Адам сенгісіз 7 факт

Массагет порталының оқырмандары назарына қызықты мәліметтерді ұсынамыз. Төменде келтірілген 7 факт сіздің санаңызды сілкінтері анық. Ендеше, назар салыңыз!

Гизадағы пирамидалар Жер бетінде мамонттар өмір сүрген кезде құрылған
Ғалымдар пирамидалар біздің заманымыздан бұрынғы XXVI — XXIII ғасырлар аралығында құрылған деп есептейді. Мамонттар болса, 1,6 миллион жыл бұрын пайда болып, б.з.б Х ғасырда мүлдем жойылып кеткен.

Американың Вайоминг штатында 2 эскалатор ғана бар
Вайоминг штаты көлемі бойынша АҚШ-тың штаттары арасында 10-орында. Бұл жердің жергілікті тұрғындарының саны – 560 мың. Осындай көп халқы барлығына қарамастан штатта 2 эскалатор ғана халыққа қызмет көрсетеді. Оның өзі Каспер қаласындағы банкте орналасқан.

Ит – қасқырға қарағанда аюмен туыстас
Ғалымдар ит пен аюдың түбі бір екенін дәлелдеді. Ал, қасқырдың арғы атасы мысық тұқымды жануарлар болғандықтан, аюмен мүлдем туыстығы жоқ екен.

АҚШ-тағы кітапханалар саны дүние жүзіндегі McDonaldʼs ресторандарының санынан көп
АҚШ кітапханалар ассоциясы өткізген есептеулерге қарағанда АҚШ-тағы оқырмандарға қызмет ететін кітапханалар саны 119,847. Ал ең танымал мейрамханалар желісінің дүние жүзі бойынша 36 мыңға жуық нүктесі бар.

Кореялықтар иіссіз терлейді
Бристоль университеті ғалымдары осындай қорытындыға келген. Олар өз тәжірибелерінің нәтижесі 99,994 пайыз дәл екеніне сенімді. Сол үшін де Оңтүстік Кореяда дезодрант табу қиын екен.

Канаданың бүкіл халқы АҚШ-тың Калифорния штатының жергілікті тұрғындарынан аз
Канада елінің халқы 2017 жылғы санақ бойынша 36,71 миллион болса, Калифорния штатының халқы 2017 жылғы санақ бойынша 39,54 миллион.

Лас-Вегасдағы Bellagio қонақүйіндегі бөлмелер саны Италиядағы Белладжо қаласы адамдарынан көп
Бес жұлдызды казино-қонақүй 1998 жылы құрылған. Ол жерде 3950 бөлме бар. Үлкендігі жағынан әлемде 11-ші орында. Италиядағы осы аттас қаланың тұрғындар саны болса 3085 екен.
Дереккөз: https://massaget.kz/