Адамдар құқықты қалай талап етсе, олар сол дәрежеде міндеттерді орындауы кджет

0
115

ЖОСПАР

КІРІСПЕ
1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі: түсінігі, құрылымы, түрлері
2. Адам құқығы — азаматтың басты игілігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Құкықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір
субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы
айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз.
Сон-дай-ақ, міндеттін де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін
жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері»
деп немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғанын заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы
құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық
кабілетті атау-лыньщ бөрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әртүрлі топтар
мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал
азаматтык құқық қабілеттілігі дегеніміз субъекті-
лердіңазаматтыққұқыккаиеболып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері — ең алдымен адамдар
(жекетұлға). Әрбір адам — құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің
басқа да категориясынын, бар-лығы мәлім. Бұл — үжымдар, толып жатқан
ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердін иелері
болып табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар
мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заң-герлер бұларды жеке тұлғалар
және занды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз — Қазақстан
Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ
азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды,
кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.

1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі: түсінігі, құрылымы, түрлері

Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы-сонау көне дөуірден қазіргі заманға
дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның
құқығы мен бостандығы туралы теорияның мындаған жылға созылған, тарихы және
мол тәжірибесі бар.
Біз осы тарихқа, осы мол тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік
нормалардың диалектикалық объективтік даму процесімен танысамыз. Адам
қоғамының өр формациясында азаматтардың қандай құқығы, қандай бостандығы
болғанынан білеміз.
Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан
әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам
қоғамы мен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы
жүздеген, мындаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма.
Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып
жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі
де молаяды, күрделенеді.
Жеке адамның құқығы мен қоғамдағы құқық тығыз байланысты. Бірі болса,
екіншісі де болады. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір-
бірінен ажыратып қарауға болмайды.
Адамның құқығы, бостандығы олардың мазмүндық дәрежесі қоғамның даму
деңгейімен байланысты.
Мысалы: – Алғашқы қоғамдағы бостандық;
– құл иелену қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
– феодалдық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
– буржуазиялық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
– қазіргі замандағы бостандык, түсінігі мен мазмүны.
Құқық пен жеке тұлғаның өзара байланысын тек құқықтық статус арқылы
толық түсінуге, білуге болады. Онда олардың сан қырлы байланысының
түсінігі, мазмүны құрылымы, мақсаты, талаптары, мемлекет пен қоғамдық
ұйымдармен арақатынасы көрсетіледі.
Құқықтық мәртебе – жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан
бостандығы, табиғи және саяси құқықтары,
әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл
мәртебенің мазмұны адамның қоғамның әлеуметтік құрылысындағы алатын орны,
ал мәртебенің нысаны — сол адамның қоғамдағы алатын орнын занды түрде
сипаттауы. Мәртебе латын тілінен аударғанда «положение – жағдай» – деген
ұғымды көрсетеді.
Сонымен, құқықтық мәртебе — «құқықтық жағдай» — бір мағынадағы үғым.
Оның негізгі мазмүны мемлекеттің Конституциясында бекітілген жеке тұлғаның
бостандығы, құқықтары мен міндеттері.
Құқықтық мәртебе объективтік тұрғыдан бостандықтың, демократияның
жетістіктері мен кемшілігінің көрінісінің айнасы деуге болады. Адам
қоғамының көне дәуірден даму кезендерінде құқықтық мәртебе әртүрлі болды.
Бірақ бұл процесс үнемі прогрестік жолмен дамыды.
Құқықтық мәртебе — кешенді, интеграциялық категория. Ол адам мен
қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке тұлға мен еңбек ұжымының ара
байланысының көрініс – айнасы.
Құқықгық мәртебенің негізгі түрлері:
1) Жалпылама құқықтық мәртебе — бұл азаматтық мәртебесі, қоғамның
мүшесі, Конституциялық мәртебе.
2) Арнаулы құқықтық мәртебе — студенттер, зейнеткерлер, шахтерлер т.б.
мәртебелер.
3) Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі – бір адамның өмірбаянының
реквизиттері: білімі, қызметі, отбасы, аты-жөні т.б. Олардың қоғамның қай
саласында қызмет атқаруы, соған сәйкес саяси және арнаулы жеңілдіктер
болуы.
4) Жеке тұлға және занды тұлғалар мәртебесі.
5) Шет елдердің азаматының мәртебесі.
6) Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының мәртебесі.
7) Жүйелік мәртебелер: азаматтық, әкімшілік т.б.
8) Кәсіпқойлық, лауазымды тұлғалар мәртебесі.
9) Мәртебе – қиын жағдайда жұмыс атқаратын адамдар (солтүстікте, қиыр-
шығыста, қорғаныс өндірісінде, қүпия өндірісте т.б.)
Қазіргі заманда жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі заң ғылымының бір
саласына айналды және жалпы теорияның жеке тақырыбы болып отыр.
Адамдар тек құқықтық жүйедегі қоғамда өмір сүре алады. Бұл объективтік
тұжырымға адамдар мыңдаған жылдар өмір тәжірибесінен сезініп білді. Біздің
заманымыздан бүрынғы V-IV мың жылдықтан бастап, адам қоғамы құқықсыз өмір
сүре алмайды. Құқық объективтік түрғыдан қоғамның өмір сүруінің ең қажетті
құралы болды. Осы тәжірибеге сүйене отырып, гректің ойшыл-ғалымдары
Ликофрон, Антифон (V-IV мың жылдықта) адамның табиғи бостандығы, құқықтары
бар, оны ешкім жоя алмайды -деген. Бұл пікірді кейін Аристотель, Локк,
Монтескье, Руссо, Канттар да қостаған. Сөйтіп, «Табиғи құқықтық теория»
өмірге келген.
Бұл теория Англияның 1215 ж. бостандық хартиясында, 1689 ж. құқық
петициясында, США 1776 ж. декларациясында, 1791 ж. Конституциясында,
Францияның 1789 ж. Конституциясында мемлекеттік заңға айналды. Біріккен
Ұлттар Ұйымының 1948 ж. Декларациясында адамның «Табиғи құқықтеориясы»
қабылданып, әр мемлекеттің құқығының негізі болсын деп қаулы қабылдады.
1966 ж. БҰҰ Халықаралық пакт атты қаулы қабылдап, онда адамдардың
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын әлем көлемінде дамытуды,
жақсартуды міндеттеді.
Қазіргі заманда адамдардың бостандығы мен құқықтары барлық
мемлекеттердің Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі ресми
саясатқа айналды. Қазақстан Республикасының 1993— 1995 жж. Конституциялары
адамның бостандығы мен құқықгарына арнаулы бөлім беріп, бұл мәселені жан-
жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.
Сонымен, адам қоғамы мындаған жылдар бойы сонау көне дәуірден қазіргі
заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келеді. Сондықтан жеке
адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мындаған жылға созылған
тарихы және мол тәжірибесі бар. Оның даму мазмүны, шеңбері қоғамның даму
деңгейімен байланысты. Әр формацияда адам бостандығы мен құқығы әр түрлі
болады. Бірақ оның дамуы объективтік прогрестік жолмен дамыды. Қоғам дамып,
нығайып, жақсарған сайын құқықта, бостандықта нығайып жақсарады, оның
әділеттік, демократиялық мазмүны да, кеңістігі де күрделенеді, жақсарады.
Егерде бұл бостандыққа, құқыққа шектеу қойылса, оны іске асыруға кедергілер
жасалса, адамдардың табиғи бостандықтарына мән берілмесе, ондай қоғамда
антидемократиялық (фашизм, тоталитаризм, деспотизм) мемлекет орнап, саяси,
экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Адам қоғамының тарихында бұған мысал
жеткілікті. Осы XX ғасырдың өзінде осындай дағдарыс екі дүниежұзілік
соғысты өмірге әкелді.
Сонымен, адам құқығы – жеке тұлғаның табиғи мүмкіншіліктері арқылы
қоғамның барлық саласында іс-әрекет жасап, өздерінің қадір-қасиетін, ар-
намысын, абырой беделін қорғап, жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуі.
Заң ғылымында адам құқығы, азамат құқығы, жеке тұлға қүідығы деген
үғым бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.
Адам құқығы – табиғи құқық, оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ.
Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет Конституцияға кіргізіп, бекітсе, онда
ол адам сол мемлекеттің азаматы болады.
Азамат құқығы – табиғи құқықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп,
мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің
қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.
Жеке тұлғаның құқығы — жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау
мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік,
экономикалық мәртебенің шеңберіне байланысты. Жеке тұлғаға жататындар:
адам, азамат, шет елдердің азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, саяси-
экономикалық, әлеуметтік турғыдан қашқындар.
Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігі бұл үш үғымды бір мағынада
қолдана береді. Жеке адамдардың құқықтарында объективтік және субъективтік
деген түсініктер бар. Енді солардың мазмүнына тоқтайық.
Объективтік құқық – занды нормалардың бір жүйесі, оның мазмүны,
нормалардың өмірге келуі жеке адамдармен қатысы жоқ.
Субъективтік құқық – субъектілердің бостандығы мен құқықтары
объективтік құқықтағы іс-әрекеттерді орындауға байланысты.
Азаматтардың, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандығы халықаралық
актіде және өр мемлекеттің Конституциясында толық көрсетіледі. Оның
түрлері: азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, экологиялық,
ақпараттық құқықтар. Енді оларға қысқаша түсінік берейік.
Азаматтық қрдық – адамның табиғи бостандығы мен құқықтары. Адам не
істесе де ерікті. Тек қоғамға жеке азаматтарға зиян келтірмеуге міндетті.
Экономикалық құқық – табиғи бостандық пен құқықтың экономикалық
талаптары — жеке меншік құқығы кооперацияға мүше болу, акционерлік
ұйымдарға қатысу, жұмыс істеу, бизнеске қатысу т.б.
Саяси құқық – қоғамды, мемлекетті, өндірісті, шаруашылықты басқару,
қоғамдық ұйымдар, партия құру, жиналыс, митинг, демонстрация өткізу,
сайлауға қатысу, сайлану т.б.
Әлеуметтік құқық – қоғамның экономикалық, материалдық дамуы сол арқылы
адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек, үй құқығы, денсаулықты
жақсарту т.б.
Мәдени қрдьіқгар – білім алу, рухани сананы жақсарту; әдебиет, өнермен
шүғылдану; тіл, дін құқықтары т.б.
Экологиялық құқық – адамды қоршаған ортаны, табиғатты жақсарту, ол
туралы мәліметтер алу, зиянға үшыраса төлету т.б.
Ақпараттық құқық – ойлау, сөйлеу бостандығы, газет-журнал шығару,
мақалалар жазу т.б. құқықтар.
Халыкдралық құқықгар – жоғарыда көрсетілген құқықтардың көпшілігі
адамдар басқа елдерге барғанда да пайдаланады. Адамдардың саяхат жасауына,
жүріп-түруына шектеу қойылмайды.
Адамдардың негізгі міндеттері – адамдардың құқықтары мен міндеттері
тығыз байланыста болады. Мысалы: сөз, ойлау бостандығы мен қате, бүрыс
ойламау, сөйлемеу міндеттері. Адамдардың міндеттерін екі топқа бөледі:
табиғи және занды міндеттер.
Табиғи міндеттер табиғи құқықтармен сәйкес болады. Занды міндеттер –
нормативтік актілер арқылы қалыптасқан міндеттер. Мысалы, азаматтардың
табиғатты жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау т.б.
Азаматтардың негізгі міндеттерінің көпшілігі Конституцияда
көрсетіледі. Адамдар құқықты қалай талап етсе, олар сол дәрежеде
міндеттерді орындауы кджет. Құқықпен міндет бірге қалыптасады, өмірге бірге
келеді, бірге дамиды. Бұл объективтік процесс. Адамдар өз міндеттерін
дұрыс, уақытында жақсы орындаса, құқықтары да кедергісіз орындалуға тиісті.

2. Адам құқығы — азаматтың басты игілігі

Еліміз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз
етуге қызмет жасауда барлық мемлекеттік органдар ішінде, әсіресе,
прокуратура маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабында прокуратура
органдары мәртебесін анықтайтын маңызды ережелер бекітілген. Прокуратураға
мемлекет атынан республиканың аумағында заңдардың, өзге де нормативтік
құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалау
жүктеледі, сондай-ақ оның қызметінің негізгі бағыттары анықталған.
Жоғары қадағалау прокуратураны мемлекет атынан заңбұзушылықтың кез-
келген түрін анықтау мен жою жөнінде шаралар қолдануға, сондай-ақ
Республика Конституциясы мен зандарына қайшы келетін басқа құқықтық
актілерге наразылық білдіруге міндеттейді.
Осы орайда, мемлекетіміздегі адам құқығын қорғауды тікелей қадағалау
прокурорлық қызметтегі басты бағыт болып есептеледі.
Адам құқын қорғау мәселесіне қатысты прокуратура органдарының
атқаратын қызметінің маңыздылығына тоқтала отырып, осы салада қол жеткізген
жетістіктеріміз туралы айта аламыз. Себебі, прокуратура органдары өздерінің
алдына қойған осы басты міндетті мүлтіксіз атқара отырып, еліміздегі
зандылықты нығайтуға бар күш-жігерлерін жұмсап, прокурорлық қадағалауды
жүзеге асыруда.
Атап айтсақ, Маңғыстау облыстық прокуратурасы ағымдағы жылдың бірінші
жарты жылдығында ғана тексерулер нәтижесінде 33709 азаматтың конституциялық
құқығын қорғады.
Прокуратура тарапынан алынып отырған шараларға қарамастан азаматтардың
құқықтарын бұзу фактілері әлі де кездесуде.
Азаматтар мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарында
зандылықтың сақталуы аса маңызды. Сондықтан бұл мәселеде заңдылықтың
сақталуын қадағалау әрдайым ерекше назар аударуды қажет етеді. Себебі,
азаматтардың конституциялық құқын бұзушылық фактілері құқықтық
қатынастардың осы саласында жиі кездеседі.
Еңбекшілерге Конституцияда кепілдік берілгендей еңбегіне тиісті
жалақыны уақытында және тұрақты төлеп тұру үнемі құқыққорғау органдары
жазалау шараларын алу арқылы ғана жүзеге асырылмаса керек.
Сондықтан, мемлекетіміз экономикалық тұрақтылыққа жеткен бүгінгі
кезенде барлық мекеме басшылары осы мәселеге барынша назар аударып,
күнделікті өз қызметтерінде азаматтардың конституциялық кұқықтарын
мүлтіксіз сақтауға тиіс деп есептеймін. Себебі, еңбек қатынастарындағы
заңдылықтың сақталуы көбінесе еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдайдын
тұрактылығына оң ықпал етері белгілі.
Сонымен қатар, прокуратура өз қызметінде қылмыстық істерді жүргізуде
азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын сақтауға ерекше мән
береді.
Атап айтсақ, осы жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде жүргізілген
прокурорлық тексерулер барысында ішкі істер органдарының уақытша оқшаулау
орнында және қызмет бөлмелерінде азаматтарды заңсыз ұстаудың 5 фактісі
анықталды. Мысалы, 2005 жылдың 15 қаңтарында С. деген азамат ҚР ҚК-нің 121
бабының 2 тармағында көрсетілген қылмыс бойынша сезікті ретінде Ақтау
қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау орнына қамалған.
Прокуратураның тексеру нәтижесінде ұсталған адамның қылмысты жасамағаны
анықталып (18.01.2005 ж.), оның кінәсі дәлелденбегендіктен, прокурор
қаулысымен уақытша ұстау орнынан босатылды. Соңынан жоғарыда көрсетілген
қылмыс ашылып, оны жасаған қылмыскер ұсталып, прокуратура әрекетінің
заңдылығын көрсетті.
Сондай-ақ, қалалық ішкі істер басқармасының қызмет бөлмелерін
прокурорлардың түнгі тексеру кезінде жасөспірім А.-ның тонауға қатысы бар
сезікті ретінде 3 сағаттан артық қызмет бөлмесінде заңсыз ұсталғаны
анықталды. Қылмыстық істер жүргізу заңының талабына қайшы, бұл жасөспірімге
қатысты тергеу әрекеттері оның ата-анасын, педагог пен психологты
қатыстырмай жүргізілген.
Азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығы бұзылған барлық
деректер бойынша облыстық прокуратура прокурорлық ықпалды қолдану арқылы
занды бұзушыларға тиісті бағасын берді.
Адам құқы – ең жоғары құндылық, оны сақтау алдыңғы қатарлы озық
елдердің қатарынан орын алуымыздың кепілі. Осы конституциялық талаптардың
орындалуын қадағалау – прокуратура органдарының әрдайым басты назарында.
Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен
бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлык, мемлекет оны қорғап,
оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет
қалып отырған жоқ.
Қазақстан Ата заңының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықгары мен бостандықгары», деп атап
көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстанға әлемнің дамыған елдерінің
қатарында тұруға моральдік кұқық береді.
Адам құқықтары мен бостандықтары туралы заңдарды дамыту жолында
Қазақстан баскд өркениетті елдердің төжірибесін қолдана бастады. Соның бір
айғағы ҚР Президентінің жарлығымен Президент жанында елдегі адам құқығы мен
бостандығын сақтауға бақылау жасайтын, өкілеттік қызмет жөніндегі
комиссияның құрылуы. Қоғамның өтпелі кезеңінде еліміздегі адам құқықтары
жөніндегі зандар қызметін үйлестіріп, олардың осал тұстарын ретке келтіріп,
қалпына келтіруде қазақстандықтар комиссияға зор үміт артады. Бұрынғы
кеңестік дәуірде азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін жоғары билік
орындарына, тіпті Коммунистік партияның Бас хатшысына жүгінетін. Қазіргі
уақытта адамдар өздерінің бүзылған құқықтарын қорғау үшін құқық қорғау
орындарына, сотқа, Адам құқығы жөніндегі комиссияға шағымданатын болды. Бұл
біздің қоғамның құқықтық мемлекет құруға бет бүрғандығымызды көрсетеді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік қауымдастық
қатарына қосылғаннан бері адам құқығына қатысты бірнеше халықаралық
конвенцияларға қосылды. Қазақстан ең алдымен 1949 жылы қабылданған Женева
конвенциясына (Конвенцияға қосылу ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31-ші
наурызындағы қаулысымен бекітілді), 1989 жылы қабылданған Сәби құқығы
туралы конвенцияға (ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz