Адамды саудаға салу қылмыс құрамын шетелдік қылмыстық заңнамалармен салыстырмалы түрде талдау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 АДАМДЫ САУДАҒА САЛУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Адамды саудаға салудың түсінігі және мәні
13
1.2 Адамды саудаға салумен күрестің халықаралық тәжірибелері 22
2 АДАМДЫ САУДАҒА САЛУДЫҢ ЗАҢДЫ ТАЛДАМАСЫ
2.1 Адамды саудаға салудың объективтік белгілері 32
2.2 Адамды саудаға салудың субъективтік белгілері 41
2.3 Адамды саудаға салу қылмыс құрамын шетелдік қылмыстық
заңнамалармен салыстырмалы түрде талдау 48
3 АДАМДЫ САУДАҒА САЛУДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Адамды саудаға салудың себептері мен жағдайлары 56
3.2 Адамды саудаға салудың алдын алу шаралары 63
3.3 Адамды саудаға салу қылмысын реттейтін нормаларды
жетілдіру 73
ҚОРЫТЫНДЫ 81
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР САНЫ 85
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР ҚК – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
РФ – Ресей Федерациясы
ҚР ӘҚБтК – Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
ҚР ҚІЖК – Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы
СҚО – Солтүстік Қазақстан облысы
ШҚО – Шығыс Қазақстан облысы
БҚО – Батыс Қазақстан облысы
АЕК – Айлық есептік көрсеткіш
КСРО – Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
Қазақ КСР – Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы
ҰҚК – Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ – Ішкі істер министрлігі
ЭСЖКА – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі (қаржы полициясы)
АҚШ – Америка құрама штаты
ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыстық құқық ғылымының басты
мақсаттарының бірі, ол қылмыстық заңның институттарымен нормаларын
жетілдіру мақсатында ақиқат болмысындағы кейбір заңға қатысты қоғамдық
элементтерді дұрыс түсіне білу және заңды сот-тергеу практикасында
қолдануға ыңғайлы түрде құрастыру болып табылады. дипломдық зерттеуде
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы адам саудасының
теориялық және қолданбалы шешімдері берілген. ҚР ҚК 128-бабындағы қылмыс
затының маманданымы, сонымен қатар оның құрамының қылмыстық құқықтық
сипаттамасы берілген және қылмыстық заңнаманың жетілдірілуіне нұсқаулар
көрсеткен.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Адам – Қазақстан Республикасының ең негізгі, басты және маңызды байлығы
болып табылады. Қазіргі таңда адам саудасы, соның ішінде әйелдер мен
балаларды сату шынайы көрініс. Құлдық осыдан екі жүз жыл бұрын болғанына
қарамастан, қазіргі таңдағы құлдық мәселесі соған сәйкестендірілген
институттардың туындауына әкеп соқты. Сарапшылардың зерттеулерінше, әлем
бойынша жыл сайын жеті жүз мыңнан төрт миллионға дейін ерлер, әйелдер,
балалар сатылуда, сатып алуда, оларды құлдықтың түрлі жағдайларына
байланысты бостандыққа жібермей ұстап отыр. Орталық Азияның басқа да
мемлекеттерімен салыстырғанда, Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе
жатқан мемлекет, соған байланысты жұмыс іздеушілер де, оларды жұмысқа
еліктіруде біздің елімізде орын алуда. Міне, соның нәтижесінде жұмыс іздеп
келген азаматтарды алдау, арбау, еліктіру, сату саласындағы қылмыстық
топтарға түсіп қалып жатады.
Адам саудасы – бұл адамның негізі маңызды құндылығы құқықтан және
бостандықтан айыратын қазіргі заманның құлдығы емес. Ол ұйымдасқан
қылмыстың ірі қайнар көзін қамтамасыз ететін заңсыз әрекетті сипаттайтын
қылмыс түрі және нашақорлық пен қару жарақтан кейінгі заңсыз жасалынатын
қылмыстардың ішінде үшінші орынды алады. Бұл шекаралас мемлекеттер үшін
трансұлттық мәселе болып табылады. Халықаралық қауымдастық бұл мәселемен
күресу үшін бірігу қажет, күш-қуаттарды біріктіру керек.
Адам саудасына қатысты қылмыс өзінің қауіптілігіне қарай, халықаралық
қауымдастыққа ұран шақырған негізгі қылмыстар қатарына қосылады, атап
айтсақ, терроризм, ақшаны заңсыз жуып шаю, қару-жарақ және нашаны сату
сияқты қылмыстардың қатарына қосылады.
Қазіргі таңда оның пайда болуы халықаралық қылмыспен, оның ұйымдасқан
формаларымен тығыз байланысты, соның негізінде құқық қорғау органдарынан,
сонымен қатар азаматтық қоғамның барлығынан адекватты реакцияны талап
етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үкіметтік емес ұйымдармен және
халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, адам саудасына қатысты қылмысты
зерттеумен, анықтаумен айналысатын мақсатқа бағытталған жұмысты іске
асырумен айналысады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Адам саудасы қылмыстарының қылмыстық
құқықтық және криминологиялық мәселелерiмен еліміздің қылмыстық құқық
ғылымында санаулы ғалымдар ғана айналысады, оның өзiнде де арнайы
монографиялар жазылмаған, тек ғылыми мақалаларды кездестiруге болады.
Аталған ғалымдардың қатарынан А.Н. Ағыбаев, Т.К. Айтмұхамбетов, Е.О.
Алауханов, М.М. Алиев, А.Қ. Айқымбаев, З.О. Ашитов, Н.М. Әбдіров, С.Т.
Әлібеков, Ғ.И. Баймурзин, Қ.Ж. Балтабаев, И.Ш. Борчашвили, Н.О. Дулатбеков,
Д.С. Жақашев, Ү.С. Жекебаев, Б.Ж. Жүнiсов, А.Ш. Ещанов, А.А. Исаев, М.С.
Кенжалиев, О.Д. Ким, Е.I. Қайыржанов, М.Ш. Қоғамов, Р.Б. Құлжақаева, М.А.
Қызылов, А.Ж. Машабаев, Қ.А. Мәми, Ғ.С. Мәуленов, Ә.Х. Меңдіғұлов, С.С.
Молдабаев, Ғ.М. Мұқашев, М.С. Нәрiкбаев, Б.М. Нұрғалиев, Р.Т. Нұртаев, Е.А.
Оңғарбаев, С.М. Рахметов, И.И. Рогов, Г.Р. Рүстемова, Г.Б. Саматова, Н.А.
Сартаева, Қ.Р. Сарықұлов, Б.С. Сәрсеков, М.А. Сәрсенбаев, А.А. Смағұлов,
Б.Х. Төлеубекова, Ә.А. Темірбеков, Г.Д. Тіленшиева, Р. Тілеухан, К.Х.
Халиков, Д.С. Шуақмайтов, Нұрғалиев Б.А., Кенбаев Ж.А., Оспанов А.С.,
Борецкий А.В., Шахновская Е.В. сынды ғалымдарды көруге болады.
Дипломдық зерттеуде, Ресейлiк ғалымдардың еңбектерi де қолданылды.
Олардың қатарынан Ищенко Г.К., Буряк М.Ю., Фахрутдинов Р.Р., Матвиенко
А.В., Гетман И.Б., Колесов А.И., Смирнов Г.К., Измайлова И.Д., Шалимов
Е.Е., Кадников Ф.Н., Бекмагамбетов А.Б., Громов С.В., Жинкин А.А.,
Евстифеева Е.В., Кислова Е.А., Егорова Л.Ю. сынды және т.б. ғалымдарды
көруге болады.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс Қазақстан
Республикасындағы адам саудасының себептері мен жағдайларын анықтауға,
аталған қылмысың қылмыстық-құқықтық сипаттамасына, саралау мәселелеріне
және оның криминологиялық сипаттамасы мен алдын алудың теориялық негізін
қалыптастыруға бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
қарсаңында атты 2006 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында
Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті мемлекеттер қатарына қадам
басуы жолындағы негізгі жеті басымдықтарды ұсынылған.
Адам саудасына қатысты қылмыс өзінің қауіптілігіне қарай, халықаралық
қауымдастыққа ұран шақырған негізгі қылмыстар қатарына қосылады, атап
айтсақ, терроризм, ақшаны заңсыз жуып шаю, қару-жарақ және нашаны сату
сияқты қылмыстардың қатарына қосылады.
Қазіргі таңда оның пайда болуы халықаралық қылмыспен, оның ұйымдасқан
формаларымен тығыз байланысты, соның негізінде құқық қорғау органдарынан,
сонымен қтар азаматтық қоғамның барлығынан адекватты реакцияны талап етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үкіметтік емес ұйымдармен және
халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, адам саудасына қатысты қылмысты
зерттеумен, анықтаумен айналысатын мақсатқа бағытталған жұмысты іске
асырумен айналысады.
Біздің республикамызда қазіргі кезде адам саудасымен күресу бойынша
арнайы механизмдер құрылған:
− адам саудасын заңсыз сыртқа шығару, сатумен күресу сұрақтарымен
айналысатын ведоства аралық комиссия құрылды;
− сондай істерге жауапты мемлекетік орган аныќталынды – Әділет
Министрлігі;
− ІІМ криминал полициясының Комитетінің, сонымен қатар Астана,
Алматы қалаларында, облыстық аймақтарда осы саладағы қылмысты анықтаумен,
зерттеумен айналысатын үздіксіз жұмыспен айналысатын, адам саудасымен
күресетін арнайы бөлімшелер құрылған.
2006-2008 жылдары 10 сәуірде № 261 адам саудасына байланысты
қылмыстардың алдын алу және күресу бойынша іс — шаралар Жоспары жүзеге
асырылды;
Осы жылдың ақпан айында 2009 2011 жылдарға арналған адам саудасына
қатысты қылмыстардың алдын алу және болдырмау, күресу бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметінің шаралар Жоспары әзірленіп, бекітілді.
2007-2010 жылдарға арналған адам саудасымен күресудегі ТМД елдерінің
қатысушыларының арасындаы серіктестік Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
Тәуелсіз Бірлескен мемлекеттердің ішкі істер қатысушыларының министрлерінің
Кеңесінің Жоспарын орындауда қажетті шаралар қолданыста жүр.
Адам саудасы криминалдық басқа да түр сияқты криминал бизнесі болып
табылады, мемлекеттік масштабтан шығып кеткен және әлемдік мәселеге ие
болған адамзат қауымдастығының күрделі мәселесі болып есептеледі.
Өкініште орай, бұл мәселе қазіргі таңда қауіпке айналғанына қарамастан
әлемдік елдердің қатарына кіретін Қазақстанды да айналып өткен жоқ.
Еліміздің жағдайына көз жүгіртсек, біздің еліміз адам саудасын өткізу,
тасымалдау, алдап, арбау сяқты сипатқа ие болады. Яғни, бұл мәселе біздің
республикамызға көп профильді сипатқа ие болып, оның криминалдылығын
күшейтуге ие болған.
Қазақстан Респбликасының ішкі істер Министрлігі басқа ведомствалармен,
үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасай
келе, адам саудасына байланысты қылмыстарды болдырмау, анықтау, зерттеу
мәселелерін анықтау бойынша бағыт -бағдармен жұмыс жасауда.
Дипломның мақсаты. Диплом зерттеу мақсаты болып адам саудасы
қылмысымен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық құралдарын
кешенді өңдеу. Адам саудасы қылмысын ескерту және алдын алу үшін шаралар
мен ұсыныстарды өңдеу және қылмыстық заңды жетілдіру, құқық қорғау
органдарының құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге ұсыныстар жасау.
Дипломның міндеттері. Жоғарыда келтірілген мақсатты орындау үшін жұмыс
алдында мынадай міндеттер қойылады:
Адам саудасының тарихи дамуын саралай келе жаңа түсінігін беру;
қаралған қылмыспен күрес шараларының заңдық реттелу тиімділігін және қалпын
зерттеуде, аталған тақырыптың теориялық өңделгендігін, дәрежесі мен
деңгейін анықтау;
адам саудасы қылмыс құрамына заңды талдау жасау;
қылмыстық заңнамада көзделген ұқсас қылмыс құрамдарынан айырмашылығын және
шетелдік заңнамаларға талдау жасау;
адам саудасы үшін жаза тағайындау мәселелерін зерделеу;
адам саудасының криминологиялық сипаттамасын және оны жасаған кінәлі
тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын өңдеу;
адам саудасы қылмысының алдын алу шаралары жүйесін жетілдіру;
адам саудасын реттейтін нормаларға толықтырулар ұсыну.
Зерттеудің обьектісі – адам саудасы қылмыстарының жасалуына қарсы
әрекеттерден тұратын еліміздің әр саласындағы қоғамдық қарым-қатынастар.
Зерттеудің нақты пәні. Адам саудасының генезисі, оның психологиялық,
әлеуметтік аспектілері, оған әсер ететін экономикалық, ұйымдастырушылық
тағы басқа факторлар, адам саудасымен айналысатындардың сипаттамасы, адам
саудасының алдын алуға қатысты нақты шаралар мен оларды реттейтін заңдар
мен нормативтік актілер, адам саудасын құрайтын нақты қылмыс құрамдарының
элементтері мен белгілері.
Зерттеудің әдістемесі мен әдістері. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді
орындау жолында зерттеу философиялық диалектиканың заңдары мен таным
әдістерін басшылыққа алды. Сол сияқты формальдық логиканың да ережелері,
салыстырмалы-құқықтық әдістер де қолданылып, кей тұстарда өзге ғылым
салаларының да әдістері, заңдылықтары мен ережелерін басшылыққа алдық.
Соның ішінде, социологиялық, психологиялық және статистикалық әдістерге жиі
арқа сүйедік.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Адам саудасы қылмысының проблемалары
кешенді түрде Қазақстанда толығырақ қарастырылып, түсінігі беріліп,
қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы талданылып, себептері
мен жағдайлары анықталып отыр. Осы анықталған себептерге байланысты адам
саудасы қылмыстарының алдын алу туралы да тың ұсыныстар даярланды.
Адам саудасымен байланысты қылмыстарды құрайтын құрамдарды қылмыстық
құқықтық тұрғыда жетілдіруге байланысты заң шығарушылық ұсыныстар да
еңбектің жаңалығын құрай алады. Одан басқа, өзге қылмыстық-құқықтық болып
табылмайтын заңдарға да өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар
еңбектің ғылыми жаңалыған құрайды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Адам саудасы
қылмыстарының түсінігін берудегі, құрамдарын анықтаудағы, соның ішінде,
оның құрылымын, динамикасын, себептерін, оларды жасайтын тұлғалар туралы
ғылыми зерттеу нәтижесінде қол жеткен тұжырымдар ғалымдар мен оқырмандардың
теориялық білімін толықтыруға өз септігін тигізеді. Ал адам саудасы
қылмыстарының алдын алу туралы ұсыныстар, егер қолданыс табатын болса,
тәжірибелік маңызға ие болатыны сөзсіз. Сонымен қатар оны адамдарды саудаға
салу қылмыстарының алдын алуға әсерін тигізе алатын бірқатар заңдар мен
ережелерді жетілдіруге байланысты ұсыныстар жөнінде де айтуға болады. Сол
сияқты автордың адамдарды саудаға салу қылмысры бойынша қылмыстық заңдағы
нормаларды жетілдіруге қатысты айтылған ұсыныстары аталмыш қылмыстарға
қарсы күрестің тиімділігін арттыратыны сөзсіз.
Дипломға берілген ұсыныстар, тұжырымдар және қорытындылар келесіде
қолданылуы мүмкін:
— сот және құқыққорғау органдарының қылмыспен күресуінде және қылмысты
ескерту мен қылмыстың алдын алу қызметтерінде;
— Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты басшылыққа алған қаулылардың
және түсіндірмелердің жобасын өңдеуде немесе заңшығару тәжірибесіндегі
қылмыстық заңшығарушылықты жетілдіруде;
— адамдарды саудаға салумен күрестегі күрделі мәселелерді одан әрі
өңдеудегі ғылыми-зерттеу жұмыстарында;
— оқу процесінде, Қылмыстық құқық, Криминология, Кедендік
қылмыстар курсын оқытуда және жоғары немесе орта заң оқу орындарында
арнайы курстар бойынша сабақ өткізу, сонымен қатар тергеу қызметкерлерінің
біліктілігін жетілдіруде қолданылуы мүмкін.
Зерттеудің қайнар-көздерін жұмысты жазуда қолданылған Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қаз ССР-нің, Қазақстан Республикасының
Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, Қазақстан Республикасының
Кеден кодексі мен өзге де заңдар құрайды. Кей тұстарында салыстырмалы түрде
Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары мен өзге Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің, сондай-ақ, АҚШ, Германия, Англия,
Франция, Жапония, Швейцария сияқты алыс шет елдердің де қылмыстық
заңнамалары пайдаланылды.
Зерттеу нысаны. Адамдарды саудаға салу қылмыстылығын зерттеу аясындағы
пайда болған материалдар мен Қазақстан Республикасының заңдары болып
табылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
1. Адамдарды саудаға салу жағдайларына байланысты, ҚР-ның Қылмыстық
Кодекстегі баптарды жүзеге асыру механизмдерін күшейту қажет, ол қылмыстық
істерді қозғау, соттарда адам саудасымен айналысатын адамдарды әділ жазалау
негізінде жүзеге аспаќ. ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабында қарастырылған
адам саудасы қылмысының объективтік жағын құраушы белгілердің бірі болып
табылатын қазіргі мәтініндегі азғырып-көндіру ұғымы орыс тіліндегі
мәтініндегі аудармасына сәйкес келмейді, өйткені вербовкалау ұғымы
жинақтаушы ұғым ол бірнеше іс әрекетті қамтиды, атап айтқанда адамдардың
еңбегін пайдалану мақсатында қандай да бір қызмет түрлерімен айналысу үшін
тұлғаны немесе тұлғалар тобын іздеу, көндіру, жалдау, алу, тарту,
құжаттарын дайындау бойынша іс-әрекет түсініледі, сонымен қатар бұл
вербовкалау ұғымы поляк, неміс тілдерінде аудармасыз қалған. ҚР Қылмыстық
кодексінің 128-бабындағы азғырып-көндіру ұғымының орнына вербовкалау
ұғымын қалдырған дұрыс болар еді. Сонымен қатар, адам құқығының халықаралық
нормаларына сәйкес, адамдарды саудалау құрбандарын қорғауға бағытталған,
заңдар мен ережелерді қатайту. Бұл шаралаға паналатуды, жеке
қауіпсіздікті, тиісті медициналық және заңдық көмекті, процессуалды
көмекті, моральдық және материалдық шығындарды өтеуді, үйге оралуына және
құрбандарды әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету енгізілуі керек.
2. Құқық қорғау органдарының жергілікті үкіметтік емес ұйымдарымен
адам саудасының жәбірленушілерімен біріге жұмыс жасап, белсенділік білдіру
мақсатында және істі қозғауда іздестіру кезеңдерінде бір жұмыс жасау
қажеттігін ескеру қажет.
3. Мемлекеттік құқық қорғау органдарында өзара әрекеттерді күшейту.
өйткені, еңбектік немесе басқа да эксплуатациялау мақсатында біздің
азаматтардың қайда апаратынын, сонымен қатар Қазақстанға келгенде қай жерге
орналастырылатыны жайлы мәліметтер болу қажет. Адамдарды саудалауға қарсы
тұру бойынша мамандырылған мемлекеттік органдарын құру туралы мәселені
қарастыру; адамдарды саудалау қылмыс ретінде саналатын қажетті заңнамалық
нормаларды қабылдау; жалдау және некелік кеңселер бойынша, Интернет
желісінде өзінің қызметтерін ұсынатындарды қосқанда, агнттіктер жұмысына
бақылау жүргзуге бағытталған заңдарды күшіне енгізу және қабылдау.
4. Адам саудасы мәселесінің алдын алу, ескертуде болатын ақпараттық
кампаниялар мемлекеттік тілде және Астана мен Алматы қалаларында халықтың
қарым — қатынас ұлтаралық тіліне сай өткізілуі қажет, сонымен қатар ҚР-ның
территориясынан сыртқа шығатын азаматтарға да өткізілетін ақпараттық
кампаниялар оларға түсінікті тілде өткізілген жөн (БАҚ, жарнамалық қалқан,
паспорттағы қағаз, ақпараттық кездесулер, буклеттерді тарату).
5. Халықаралық тәжірибе, процедура мен заңдылықтарды мойындау
негізінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне практикалық жиылыстар,
семинарлар, тренингтер өткізу арқылы күнделікті оқыту сабақтары мен
тәжірбие алмастырып отыру қажет.
6. Полиция қызметкерлерін арнайы оқытуда оларды адам саудасының
құрбандарымен гумандық және адам құқықтарын қорғау негізінде жұмыс жасауға
адекватты болу үшін арнайы сабақтар өткізу; Полиция, соттар, иммиграция
қызметі жұмысшыларының және консулдар мен елшіліктердің лауазымды
тұлғаларының, сонымен қатар адам құқығымен байланысты, адамдарды саудалау
төркіні туралы, сондай ақ бұқпа сауда құрбандарын қолдау және қорғау
бойынша мемлекеттің міндеттері хабардарлық деңгейін туралы жоғарылату;
адамдарды саудалау құрбандарын (немесе ықтимал құрабандарды) құқыққа қайшы
қылықтардың әрбір сатысында, табу жағдайларында үйлестірілген стратегиялар
мен іс әрекет жасау бағдарламаларын енгізу. Ықтимал куәларды қорғау
мақсатында (сонымен бірге оларды ерте елден қууға жол бермеу жолымен)
иммиграция және полиция органдарының ынтымақтасу деңгейін жоғарылату;
7. Астана қаласында осы аталған мәселені болдырмауда басқа да
мемлекеттік органдармен, сонымен қатар ХМҰ, ҮЕҰ, БАҚ-мен де тығыз қарым —
қатынаста болып, конструктивті серіктесті жалғастыру; адамдарды саудалаумен
күрестің ұлттық бағдарламаларын құру бойынша, бұл құбылыстың алдын алумен,
айыптыларды жауапкершілікке тарту және адамдарды саудалау құрбандарын
қорғауды қамтамасыз етумен бірге, шаралар қабылдау. Сонымен қатар,
мемлекеттік деңгейде әртүрлі үкіметтік органдардың (сондай ақ үкіметтер мен
МЕҰ) іс қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында үйлестіру тетігін
орнату және көп тарапты тәсілдерді қалыптастыру. Тиісті ақпараттың, сонымен
бірге, қолдағы бағдарламалар мен жасалып жатқан іс әрекеттер туралы
ақпараттардың, өкілдері адамдарды саудалау жағдайларымен ұрынуы мүмкін
жергілікті билік органдарына жетуіне шаралар қабылдау және оның
құрбандарымен байланысқа келу.
8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне келесі өзгертулер мен
толықтыруларды енгізуге ұсыныс береміз:
— Қылмыстық кодекстің 133-бабын толығымен алып тастау керек;
— Қылмыстық кодекстің 128-бабын келесі редакцияда ұсыну керек:
128-бап. Адамдарды саудаға салу немесе адамға қатысты басқа заңсыз
келісім жасау.
1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу,
сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ
пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау —
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолданамын деп
қорқыту арқылы;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
д) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу белгiлi әйелге
қатысты;
е) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
ж) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң
органдарын немесе тiнiн алу мақсатында;
з) алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен;
и) адам өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып;
к) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып;
л) кәмелетке толмағанға қатысты жасалғанда, —
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан
Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол
сияқты осындай әрекеттердi жасау мақсатында адамды Қазақстан
Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу
немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы тасу –
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген
әрекеттер, егер:
а) ұйымдасқан топпен жасалса;
б) абайсызда жәбiрленушiнiң немесе адамдар тобының өліміне не өзге де
ауыр зардаптарға әкеп соқса, —
мүлкiн тәркiлеп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Пайдалану дегеніміз нәпсіні қанаудың барлық түрлері адам қанауы,
порнобизнесте қолдану, мәжбүрлік жұмысты немесе қызметтердің мәжбүрлік
түрлерін беру, құлдық немесе құлдыққа ұқсас әдеттер, ерексіз күй-жағдайға,
борыштық кіріптарлыққа тарту, адам тіндерін алу, адамның келісімінсіз
тәжірибелер өткізу, олжа мақсатымен бала асырап алу (қыз етіп асырап алу),
мәжбүрлі жүктілік, қылмыстық қызметке тарту, қару-жарақты дауларға
пайдалану және т.б.
2. Аталған баптың бірінші тармағында немесе екінші тармағының е)
тармақшасында көзделген әрекетті алғаш рет жасаған тұлға, егер
жәбірленушіні босатып, аталған қылмысты ашуға көмек көрсетсе, алайда оның
әрекеттерінде басқа қылмыс белгілері болмаған жағдайда қылмыстық
жауаптылықтан босатылады.
Жұмыс тақырыбы бойынша жариялымдар:
— Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабындағы адам
саудасы қылмысының объективтік жағының белгілерін анықтаудағы кейбір
мәселелер Қаржы полициясы академиясының ғылыми еңбектері ғылыми жинағы,
2012 жылғы №12.
Зерттеу жұмысының құрылымы және көлемі зерттеудің мақсаттарына қол
жеткізу үшін қарастырылған мәселелердің мазмұнымен анықталады. Құрылымдық
тұрғыдан диплом кіріспеден, он бір бөлімшені қамтитын үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 АДАМДЫ САУДАҒА САЛУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Адамды саудаға салудың түсінігі мен мәні
Адам – Қазақстан Республикасының ең негізгі, басты және маңызды байлығы
болып табылады [1, 4 б.]. Адамды саудаға салу қылмысы қазіргі таңда өте
өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған қылмыстың қоғамға
қауіптілі едәуір жоғары болғандықтан, трансұлттық сипатқа еніп келеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 128-бабына берілген
түсінікке сәйкес, адамды саудаға салу дегеніміз – адамды сатып алу-сату
немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не
азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де
әрекеттер жасау болып табылады [2, 218 б.].
Олай болса, аталған қылмыстың қоғамға қауіптілігін қарастыруды жөн
көріп отырмыз. Қазақстан өзбекстандық, қырғызстандық, тəжікстандық жəне
украиндық еркектер, əйелдер жəне қыздардың сатылып əкелінетін, одан əрі
Ресей мен Біріккен Араб Эмираттарына жыныстық қанау мен құрылыс жəне
ауылшаруашылық саласына күштеп жұмысқа жіберілу жолында аялдайтын мекені
болып табылады. Қазақстандық еркектер мен əйелдер ішкі адам саудасының
құрбанына айналған, олар сонымен қатар, күштеп жұмысқа салу мен жыныстық
қанау мақсатында Біріккен Араб Эмираттары, Əзірбайжан, Түркия, Израиль,
Греция, Ресей жəне Германияға сатылады [3, 123 б.].
Қазақстан үкіметі адам саудасын жоюдың ең аз стандарттарын толықтай
орындамағанымен, елеулі іс-əрекеттерді жүзеге асыруда. Қазақстан өткен жыл
барысында адам саудасына қарсы күрес шараларын көбейтті, атап айтқанда,
адам саудасымен шұғылданатындарды соттау жəне бас бостандықтарынан айыру
ісін жақсартты. 2007 жылы сотталған саудагерлердің саны айрықша артып,
сотталғандардың көпшілігі түрмеде тиісті жазасын өтеді. Сонымен бірге,
үкімет адам саудасына қатысы бар мемлекеттік қызметкерлер мен өзге
азаматтар мəселесін шешуді қолға алды. Қазақстан 2007 жыл барысында
құрбандарға көмекке 35 000 АҚШ долларына жуық көлемде қаржы бөлді.
Қазақстанға ұсыныстар: адам саудасына қатысы бар мемлекеттік
қызметкерлерді тексеру, заңмен қудалау, соттау жəне жазалау шараларын
жалғастыру; адам саудасына қатысты сотталған қылмыскерлердің түрмеде тиісті
жазасын өтеулеріне кепілдік беру; жыныстық қанау мен еңбекті қанау
мақсатында бастары саудаға түскен құрбандардың анықталып, жазаланбауына
кепілдік беру; адам саудасының құрбандарына арналған пана үйлеріне қаржылай
көмек көрсету; оңтүстік Қазақстандағы адам саудасының құрбандарына
арналған пана үйін қаржыландыруды ойластыру; мемлекеттік қызметкерлердің
құрбандарды ҮЕҰ-дарға көмек алуға жіберуін көбейту; жəне елдің ауылдық
аймақтарында тұратын халық арасында адам саудасы туралы ағартушылық
шараларын өткізу.
Қазақстан үкіметі осы есеп-баяндамада қамтылған мерзім ішінде адам
саудасына қарсы заңды қорғауда елеулі жетістікке қол жеткізді. Қазақстан
қылмыстық кодексінің 128, 133, 125(3)(ə), 126(3)(ə) жəне 270 баптарында
адамдарды еңбек жəне жыныстық қанау мақсатында саудалауға тыйым салады.
Аталмыш кодекс осындай қылмысқа 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру
жазасын белгілейді. Бұндай мерзім жеткілікті дəрежеде қатал жаза болып
есептеледі жəне жыныстық зорлау секілді қылмыстың өзге ауыр түрлеріне
берілетін уақытпен шамалас. Полиция 2007 жылы адам саудасына қатысты 22
істі тергеп, 16 істі сотқа берді. Құқық қорғау органдары 2006 жылы 13 іс
бойынша тергеу жүргізіп, жеті адамды заңмен қудалаған-ды. 2007 жылы 19
қылмыскер сотталды, ал бұл 2006 жылы сотталған жалғыз бір қылмыскермен
салыстырғанда едəуір жетістік болып саналады. Сотталған 19 адам саудасы
қылмыскерінің біреуі 12 жылға бас бостандығынан айырылса, төртеуі 10 жылға,
бесеуі жеті жылға, төртеуі алты жылға, екеуі бес жылға, үшеуі үш жылға
түрмеге жабылды. 2007 жыл барысында кейбір шекара күзетшілерінің, көші-қон
полицейлерінің, прокурорлардың жəне полицейлердің адам саудасына қатысы бар
деген хабарламалар болды [4].
Үкімет үш сыбайлас жемқор полиция қызметкерін, оның ішінде Алматыдағы
Адам саудасына қарсы күрес бөлімінің бұрынғы бастығын сот арқылы қудалады.
Қызметкердің біреуі алты жыл жəне алты айға бас бостандығынан айырылса,
екеуі құқық қорғау органдарынан қашып кетіп, осы есеп-баяндама əзірленіп
жатқан кезде əлі қолға түспеді [5, 123 б.].
Қазақстан үкіметі 2007 жыл барысында адам саудасы қылмысының
нəтижесінде жапа шеккендерге көмектесу жəне оларды қорғау шараларын
жақсартты. Заң құрбандарды саудаға түскенінің кесірінен болған заңсыз
əрекеттері үшін жазаламауға кепілдік береді. Дей тұрғанмен, ҮЕҰ-дар
үкіметтің анықтамағанының кесірінен кейбір зардап шеккендердің түрмеге
қамалып, бір-екі күннен бірнеше айға дейінгі уақытта елден кетуге рұқсат
ала алмағандарын мəлімдеуін тоқтатпады. ҮЕҰ-дар құқық қорғау органдарының
қауқарсыз адамдар арасында құрбандарды анықтаудың ресми тəртібін қолдануын
жақсартқанымен, кейбір еңбек қанауына сатылғандар анықталмаған күйінде
қалғанын хабарлады. Полиция 2007 жылы еңбек қанауына сатылған 87 адамды
жəне жыныстық қанауға сатылған 25 адамды ресми түрде анықтады. Үкімет
анықталған құрбандарға қылмыстық іс жүріп жатқан кезеңде Қазақстанда қалуға
рұқсат етті. Көптеген құрбандар қылмыскерлердің өш алу əрекетінен
қорыққандықтан куəгерлік айғақ беруден бас тартады. Қазақстан адам
саудасының анықталған құрбандарын қорғау мəселесін шешуге жеткілікті ресурс
бөлген жоқ.
Үкімет жұртшылыққа арнап адам саудасы туралы ағартушылық шараларын
белсенді өткізді. Ол 2007 жылы шамамен 3000 дана кітапшаның шығарылуын
қаржыландырды. ҮЕҰ-дар кітапшаларды адам саудасы алдында қауқарсыз
адамдарға, оның ішінде ауылдық жерлердегі азаматтар мен мектеп оқушыларына
таратты.
Адам саудасына қарсы күрес шараларымен шұғылданатын ҮЕҰ-дарға халық
арасында ағартушылық науқанын жүргізуге кем дегенде 12500 АҚШ долларын
берді. Адам саудасы қылмысына дəлелдеме жинау үшін ресми көші-қон жолдарын
бақылап отырады [6, 43 б.].
Үкімет осы есеп-баяндамада қамтылған мерзім ішінде коммерциялық
жыныстық əрекеттерге деген сұранысты азайту шараларын жүзеге асырмады.
Қазақстан БҰҰ-ның 2000 жылғы Адам саудасы туралы хаттамасын бекіткен жоқ.
Адам саудасы қазір күллі әлемді толғандырып отырған мәселе.
Халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, адам саудасы есірткі мен қару
саудасынан кейінгі орында тұр.
Бұл жайында бүгін Алматы қаласы Әділет департаменті бастығының
орынбасары Адайбай Дінмұхамед Әмбебап кезеңдік шолудың ҚР 2009-2012
жылдарға арналған адам құқығы саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспарының
орындалуын талқылауға арналған дөңгелек үстелде айтты.
Оның айтуынша, адам саудасы қазіргі таңда күллі әлемді толғандырып
отырған мәселе. Қазақстан Әділет министрлігі әлемдік ауқымдағы адам
саудасы мәселесі күресінен ұлттық деңгейде үлестіруші болып табылады.
Заңдарға сәйкес әзірленетін және қабылданатын саясат, бағдарламалар мен
басқа да қабылданатын шаралар тиісті ұйымдар мен азаматтық қоғамның басқа
да әлеуеттерін қамтиды, -дейді А.Дінмұхамед.
А.Дінмұхамед адамдарды сату, оны құлдыққа салу мен күрес бүгінгі құқық
қорғау орындарының басты қызметі екендігін және мұндай әрекетпен әрбір
азамат белсене күресіп, құқық қорғау органдарына көмекші бола білуі
тиістілігін жеткізді.
Әмбебап кезеңдік шолу – адам құқығы жөніндегі БҰҰ мүше мемлекеттерінің
адам құқығы саласындағы саясатын төрт жылда бір рет қарауды болжамдайтын
тетігі. ҚР 2009-2012 жылдарға арналған адам құқығы саласындағы Ұлттық іс-
қимыл жоспары заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін, адам құқығын қорғаудың
ұлттық жүйесін жетілдіру жөніндегі нақты қадамдарды көздейтін біріккен
бағдарлама болып табылады.
ҚР Әділет министрлігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірігіп
және Қазақстандағы Нидерланд Елшілігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, БҰҰ
Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары қолдауымен өтіп отыр.
Таяуда ғана Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының әлемдік
саммиті өтті. Астана декларациясы қабылданып, Алаш жұртын айдай әлем
мойындады. ЕҚЫҰ-ның негізгі өлшемдері демократиялық институттарды дамытуға,
аумақтық қауіпсіздікті сақтауға, адамзаттың бейбіт өмірі мен құқығын
қорғауға бағытталған. Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау жөнінде
әлемде көптеген тәжірибе жинақталған. Бүгінгі таңда еліміз де адам
құқықтары жөнінде халықаралық шарттарға қосылған. Трансұлттық ұйымдасқан
қылмысқа қарсы конвенция сияқты адам құқықтарын қорғау саласындағы маңызды
халықаралық шарттар ратификацияланды.
Халықаралық шарттарды ратификациялау олардың мемлекет заңдарының
алдында басымдығын танумен қатар, онда көзделген халықаралық стандарттарды
ұлттық заңнамада бекіту болып табылады. 1994 жылы еліміз БҰҰ-ның адамның
қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, қатыгездік жасайтын, азаптауға қарсы және
әйелдер мен балалар саудасына тосқауыл қою жөніндегі конвенциясын бекітті.
Конвенция адам құқықтары жөніндегі басқа халықаралық құқықтық құжаттарды
толықтыра түсті. Оның ережелеріне сәйкес, әрбір қатысушы ел экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтарды толықтай жүзеге асыруға міндетті.
Конвенцияда танылған құқықтарды жүзеге асыруда барлық тиісті заңнамалық
актілерді қабылдауға негіздейді. Конвенциямен үйлеспейтін кез келген іс-
қимыл мен әдістер жойылуы тиіс. Барлық стратегиялар мен бағдарламалар
адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталуы қажет. Құқықтық құжатқа сәйкес,
ұлттық заңнамада кемсіту болған жағдайда кез келген тұлға сот қорғауының
тиімді құралын пайдалануға құқылы. Конституцияға және жалпы қабылданған
әлемдік стандарттарға сәйкес, азаматтардың құқықтарын іске асыратын және
олардың сақталуын қамтамасыз ететін ұлттық заңнама дамып, жетілдірілуде.
Мәселен, 1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын
ратификациялады. Яғни, бала құқықтары туралы конвенцияда көзделген бала
құқықтары туралы факультативті хаттаманың нормаларын ұлттық заңға
имплементацияладық. Бұл заң ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
баламалы күтіп-бағуға, отбасында тәрбиелеудің жаңа нысандарын дамытуға
бастама болды. Қазіргі кезде еліміздің бала құқықтарын реттеу мен қорғаудың
нормативтік-құқықтық базасын мынадай арнайы заңнамалық актілер қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы, Кемтар балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, Кәмелетке
толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, Еңбек кодексі, Неке және
отбасы, Денсаулық сақтау туралы заңдарда қамтылған. Конвенциялық
міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында Үкімет ең осал санаттағы
балаларды қорғаудың 2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан балалары
бағдарламасын бекітті. БҰҰ комитетінің ұсынымдарын орындау мақсатында
ювеналды әділет жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
қабылданды. Тұжырымдама негізінде елімізде кәмелеттік жасқа толмағандардың
мамандандырылған соты құрылды. Таяуда Парламент Мәжілісіне Қазақстан
Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы ҚР
Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және
Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесі туралы заң жобасы енгізіліп,
негізгі оқылымда қабылданып, заң базасына кірді. Жоғарғы соттың төрағасы
Бітімгерлік рәсімдер (медиация) туралы заң жобасын да Мәжіліске енгізіп,
мақұлдады. Бүгінде елімізде сот жүйесі жетілдірілуде, сот ісін
ұйымдастырудың халықаралық қағидалары мен стандарттарын қамтамасыз ететін
нормалар қабылданып, мамандандырылған соттар құрылды. Сот практикасына
бүгінгі ақпараттық технологиялар енгізілді, судьялық лауазымға іріктеп алу
жүйесінде ауқымды шаралар қабылдады. Міне, осы шаралардың барлығы еліміздің
тәуелсіздігін нығайту мен ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға бағытталған. Қазіргі жаһандық үдерісте әлемдегі сан түрлі
мүдделердің саяси науқаны тұсында адам бостандығын сақтау, түрлі қауіп-
қатерлердің алдын алу аса маңызды мәселелердің бірі болып отырғаны ақиқат.
Адамның бостандығы қазіргі өркениетті қоғамның басты құндылығы, ал,
тұлғаның бостандығына қол сұғылмауын қамтамасыз ету – мемлекеттің басты
функцияларының бірі. Қазіргі уақытта адам саудасы – трансұлттық ұйымдасқан
қылмыс ретінде тез дамып келе жатқан және өте табысты әрекеттің бірі
ретінде қауіп туғызады. Статистикалық деректерге сүйенсек адам трафигі
әлемнің көптеген мемлекеттерінде өсу беталысымен қатер төндіріп отыр. БҰҰ-
ның деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңда әлемде шамамен 27 миллион адам
құлдыққа таңылған. Қауіпті аймаққа Непал, Судан, Біріккен Араб Әмірліктері,
Үнді, Гаити, Мьянма секілді мемлекеттер еніп отыр. АҚШ-тың мемлекеттік
департаментінің бағалауы бойынша әлемде жыл сайын еркінен тыс шамамен 4
миллион адам сатылып, тасымалданады екен. Халықаралық сарапшылар жыл
сайынғы әлемдік құл сатудан кіріс 9,5 миллиард долларға жеткенін анықтаған.
Мұндай сауда құрбандарының көпшілігін әйелдер мен балалар құрайды. Жоғарыда
айтылған, қолданыстағы халықаралық-құқықтық құжаттар тұлғаның бостандығы
мен қол сұқпау принципі халықаралық қоғамдастықтың негізін құрайтын
нормативтік актілерде бекітілген. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйы-мының Бас
Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсанында жарияланған Адам құқықтарының
жалпыға бірдей декларациясының 3-бабында: Әрбір адам өмiр сүруге,
бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы деп бекітілген. Римде
1950 жылы 4 қарашада Еуропа Кеңесіне қатысушы мемлекеттер қабылдаған Адам
құқықтарын қорғау мен негізгі бостандықтары туралы конвенцияның 5-бабында
әркімнің бостандығына және жеке өміріне қол сұғылмауына кепілдік береді.
Нью-Йоркте 1966 жылы 19 желтоқсанда қабылданған Азаматтық және саяси
құқықтар туралы халықаралық пактіде: Ешкiм де ерiксiз қамауда немесе
тұтқында ұсталуға тиiс емес. Әркiм өз бостандығынан тек қана заң негiзiнде
және сол заңда белгiленген рәсімге сәйкес айрылуы мүмкiн делінген. 2000
жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-сессиясында Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа
қарсы конвенциясында әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу
және ол үшін жазалау туралы хаттамасы қабылданды. Бұл құжаттар халықаралық
деңгейде мемлекеттердің адам саудасына қарсы іс-әрекет бойынша
міндеттемесін анықтады. БҰҰ Бас Ассамблеясының іс-әрекет платформасында
әйелдер мен балалар саудасы саласын тиімді әлеуметтік бақылауды құрудың
жүйелі әрекет ету стратегиясы қабылданды.
Адам саудасына қарсы күрес – XXI ғасырдағы халықаралық қауымдастық
алдындағы ең басты міндеттердің бірі. Бүкіл әлем бүгінгі күні ізгілік пен
өзара түсіністік, толеранттық пен дінаралық келісім саласындағы прогреске
бағыт алды. Жоғары технологиялар іркіліссіз дамып, күн өткен сайын үдемелі
қарқынмен зорлық-зомбылықсыз және соғыссыз болашаққа қадам басып келеміз.
Дегенмен, біздің өркениетті қоғамда адам саудасы секілді құлиеле-нушілік
құрылысқа тән рудиментарлы құбылыстың әлі күнге дейін тамырына балта
шабылмай келе жатқаны таңғалдырады. Еліміз өзінің географиялық және
экономикалық жағдайына байланысты, өкінішке орай, адам саудасы құрбандары
шыққан, транзит мемлекет болып табылады. Географиялық орналасуы мен
экономикалық жағынан дамуына байланысты Қазақстан қалалары мен ауылдық
аймақтарына Орта Азиядан еңбек мигранттары ағыла бастады. Ел ішінде
миграциялық процестер белсендi жүрiп жатыр. Мыңдаған адамдар жұмыс табу
мақсатында ауылдық аймақтардан үлкен қалаларға коныс аударуда. Мемлекеттің
бақылауына қарамастан, ішкі және сыртқы еңбек миг-ранттары адам саудасының
құрбаны болып қалуда. Көрші елдердегі саяси ахуал, тұрғылықты жердегі
жұмыспен қамту мүмкіндіктерінің шектеулілігі, азаматтардың адам саудасының
тәуекелі туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі, арзан жұмыс күшіне
сұраныстың артуы мен қылмыстық топтардың белсенді іс-әрекеті секілді
көптеген факторлар адам саудасы жүйесіндегі құрбандар са-нының көбеюіне
әсерін тигізіп келеді. Сарапшылардың пiкiрiнше, адам саудасы трансұлттық
ұйымдасқан қылмыстар арасында қару-жарақ және есірткі саудасымен қатар
тұрған негізгі табыс көздерінің бірі болып отыр. Мемлекеттік құрылымдардың
қоғамдық ұйымдармен ұлттық деңгейдегі ынтымақтастығы, халықаралық
ықпалдастығы аталған қылмыс түрімен нәтижелі күресудiң кепілі болмақ. Осы
мақсатта соңғы жылдары Ішкі істер министрлігінің қылмыстық полиция комитеті
мен көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйымның бірлескен қызметі
жандана бастады. Бүгінде ІІМ мен халықаралық көші-қон ұйымы адам саудасының
құрбандары мен зардап шеккендеріне көмек көрсету мәселелерін шешуде тығыз
ынтымақтастықты орнатқан. Сондай-ақ, халықаралық көші-қон ұйымы адам
саудасымен күресуде құқық қорғау органдарының, прокуратура және сот
қызметкерлерін арнайы оқытуға үлкен үлес қосып келеді.
Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес саласында қоғамдық ұйымдар мен
құқық қорғау жүйесі арасында өзара іс-қимыл жасаудың тетігі жасалды. Біздiң
елiмiздiң тәжірибесi адам саудасымен күресу проблемасын шешуде басқа мем-
лекеттер алдында үлгі болатынына үміттенеміз. Қазақстан азаматтары ТМД
елдері, сондай-ақ Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытай елінің
құрбаны болып отыр. Сондықтан, мемлекет осындай қылмыстың алдын алу мен жою
мақсатында ұлттық заңнаманы жетілдіру шараларын қабылдауда. Қылмыстық
кодексте адамдар трафигі мен оған ілеспелі қылмыстарға қылмыстық
жауапкершілікті көздейтін 113-бапта: Транспланттау немесе адамның
органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, 125-бап 3-
бөлімінің б тармағында: Жыныстық немесе өзге пайдалану мақсатында
жасалған адамды ұрлау, 126-бап 3-бөлімінің б тармағы Жыныстық немесе
өзге пайдалану мақсатында жасалған бас бостандығынан заңсыз айыру, 128-бап
бойынша: Адамды саудаға салу, 133-бапта көзделген: Кәмелетке
толма¬ғандарды саудаға салу, 270-бапта: Жезөкшелiкпен айналысуға тарту,
271-бапта: Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе
ұстау және жеңгетайлық жасау заңбұзушылықтарымен қылмыстық жа-
уапкершілікке тартылады. Ел Үкіметі 2009 жылы адам саудасына қарсы әрекет
саласындағы әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін 17 миллион теңге
бөлді. Шетелдерде адам саудасына ұшыраған немесе басқа қылмыс түрлерінен
жәбірленген азаматтар мемлекеттің дипломатиялық өкілдігіне жү-гінген
жағдайында оларға Отанға оралуы үшін қаржы бөлінген. Адам саудасы
құрбандарына консультациялық көмек көрсету, олардың заңдық, медициналық
және психологиялық көмек алуы үшін елдің барлық аймағында тегін 8 8000
8000 15 ұялы телефоны және 11616 ыстық желілер қызмет көрсетеді.
Жәбірленушілерді әлеуметтік бейімдеу өзекті де келелі мәселе болып қалуда.
Бүгінгі таңда біздің елде адам саудасы құрбандары үшін 3 Оңалту орталығы
(пана) белсенді қызмет етуде. Бұл мекемелер адам саудасының құрбаны
болғандарға құқықтық, медициналық, психологиялық көмек көрсетіп,
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Адам саудасымен байланысты қылмыстардың
алдын алу мен жолын кесу үшін адам саудасымен күресті насихаттап,
адамгершіліксіз көріністің жасалуына жол бермеу мен болдырмаудың құқықтық-
ақпаратын жүргізу қажет [7, 126 б.].
БҰҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі және Біріккен Араб Әмір-
ліктерінің адам саудасымен күрес ұлттық комитетінің ұйымдастыруымен Әбу
Даби қаласында халықаралық басқосу өтті. Америка, Түркия, Ресей, Тайланд,
Ұлыбритания Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің құқық қорғау
органдарының және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Халықаралық
жиында ратификацияланған шарттар және әр елдің құқық қорғау процесінің
нормативтік базасын жетілдіруге қатысты қабылданған заңдарға жалпы шолу
жасалды. Адамдардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде, өзара іс-қимыл
жасау нысандары мен әдістерін жетілдіруде, мұндай тәжірибелік басқосулардың
берері мол. 2005 жылдан бастап Қазақстан БҰҰ-ның құлдық жөніндегі 1926
жылғы Конвенциясын, құлдық саудасын, құлдыққа ұқсас институттар мен
салттарды жою туралы 1956 жылғы қосымша Конвенциясын ратификациялады.
Қылмыстылыққа қарсы күрестің тиімділігін көтерудің маңызды факторы
қоғамның санасында адам саудасы сияқты қылмыстың қауіпті, қатерлі тұстарын
ақпараттық және идеологиялық тұрғыдан насихаттау керек. Насихаттаудың
негізгі мақсаты – халықтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, трафик
құрбандарының қорғалу құқығының бұзылуына жол бермеу, олардың қоғаммен
бірігуіне жәрдемдесу болып табылады. Адам саудасы қылмысын болдырмау үшін
ұйымдасқан қылмыстық топтың пайда болуының алдын алып, бағытталған
әлеуметтік, экономикалық және заңдық шаралардың кешенді жүйесін әзірлеу
керек. Мемлекеттік органдардың қызметкерлері жаңа туған сәбилер мен жас
балаларды қосқанда, мектептерде, балалар интернат-үйінде, медициналық
мекемелерде алдын алу іс-шараларын жүргізуі тиіс. Адам саудагерлері таяу
және алыс шетелдерде білім алуға, жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп,
жасөспірімдер мен жас адамдардың аңқаулығын, сенгіштігін пайдаланып, алдап
алып кетеді. Қазіргі таңда ҚР ІІМ-нің бөлімшелері мүдделі мемлекеттік
органдармен әрекеттесе отырып, адамдар трафигін болдырмауға бағытталған
алдын алу шараларын кешенді жүргізуде. Адам саудасымен байланысты
қылмыстармен күрестегі ішкі істер органдары қызметінің нәтижелері туралы
қоғамды хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында
байланыстырып әрекет ету қажет. Оқытушыларға интерактивті сабақтарды
әзірлеп, жоғары сынып және жоғары оқу орындарының талапкерлерімен әңгімелер
жүргізуі тиіс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының
қызметкерлерімен адам саудасының қауіп-қатері туралы ақпарат таратылуы
керек. Адам саудасымен күресті насихаттауда үкіметтік емес ұйымдардың
қызметі маңызды болмақ. Тәуелсіз ұйымдардың тығыз әрекет етуі жауыздық
көрініспен күресте үлкен нәтиже береді. Шетелде жұмысқа орналасу мәселесі
бойынша күдікті фирмаларға ойланбай жүгінудің қауіптілігі туралы үндеулер
мен жарнамалар тарату. Әлеуметтік жарнама бейнебаяндарын әзірлеп, теле-
радио және интернет ғаламшарларына орналастыру. Лекциялар, тренингтер
өткізу, баспасөз конференцияларын ұйымдастыру, сенім желілерінің қызметін
қамтамасыз ету, жедел-алдын алу мақсатында рейдтер жүргізу қажет. Бүгінде
Әділет министрлігі адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны
болдырмау және оның алдын алу бойынша қабылданатын шараларды ақпараттық
насихаттау жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған медиа-жоспарды әзірледі.
Жоспар адам саудасы қылмыстарының алдын алумен, ақпараттық-ағартушылық
жұмыстарды ұйымдастырумен, адам саудасы мен жезөкшелікті болдырмаумен,
зорлық-зомбылық проблемалары бойынша шығарылымдармен байланысты бірқатар іс-
шараларды көздейді. Қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік
қорғау туралы 2000 жылы қабылданған ҚР Заңы шеңберінде адам саудасының
құрбандарын қорғау бойынша кешенді шаралар белгіленген. Мемлекет басшысының
Жарлығымен 1998 жылы ел Президенті жанындағы Әйелдер және отбасы ісі
жөніндегі ұлт-тық комиссия құрылды. Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықты
ескерту комиссияның басым бағыттарының бірі болып табылады. Қоғамдық
қауіпсіздік департаментінің құрамында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау
жұмысын ұйымдастыру бөлімі бар. Халықаралық көші-қон ұйымы комиссиясының
адам саудасына қарсы тұру бағдарламасы шеңберінде 2006 жылы Алматы және
2008 жылы Көкшетау қалаларында адам саудасы құрбандарына арналған арнайы
оңалту орталықтары құрылды. Іс-шаралардың барлығы қалың бұқараға, кәмелетке
толмағандар, жұмыссыз азаматтар мен еңбек мигранттары секілді қоғамның осал
топтарына арналған. 2003 жылы азаматтарды заңсыз сыртқа шығару, әкелу мен
тосқауыл қоюға байланысты ҚР Әділет министрлігінің жанынан ведомствоаралық
комиссия құрылып, оның құрамына адам саудасы құрбандарының құқықтары мен
бостандықтарын қорғаумен айналысатын ықпалды халықаралық және үкіметтік
емес ұйымдар, мүдделі мемлекеттік органдар кірді. Ел Үкіметі мемлекеттік
бюджеттен адам саудасымен күресте әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру
үшін 120 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді.
ҚР Ішкі істер министрлігі адам саудасы жөнінде алдын алу шараларын
ұйымдастыру мен ақпараттық насихат жүргізуде өзін белсенді қырынан танытып
отыр. Іс-шаралар Қазақстандағы Халықаралық Көші-қон ұйымы комиссияы, АҚШ
елшілігі, ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы орталықтарымен бірлесіп жүргізілуде.
Үгіт пойыздары Қазақстанның ірі алты қаласында болды. Үгіт-насихат тобы
құрамындағы құқық қорғау органдырының қызметкерлері мен үкіметтік емес
ұйымдардың өкілдері тұрғындарға буклеттер таратып, еліміздегі адам саудасы
проблемасы бойынша экспресс-сауалнамалар ұйымдастырған. Пойыздардағы ішкі
радиобайланыс арқылы жолаушыларды мемлекеттік және орыс тілдерінде адам
саудасы мәселесі бойынша ақпараттандырған. Құлдыққа келісім берме! және
Адамдар тауар емес! республикалық ақпараттық насихат науқаны жүргізілген.
Қазақстандағы адам саудасы – тірі тауарды жыныстық қызметке жегу
үшін немесе күштеп жұмыс істету мақсатында … жалғасы