Адамгершілік туралы нақыл сөздер
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай Құнанбаев
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек. Абай Құнанбаев
Аз сөйлер де, көп тыңдар хас асылдың баласы. Махамбет Өтемісұлы
Ақын бойына адамгершілік қана жарасады. Екеуінің біріне ақау түссе — алдымен ақындық өледі. Ғабит Мүсірепов
Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық — бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі. Ғабит Мүсірепов
Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек. Ғабит Мүсірепов
Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас.Ғабит Мүсірепов
Махаббат, достық, бауырмалдық — адамның ең бір асыл қасиеттері. Ғабит Мүсірепов
Адамшылықтың сұлтаны. Сағат Әшімбаев
Шын көңілден айтылған тілекке — шындықпен жауап беру парыз. Мұхтар Әуезов
Жомарт бергенін айтпас. Мақал — мател
Ел адамымен сөйлессең — ауыл-аймағын айтады, қала адамымен сөйлессең — үйіндегі жиған-тергенін айтады, қыр адамымен сөйлессең — бота менен тайлағын айтады, ал тексізбен сөйлессең — қайдағы-жайдағы аузына келгенін айтады.Би-шешендер
Адамның басшысы — ақыл, жетекшісі — талап, шолғыншысы — ой жолдасы — кәсіп, қорғаны — сабыр, қорғаушысы — мінез. Би-шешендер
Шешен сол — сөйлер сөзден қамалмаса,
Жақсы сол — істер ісін тәмамдаса.Шал Құлекеұлы
Тұзаққа түскен бұлбұлдан еркін жүрген торғай артық.Төле би Әлібекұлы
Нәрестенің бесігі — кең дүниенің есігі.Төле би Әлібекұлы
Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту — үй иесінің борышы.Тоқсары
Айнымай тұтқан жолың болсын мынау —
Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.
Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр-ау. Міржақып Дулатов
Адамның алдымен адам сипаты болуға тиіс.Міржақып Дулатов
Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болғанға не жетсін.Әйтеке Байбекұлы
Арам табақтан адал ас өтпейді.Жанақ Сағындықұлы
Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.Қожа Ахмет Йассауи
«Сіз» — әдеп, «біз» — көмек.Мақал — мәтел
Базарда мың кісі кездеседі, әркім сүйгеніне сәлем береді.Мақал — мәтел
Сәлемнің де сәті бар.Мақал – мәтел
Кісі болар кісінің — кісіменен ісі бар, кісі болмас кісінің — кісіменен несі бар.Би-шешендер
дереккөз:el.kz