22 наурыз: Ұлыстың ұлы күнінде….

0
318

Павлодар облысы,

Ертіс ауданы,Ертіс ауылы,

КМҚК №2 балабақша,тәрбиешісі

Оспанова Жанар Жақсыбайқызы

 

Ұлыстың ұлы күнінде….

(Ертеңгілік)

Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн – Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз – қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды әсем әуенмен  ашқымыз келіп отыр.Ересек топ балаларының орындауында 
ӘН: «Наурыз» 
Тәрбиеші:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар: – Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.

Тәрбиеші: Бүгін  біздің балабақшамызда  топтар арасында Наурыз  мерекесіне арнап, ару қыздарымыздың арасында «Балабақша аруы – 2017» сайысын өткізгелі отырмыз. Бізбен бірге аруларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.

Бірі көркем бірінен,

Бақшамыздың арулары  
Көпшіліктің тілеуінен,
Жаралғандай бәрі-бәрі
Ару көрсең тасыр көңіл,
Айналаға  нұрын шашқан,
Жаса тірлік,жаса өмір!
Бақыт осы ойнап күлген.
Балдырғандар арасында.
Қызғалдақтай жайнап күлген,
Арулардың бәрі осында.

Тәрбиеші: -Ал, құрметті көрермендер аруларымызды ортаға шақырайық.

Тәрбиеші:

1- ару: Бірінші қыз Малика білімді,

Меңгерген бар ілімді.

2- ару.Екінші қыз Дарина елгезек,

Алады тез тіліңді.

3- ару.Үшінші қыз Айлана толған-ай

Айдай көркем болған-ай.

4- ару.Төртінші қыз Айзия үлбіреген,

Қос жанары мөлдіреген.

Тәрбиеші: –Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар

1). «Тегін білу – тектілік» (өзін-өзі таныстыру)

2). «Мен кішкентай өнерпаз»

3) «Ұлттық тағам –ұлылық «

4) « Мен кішкентай сәнгер»

Тәрбиеші: «Балабақша аруы -2017» сайысын аруларымыздың өзін-өзі таныстырудан басталады.

Сайыста жеңісте бар, жеңілісте бар,
Қуанып, шаттанып күлуде бар.
Өнерін тамашалап отыр қауым,
Сайыста әділқазылар тағы да бар.
(Әділқазылар алқасымен таныстыру)
1. меңгеруші: Г.С.Сыздыкова
2. әдіскер: Б.Г.Сарсембаева
3. психолог: К.Е.Базарбаева

Тәрбиеші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп тобымыздың жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдік,
Ал, аруларымызға тек сәттілік тілейікші!

1). «Тегін білу – тектілік» (өзін-өзі таныстыру)

Жанерке:

Арма ағайын басымды иіп сәлем бердім

Өнерімді паш етуге менде келдім.

«Айгөлектей» тобымның намысы үшін

Сынға түсер қызыңыз Жанеркемін.

Малика:

Таныстырсам өзімді

Атым менің Малика

Кішкентаймын мен әлі

Жұрттың бәрі тани ма

Дәулет деген әкем бар

Еркелетер күлімдеп

Жанар деген анам бар

Мәпелетер гүлім деп

Мансұр деген ағам бар

Мақтанышым ол менің

Сәттілікті тілеп тұрып

Бас иемін сіздер үшін.

Тәрбиеші: Кішкентай аруларымыз келесі шартқа дайын болғанша кезекті  ІІ сәбилер тобының биіне береміз

БИ: «Жауқазын»

Тәрбиеші:Би де биледік,әнде шырқадық,келесі кезекті Ересек топтың ертегі қойылымына берсек.

ЕРТЕГІ ҚОЙЫЛЫМЫ: «Төлдер айтысы»

Тәрбиеші: «Балабақша аруы -2017» сайысымыздың 2 шарты өз өнерін көрсету.

«Құлақтан кіріп бойды алар,
 Әсем ән мен тәтті күй
 Көңілге түрлі ой салар.
 Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай өнер сайысын бастаймыз.

1-аруымыз Малика гимнастикалық өнерін көрсетеді.

2- аруымыз Даринаның орындауында үнді биі «Хатуба»

 

3-аруымыз Айлананың орындауында әсем ән: «Жаса,Қазақстан»

4- аруымыз Жанеркенің орындауында  «Балапан» биі

Тәрбиеші: Әділқазыларымыз өз бағаларын бергенше кезекті Ортаңғы топтың қыздарының биіне береміз.

Би: «Қамажай»

Тәрбиеші:Тойды одан әрі І кіші тобының дайындаған «Беташар» рәсімімен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.

І кіші топ «Беташар»

Тәрбиеші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен

Көктем сәні өнерімен ортаға шығып

Сән көрсетер сайыскерлер сәніменен – деп сайысымыздың 4-бөлімі бойынша сайыскерлерімізді аналарының фантазиясы бойынша сән үлгісімен ортаға шақырамыз.Сонымен қатар дастарханда тұрған ұлттық тағамдарынна да назар аудара кетсек.

4 кезең Сән үлгісін көрсету.

Тәрбиеші:Кімдер жүйрік,өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші

Жеңіп шыққан аруға,

Құттықтап тек сәттілікті тілейікші.

Келесі сөз кезекгі әділқазылар алқасына беріледі

Тәрбиеші:Сөз кезегін балабақша меңгерушісі Гүлжан Сағадатқызына береміз.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің мерекеге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті,Келіңіз ата,төрлетіңіз.Батаңызды беріңіз.

Қызыр ата: (бата береді)
Жарқыра жайна Наурызым!
Қабағы жаудың түйілсін
Береке байлық –дәм тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын
Ұрпақтардың бағы болсын
Арайланған таңы болсын
Ақ батамен қол жайғанның
Тілегінің бәрі болсын!

Барлығы: Айтқаныңыз келсін! Рахмет!

ӘН: «Наурыз» ересек тобы

Тәрбиеші: Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін!
Отбастарыңызға бақыт әкелсін!
Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын
Отанымызға шаттық өмір әкелсін
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Осымен сіздерге арналған мерекеміз осымен аяқталды амандықта жолыққанша сау болыңыздар.