2019 жылы сәнде болатын beauty-трендтер

0

2019 жылы сәнде болатын beauty-трендтер

Көптеген beauty-трендтер жылдан жылға көшіп жүреді, бірақ жаңа мерзімде жаңа трендтер де еніп жатады. Вeauty-трендтер жиі сән көрсетілімдеріндегі модельдерге әлемнің ең атақты бет әрлеушілері жасаған макияжға байланысты шығады. Сол модельдердегі көбірек қайталанған макияж трендке айнала бастайды. 2019 жылы қандай beauty-трендтер сәнге айналуы мүмкін?

Бетке арналған далап

Осы мерзімге сай келетін тенденция – беттің шырайы, беттің аяздан кейінгі қызылы. Оны жасауға алқызыл-шабдалы реңкті кремді далапты қолданған жөн. Айнаға қарап күлімдеп, оны беттің шығыңқы жеріне саусағыңыздың ұшымен ұрмалы қозғалыспен жағыңыз. Бетке арналған жеңіл далап пен ылғалдандырғыш тональді құрал – күнделікті макияжға арналған керемет әдіс.

«Макияжсыз макияж» + «ылғал тері»

Беттегі косметика білінбеуі керек. Бұл макияждың ерекшелігі күтім мен ылғалдандыруға негізделген. Ол үшін теріні тазалап, бетке ылғалдандырушы крем жағып, көздің астына патчи жабыстырыңыз. Содан соң бетке кез келген ылғалдандырушы су (арнайы спрей) шашыңыз. Сіңгенін күтіңіз және саусақтарыңызбен массаж жасаңыз. Содан соң жарқырау эффектісі бар жеңіл тональді крем жағыңыз. Аздап консилерді көздің астына жағуға болады. Қасыңызды мөлдір гельмен тарап шығыңыз. Соңында беттің шығыңқы жерлеріне кремді хайлайтер жағыңыз. Тері табиғи ылғал сияқты көрінуі керек. Бұл макияж «таза» бетті ұанататындардың көңілінен шығады.

Ашық түсті тень + «макияжсыз макияж»

Егер алдыңғы тренді үйреніп алсаңыз, келесіні байқап көріңіз. «Таза» бетке ашық түсті теньдер жақсы үйлеседі. Теньді аямай жағуға болады, суреттеп, тіпті қасқа дейін жағуға болады. Қазір сары, шабдалы, қызғылт және көк түстер трендке айналуда.

Сызық

Сызық – макияждың тұрақты бөлігі, оны барлық сән апталықтарында қолданады. Бұл мерзімде мінсіз сызық сызуға бір сағат уақыт кетірудің қажеті жоқ. Бет әрлеушілер графика мен геометриядан шабыт алуды, түрлі түсті сызық салуды және әдеттен тыс жерлерге (мысалы, көздің астына) салуды ұсынады. Ерекше сызық салғанда бетте аз макияж болуын ескеріңіз.

Текстураланған қас

Бұл тренд қалың (көрініп тұратын) қасы бар қыздарға келеді. Қастың айқын пішіні болмауы тиіс. Негізгі бьюти-құрал – қасқа арналған түрлі түсті немесе мөлдір гель. Оны қарапайым қарындашпен де бояуға болады, бірақ ол кезде табиғи шаштарды білдіретіндей сызу керек. Шаштың өсу бағытымен жатқызып, гельмен тараңыз.

Жылтыр ерін

Ерінге арналған жылтыр қайтадан трендке келді. Ерінге арналған жылтырды қолдану оңай және балғын эффект береді. Оның мөлдір немесе жидекті түстерін таңдауға болады. Ерінде айқын сызық болмауы керек, сондықтан ерінге арналған қарындаш қолданбаған жөн.

Қоңыр ерін

Қоңыр ерін – ол 90-жылдарды аңсау. Мұндай ерінмен жас кезінде анаңыз жүрген болуы мүмкін. Табиғи макияж жасап, ерніңізге екпін беріп, қоңыр далаппен бояңыз.

Шабдалы түс

Тағы бір тренд – шабдалы түсті макияж. Ол классикалық нюд макияжына жатады, бірақ шабдалы нюд балғын әрі жас етіп көрсетеді. Бастысы – тень, бетке арналған далап және ерінге арналған жылтыр далаптың шабдалы-қоңыр қызғылт түрлерін таңдау.


Дереккөз: https://massaget.kz/