Адамзат өзгеғаламшармен байланыс орнатпақшы
АҚШ-тың Массачусетс технология институтының ғалымдары алыс ғарышқа бағытталуы жоспарланып жатқан ауқымды лазер жобасын жария етті. Ғалымдардың айтуынша, бұл жоба өзге ғаламшарлықтармен кездесу уақытын тездетеді. Бұл туралы Daily Mail басылымы мәлім етті.
Физиктердің пікірінше, лазер құрылғысының қуаты лазер сәулесін 20 мың жарық жылына тең қашықтыққа дейін жеткізе алады. Егер өзге ғаламшарлықтар бар болса, лазер сәулесі олар үшін маяк міндетін орындайды.
Қуаты 1-2 мегаВатты құрайтын лазер құрылғысы Жер шарымызды 30-35 метрлік телескоп арқылы «нұрландырып» тұрады. Ғалымдардың мәліметінше, осындай технологияның арқасында көптеген экзоғаламшарлар орналасқан, Күнге жақын жұлдыз – Проксима Центаврада болуы мүмкін саналы тіршілік иелерімен байланыс орнатуға болады.
Ғалымдар лазер құрылғысы арқылы байланыс орнатпақшы болған кейінгі нүктелерден бірі – Күннен 39,5 жарық жылы қашықтығында орналасқан TRAPPIST-1 жұлдызы.