8 наурыз аналар күнінен арналған сценарий, Ана гүл, ана өмір шуағы, аналар мерекесі туралы тәрбие сағаты

0

«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»
Музыка залы әсем безендірілген.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, әріптестер!
Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8 — наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін дейміз!

Диас: Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!
Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Балнұр: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!
От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта.
Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!

Ақерке: Dear Mummy, Dear Granny!
I want you to be happy!
On the eights of March
I love Mummy, I love Granny
I wish them health
I wish them wealth!

Әуенді вальспен әр бала анасымен жұптасып, бір — бірлеп залға кіреді. Анасын таныстырып, анасына жақсы сөз айтады.
(аналарын орындарына апарып отырғызып, сапты бұзбай, жартылай шеңбер жасап тұрады)
Мерекелік тақпақтар:
Ернат: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар.

Әмина: Mother is the dear rest
Of all the friends I know
She helps me work end
Helps me always
That’s why I love she so!
Мадияр: Ұлым — ұлым дейсің де
Ұрысумен ұстайсың,
Күнім – күнім дейсің де
Үйде отыр деп қыстайсың
Жаным — жаным дейсің де
Шапалақтап аласың
Өкпелер ем өзіңе
Әттең тәтті мамасың.

Инабат: I love mother, she loves us
We love daddy, he loves us
He loves us and so you see
We are a happy family
Димаш: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Али: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен ауызданып есейдім,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Жүргізуші: Ақ қар еріп, су көбейіп
Сай салада ағады
Бүршік шашып
Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады…
Мал маңырап, төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктемде!
Бірге: Олай болса ортаға Көктем аруларын шақырамыз.

Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Көктем, Бәйшешек, Қызғалдақ кіреді.
Көктем: Армысыздар балақайлар,
Әзиз әже, назды апайлар
Мол шуақты ала келдім
Қуаныңдар балақайлар
Мен құлпырған бәйшешекпін
Келіп жеттім көктемменен
Шаттаныңдар мейірімді аналар
Бұл мереке тек сіздерге арналар.
Жүргізуші: Рахмет, Бәйшешек біздің балалар сізге сыйлық ретінде дайындаған тақпақ — әндері мен билері де бар.

Ән:«Ақ мамам»

Диалог: 1ұл: (галстугын дұрыстап) Димаш маған қарашы мен әдемімін бе?
2ұл: И…. и… Нұрбол саған не болған?
1ұл: Не болушы еді, қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші
2ұл: Ия өмір зымырап бара жатыр,
ал біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара жатыр
1ұл: Иә… (күрсініп)
2ұл: И… Нұрбол күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесеміз.
Екеуі бірге олай болса келесі кезекті «Таңғажайып көмекшілер» биіне береміз.

Жүргізуші: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Деп өз ыстық лебіздерін Саша, Айбек, Асылбек өз әжелеріне тақпақтарын арнамақшы.
Асылбек: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Айбек: Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге,
Шәй қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Саша:

Ән: «Аналар»
(Залға ашуланып Бұзақы бала кіреді.)
Жүргізуші: Балақай сен кімсің?

Бұзақы: Мен… мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.

Жүргізуші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге ойын ойна.

Ойын: «Шебер қолдар»
Шарты: Аналар қолдарына бокс қолғабын киіп, балаларын киіндіру керек.
Келесі кезек балдырғандардың тақпақтарында.
Алуа: Аялаған баптаған,
Асыраған сақтаған
Сақтандырып күнде еппен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат тілегінде мархабат
Анамызға мың алғыс.
Бекзат: Адал бол деп — балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат
Тілегің де мархаббат
Анамызға мың алғыс
Жантөре: Анаға жан жетпейді,
Еңбегі естен кетпейді.
Балаға да анасыз
Тамағынан ас өтпейді.
Жансерік: Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой.
Асықпа, анашым, ертең — ақ
Отың болып жанам ғой.
Нұртілеу: Анам менің, ақ мамам,
Балапанын мақтаған.
Анам барда әр дайым
Қуанамын, шаттанам.
Жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген — дей отырып шетелдік аруларды қарсы алыңыздар!

Би музыкалық пародия: «Шакира», «Нұрлан мен Мұрат», «Каспий», «Арнау», «Жанар Айжанова» тобы шығады.

Диалог: Балнұр: Әмина қарашы маған Диас сақина сыйлады.
Әмина: Қойшы Балнұр сақина сыйлағанша одан да неге биге шақырмайды.
Балнұр: Әрине ол мені биге шақырады.

Жүрг: Ойын: «Қызға гүл сыйлайық»
шарты: 2 ұл шығып қыздарды вальске шақырады. Ал, орындықта гүл шоғы тұрады. музыка әуені тоқтағанда, гүлді жылдам алып, қызға сыйлау керек.
My dear, dear Mammy,
I love you very much
I want you to be happy
On the eighth of much.
Ch:
Be happy, be happy.
On the eighth of March
Be happy, be happy.
On the eighth of March

My dear, dear Mammy.
Let me kiss your face,
And do you love your Mammy,
Of course and very much.
Ch:
Be happy, be happy.
On the eighth of March
Be happy, be happy.
On the eighth of March

Бәйшешек: Балалар сендердің қыздарға дайындаған сыйлықтарың қайда?
Екі бала: Мұнда, мұнда біздің сыйлықтар

Балалар сыйлықтарды алып келеді.
О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың — дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге…

Балалар енді аналарына арнаған өз қолдарымен жасаған гүлдеріңді сыйлаңдар.
Құрметті ата — аналар балапандарыңызға өз ыстық лебіздеріңізді білдірсеңіздер.

Жүргізуші: Осымен құрметті аналар, әжелер
Біздің балаларымыздың дайындаған
Мерекелік шарамыз аяқталды!
Келесі кездескенше сау — сәлемет те болайық.

«Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Айгөлек» балабақшасы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
тәрбиеші: А. А Сатимова