2018 жылдың ең қуатты android смартфондары

0

2018 жылдың ең қуатты android смартфондары

AnTuTu құрастырушылары Android операциялық жүйесімен жұмыс істейтін телефондардың арасындағы ең қуатты смартфондардың рейтингін жариялады.

Нәтижесінде, Huawei Mate 20 смартфоны ең қуатты гаджет деп танылды. 2018 жылдың қазанында алғаш сатылымға шыққан қытайлық телефонға мамандар қуаттылығы үшін 306,6 мың ұпай берді.

Huawei компаниясының Mate сериясымен жарыққа шыққан тағы бір смартфоны рейтингтің екінші орнына жайғасты. Бұл – Huawei Mate 20 Pro. 303 мың ұпай жинап екінші орынға шыққан смартфон – Mate сериясының ең соңғы флагманы. Бұл смартфонды YouTube арнамыздағы «Техно шолу» бағдарламасында сынақтан өткізіп көрдік. Толық видеоны сілтемеден көре аласыз.

Үздікке үштікке Huawei-дің кезекті өнімі кірді. Бұл – Mate 20X.

Бұлардан кейінгі орынға OnePlus6, Xiaomi Mi Mix 2S, Mi8, Xiaomi Black Shark, Pocophone смартфондары жайғасты.


Дереккөз: https://massaget.kz/