Адамның өтірік айтып тұрғанын қалай білуге болады
Британдық әлеуметтанушылар бірнеше жыл бұрын орташа есеппен алғанда, адам күніне 4 рет өтірік айтады деген тұжырымға келген болатын. Олардың пікірінше, ең көп таралған өтірік, «қалың қалай деген» сұраққа жауап ретінде айтылатын «бәрі жақсы» деген тіркес. Бүгінде белгілі психологтар әңгімелесушінің сізді қалай алдап отырғанын анықтауға болатынын түсіндіріп берді.
Бетін ұстап, сипады
Адамдар өтірік айтқан кезде, маңдайын сүртіп, шашын түзеп, мұрнын қасиды. Олар осындай жолмен қалай толқып тұрғанын жасыруға тырысады. Бәрінен де, өтірікті жасыру үшін қолданылатын ең көп таралған қимыл – ауызды қолмен жабу. Осылайша, адам сүзгіден өткізу секілді, өз өтірігін жеңілдетуге тырысады.
Жиі жыпылықтап, көзін жасырады
Жасыратын нәрсесі бар адам көзге тік қарай алмайды. Өтірік айтып тұрған адамның көзқарасы бір затта тоқтап тұрмай, жан-жаққа жүгіріп тұрады. Егер адам көзін жыпылықтатса, бұл да ойлануға себеп болады. Бұл – өтірікші өзін ыңғайсыз сезінеді деген сөз. Ол өтірік айтып тұрғандықтан, әңгімені мүмкіндігінше тезірек тоқтатқысы келеді.
Жиі жөтеле береді
Стресстік жағдайда адамның аузы құрғап, құрғақтық мазала бастайды. Сол кезде ол жөтеліп, ернін жалай береді. Ал егер әңгімелесуші ауырмаса, бірақ жиі жөтелсе, оған сенуге бола ма, болмай ма ойланып көріңіз.
Қолында бір нәрсені айналдырып тұрады
Әдетте, өтірік айтып тұрған адам қолын тыныш ұстай алмайды. Ол әрдайым қолындағы затты айналдырып, шашын саусағымен бұйралап, алақанын сүртеді.
Сөйлеуін өзгертіп, кідіріс жасайды
Адамдар өтірік айтып жатқанда, олардың сөзі жиі өзгереді. Олар дабырлап сөйлеп немесе сөздерді соза айта бастайды. Сондықтан, сөйлесу кезінде кідіріске де назар аударыңыз. Сондай-ақ, өтірік айтқан адам телефоннан маңызды хабарлама алғандай күй танытып, соза есінеп, саптыаяқтан шай сіміруі мүмкін. Ал мұның барлығы үзіліс кезінде сіздің сұрақтарыңызға дұрыс жауап табу үшін жасалады.
Өзіне-өзі қарама-қайшы келу
Адамның өтірік айтып тұрғанының белгісі – оның қимылы мен бет-әлпетінің әңгіменің жалпы бағытымен сәйкес келмеуі. Ол әңгіме барысында басып изеп, бір мезгілде айтып отырған әңгімесін жоққа шығарады. Мысалы, қайғылы оқиға айтып, өзі күлкісін әрең қысып отырады. Бұған қарап, оның айтып отырғанының өтірік екенін бірден аңғаруға болады.
Әңгімені басқа тақырыпқа ауыстырады
Өтірік айтып тұрған адам әңгімені мүлде басқа тақырыпқа ауыстырып әкетеді. Ол басқа нәрсе туралы әңгіме қозғай отырып, өзіне жағымсыз тақырыпты жабуға тырысады. Өйткені, өтірігі ашылып қалатынын сезе бастайды.
Источник: Stan.kz