Абай Бегеймен араласпай кеткен тұңғышы әкесін кешіргенін айтты
Абай Бегеймен араласпай кеткен тұңғышы әкесін кешіргенін айтты
«Менде ұйқы жоқ. Ең бірінші мені жаратқан Аллаға сансыз шүкір. Одан кейін дүниеге келуіме себепші болған ата-анама рахмет! Дәл қазір анамның жанымда болғанын қатты қаласам да, Алланың ісіне көнбеске шарам жоқ. Не болса да, болған іс болды.
Әкемнің шешіміне көне алмадым. Ашуландым. Қызғандым. Бас тартам деп те ойладым. Бірақ Рамазан айында Алла разылығы үшін шын жүрегіммен кешірім сұрағым келеді. Сіздің де ашумен айтқан ауыр сөздеріңіздің бәрін ұмытамын. Сіз де мені кешіріңіз! Сізден жырақта жүру, бауырларыммен сөйлеспеу маған да оңай болмады. Ары қарай бұлай жалғасқанын қаламаймын. Жаңа құрған отбасыңызбен бақытты болуыңызды тілеймін.
Қасиетті айда барлық жамандық ұмытылып, нағашыларым мен өз туыстарымның тату-тәтті болғанын қалаймын» — деп жазған Ерке.
Дереккөз: Reactor
reactor.inform.kz