2018 жылы шыққан үздік 5 смартфон
2018 жыл да аяқталып келеді. Демек әр салада жылдың үздіктерін анықтайтын уақыт жетті. Биыл белді компаниялар өз флагмандары мен бюджетті смартфондарын жаңартты. Олардың ішінде БАҚ пен қолданушылар арасында танымалдыққа ие болып, жиі аталып жүргендері біршама. Назарыңызға 2018 жылы сатылымға шыққан үздік топ-5 смартфонды ұсынамыз.
Samsung Galaxy S9
2018 жылы ең жиі аталған смартфон шығар бұл. Samsung Galaxy S9 дер кезінде шықты, наурызда, соның арқасында жарты жыл бойы үздік дисплейі, үздік жабдықталуы, жылдам процессоры үшін рейтингтердің басында болды.
Смартфонға жедел жады 4/6, негізгі жады 128/256 GB болатын Exynos 9810 процессоры орнатылған (кей нарықта Snapdragon 845 процесорымен сатылады). Графикаға Mali-G71 MP18 немесе Adreno 630 жауап береді. Дисплей диаметрі – 5.8 дюйм, матрицасы SuperAMOLED. Батарея қуаттылығы сағатына 3000 мА.
Samsung флагманының өзінің бәсекелестерінен ешбір жері кем емес, оның үстіне соңғы жартыжылдықта бағасы 20%-ға арзандаған.
Huawei P20 Pro
Huawei флагманы P 20 Pro 2018 жылдың бірегей смартфоны болды. Ол смартфондар арасындағы үздік камера орнатып, нарықта жаңа серпіліс жасады. Оның Leica камералары 40 MP, 20 MP, 8 MP 3 модульден тұрады. Dxomark рейтингінде аталған смартфон әлі де бірінші орында келеді. Оптикалық зумды шебер орындайтын камералар жасанды интеллектке де бейім. Түрлі көрініске жеке баптау жасап, ұсына алады.
8 ядролы Kirin 970 процессоры да компанияның басты жетістіктерінің бірі. P 20 Pro дисплейі 6.1 дюймдік OLED матрицалы Full HD 2240×1080 анықтыққа ие. HUAWEI SuperCharge функциясы батареяны жылдам қуаттайды. Ал толық қуатталған смартфон 1 жарым күнге жетеді.
Xiaomi Pocophone F1
Xiaomi Pocophone F1 – 2018 жылы шыққан баға мен сапа көрсеткіші бойынша ең үздік смартфон. 300 долларлық қытайлық брендке Qualcomm Snapdragon 845 процессоры орнатылған. Өзге сипаттамалары да жаман емес: AMOLED-дисплей, оптикалық стабилизациясы бар екі модульді камера және автономды аккумулятор.
Батарея қуаттылығы сағатына 4000 мА. Xiaomi ұстайтын көп қолданушы оның қаншалықты шыдамды, қабілетті екенін бағалап үлгерген болар. Сондай-ақ Quick Charge 3.0 технологиясы арқылы жылдам қуаттала алады.
iPhone XS Max
iPhone XS Max – Apple тарихындағы ең ілгері смартфон. Жаңа модельдің үздік болмауға еш қақы жоқ еді, әлбетте.
Бұл – iPhone тарихындағы ең көлемді смартфон. Салмағының өзі – 208 грамм, қалыңдығы – 7,7 мм. Оның барлығы бекер емес, себебі экран көлемі – 6.5 дюйм. Бұл көрсеткіш қаншалықты көп болса, экрандағы кескін соншалықты кең болмақ. Экран тұнықтығы – 1242x2688px, пиксельдер тығыздығы – 456 ррі, OLED дисплейінің көлемі – 6.5 дюйм. Смартфон камерасы әрбірі 12 мегапиксельдік 2 модульден тұрады, біреуі кеңбұрышты, екіншісі телефото модуль. Фронтал камера – 7 мегапиксель. Батарея қуаттылығы сағатына 3174 мА. Процессоры A12 Bionic, негізгі жады 64/256/512 GB, жедел жады 4 GB.
Google Pixel 3 XL
Google компаниясы Pixel 3 XL смартфонын қазанда шығарған еді. Соған қарамастан смартфон көптің назарын жаулап үлгерді. Бұл Google-дің өзі жасаған тұңғыш смартфоны. Бұған дейінгі модельдер қытайлық инженерлер көмегімен жасалған еді.
Смартфонның корпусы тым кішкентай не тым үлкен емес, дисплей диаметрі – 6,3 дюйм. Қаңқасын жедел жады 4 GB, негізгі жады 64/128 GB Qualcomm Snapdragon 84 чипсеті құрайды, ал деректерді Titan Security чибі қорғайды.
Смартфонның негізгі үстемдігі – 12,2 MP камера. Бірақ батареясы өте қарапайым – сағатына 3430 мА.