«7-20-25» бағдарламасымен «Нұрлы жердің» тұрғын үйін қалай сатып алуға болады

0

Нарықтан үй алғанда «7-20-25» қатысушылары пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алған кезде пәтерлер туралы ақпаратты жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет деп хабарлайды Елорда Инфо «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.

Бұған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында бөлініп келген еді. Енді, тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды. Соңғы 5 жылда азаматтың басында үйдің болмауы және жинақталған депозит сынды ешқандай талаптар жоқ. Қағидаларға сәйкес әкімдіктер пәтерлер туралы хабарландыруды тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

2019 жылғы кредиттік тұрғын үй құрылысының жоспары (ҚР ИИДМ деректері бойынша)

Өңірлердің атауы — Пәтерлердің саны

ҚР бойынша барлығы — 11 797

Ақмола облысы -240

Ақтөбе облысы — 778

Алматы облысы — 458

Атырау облысы — 1 136

ШҚО — 607

Жамбыл облысы — 800

БҚО — 1 108

Қарағанды облысы — 576

Қостанай облысы — 1 604

Қызылорда облысы — 600

Маңғыстау облысы — 103

Павлодар облысы — 504

СҚО — 78

Түркістан облысы — 858

Шымкент қ. — 904

Алматы қ. — 540

Астана қ. — 903

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтердің жалпы аумағы 80 шаршы метрден аспауы тиіс. Осыған байланысты, көбінесе 1-2-3-бөлмелі пәтерлер салынады.

Әкімдіктер арқылы қолжетімді пәтерді «7-20-25» арқылы сатып алар жағдайындағы ай сайынғы төлемдердің болжамды есебі мынадай:

Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы пәтерлер — Ай сайынғы төлем, теңгемен (қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде)

1-бөлмелі (37 ш.м жоғары) — 37 317

2- бөлмелі (50 ш.м жоғары) — 50 888

3- бөлмелі (65 ш.м жоғары) — 66 154

Басқа өңірлердегі пәтер — Ай сайынғы төлем, теңгемен (қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде)

1- бөлмелі (37 ш.м жоғары) — 29 400

2- бөлмелі (50 ш.м жоғары) — 39 579

3- бөлмелі (65 ш.м жоғары) — 51 453

zharar.com