Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері.
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері.
Автор: Бозова Райхан Нуридоллаевна
Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 7 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-06
Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдері үшін «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған биология
сабағының жоспары
Мектеп: Мерген ОЖББМ Мерзімі: Мұғалімі: Р.Н.Бозова Сынып: 7 Оқушылар саны: 15Сабақтың тақырыбы: Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері. Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: жинақтылық, қамқоршылық, ұқыптылық Сабақ барысы: Мақсаты: Оқушыларға тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1.Оқушыларға тыныс алудың маңызы, тыныс алу мүшелерінің қызметі туралы білімдерін толықтыру. 2. Оқушының ойлау, материалдарды меңгеру, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, жинақтылық қасиеттерін дамыту. 3. Оқушыларды адамгершілікке, сезім мүшелерін қадағалауға үйрету, оған қамқорлық жасауға, ұқыптылық пен жауапкершілікке, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: өзін-өзі пәнімен ықпалдастыру сабағы Сабақтың әдісі: Сахналау , постер қорғау , тірек-сызбамен талдау. Сабақтың пән аралық байланысы: Валеология, өзін-өзі пәні Сабақтың көрнекілігі: «Тыныс алу жүйесі» плакат, үлестірме карточкалар, стикерлер, түрлі-түсті суреттер мен жапсырмалар, модельдер, бейне таспа, интерактивті тақта.Сыртқы интеграция: І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды күйге ену, тыныс алу жаттығуын жасау.Біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз, бұл арқылы ақылымыз дем алады.Көздеріңізді жұмып, аяқ-қолдарыңызды айқастырмай отырыңыз.Арқаңызды тік ұстаңыздар!Демді ішке алған кезде сүйіспеншілік, тыныштықты қабылдаймыз, ал демді шығарғанда бойыңыздағы мазасыздықты шығарамыз.1-10 санау. Дем ал- дем шығар.Енді көздеріңізді ашуға болады.ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.1.Желбезек арқылы тыныс алатын омыртқасыздар мен омыртқалыларды атаңдар?2.Жабын арқылы диффузды тыныс алатындар қандай жануарлар?3.Өкпемен тыныс алатындарды атаңдар?ІІІ. Жаңа сабақ өту. Бейне таспа көрсетілім көрсету.Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар табады.ІV.Шығармашылық , топтық жұмыс. Оқушыларға түрлі- түсті қағаздар арқылы, топқа бөліп отырғызу Постер қорғау беріледі. 1-топ . «Тыныс алудың маңызы ».2-топ. «Тыныс алу мүшелерінің құрылысы».3-топ. «Әке сынағы» аңызды сахналап, өкпе- реніштің мағынасы туралы айту.Сұрақтар:1.Балаларының арасындағы реніштің туу себебі неде?2.Дұрыс әрекет жасау адамдарға қандай қасиеттер қажет?3.Бұл оқиға сізге сабақ болды ма, әлде оны аңыз түрінде қабылдадыңыз ба?Қорытынды: Әкесі балаларына дұрыс әрекет жасауды үйретті, яғни адамның ойы, сөзі, іс-әрекеті үйлесім табуға тиіс.1,2,3- топ. Үлестірме карточкалармен жұмыс.V. Оқушыларды бағалау.VІ. Үйге тапсырма беру: §31 оқу, термин сөздерді жаттау.
.
>
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.