 2 бақылаушы жұптарды тексереді, бір ерекшелігі бақылаушылар жолаушылардың сөмкелерін қарап тексермейді, олардың бет-жүздерінен, сөйлеу мәнерлерінен айыра білулері қажет. Егер бақылаушылар анашаны өткізіп жіберіп, таба алмаса, қайтадан бөлменің сыртына шығарылады. Содан соң топтың басқа да мүшелері өз тілектері бойынша бақылаушы болып, бөлменің сыртына шыға алады. Менің мықты жақтарым тренингіМақсаты: Өзінің мықты жақтарын анықтай отырып, өзіне жағымды қатынас қалыптастыру. Ішкі тұрақтылық пен өзіне деген сенімділікті арттыру.Мазмұны: Қатысушыларға өздерінің мықты жақтарын айту нұсқауы беріледі. Сол жақсы жағы қай кезде көмектеседі, не үшін сол қасиетті мықты қасиеттер қатарына жатқызып отырғанын айту қажет. Тек оны сенімді етіп айту керек, мынадай сөздер қоспау сұралады: бірақ…, егер…, мүмкін….Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.  Эмиграция тренингі Мақсаты: Өзінің ортадағы ролін анықтауға, өзге адамдар арасындағы өзінің сенімділігін арттырып, өмірдегі маңыздылығын түсінуге көмектесу.Мазмұны: Сіз елден мүлдем көшіп кетіп бара жатырсыз деп айталық. Қалай ойлайсыз қанша адам өкінеді? Не үшін? Кімді қуантады? Не үшін сол адамдарда сондай сезім болуына себеп болды? Сіздің қарым-қатынасыңыз қандай болды? Бір нәрсе өзгертер ме едіңіз?Осы сұрақтарға жауап беріп, талқылау керек.

Қарым-қатынас тренингтері Ол қандай тренингіТренингтің мақсаты: Топ ішіндегі қарым-қатынас деңгейін анықтау.Топтағы барлық адам ортаға орындыққа дөңгеленіп отырады. Бір адам өз тілегі бойынша бөлменің сыртына шығарылады. Іштегі дөңгеленіп отырған топтың мүшелері топтағы бір адамды жасырады. Барлық адам сол жасырылған адамның оң және теріс қасиеттерін бір-бірлеп айтуға бөліп алады. Жасырылған адам сол ортада отыруы қажет және өзі де өзінің бір қасиетін айтады. Бірнеше минуттан кейін бөлменің сыртындағы адам шақырылады. Ол кіріп: Ол қандай? деп айтуы тиіс. Ал, топ мүшелері бір-бірлеп ол адамның қасиеттерін айта бастайды. Айтып болған соң, сырттан кірген адам ойланып, жауап беруі керек. Тек 3 мүмкіндік беріледі. Таба алмаса қайтадан бөлменің сыртына шығады. Содан соң өз тілектері бойынша топтың басқа да мүшелері бөлменің сыртына шыға алады. Чемодан теренингіТренингтің мақсаты: Топтағы қарым-қатынас деңгейін анықтау.Топ мүшелері ортаға орындыққа дөңгеленіп отырады. Топтың бір мүшесі өз тілегі бойынша бөлме сыртына шығарылады. Бұл адам бір жерге жол жүрейін деп тұрған адам болып есептеледі. Енді оған жолға чемоданына оң қасиеттерін, теріс қасиеттерін және ұсыныстар салу керек. Ал, топтың қалған мүшелері сол адамның оң қасиеттерін, теріс қасиеттерін, ұсыныстарды, топ ішінен бір адамды хатшы етіп сайлап, бір параққа жазғызады. Болған соң бөлменің сыртындағы адам шақырылады. Ал, хатшы жазылған бетті оқып береді. Сол арқылы бөлменің сыртынан кірген адам өзінің оң қасиеттерін біліп, теріс қаиеттерін біліп, оларды дұрыстауға, ұсыныстарды орындауға талаптанады. Содан соң топтың басқа да мүшелері өз қалаулары бойынша бөлме сыртына шыға алады. Тыңшы тренингіМақсаты: Шығармашылық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.Мазмұны: Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші шығып айналасындағыларға кез-келген тақырыпта сұрақ қоя бастайды. Қатысушылар мына ереже бойынша жауап беруі қажет: сұраққа сұрақ бағытталған ойыншы емес, оның сол жағындағы көршісі жауап беруі керек. 

Тік ұшақта тренингі Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсу дағдысын қалыптастыру, өз сенімділігін арттыруМазмұны: Топқа тапсырма: Сіз тікұшақта 7 сағат ұшасыз. Қолыңызда оқитын кітап, журнал жоқ. Енді көршіңізбен қарым-қатынасқа түсуіңіз керек. Алдыңызда:Әскери ер адамКәрі әйел адамЖас қызТренинг соңыңда қатысушылар әрекеттері талқыланады. Тұлғалық өсуге арналған тренингтерСуреттегі мен тренингіМақсаты: Жеке тұлғаның өзін-өзі тани білуін, өзін-өзі бағалай білуіне бағыттау.Мазмұны: Жүргізуші қатысушыларға парақ беріп, әрқайсысы өз еріктерімен өз қалауы бойынша мен шындығында, мен болашақта суретін салуды өтінеді. Қағаздың бір жартысына қазіргі кездегі, ал екінші жартысына болашақтағысын салу керек.Сыйлық тренингі Мақсаты: Жеке тұлғаға жақсы эмоциялық қуанышты көңіл-күй туғызу. Сөздік емес қарым-қатынас орната білуге жаттықтыру.Мазмұны: Топтағы қатысушылар екі-екіден бөлініп, біреуі сыйлықты ұсынады. Екіншісі сыйлықты алушы. Сыйлық алушы мен ұсынушы мимика арқылы қандай сыйлық ұсынғанын, екіншісі қандай сыйлық алғанын тауып айтып, әрі ілтипатты да ризашылықты ым-ишара мимикасымен түсіндіру керек.Сиқырлы көл тренингіМақсаты: Жеке тұлға өзін-өзі құрметтеуге, сыйлауға үйрету, өзін-өзі бағалауға үйрету. Мазмұны: Қатысушылар дөңгелене отырып, көздерін жұмады. Қазір мына қорапты бір-біріңе кезекпен жалғастыру керек. Қорапты алған адам көзін ашып, қораптың ішін қарайды, оның ішінде әлдебір керемет көл бар, сол көлдің ішінде жер бетінде , ең тамаша адамды көресіздер. Оған күлімсіреп қарау қажет. Құрал –жабдықтар: қорап, айна.Сатушы тренингіМақсаты: Бұл ойын сатушы жұмысында сезімдік рөлін түсінуге, әртүрлі сезімдерді көрсете білуге жаттықтыру. Жүру барысы: Қатысушылар екі топқа бөлінеді, біреуі дөңгеленіп тұрады, қалғандары бақылаушының рөлінде болады. Дөңгеленіп тұрғандар эмоцияларды көрсетеді, бұл үшін эмоциялар жазылған карточка беріледі. Немесе бұған қоса мынадай ситуацияны көрсетуге болады: поезд купесі, бірнеше уақыттан кейін отырғандардың барлығы сатушы екені анықталады. Әңгіме барысында әрбіреуінің өзінің жұмысқа деген сезімдерін білдіреді. Әңгімеге 10-15 минут уақыт беріледі, эмоциялардың түрлері айтылмайды. Осыдан кейін бақылаудағы адамдардың қандай сезімді бейнелегенін айтады. Талқылау кезінде сезімдерді көрсете білуіне көңіл бөлінеді. Менің эмоцияларым тренингіМақсаты: Айналадағы адамдардың көңіл-күйін сезінуді дамыту және өзінің эмоциясын дұрыс көрсетуді қадағалау.Жүру барысы: Бұл тренинг топта өткізіледі. Тапсырмалар: Көбелек құсап ұш, бүркіт сияқты ұш, кішкентай бала сияқты жүр, итті көрген мысыққа ұқсап үрейлен, шешім таба алмай жүрген адамның бейнесін сал, т.б.Тастанды дүкен тренингіМақсаты: Гештальт терапиясы қиялды жаттықтыруға арналып, қатысушыларды индивидуалды тұлға сапаларын дамытуға раналған. Бұл жаттығуды Джон Стебинсон ұсынды. Осы жаттығу арқылы тұлғаның бұрын байқалмаған жақтарын байқап-сезіндіреді.Қажетті уақыт: 1 сағат.Жүру барысы: көзіңізді жұмыңыздар, денеңізді бос ұстаңыздар, көз алдыңызға түнгі уақыттағы қаланың көшесімен келе жатырғаныңызды елестетіңіз. Жан-жаққа қараңыз. Сіз қандай дауыстар естіп, иістерді сезіп жатырсыз. Міне, сіз бұрыштан өзгеше нәрсені байқап қалдыңыз, соған қарай бұрылыңыз, сіз алдыңызда ескі, тасталынып кеткен дүкенді көріп тұрсыз. Дүкеннің сыртқы әйнегі өте лас. Дүкеннің ішіне кіріп қарасаңыз, тасталынып кеткен заттар бар екен, соның біреуіне зейініңізді аударып, сол нәрсенің рөлінде болып көріңіз. Содан кейін дүкеннен шығып, шындық өмірге келіңіз. Енді, әрбіреуіңіз 5 минуттай тасталынған қандай зат болдыңыз және затқа сипаттама беріңіз, сол заттың атынан сөйлеңіз. Тастап кеткен тастанды ретінде сіз өзіңізді қалай сезінесіз? Неліктен сізді тастап кетті? Осы зат туралы тағы да әңгімелегіңіз келеді ме? Осындай заттар арқылы идентификациялану тұлғаның кейбір аспектілерін танытады, адамның тұлғалық қасиетін тереңдете түседі. Трансактілі эго жағдайын түсіну тренингіМақсаты: Эгоның әртүрлі жағдайларындағы ерекшеліктерді айыруға көмектеседі (трансактілі анализ).Қажетті уақыт: 45 минут.Жүру барысы: Үш адам өз еркімен ортаға шығып, отырғышқа отырады. әрбіреуі ата-ана, үлкен адам, бала рөлін таңдайды. Тапсырма: 1. Сіз көз алдыңызға орманда келе жатырмын деп елестетіңіз. Егер сіз ата-ана болсаңыз, мүмкін оларды қауіп-қатер мазасыздандырады. Егер сіз үлкен адам болсаңыз, айналадағы құстарға, ағаштарға көңіл бөлесіз. Егер сіз бала рөлінде болсаңыз, сіз энергияның молдығынан салқын және жылылықты сезер едіңіз немесе ішіңіз пысар еді. Таңдаған рөлдерге енуге тырысыңыз. 2. Екі қатынасушы бір-біріне қарама-қарсы отырып мынадай мәселені шешеді. Сіз өздеріңізді жұбайлар ретінде елестетіңіз, сіздердің араларыңызда белгілі бір мәселе туындады. Сіз әңгімені эго-жағдайлармен талқылаңыз.Қорытынды: әр түрлі жағдайды әр түрлі шешуге болатынын біліңіз.Еркін би тренингіМақсаты: Бұл жаттығу өзгелердің көзінше би қимылын зерттеуге мүмкіндік береді.Қажетті уақыт: 30 минут.Керек құралдар: Магнитофон, ритмді музыка.Ереже: Ешкімді еркінен тыс талап етуге болмайды.Жүру барысы: Топ шеңбер болып отырып, қатынасушылардың біреуі ортаға шығып билейді. Бұл жағдайда өте жақсы билеуге ұмтылудың қажеті жоқ. Қимылдары еркін болу керек. Бірнеше минуттан кейін ол отырады, шеңберге келесі адам келеді. Осылай барлық қатынасушылар биге араласады. Соңында барлық қатынасушылар биге қатысып, көңіл көтереді.Ине мен жіп тренингіМақсаты: шығармашылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік қасиеттерін дамыту, ұялшақтық, тұйықтық қасиеттерін түзеу.Жүру барысы: бір адам ортаға шығып ине болып, ал қалғандары жіп рөлін иеленеді. Ине бөлмеде жүгіріп жүріп, дөңгеленіп тұрған жіп рөліндегілерді бір-бірлеп іліп алады. Иненің көзі жұмулы болады. Ілінгендер ине артынан қалмай жүгіреді, жіпті ине өзі таңдайды. Ине рөлін тұйық, ұялшақ бала ойнаған жөн. Осылайша рөлдерді ауыстырып отырады. Аутотренингілер1.Бөлменің ішінде үндемей, ешкіммен сөйлеспей жүре бастаңыздар. Сіздер бір-біріңізбен жай ғана емес, фантазияға кіре отырып қол беріп амандасуларыңыз керек. Бірінші Сіз көптен көрметен досыңыз немесе жолдасыңызбен кездестіңіз. Сіз оған қаншалықты жақындайсыз? Сіздің бет әлпетіңіз қандай күйде болады? Сіздер осылайша адамдармен,яғни бір-біріңізбен өте жақсы достар секілді амандасып жүресіздер. (30 сек.). Енді Сіз өзіңізді туған күнге келгендей сезініңіз. Сіз өзіңіз танымасаңыз да барлығымен амандасасыз. Бұл ситуацияда Сіз өзіңіді қалай ұстайсыз? Сіз оған қаншалықты жақындайсыз? Сіздің бет әлпетіңіз қандай күйде болады? (30 сек.).Енді Сіз басқа елде жүргендей сезініңіз. Мүмкін Индияда, мүмкін Японияда. Сіз өзіңізді шақырған адамдармен адамдармен амандасасыз. Сіз олармен қол беріп қалай амандасасыз. Енді Сіз осы қазір ғана маңызды емтихан тапсырып шыққан жақсы досыңызбен кездестіңіз. Сіз бұл қуанышты жағдаймен оны құттықтайсыз. Сіз бұл қуанышты және құттықтауды сөзсіз қалай жеткізесіз. (30 сек.).Енді бөлме ішінде соңғы айналым жасап, Сіз әлі амандаспаған адамдармен бұл кездесуге қуанышыңызды білдіріп қол беріп амандасыңыз. (30 сек.).Жүргізушіге комментарии: Кездесу немесе ойын кезінде сөйлеспеу керек. Бөлме ішінде жүре бастаңыздар. Сіздер топтағы әрбір адаммен қол беріп амандасып және былай деп айтуларыңыз керек: “Сәлем. Халің қалай?”. Тек осы жай ғана сөздерді айтасыздар. Бұл ойынның маңызды ережесі: Сіздер қатысушылардың біреуімен қол беріп амандасып тұрып, қолыңызды екнші қолмен басқа біреумен амандасып жатқанда ғана босата аласыз. Яғни Сіз үнемі топтың ішінен біреумен байланыст болуыңыз керек. (Барлығы амндасып, топ бұл ритуалға үйренген соң, Сіз “Сіздің мында болғаныңыз қандай жақсы” дей отырып екінші айналымға көшесіз. Басқа вариант: Сіз бұл ойынды сабақ соңында пайдалануыңызға болады. Ол кезде оны мынадай сөздермен алмастыруға болады: “Рахмет” немесе “Рахмет, сізбен жұмыс істген сондай жақсы”). Менің жанымның үйі (РЕЛАКСАЦИЯ)Ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз.Өзіңізге өте ұнайтын қандай да орынды елестетіңіз. Бұл орын бір кездері болған, немесе қиялдағы орын болуы мүмкін. Бұл орында сіз өзіңізді сондай жайлы сезінесіз… Оны барлық детальдарымен елестетіңіз… Айналаға қараңыз. Сіз не көріп тұрсыз? Құлақ салыңыз. Мүмкін, сізге қандай да дыбыстар естілетін болар… Мүмкін сізге жел ысқырығы сезілетін шығар… Қазір сізде осы орында бола тұруға бірнеше уақытыңыз бар… Бұл сіздің жайлы орныңыз. Қазір тағы бір мұқият қарап шығыңыз, терең дем алып, көзіңізді ашыңыз.Жаттығу орындалған соң сезімдерімен бөліседі. Өзіндік сезімнің позитивті өзгеруіне көңіл аударған жөн.Кездесу (психологиялық ойын)Мақсаты: адамға жағымды сөздер айту әдетін жаттықтыру, жaғымды қарым-қатынас, жоғарғы көңіл-күй сыйлау.Қатысушылар екі шеңбер құрып тұрады (ішкі және сыртқы шеңбер). Жүргізушінің белгісімен ойыншылар шеңбер бойына қозғала бастайды (сыртқы шеңбер бір бағытта, екінші шеңбер екінші бағытта). Жүргізушінің белгісімен қозғалыс тоқтатылып, сыртқы және ішкі шеңбрдегң адамдар бір-біріне қарап жұптасып тұрады. Әр жұпқа тапсырма беріледі.А) сәздер ұзақ уақыттан соң кездестіңдер, бұрын өте жақын болмағанымен жақсы қарым-қатынаста болдыңыздар. Өз сезімдеріңізді көрсетіңіздер.Ә) Бала кезде өте жақсы дос болдыңыздар. Біріңізді ата-анаңыз басқа қалаға алып кетті делік, сөйтіп, бәр жылдан кейән кездестіңіздер. Өз сезімдеріңізді көрсетіңіздер.Б) Сенің алдыңда тұрған адам өте ұялшақ, ал оны өте маңызды да қиын кездесу күтіп тұр. Көңілін орнықтыр. Алдымен ұялшақтар ішкі шеңберде тұрады да, сонан соң сыртқы шеңберге шығады.В) Мына адам сен үшін өте маңызды іс істеді, ал сен енді ғана біліп тұрсың.Г) Мына адамның керемет ісі жайлы (біреуді өлімнен құтқарды, жаңалық ашты, т.б.) жақында ғана білдің делік, сезіміңізді көрсетіңіз.Д) Мына адамның бүгін жолы болмады., бұл әділетсіздік.Сыр бермей-ақ тұр, ал ол сенің досың, оның қандай күйде екенін түсінесің, көңілін көтер.Батпақ мүсіншісіМақсаты: байланыс құру және эмоцияның үнсіз түрін дамыту.Барысы: Қатысушылар жұп-жұпқа бөлінеді. Кім сәулетші, кім батпақ болатынын келіседі. Сәулетші сезім ойлап, қағазға түсіреді де, қалтасына жасырады. Атпақты илейді, содан кейін форма беріледі. әрекетті аяқтаған соң, Шедевр дайын! деп, белгі береді. Дайын мүсәндә таныстыру керек. Осыдан кейін қатысушылар рөлдерін ауыстырады. Қай жұп тапсрманы өте жақсы орындағанын бүкіл топ талқылайды.Ақ орындық пен қара орындықМақсаты: қатысушылардың өз бойндағыжағымсыз құлықтарын біліп, түсініп, оны түзеуіне және жақсы қасиеттерін дамыуына бағытталады.Барысы: ортада екі орындық: ақ және қара. Бір студент шығып, әуелі ақ орындыққа отырады. Сол кезде кішкене карточкаларға басқа қатысушылар ол кісінің жақсы қасиеттерін (мінезіндегі ерекшеліктерін) жазады. Ал қара орындыққа отырғанда керісінше, жағымсыз мінез-құлықтарын жазады.Кеін топ болып, талқылайды.ЖаңбырМақсаты: жоғарғы көңіл-күй сыйлау және жағымды қарым-қатынас орнату, ұжымшылдықты дамыту.Барысы: оқушылар санына қарай 4 тоқа бөлінеді. Әр топ өздеріне берілген атауларын атау керек. 1-топ: алақан уқалау.2-топ: қол тырсылдату.3-топ: тізесін соғу.4-топ: аяғын тырсылдату.Бұл құбылыс 4 топтан 1 топқа дейін жәй қайталанып отыруы тиіс. Бұл құбылыстың аяғында балалардың не түсінгенін, не ұғынғанын ортаға салып талдайды.ТүстерМақсаты: оқушылардытоптастыру, түстер туралы мағлұмат алмасу және бір-біріне деген сенімділіктерін молайту. Топ арасынан лидер ығару.Шарты: Оқушыларға негізгі түстер (қызыл, көк, жасыл, сары) ұсынылады. Әр оқушы өзіне ұнаған түстерді алады да, неліктен ұнайтындыын ойланып, ойын жүйелеу үшін 3 немесе 5 минут уақыт беріледі. Әр оқушы жолдастарының арасынан өзінің түсімен бірдей түстерге бірігіп топтасады. Топ ішінен екеуара бір-біріне түсті неге таңдағанын баяндап талдайды.Бұған 3 минут уақыт беріледі. Барлық топ талқылағаннан кейін топтан лидер шығып, түс туралы мәліметтер баяндайды. Бұған 3 минут уақыт беріледі. Басқа топтарда қосымша мәлімет болса қосады.ВернисажМақсаты: оқушыларға өздерінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін еске түсіру арқылы қателіктерін түзеуге мүмкіндік беру.Шарты: оқушыларды алдымен босаңсытып, дайындау қажет. Кейін оларға көздерін жұмдырып, алдымен жақсы қасиеттері туралы еске түсірулері ұсынылады. Еске түскен бір сәтін баяндайды. Содан кейін қатысушылар қайтадан көздерін жұмып, жағымысз сәттері болған жағдайды еске түсіру керек. Сол сәттерді ортаға салып баяндайды. Барлығы баяндап болған кезде ғана жүргізуші істеген істерінің дұрыс не бұрыс екендігін сұрап, кеткен қателігіне талдау жасатып, басқа жолдарын қарауға мүмкіндік жасайды. Жолдастары да өздерінің ойларын қосып, талқылайды және келеңсіз сәттерге кезіккендеқалай шығу керектігі туралы өздеріне тәжірибе жинақтайды.

ҚосымшаларТақырыбы: Таңғажайып көбелектің түсі.Сабақтың әдіс-тәсілі: ертегітерапия, арт-терап, құмтерапиясы.Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру,релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.Сабақтың барысыМіне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болымыз керек.Балалар , мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.Ойын: Жаңбыр (интерактивті тақтамен) Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу).2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып-тұру).5. Жан- жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр ? кәне артынан барайықшыҚұм салынған үстелге жақындайды.-Құм терерапия жаттығуы.-Қолды құмға салу.-Саусақтарының арасынан құмды уқалау.-Қолды құмға жасыру.-Құмды себелеп құю.Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі » ертегіні айтады, Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан-жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.Психолог : Міне ,біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.«Болады, болмайды» жаттығуы.Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр- аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық ұйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.Тренинг: қорқынышОрманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік.Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мәу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз.

«Қоршаған ортамен қарым-қатынасты түзету»Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Адамдар арасындағы қарым – қатынастың мәнін түсіну
  • Дамытушылық: Білімгерлердің бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу.
  • Тәрбиелік: Топтағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу, топта белсенді жұмыс жасауға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: тренингСабақтың әдісі: ұжымды біріктіру, сұрақ-жауап, талқылау, әңгімелесу, топпен жұмыс.Көрнекілігі: тірек сызба, интерактивті тақта, слайд, сөзжұмбақ, тест.Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Топпен сәлемдесу
  • Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.

ІІ. Негізгі бөлім. Психологтың кіріспе сөзі     Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер! Бұл психологиялық тренинг сіздердің бір жылғы оқу жылы бойы жақсы көңіл-күйде жүрулеріңізге арналған. Биылғы оқу жылы әрқайсымызға қандай әсер, қуаныш, жаңалық әкелетіні бізге белгісіз. Сондықтан да біз, бүгін топ білімгерлерімен әр түрлі тақырыпта ойын ойнап жаттығулар жасап, көңіл-күйімізді көтереміз.Қиындықтарды жене білуге тырысып, сол жөнінде әңгімелесеміз.Шамамыз келгенше, жалпы ұжымдық жақсы көңіл-күй қалыптастыруға тырысамыз. Ол үшін біз өзімізге сенім мен үміт ұялатып, жылы шырай танытсақ, барлығы ойдағыдай болады.Сондықтан да  тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. Мақсаты: Білімгерлерді  достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.ә) «Автопортрет» жаттығуы. Мақсаты: Білімгерлерді  достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.б) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. Нұсқау: Психолог алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесінің суреті көрсетіледі.в) «Достық қарым- қатынаста мен қандаймын?» тесті (талдау)«Қарым қатынаста мен қандаймын?» тесті.Мақсаты:қарым қатынас деңгейін анықтау.Нұсқаулық:берілген  тесттің сұрақтарын ынтамен оқып шынайы және ашық жауап беріңіз. Берілген жауаптарды «иә» «жоқ» деген жауап үлгісімен дөңгелектеңіз, әрбір сұраққа көп бөгелмеңіз.г) «Тынығу жаттығуы: «Релаксация»д)  «Кім жылдам, кім тапқыр?» атты жаттығуыМақсаты:қарым қатынас деңгейін анықтау.Нұсқаулық:берілген  тесттің сұрақтарын ынтамен оқып шынайы және ашық жауап беріңіз. Берілген жауаптарды «иә» «жоқ» деген жауап үлгісімен дөңгелектеңіз, әрбір сұраққа көп бөгелмеңіз.  е) « Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуыТақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . Әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады . « Әрқашан күн сөнбесін ! әні орындалады. ж) Ата-аналардың пікірі (видео)көрсетіледі.Психологтың сөзі:  Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Әр адам дүниеге келгеннен бастап өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Баланың айналасын жылы қабылдауы үшін ата-анасының еңбегі ұшаң-теңіз.            Бала үшін отбасы-басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды.            Бала дамуы мен қалыптасуы өсімдік тәріздес, өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырмайды.    ІV. Қорытынды бөлім.        “Кездескенше»  жаттығу«             Қатысушылар тренингтік жаттығудан алған әсерлерін, сезімдерін, көңіл-күйлерін бейнелейді, суреттейді, болмаса стикерге жазбаша жазып «Алма » ағашына қыстырады

Сабақтың тақырыбы:  Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлеріСабақтың мақсаты:Білімділік:. Білімгерлерді  ұйымшылдыққа, ұжымның намысын қорғауға, сыйластыққа, тапқырлыққа, өзара жақсы қарым – қатынастағы көңіл – күйге, алғырлыққа тәрбиелеу.Дамытушылық: Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, білім алушының ой – өрісін, танымдық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, оны жан – жақты үйлесімді етіп дамыту.Тәрбиелік: Білімгерлердің  тәрбие үрдісі туралы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау, тәрбие туралы ой – пікірлер мен тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін айқындап, қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мазмұнын ашу, меңгерту.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, білімді бақылау, бағалау әдістері,«Кубизм »,«Кластер» әдісі,топпен жұмыс.Көрнекілігі: плакат, интерактивті тақта, слайд, сөзжұмбақ, тест.Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Топпен сәлемдесу
  • Зейіндерін сабаққа аудару
  • Топтастыру әдісі.

II.Үй тапсырмасын сұрау: 

  • Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру жолдары.
  • Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру барысында іс –әрекетті ұйымдастыру әдістері
  • Ынталандыру әдісі туралы ұғым
  • Үйрету туралы түсінік
  • Жаттықтыру әдісі
  • Ойын туралы түсінік
  • Тапсырма туралы тусінік
  • Педагогикалық талап
  • Принцип дегеніміз не?
  • Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу
  • Қоғамдық пікір туралы түсінік
  • Қоғамдық пікірдің негізгі нысандары

 Уй тапсырмасын орындау барысында, ұпай жинау әдісі бойынша дұрыс жауаптарына 10;20;30; ұпайдан беріледі.Қосымша үй жұмысына берілген тапсырманы сұрау. Сөз сойлейтіндер: “Қоғам”, “Адам”, “Мінез”, “Тәрбие”  байланысты пікірлер.Жаңа сабақты анықтау үшін, білімгерлердің қызығушылығын таныту барысында жаңа сабақтың тақырыбын «Мозайка», яғни «Құрастыру» ойынын ұйымдастыру. Әр топ білімгерлері жылдамдық таныту қажет.III.Жаңа сабақты түсіндіру:Жаңа сабақ: «Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері» Жоспар:

  • Ұлы ойшыл ғұлама ұстаздардың тәрбие жайлы пікірлері.
  • Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы
  • Оқушыларды тәрбилеу мазмұны:

а) Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу.ә) Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу.б) Тәрбие процесінде мұғалім,мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.

  • Жас ұрпақты тәрбиелеудің түрлері: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбиесі т.б.

      Кіріспе.Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан – бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Тәртібі қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор.Адамзат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздері ерте заманнан-ақ ойшылдар, ғұламалардың назарында болғаны мәлім. Олардың құнды идеялары атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр.Қазақтың ғұламаларының ішінде әл–Фарабидің шығармаларында адам баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім.

  • Әл–Фарабидің айтуынша, «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек.Онсыз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі » -деді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады» – деп ескертеді . Ғұламаның бұл пікірінен ұғатынымыз – адамның санасы мен мінез – құлқы оның адамгершілік сапаларын қалыптастырудың негізі болатындығы.

Ж.Баласағұни «Құтты білік» дастанында адамгершілік тәрбиесін адамның бойында кісілік, парасаттылық, имандылық, тектілік және ізгілік қасиеттерін қалыптастырумен байланыстырады. Оның «Адамшылық жаса адамға адам бол, Адам атын мақтаныш қып адал бол» деген ой-пікірлері әл-Фарабидің идеяларымен үндесіп жатырОсы ой-пікірлер қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу- бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың шығармаларынан да орын тауып, кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына болып отыр.Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметінде мұғалімдердің бала тәрбиесінде адамгершілік мәселесін жоғары талап етіп көрсеткендігі байқалады. Оның өзінің досы Н.И.Ильминскийге 1861 жылы қаңтардың 19 жұлдызында жазған хатында: «Осы жылы қаңтардың 8 жұлдызы күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар… Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын », – деп өзінің сүйікті ісіне белсене кіріскеннін зор қуанышпен хабарлады.Сондай–ақ, 1882 жылы шілдеде Н.И.Ильминскийге жазған хатында:«Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы. Тамаша, жақсы педагогика құралы да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды, – деп жазды. Мұғалім өз шәкірттерін жан–тәнімен жақсы көрсе, оқу–тәрбие ісіне шексіз берілуі ғана емес, оның беделі тек шәкірт алдында ғана емес, бүкіл ата–аналар, жұртшылық алдында жоғары болатынын ескертіп былай дейді: «Мектеп бітіруші баланың болашағын болжай білу қабілеті, адамгершілік қасиеті ұстазға байланысты»  Ағартушы–педагогтың бұл пікірінен байқағанымыз, адамгершілікті – оқу–тәрбие үрдісінің арқауы ете отырып, бала тәрбиесінде мұғалімнің ролі айрықша екендігін түсіндіреді. Әрине, бұл мәселенің қазіргі таңда да көкейтестілігін жоймағандығы анық.Ы.Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасынан да бүкiл әлемдiк тәлiм- тәрбиенiң деңгейi гуманистiк көзқарас, яғни шәкiртке жылы жүректi болу, мұғалiм мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерiнiң көрiнiс тапқанын көремiз. Ол өз еңбегiнде «Мен балаларды жазалауды сүйетiн қатал адам емеспiн. Бiрақ тентек етiп өсiрсең, балалардың адамгершiлiк қасиетiн бұзып аласың» дедi .Ұлы ойшыл Абай адамның өсiп жетiлуiндегi тәрбиенiң ролiне ерекше тоқтала келе, адам баласы бiр-бiрiнен ақыл, ғылым, ар-мiнез арқылы озады. Онан басқа жолмен озамын демектiң бәрi – ақымақтық дей келе, адамды тәрбиелеудегi қоғамдық ортаның ролiнiң ерекшелiгiн саралап көрсетіп бердi. Адамның жақсы, жаман болуы, ақылды, ақылсыз болуы генетикалық негiзге байланысты, ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, алғыр болады дейтiн теріс көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мiнезiнiң қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенiн дәлелдедi. өзiнiң отыз жетiншi сөзiнде: «Мен егер заң қаты қолымда бар кiсi болсам, адам мiнезiн түзеп болмайды деген кiсiнiң тiлiн кесер едiм-дедi.

  • Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау , ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.Мақсат дегеніміз бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру.Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты- жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттік саясаты мен экономикасына тәуелді.Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болады. Тәрбие қоғамдыққұбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.Оқушылардың жеке ерекшелігі-денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы,т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулері керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу- тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек.Бірі- ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан,ынтымақты, әлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі-тәрбиеленушінің педагогикалық ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды.Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның арасында, отбасының және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қалыптасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы дамытылуда. Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті- оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау.Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз – оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны – оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады. Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті – оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдарын меңгертетін ғылыми дүниетінуды қалыптастыру.Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту.”Дамыта оқыту” ережелеріне сүйеніп жасалған оқу бағдарламалары оқушыларды ақыл-ой жұмысына үйретеді.Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л .В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін өілімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.Д.Б.Эльконин ақыл-ойды білімнің мазмұны дамытатынын дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. “Кісілік”, иізгілік”, “имандылық” тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік – адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.Адам – ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.Моральдың негізгі міндеті – адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.Еңбек тәрбиесі – тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдерінежауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті.Еңбек тәрбиесі — жасөспірімдерді еңбекқорлыққа , еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Е. т. барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мыс., қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген (қ. Халықтық педагогика). 18 ғ-дың ағартушылары (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоций) оқыту мен Е. т-н ұштастыру мәселесін алғаш рет ғыл. тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде Е. т. отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Е. т. мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы Е. т-н жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.Адамдардың  эстетикалық  сезімдері  олардың  өмірінде  зор  роль  атқарады.  Әсемдікті  көре,  түсіне,  жасай  білу  адамның  рухани  өмірін  байытады,  қызғылықты  етеді,  оған  ең  жоғары  рухани  ләззаттануға  мүмкіндік  береді. Біз  әр  адамның  адамгершілікті  тұлғалық  мәнін  жан – жақты   дамытуға  ұмтыламыз,  сондықтан  әр  баланың  сезім  нәзіктігін,  көркемдікті, әсем  нәрсені  сүйетіндей  дамытуымыз  кеек.  Адамның  әсемдікті  және  жексұрындықты,  сәулеттілік  және  ұждансыздықты  қуаныш  пен  қайғыны  т.б. түсінуіне  байланысты,  оның  саналы  тәртібі  мен  мінез – құлқы  айқындалады.  Осыдан  келіп  адамның  әсемділікке  шынайы  көз қарасы  мен  мұраттары  болуы  керек  екендігі шығады. Мектеп  оқушыларының  эстетикалық  түсініктері, олардың  еңбекке  әсемдік  тұрғысынан  қатынасы,өзіндік  белсенді  іс- әрекетімен  байланысты  екенін  көрсетеді. Мәселен  өзі  шешу  мүмкіндігі  болғанда  ғана  оның  әрі  мінез- құлықтық, әрі  әсемдік  көңіл- күйі  жай  табады, тояттайды.Жемісті  еңбектен  қанағаттануы,  көңілдің  жай  табуы, эстетикалық  сезімі  бала  үшін  көп  жағдайда  бір  нәрсе.Оқушылардың  оқу  еңбегіне  талғампаздық  қатынасын  дамыту,  оны  оқудың   қозғаушы  күші,  дем  берушісі  ретінде  пайдалану  үшін  балалардың  өзіндік  белсенді  іс — әрекеті  ұйымдастыру,  көркемдік  ләззат  және  құлықтық  әсер  алуы  қамтамасыз   ететін  еңбектің  нәтижесіне  жетуіне  көмектесу  қажет.Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан.– Қазіргі таңдағы мұғалімдерге оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруды қатаң талаппен сұрайды. Оған негізінен мынадай үш түрлі басты міндет жүктеледі.– тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;– сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;– мектеппен отбасының байланысын жасау;Мұғалім, ұстаздардың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазіргі оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады.Әсіресе баланың даму барысын есепке алу, бейімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т.б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жүргізетін сынып жетекшісі. Ойымды тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық құндылықтары мен жалпы адамзаттық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып,ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парызымыз. 

  • Сергіту сәті жасалады.

Видео роликпен көрсетіледі.

  • Сөзжұмбақ Сұрақтар:

VI.Қорытынды. ( тест)VII.Бағалау.(  «Алма ағашы » көңіл-күйдің бейнелері, смайлик) VIII. Үйге тапсырма

  • Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері туралы түсінік
  • Тәрбиенің негізгі мақсаты туралы түсінік.
  • «Келешек ұрпақ тәрбиесінің қалыптасу»атты (эссе жазу)

Тақырыбы: Аутодеструктивті мінез-құлыққа бой алдырмаудың шараларыМақсаты: Жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым-қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру.Қажетті құралдар:Нақыл сөздер, тренинг ережесі, ақ парақ.Тренинг барысы:Психологиялық бағыт беру (жайлы әуен ойнап тұрады).

  • «Аутодеструктивті мінез-құлық » (10-15 минут)

«Аутодеструктивті» сөзі латыннан аударғанда-қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы деп атайды. Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық.Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер маңызы зор. Психологиялық түзетуде және алдын-алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады – проблемалық-бағыттылық және дербес-бағыттылық. Бірінші күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісінде – адамның тұлғалық көріністеріне, өзіне және өзінің мінез-құлқына деген көзқарастарына көңіл бөлінеді.

  • «Соңғы қадам» бейне фильм  (3минут)
  • Жасөспірімнің күйзеліске душар болып жүргенін мынандай әрекеттерден де анық аңғаруға болады:
  • Баланың мінез-құлқы өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, өте енжар, селқостық байқалады.
  • Мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім ауырып тұр, құсқым келеді» деген сияқты сылтауларды көбейеді.
  • Мектепте болған жағдайлардан бас тартады, сабаққа барғысы келмей, әдейі ұйықтап қалады.
  • Әдеттегіден гөрі ақшаны жиі сұрай бастайды, сылтауы көбейеді, тіпті ата-анасының қалтасына түседі. Демек, ол қаржыны мектепте «мазасын алып жатқандарға» тасиды.
  • Кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екіншілері өте ашуланшақ бола бастайды.
  • Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.
  • «Өміріңнің бақытты сәттері» жаттығуы.

Мақсаты: Өткенді еске алғыза отырып, бойларындағы жағымды эмоцияларды сезіндіру, өздерін сергек сезінуге жағдай жасау.Психолог:– Осы уақытқа дейін, яғни өткен шақта өздеріңді өте жақсы сезінген, не өздеріңді сол сәтте бақытты сезінген 2 не 3 сәтті есімізге түсіруге тырысып көрейікші. Бұл оқиға қандай оқиғалармен, не жағдайлармен байланысты екенін есіңе түсіріп, сол жағдай туралы қысқаша жазыңдар.Талдау:-Осы оқиғаларды еске түсіру барысында қандай сезімге бөлендіңдер?-Жағымды әсер алдыңдар ма?Қорытынды: Жаттығу барысында бақытты сәттерінің символдары ретінде кілтті ұғымдар айқындалады.Оның бүгінгі күнгі іс-әрекет , көңіл-күйі қарым-қатынас барысында жағымды қалып қалыптастыруда үлкен маңызы бар.

  • « Өз-өзіңе мақтау сөз» жаттығуы.

Мақсаты: Өз-өзіне деген сенімділіктерін нығайту.Нұсқау: О0ытушыларға өз есімдерін жазбай, алдарындағы бетке «Мен» деп басталатын өз-өздерін мақтайтын сөздер жазу ұсынылады. Жазып болған соң оны умаждап, қорапқа салу ұсынылады. Қорапқа жиналған қағаздарды араластырып, әркім бір қағаздан алып, онда не жазылғанын оқып беру.Талдау: Жаттығу ұнады ма?

  • «Сағат бойынша достар»  жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің есімдерін жазып шығыңдар.Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.1 Күлімсіреңіз2 Қолын қысыңыз3 Арқасынан қағыңыз4 Комплимент айтыңыз5 Қол бұлғаңыз6 Көзіңізді қысыңыз7 Қол ұстасып 3 рет секіріңіз8 Бір тілек айтыңыз9 Послать воздушный поцелуй10 Массаж жасаңыз11 Арқаларыңды сүйкеңдер.12 Құшақтаңыз.

  • «Ауа-райы» жаттығуы.

Мақсаты: Әрбір адамның жан дүниесінде болатын әртүрлі көңіл-күйлерге құрметпен қарауға дағдыландыру.Мақсаты: Әрбір адамның жан дүниесінде болатын әртүрлі көңіл-күйлерге құрметпен қарауға дағдыландыру.Талдау:-Кім өз ойымен бөліседі?-Жаттығуды орындау оңай болды ма?-Жаттығуды орындауда не киындық туғызды?Қорытынды: Өздерің топқа келгенде жағымсыз көңіл күйде болғанда, осындай әдісті қолдануларыңа болады. Бұл әдіс жағымсыз эмоциялардың одан әрі ушығып кетпеуіне көмегін тигізеді. Ал көңіліміз жайланғанда оны түсіріп, не алып тастаймыз.Тест: «Сіз уайымға бейімділігіңіз»

  • «Біздің топтың жүрегі» жаттығуы.

Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топынтымақтастығын жетілдіру.Нұсқау: Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады .Тренингтен алған әсерлермен бөлісіңіз?Қандай әсер алдыңыз?

 ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ(тәрбие ісінің меңгерушілерінің семинары) «Балалардың бойындағы ауытқушылықтардың  алдын алу» Құрметті ата-аналар !Сіздердерді бүгін  «Балалардың бойындағы    ауытқушылықтардың  алдын алу»  тақырыбында өтетін дөңгелек үстеліне шақырдым.Жасөспірімдердің бойында кездесетің түрлі ауытқушылықтарды  осыдан ары қарай, мен девиантты мінез-құлықтар деп айтауға ұсынамын.І. ПрезентацияДевиантты мінез-құлық – әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне:агрессия,демонстрация,оқудан,еңбектен бет бұру,үйден кету,алкоголизм,наркомания,қоғамға жат қылықтар,жыныстық жат мінез-құлық,суицид                                               жатады.Көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді.  Оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.Оларды жекеше қарастыратын болсақ:

  • Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

– ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.

  • Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Осы сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.

Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену – невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол  пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.

  • Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және  бағаларға парықсыз қарайтындар.
  • баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
  • бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
  • баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
  • кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.

Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы – ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:– дисгармонды стиль – бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;– тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;– асоциалды стиль – ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.

  • Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
  •  Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы.

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

  • балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
  • оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
  • оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
  • оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
  • девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.Құрметті аналар!  Дөңгелек үстелдін бірінші бөлімінде теориялық жағынан сіздерді девиантты мінез-құлықтың түрлерімен және оны тудыратын факторларымен таныстырып өттім. Енді  тапсырма практикалық түрде беріледі.  Дөңгелек үстелге орналасқан қытысушыларды үш секторға бөліміз. Әр секторға  жағдаят беріледі.ІІ. Тапсырма:

  • Жағдаятты мумкінше рөлімен көрсетіп шығу.
  • Тудыртқан фактордың түрі.
  • Отбасы қатынасының стилі
  • Түзету немесе алдын алу жолдарын көрсету

ІІІ. Ойын «Жазалау »Ортаға 3 ата-ананы шақырамыз1.Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты

  • Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты,оны көршіңіз сізге келіп айтты

3.Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты ,оны мұғалімнен естідіңізАта-аналар енді сіздер балаларыңызды жазалауларыңыз керек ІҮ. Пікір-таласӘрбір баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына,көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады.Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы,өзін көретін айнасы.Сондықтан,ата-аналар,мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.1.Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?2.Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?3.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?4.Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде,атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?5.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

  • «Баланың өскенде жақсы,өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз,көзқарасыңыз қандай?

-Ата-аналардың пікірлері тыңдаладыБүгінгі жиыңымызға қатысып, өз ойларыңызбен бөліскендеріңізге алғыс айтып  дөңгелек үстелімізді мынандай сөзбен аяқтағым келіп тұр.Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,Өнерімен қуантады түбінде.Бала нені білсе жастан, ұядан-Өле-өлгенше соны таныр қияданӨнер-білім берем десең басынан,Бер оқуға балаларды жасынан.Ата-анадан өсіп ұрпақ тарағанЖақсы-жаман болса бала солардан, -деп Жүсіп Баласағұн  айтпақшы,ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.  Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар сіздерге байланысты.Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық,жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілеймін.«Ата-ана махаббаты» тренингМектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі-ата-аналар жиналысын өткізу.Жиналысты қалай  қызықты,  әрі пайдалы өткізуге болады? Осының барлығы жаңадан класс жетекші болған мұғалімге пайдалы болуы мүмкін.Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың  ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар  арқылы көрсету.Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша,альбом, газет, шар.Тренинг бағдарламасы:1.Есімдер аллитерациясы.2.Баяндама. «Ата-ана махаббаты».3. «Біз біргеміз!» жаттығулар.4. «Өтінемін!» ойыны.5. «Сиқырлы таяқша» жаттығу6. «Тілек шамы».7. Ой- толғаныс.Тренинг барысы: І. Ата-аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.ІІ. Есімдер аллитерациясы.Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту крек.Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.—         Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?—         Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?—          ІІІ. Баяндама. «Ата-ана махаббаты».         Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде  ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында  мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.         Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  — баланың ата-анасын     ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.         Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті  ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.         Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.         Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық  білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.         Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.ІІІ. « Біз біргеміз!»  жаттығуларМақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.§     «Қолынан танып біл!»Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.Талдау:1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?§     «Біз бақытты жанұямыз!»Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.Талдау:1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?§     «Аралда»Қажетті құралдыр: газетҚатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда, енді әр отбасы осы арлдан өздерін аман алып шығулары керек.§      «Үшеуіміздің суретіміз!»Суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы  суретті аяқтау керек.Талдау:1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.ІV. «Өтінемін» ойыны.Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?-Рахмет, өтінемін, т,б-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.-секіріңдер-оң аяқтарын көтеріңдер-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.— оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдарV. «Сиқырлы таяқша» жаттығу.Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық

Жағымды Жағымсыз
Мейірімділік өтірік айту
Жан ашу өшпенділік
Сыпайылық Кек сақтау
даналық Тіл алмау

—         Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл. Төбелесу – біреуге қол ұшын бері. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.VІ. «Тілек шамы».Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен  балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын. VІІ. Ой-толғаныс. -Тренингтіңбасталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.    -Осы белгілер бойынша ата-анаға, оқушыға, мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады. (Жазған пікірлерін оқи отырып, көктем бейнесін шығару.)

Отбасы тренинг Тақырыбы: «Отбасы қарым-қатынастар үндестігін қалай құруға болады?»Түрі: ата-аналармен сұхбат сағатыӘдісі: тренинг, пікірлесу, шығармашылық тапсырмаларМақсаты: Республикалық «Сенің-құқығың –менің құқығым» атты онкүндік жоспарына сай ата-аналардың құқықтық сауаттылық деңгейлерін арттыруға ықпал ету. Балаға тәрбие берудегі жауапкершіліктерінің қалыптасуына көмектесу.Жоспары:І бөлім1.Кіріспе сөз2.Баяндама Тақырыбы: Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы туралы Қ.Р.кодексі (жауапты әлеуметтік педагог Бержанова Т.М.)ІІ бөлім.1.Тренинг2.Мәтінмен жұмыс «Бақытты отбасы»3.Шығармашылық тапсырмалар:-Бала деген кім?-Ата-ананың міндеттері мен жауапкершіктері-Ата-ананың тәулік бойынша іс-әрекеті-Отбасындағы қарым-қатынастар үндестігінің бір көрінісіҚорытынды: (бүгінгі сұхбат сабағынан алған әсерлерін білу) Өту барысы:1.Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздерді «Отбасындағы қарым-қатынастар үндестігін қалай құруға болады?» атты кездесуге шақырып отырмыз. Мақсатымыз республика бойынша «Сенің-құқығың — менің құқығым» атты онкүндік өтуіне байланысты құқықтық сауаттылығымызды арттыру. Қ.Р. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі күшіне енді. Ол кодексте жанұя, ата-ананың бала тәрбиесіндегі міндеттері т.б. көрсетілген.2.Тренинг. Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып бүгінгі кездесуден не күтетінін айтады. Содан кейін ата-аналарды топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.«Бақытты отбасы» мәтініБір үлкен отбасында 100 адам өмір сүрген. Олар әрдайым тату болған. Оны естіген патша таңданып, үй иесінен себебін сұрайды. Сонда үй иесі қағазға бір сөзді 100 рет жазады. Ол қандай сөз жазды деп ойлайсыздар. (пікірлерін білдіру)3.Ата-ананың бас қуанышы –бала. Ата-ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі –бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында  махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б. кісілік келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Сонымен «Бала деген кім?» деген тапсырманы орындайық. (қағазға жазып көрсетеді)   Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеніші – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.Келесі тапсырмада неке және отбасы туралы кодексте айтылғандай, ата-ананың міндеттері мен жауапкершіліктерін білуге тиіспіз, соны қағазға түсіресіздер.(кестеге жазып береді)Ата-ананың міндеті1.     Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеу;2.     Білім алуына көмектесу;3.     Жүйелі білім алуына жағдай жасау;4.     Ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектеп өмірімен танысуға;5.     Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ т.б улы заттарды қолдануға, балаға зиянды екенін түсіндіруге;6.     «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» — деген қағиданы берік сақтауға міндетті.Ата-ананың жауапкершілігі1.     Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты;2.     Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;3.     Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.4.     Баланың адамгершілік тәрбие алуы үшін, өз отбасында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты.5.     Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты6.     Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың саламатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.Келесі тапсырма ата-ана диаграмма құрастыру арқылы бір тәуліктегі жұмысын бөліп көрсетеді. (сағат бейнеленген қағаз беріледі)Рольдік ойын: әр топ жанұя мүшелерінің рөлін алып баламен сөйлесу мәнерін көрсетеді. (сөздер: ата,әже,әке-шеше, апа-аға, іні)Қорытынды: Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды.   Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы- ол перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.Соңында Бүгінгі сұхбат сабағынан алған әсерлеріңіз? деген тапсырманы орындайды.  ТренингТақырыбы:  «Жасөспірім және келіспеушілік»Мақсаты: оқушыларға құқықтық тәрбие  бере отырып, жасөспірімдердіңкеліспеушілік жағдайлары, болу себептері туралы пікірлесуЖоспары:І бөлімБалалар құқығы /баяндама/ІІ бөлімОқушыларды топтарға бөлу /түстер арқылы сурет салу қызыл,көк,сары,жасыл/Күнделікті іс-әркетіңізді 24 сағатқа бөліп көрсетіңіз? /жаттығу/Пікірлесу-жасөспірім және келіспеушілік мәселелері қазіргі қоғамда жиі кездесе ме?-келіспеушілік кімдер арқылы қандай жағдайда болады?-мысалдар келтіріңіз?Шығармашылық  жұмыс-Келіспеушілік себептері-Келіспеушілік жағдайлары-қалай шығар едіңіз? /суреттеп көрсету/Қорытынды: «Қалпақтар» жаттығуы Өту барысыІ. Ұйымдастыру.ІІ.  Оқушыларға құқықтары және міндеттері, сонымен қатар  баспасөз беттеріне шыққан тақырыпқа сай мәселелермен таныстырып, талқылап, пікір алмасу. ІІІ. Тренинг «Бүгінгі тренингтен не күтесіз?» және оқушыларды альфабит ретімен топтарға бөлу. ІҮ. Қызыл, сары, жасыл, көк осы түстерге сай суреттер салу, топ мүшелеріне бір-бірден. Мысалы: қызыл- қызғалдақ, жүрек т.б. Ү.  Күнделікті іс-әрекетіңізді 24 сағатқа бөліп көрсетіңіз?Мына сағат бейнеленген қағазға  топ болып өздеріңіздің күнделікті іс әркеттеріңізді 24 сағатқа яғни, бір күнге бөліп көрсетіп, түсіндіресіздер.Мысалы: сабақ оқу, бос уақытты ұйымдастыру, тамақтану т.б. ҮІ. Пікірлесу.Сіздерге мынадай сұрақтар берілген-жасөспірім және келіспеушілік мәселелері қазіргі қоғамда жиі кездесе ме?-келіспеушілік кімдер арқылы қандай жағдайда болады?-мысалдар келтіріңіз?  Осы сұрақтарға топ болып дайындалып, ортаға  өз ойларыңызды айтыңыздар. ҮІІ. Шығармашылық жұмыс. Оқушылар мына үлестірме қағаздағы  сұрақтарға мысалдар келтіре отырып, суреттеп салыңыздар /үлестірме қағаздар беріледі/-Келіспеушілік себептері-Келіспеушілік жағдайлары-қалай шығар едіңіз? /суреттеп көрсету/ ҮІІІ. Қорытынды. «Қалпақтар» жаттығуы.Мақсаты: кері байланыс орнату.Нұсқау: Мына түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып, топ болып қалпақ жасап, түстерге сай берілген тапсырмаға өз ойларыңызды айтасыздар.Жасыл қалпақтар. Ақыл-ой тұрғысынан тренингке сипаттама беру. Тренинг қандай мәлімет, ептілік алды. Өмірге не қажет, не керек емес.Қызыл қалпақтар. Тренингтегі эмоция мен сезім тұрғысынан сипаттау. Қай жері жағымды ал қай жері жағымсыз сезімдер туғызды. Қай тапсырмалар өте эмоционалды болды?Қара қалпақтар. Жағымды кері байланыс беру: не ұнамағаны, не қызық болмағанын , ненің қажеті жоқ, нені өзгерту керектігін айтады.Сары қалпақтар. Жағымды кері байланыс беру: тренингте не ұнағаны, не пайдалы болғаны, қатысушылар өзі үшін қандай жетістіктерге жеткені туралы сипаттау қажет.  Тренинг сабақтың  тақырыбы:«Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?»                                                           Ісім оңсын десеңіз,                                                          Сол істің маманы болыңыз                                                          Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы  болыңыз                                                                                              Әл- ФарабиМамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам  өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.Біздің мақсатымыз- оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндықлықтар туралы танымдылығына психологиялық- педагогикалық көмек көрсету.Мақсаты: 1. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.Тренинг: «Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуыБарлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір- біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды. Және қолда допты  үш секундтан артық ұстамау керек.Сұрақ: «Қиналған себептеріңіз не?»Жүргізуші: Ғалымдардың зерттеулері бойынша мамандықтар ортақ белгілеріне қарай 4 деңгейге тоқталған.1.     Басқарушылар;2.     Сақтаушы- қорғаушылар;3.     Қаржыгерлер- дәрігерлер;4.     Қажырлы еңбек иелері. ТренингҚол- мидың жалғасы.Сан алуан мамандық бар. Ал, біздің табиғи бейімділігімізге үңілейік:Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарыңыз. Қорытынды:1.     Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысыз.2.     О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің  арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің- қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.3.     Ортан қол сызығы ұзынырақ болса, сіз- дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.4.     Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.      5.  Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз- дәрігерлік шипагерлікке бейімсізЖүргізуші:Басым көкке жетсін десең армандап,Әр жұмысты бөліп істе, қарма оңдапБарлық істі сарапқа сап істегін,Қисаппенен қазынаңды үстегінКісі танымақ болсаң ісіне қараӨз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.                                                        Ж. БаласағұниЖүргізуші:1.     Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?2.     Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?3.     Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?4.     Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?5.     Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?6.     Қай уақытта адам өз жемісін көре алады.? Ситуациялық сұрақ. (Оқушылар өз пікірін ортаға салады.)1.     Мен хирургпынШарты: Ауруханада 5 емделуші  бар. Олар:1.     Бес айлық қыз бала2.     Алты жасар дарынды бала3.     Көп балалы ана (10 баласы бар, 70- тегі ана)4.     Қаңғыбас5.     ҚұрылысшыЖүрек  біреу. Осылардың қайсысына операция жасар едің. Біреуін ғана таңдауың қажет.Әрі қарай ортаға өз еркімен бір оқушы (кейіпкер) шығады. (таңдаған мамандығына жетуге өзінің рухани дайындығын анықтайды)Әрбір қатысушы басты кейіпкердің бағдарының табандылығын анықтау барысында бірнеше кедергілер ойластырады. Кейіпкер ойланбастан бірден жауап беру арқылы сол кедергілерден шығу жолын айтады. Кедергіні  қоюшы (қатысушы) берілген жауаппен келісетінін немесе егер келіспесе өзі қандай әрекет жасайтынын мәлімдейді. Соңында жүргізуші кейіпкердің қатысушылармен бірге қай кейіпкердің табандылығы мен рухани дайындығы басым екендігін анықтайды.Келтірілген кедергі, қиындық үлгісі төмендегідей.1.     Егер сенің ол оқуға  түсуіңе ата- анаң келіспесе не істейсіз?2.     Емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің?3.     Оқуыңды ойдағыдай аяқтап, жұмысқа кірісер сәтте үй іштерің саған одан гөрі еңбекақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесің?4.     Оқуға түскен соң өзіңе ұнамай қалса не істейсің? Т.бТест.1.     Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады деген дұрыс па?А) ия                                 Ә) жоқ2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына  байланысты ма?А) ия                                 Ә) жоқ3. Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?А) ия                                 Ә) жоқ4. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға бола ма?А) ия                                 Ә) жоқ5. Қартайғанда да мамандық таңдауға бола ма?А) ия                                 Ә) жоқ6. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек пе?А) ия                                 Ә) жоқ7. Ақша болса, мамандық қажет емес деген пікірмен келісесің бе?А) ия                                 Ә) жоқ8. Мамандық таңдаудағы басты өлшем- қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестілігі ме?А) ия                                 Ә) жоқ9. Таңдайтын мамандығыңды болашақ табысың анықтай ма?А) ия                                 Ә) жоқ10. Мамандық таңдау- күн көрістің қамы ма?А) ия                                  Ә) жоқ11. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет пе?А) ия                                 Ә) жоқ Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені  ол адамды ізгілендіреді»Л.Н. Толстой—         Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойғаалған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін-әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам  ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.Тренинг«Армандар» жаттығуыБарлық қатысушы шеңбер бойымен отырып, 3-4 рет терең дем алып, көздерін жұмады. Өз тілектеріне көңіл аудара отырып, болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын, жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі. Жанға жағымды әуен ойнайды.Берілген уақыт өткеннен соң тағы да 3-4 рет терең дем ала көздерін ашады. Топ өзінің алған әсерімен  бөліседі. Тренер әркімнің айтқандарын  толықтырады, яғни әрқайсысының қол жеткізгісі келетін, алға қойған мақсат, армандарының бар екенін айтады.Топ қатысушыларының күтетін және күдік алатын, қорғанатын нәрселері.Әрқайсысы өздерінің жеке- жеке не күтетіндіктері мен қорқатын жағдайларын айтады. Қатысушылардың барлығы өз ойларын айтып болған соң, «дәл осы жерде  және қазір» болатын жұмыстың мәні түсіндіріледі. Қорытынды:—         Сізге тренингте не ұнады?—         Не ұнаған жоқ?—         Тренинг- сабақ керек пе, ол мамандық таңдауда көмектесе ме?                                                                                                                                                                                 Тақырыбы: Менің отбасым-менің байлығымМақсаты: Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын күшейту жолымен  бала  мен ана арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігін психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар арқылы көрсете отырып, отбасылық тұрақтылықты  нығайтуға үлес қосу; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімін күшейту; Көрінекіліктер:Түрлі қағаздар, интерактивті тақта, сиқылы таяқша,видео материалдар, слайд-шоулар. Кіріспе (Мұғалім сөзі)Сәлеметсіздер ме  құрметті оқушылар, ата-аналар!Бүгінгі өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош келдіңіздер!             -Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен сіздердің  жекелеген отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына байланысты.            Адам өмірінің мәні мен сұлулығы – баланың ата-анасын ардақтап., өзінің перзенттік қарызын бір сәт те есінен шығармауында.            Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін.» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде  «Өзімді алып, баламды аман қалдыр,»деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші!Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге белгілі.Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық ,тек жақсылық тілеймін. 1.Шаттық шеңберіЕнді келесі кезекте сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Экранда көрсетілген балаңыздыздың есімі неге байланысты қойылғанын бір ауыз сөзбен айтып, сол есімнің бірінші әрпінен басталатын жақсы тілек айтуларыңыз керек.       — балам айдың жарығында дүниеге келгендіктен айдай сұлу болсын деп айсұлу қойған екен. Ай қабақты сұлу, ақылды болуларыңа тілектеспін.—          баламның есімін атасы Диана деп ********—          баламның есімін Ержан ер мінезді жан болсын дегені, жігіттер, сіздерге нағыз ер мінезді, қыз балаларға еліктей нәзік болуларыңа тілектеспін.Әр тілектен соң  3 рет қол соғып қошеметтеп отырамыз. 2.  «Біз бақытты жанұямыз»  Суреттер әлемі Ендігі кезекте тақтада балаларыңыздың өз отбасына байланысты салған суреттері бар, сол суреттерді кезепен тауып алуларыңыз керек. Ал балалар орындаңызға жайғасуға болады.  (Музыка)-Сонымен өз балаларыңыздың суретін табуда қаншалықты қиын болды?— қандай белгісіне қарап таптыңыз?   3-4 анаға3.Видео-ролик Құрал Айдана-Кей оқушыларға өздігіне тапсырмалар берілген болатын. Шаршағанымызды басу үшін ортаға Айдананы шақырсам…4. Слайд-шоу ДианаОртамызда диананың анасы отыр. Диана бүгін сыныбымыздың , мектебіміздің , тіпті облысымыздың намысын қорғауға кетті десек те болады. Бүгін өзі болмаса да өз отбасы жайында дайындаған слайд –шоу материалын көріп тамашалайық.  -Дина апай, сіз қазір қандай сезімде отырсыз? Қандай әсер алдыңыз? Жалпы ана баласы бір қадам жанынан жырақ кеткенде  қандай сезімде болатынын айтып жеткізсеңіз?5. «Біз  біргеміз»Келесі тапсырмамызға көшейікҚолдарыңызға фламастер, маркер алып алдымен аналарда ортаға шақырамыз.Сіздер кез келген бір заттың суретті бастайсыз,  музыка тоқтаған кезде сіз де тоқтайсыз. Енді ортаға  сол аналардың балаларын шақырамыз, сіздерді қошеметпен орындарыңызға жайғастырамыз.Сіздер аналарыңыз бастаған суретті аяқтап  және бір суретті бастап кетесіздер.музыка тоқтағанда тоқтатып, орындарыңызға жайғасып,  аналар ортаға шығып суретті аяқтайды.Суреттеріңіз көңіліңізден шықты ма?Қандай әсер алдыңыз? Тапсырма несімен ұнады? 6.Тыныштық сәтіКелесі кезекте тыныштық сәтін бұзбай  Ержанның өз отбасы жайлы дайындаған бейне материалын тамашалайық. 7. Тренинг Сиқырлы таяқшаОртаға 4 отбасын шақырамызКез келген парақты алып сөзді оқисыз да келесі отбасына бересіз олар отбасы болып әр жаман қылықтың бір жақсы жағын ойлап табу  керек.Мысалы :  Сараң——-Үнемшіл           өтірік айту————-ренжітпеу үшін Төбелесу—–  біреуді қорғау сабақтан қалу——–балаға ие болу Ұрысу—жаманнан сақтау       қорқу——өзін қорғауКек сақтау——-ренжігенін білдіруҰшқыр ойларыңыз бен ұттқыр жауаптарыңыз үшін  көп рахмет сіздерге. 8. Тренинг «Өтінемін»  ойыныТағы да сіздерді ортаға шақырамыз.Сіздермен бір ойын ойнап көрейік«Өтінемін»  ойыны-Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөдерді білесіздер?Рахмет, ғафу етіңіз. өтінемінМен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер Егер  мен «Өтінемін » деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет, Егер мен «Өтінемін » деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.-Секіріңіздер,— өтінемін ,қол шапалақтаңыздар.-оң аяқтарыңызды көтеріңіздер.— өтімін, оң жақтағы көршіңізге қараңыз-құлақтарыңызды ұстаңыздар.-өтінемі, отбасы боп құшақтасыңыздар.Рахмет,орындарыңызға жайғасуға болады. 9. Қысқа метражды фильмі Келесі  кезекте сыныбымыздың болашақ маманы, техниканың құлағында ойнайтын мырза жігіт Нұрзаттың сіздерге арнайы дайындаған қысқа метражды фильмі бар, соны ұсынамыз. 10.Тренинг  «Жазбай танимын»  Барлығымыз ортаға шығып  шеңбер жасайық. Құрметті аналар, бүгін біз ана мен бала арасында битти де болсын қарым –қатынастың жақындайына өз үлесімізді қостық деп есептейміз. Сіздерді арнайы шақырғандықтан бізде білім алып, тәрбиеленіп отырған көз қуаныштарыңыз-балаларыңызды көздеріңіз жұмулы болса да, жазбай танитындықтарыңызда көрсетсеңіздер.  -Құрметі ата-аналар, міне бүгінгі сіздерге арналған «Менің отбасым-менің байлығым » атты шарамыз аяқталып та қалды. бүгінгі сабақтан түйгендеріңіз, ұнаған жаттығулар, жұмыстар болса өз тілектеңізді білдіреміз десеңіздер сөз сіздерде. Қолдарыңыздағы параққа ұсыныс, тілек жазуларыңызды сұраймыз.Осындай қарбас шаруасы көп күннің арасынан уақыт тауып келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі жүздескенше қош сау болыңыздар.

ҚорытындыЕртеңгi күннiң бүгiнгiден гөрi нұрлырақ болуына ықпал етiп, адамзат қоғамын алға тартатын құдiреттi күш тек бiлiмге ғана тән. Ал сол бiлiм дiңгегi сапалы болу үшiн жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, үйретудi одан әрi қарай ұлттық негiзде жалғастыру керек. Ұлттың болашағы — ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесi-ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты- жетiлген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат тәрбиелеу үшiн жеке адамды толығымен танып бiлу керек, сонымен қатар, ақыл-ой тәрбиесi, имандылық, еңбек, эстетикалық, тiлдiк қатынас, дене тәрбиесi, экономикалық, экологиялық, жыныстық, патриоттық тәрбие берiлуi тиiс. Олар адамның рухани бейнесiн қалыптастыып, жан-жақты мәдениеттi болуына бағыттайды. Өкінішке орай, оқушылардың жас ерекшелiктерiн, әлеуметтiк жағдайын, психологиялық ерекшелiктерiн /мiнез-құлқы, темпераментi, таным процесстерiнiң даму деңгейi, сол кездегi көңiл-күйi, қызығушылығы, қабiлетi/ ескермеудiң нәтижесiнде педагогикалық процесске қатынасушылардың арасында кикiлжiң жағдайлардың туындауы, оқушылардың қызығушылықтарының төмендеуi, қарым-қатынастың тиімсіз жағдайлары кездесуде. Сондықтан ұстаздар қауымына баланың ойлауы, есi, зейiнi, қабылдау заңдылықтары туралы мағұлматтармен қоса, баланың дамуындағы жас және жеке ерекшелiктері, мiнез-құлық бiтiстерi, темпераментi, шығармашылық ынтасы мен оны жан-жақты дамыту мүмкiншiлiгi туралы мағұлматтар қажет. Ал ең бастысы мұғалiм оқытудың белсендi, дамыта отырып оқыту, оқыта отырып дамыту әдiсiн меңгере бiлуi қажет. Ал психологиялық қызмет шаралары балалар мен жасөспірімдердің, жеткіншектердің психикалық және психологиялық тұрғыда толыққанды жеке адам болып қалыптасуына, олардың қабілеттік деңгейлерін, бейімділігін, шығармашылығын, таным үрдістерінің даму деңгейін, жас ерекшеліктеріне байланысты даму кезеңдеріндегі кездесетін қиындықтардың алдын алуға, мұғалім қолына жеке тұлғаның мүмкіндігі туралы құнды деректер береді. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректікке, тапқырлық пен алғырлыққа, ойлампаздыққа баулып, тәрбиелеп, бағыттайтын да осы психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады. Сонымен бірге педагогикалық үрдіске қатынасушылар арасындағы өзара қарым-қатынас стильдерін реттеуге мүмкіндік бере алады. Мысалы: мұғалім — оқушы, оқушы -оқушы, оқушы — басшы, басшы — мұғалім арасындағы іс-әрекеттер мен байланыстар, бірлескен іс-шараларды реттеп, тиімді қарым – қатынас жасауына бағыттай алады.Ұстаздар қауымына, ата-аналарына білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруына көмектеседі, оқытудың белсенді, дамыта отырып оқыту әдісін меңгере білу қажеттілігін айқындауға көмектеседі. Оқытылып жатқан білімді саналықпен миға тоқудың түрлі айла-тәсілдерін білуге ұмтылдырумен қатар ерік — жігер мен қажыр — қайратын шыңдай түсуге бейімдейді.Қолданылған әдебиеттер:

  • Абрамова Г.С. Практическая психология. – М ., 2001 ж.
  • Алиева А. Баланың мектепке дайындығын анықтау. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2007.-№3. — Б. 24-25.

2. Батаршева А.В. Тестирование. Основной инструментарий практического психолога. – Ростов- на – Дону, 2000 ж.3. Битянова М. Практическая психология, М ., 1996ж.4. Диагностическая и коррекционная работа школьного психолога. Под ред. И.В. Дубровиной. – М,. 1987ж.5. Леонова Л.Б. Психологическая диагностика и регуяция функциональных состояний учащихся. – М,. 1990ж.6. «Мир профессий»: Человек – человек, М.:Молодая гвардия, 1986.-300с.7.«Мир профессий»: Человек – художественный образ, М.:Молодая гвардия, 1987.-383с.8. «Мир профессий»: Человек – знаковая система, М.:Молодая гвардия, 1988.-351с. 9.«Мир профессий»: Человек – техника/ М 63-М.Мол.гвардия, 1988. -335 с.10. Немов Р.С. Психология. В 3 – х томах. Т.З. – М,. 1995.11. Психологические тесты. В 2 – х томах. Под ред. А.А. Карелиной. – М,. 2000ж.12. Психологические методы. Под. Ред. А.А. Бодалева. – Ленинград, 1976ж.13. Петровский А.В. Психология. – М,. 1998ж.14. Психологическая диагностика. Под. Ред. К.М.Гуревича. – М,. 1981ж.15. Практическая психология в тестах. Составители С.Римский, Р.Римская. – М,. 199ж.16. Пряжников Н.С.Профоринтационные игры, упражнения в школе. М.,2006.17. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. – М,. 1996ж.18. Резапкина Г.В. Я и моя профессия: Программа профессионального самоопределения для подростков:учебно-методическое пособие для школьных психологов и педагогов.-М.: Генезис,2004.19. «Руководство практического психолога». Психологические программы развития личности в подростковом и старшем школьном возрасте. Издательский центр «Академия». Москва, 1998г.20. Столяренко Л.Д. Основы психологии. – М,. 1997ж.  Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002 г.2.     Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера.- Питер, 2001 г.3.     Изен Н.В., Пахомов Ю.В.   Психотренинг игры и упражнения. — П., 2000 г.4.     Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. – А.-2002 ж.5.     Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе.- эксимо-пресс, 2001 г.6.     Сидоренко Е.В. Мотивационный тренинг – Р; 2000 г.7. Құдайқұлов М.А. Способности умения и навыки. –Алматы., 1986 г.8. Парыгина Б.Д.  Практикум по социально-психологическому тренингу- Санк-Петербург., 2000 г.Шериязданова Х.Т. Психология мамандықтары бойынша практикалар: Оқу құралы / Х.Т. Шериязданова, А.Р. Ерментаева. — Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2004. – 120б.Шегебаева Т. Топтағы тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеу.//Мектептегі психология = Психология в школе.-2008.-№1.- Б. 21-23.Тоқтарова Л. Психолгиялық қызмет.//Қазақстан мектебі.-2009.-№7. — Б. 44-47.Сырғабаева Т. Психологиялық қызметтің бағдарлы оқудағы рөлі. //Мектептегі психология = Психология в школе.-2008.-№4- Б. 40-42.Қазығұлова Г. Мен және менің достарым. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2007.-№6.- Б. 36-37.ДалдабаеваА. Темпераментті анықтау әдістемесі. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2007.-№4. Б. 42.Жақыпова Г. Педагогикалық қабілетті зерттеу. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2007.-№1. — Б. 51-55.Тауырбекова Г. Ашуыңды ірке біл… // Мектептегі психология = Психология в школе.-2006.-№6. — Б. 28.Қайырова Ж. Күйзеліске қарсы тұра алушылықты және әлеуметтік бейімделуді анықтау. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2006.-№6.- Б. 36-39.Қайырова Ж. Жеке-дара тұлғалық ерекшеліктерді анықтау. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2006.-№2.- Б. 23-25.Жанарбек К. Сіздің адам тани білу мүмкіндігіңіз қандай? // Мектептегі психология = Психология в школе.-2006.-№5.- Б. 40.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.