Адам мүмкіндіктері, өзін-өзі тану пәні

0
539

загрузка…

]Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып – білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте – бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішім де… Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. №2 – сабақ. «Бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану» деген ойын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдісімен талқылаңдар.
2. Келесі сабақ. №3, «Неге арналсаң, соны істе» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
1. «Мәтіндегі автордың «Неге арналсаң, соны істе» деген сөзін қалай түсіндіресің? Өмірден нақты келтір.
2. «Өз орнындағы» адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ» деген тұжырыммен келісесің бе? Неліктен?
3. Айналаңда өз мүмкіндіктері мен қабілетінің арқасында биік нәтижелерге қол жеткізген адамдарды білесің бе?
4. Өзің өмір жолыңда нелерді басшылыққа аласың?
1. Сабақтың дәйексөзі.
Еңбек түбі — қуаныш.
Халық даналығы.
Сұрақтар:
2. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
3. Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
4. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
5. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?
Қорытынды: Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап, деген екен Абай атамыз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.
3. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)
Миллионыншы талпыныс.
1942 жыл болатын. Үш адам Венесуэлада бірнеше ай бойы алмас іздеп жүріпті. Көп жол өтіп, көп тау аралап, алмас па деп талай жәй тас жинапты. Бірақ құр тастан басқа ешнәрсе жинай алмапты! Үшеуінен біреуі, Рафаэль Солано, бір көлшіктің жағасына жеткенде достарына: “Мен шаршадым ” дейді. “ары қарай жүрудің мағынасы жоқ. Мына тасқа қараңыздаршы, мен тапқан 999999 тасым шығар. Бірақ бір де бір алмас жоқ солардың арасында. Тағы бір тас алсам миллионыншы тасым болады. Бірақ несіне босқа әуре болайын. Шаршап кеттім. Алмас іздеуден бас тартамын”.
Бір досы қалжыңдап: “Енді бір тас теріп миллионыңды толтырсаңшы ” дейді. Солано қалжыңға қалжыңмен жауап беріп: “Солай – ақ болсын” дейді, “осы сапарымнан бас тартар алдында соңғы тас тере салайын”. Шаршаған көздерін жауып, қасындағы тас үйіндісінен алмас – ау деп жорамалдап жұмыртқа үлкендігінде бір тас таңдап: “Міне соңғы тасымды да алдым,” дейді, “миллион тас терген болдым. Соңғы тасым осы болар!” Соңғы тасы ауыр, кәдімгі тастан едәуір ауыр болады. Солано қолыңдағы тасты қайтадан өлшеп: “Бұл алмас қой” деп қуанады, “бұл расында да үлкен алмас!”
Кейін болса, Нью – Йорктағы бір зергер Рафаэль Солано тапқан тас үшін жүз мыңдаған доллар төлеп сатып алады. Кейін болса, “The Liberator” (Азаткер) аты берілген бұл алмас дүниенің ең таза әрі ірі алмасы болғаны анықталады.
Сұрақтар:
1. Венесуэлада үш адам не іздейді?
2. Рафаель Солано не деп айтады?
3. Оған досы не деп жауап береді?
4. Рафаель Солано миллионыншы тасын қалай алады?
5. Ең соңғы алған тас қандай тас болып шығады?
6. Адамдардың кейде арманына жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?
Адам мүмкіндігінің шексіз екендігін тағы да немен дәлелдер едіңдер?
4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
1 – топ: «Білуге құштарлық»
2 – топ: «Еңбекқорлық»
3 – топ: «Қабілеттілік»
4 – топ: «Дарындылық»
5 – топ: «Табандылық»
Тапсырма: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» тақырыбына сурет салу.
5. Топпен ән айту.
«Асыл арман»
Сөзі: Б. Тәжібаев
Әні Е. Хасанғалиев
Арманым ақ сәулелі күнімбісің
Әлдебір алаулаған гүлімбісің
Әлдебір желпіп өткен самал ма едің
Арманым айтарым көп саған менің
Асыл арман асыл арман
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің
Асыл арман аспанымда жарқылдаған
Құсым ба едің
Мен сенің құдіретіңе
Мен сенің құдіретіңе түсінбедім
Арманым құздан құлар бұлақпысың
Әлдебір күлімдеген шырақпысың
Әлдебір албыраған ай ма екенсің
Арманым айтшы маған қайда екенсің
Асыл арман асыл арман
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің
Асыл арман аспанымда жарқылдаған
Құсым ба едің
Мен сенің құдіретіңе
Мен сенің құдіретіңе түсінбедім
Асыл арман асыл арман
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің
Асыл арман аспанымда жарқылдаған
Құсым ба едің
Мен сенің құдіретіңе
Мен сенің құдіретіңе түсінбедім
Мен сенің құдіретіңе
Мен сенің құдіретіңе түсінбедім
:
6. Үй тапсырмасы.
1. №3 – сабақ. «Адамның мүмкіндіктері шексіз» тақырыбына эссе жазу.
2. Келесі сабақ. №4, «Мәдениет пен билік салмағы» мәтінін оқып келу.
7. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ – қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…
Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9 – 10 рет) немесе 1……………… 2 [3].
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Кері қайту