2019 жылы қазақстандықтар неше күн демалады?

0

2019 жылы қазақстандықтар неше күн демалады?

Қазақстан мерекесі һәм демалысы көп елдер қатарында. Биылғы күнтізбе бойынша қазақстандықтар 119 күн демалады.

Ең көп демалатын күндер — наурыз айында. Бұл айда екі бірдей мереке бар. Бірі — Халықаралық әйелдер күні болса, екіншісі —  Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы. Сенбі мен жексенбі күндерін қосқанда наурызда қазақстандықтар 14 күн тынығады. Одан кейін демалысы көп ай — желтоқсан. Жыл соңында отандастарымызды 12 демалыс күні күтіп тұр.

Мамыр мен қаңтар айларында ел тұрғындары — 11 күн, маусым мен тамызда — 10 күннен, шілде, қыркүйек және қарашада — 9 күннен, ақпан, сәуір және қазанда — 8 күннен демалады.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып саналады.


Дереккөз: https://massaget.kz/