2017-2018 жылдың үздік деректі фильмдері
Деректі фильмдерге барлық адам қызыға бермейді. Бірі «ішті пыстырады» дейді, енді бірі үшін деректі фильмдер жанры қабылдауға тым қиын. Дегенмен, дәл осы жанрды ерекше ықыласпен көретіндер де жоқ емес. Біз бүгін 2017-2018 жылдарда көрерменге ұсынылған үздік деректі фильмдер топтамасын ұсынамыз:
«RBG »
Режиссер: Бетси Уэст, 2018 жыл
Рут Бейдер Гинзбург — Гарвард заң мектебінен түлеп ұшқан алғашқы әйелдердің бірі, гендерлік теңдікті қолдаушы және сол бағыт бойынша күрес жүргізген. Бір мезгілде екі білдей университетте заң пәнінен сабақ берген. Фильмде Гинзбург мансабындағы ірі сот істері, сот алаңында болған жанжалдар мен шешімдер, достары, әріптестері мен туыстарының Гинзбург туралы естеліктері және басты кейіпкердің өзімен сұқбатты бұл фильмнен көре аласыз.
«Рюити Сакамото: Кода»
Режиссер: Стивен Номура Шибл, 2018 жыл
Заманауи электронды музыка шебері, атақты композитор, ең сәтті фильмдердің саундртек авторы Рюити Сакамото туралы фильм-портретті көріп пе едіңіз? Сакамото біздің айналамыздағы дыбыс кеңістігіне зерттеу жүргізгендей: ол жаңбырдың дыбысын, оның темір шелекке тигенде шығаратын адамзатқа тың дыбыстарды меңгерген. Фильмде естеліктер мен мұрағаттағы жазбалар көрсетіледі. Оның өмірі, Солтүстік полюске сапары және ядролық қаруды қолдануға қарсылық танытқан шеруге қатысқан сәттері баяндалады.
«Будешь моим соседом?»
Режиссер: Морган Невилл, 2018 жыл
Фред Роджерс — ұстаз және 1961 жылдан 2001 жылға дейін Америкада жарыққа шыққан «Біздің көршіміз Роджерс мырза» (Наш сосед мистер Роджерс) телебағдарламасының жүргізушісі. Роджерс балалардың тілін таба білетін. 1960 жылдары-ақ ол балаларды мүгедектерге қалыпты адам ретінде қарауды, адамдарды жынысына не терісінің түсіне бола бөліп жаруға болмайтынын түсіндіреді. Фильм мұрағаттағы жазбалар мен Роджерстің әріптестері айтатын маңызды естеліктерден тұрады.
«24 кадра»
Режиссер: Аббас Киаростами, 2017 жыл
Ирандық режиссер Аббас Киаростамидің соңғы фильмінде өмірінің әр сәтінде түсірілген фотосуреттерді анимациялау арқылы сырлы сәттерді көрсете біледі.
«Cielo»
Режиссер: Элисон Макалпайн, 2017 жыл
Чили сахарасы Атакамының жұлдызды аспанының ерекшелігін бейнелейтін фильмде әрбір кейіпкер әлемнің бұл таңғаларлық құбылысына деген өз пікірлерімен бөліседі.
«Мой папа Чингисхан»
Режиссер: Альмира Сайфуллина, 2018 жыл
Монғолия — дамыған көрші мемлекеттердің «қысымына» қарамастан, ғасырдан ғасырға жалғаған дәстүрді бұзбаған халықтардың бірі. Дегенмен, өмір бір орында қалып қоймайды. Халық санасында көне мен жаңа әлем қалай үйлесім тапқан? Моңғолияның болашағын кім қалай елестетеді? Осы сұрақтардың жауабын осы фильм арқылы табуға болады.
«Киноработник»
Режиссер: Тони Зиерра, 2017 жыл
Леон Витали — студия алаңында тер төгіп жүрген кино саласындағы қызметкерлердің бірі. Оның өзгелерден артықшылығы ол Стэнли Кубрикпен 25 жыл бірге жұмыс істеп, оның оң қолына айналды. Бірде режиссермен кездесіп, оның фильміне түскен Витали актерлік мансабын режиссер көмекшісі қызметіне алмастырды. Бұл деректі фильм – киноматографқа деген адалдық, бастық көлеңкесінде қалса да үздік туындылардың жарыққа шығуына еңбек еткен, өнерді кіршіксіз сүйген бір адамның өмір тарихы.
«Почему мы креативны?»
Герман Васке, 2018 жыл
Герман Васке 30 жыл бойына мәдени тұлғаларға бір ғана сұрақ қойып, соған жауап алған: «Біз неге креативті ойлаймыз?». Дэвид Боуи, Стивен Хокинг, Ай Вэйвэй, Бьорк, Дэвид Линч, Марина Абрамович, Далай-лама, Славой Жижек және өзге де кейіпкерлер жасампаздық пен креативтілік турады ой өрбітеді. Фильм арқылы данышпандық рецептісін іздеуге мүмкіндік аласыз.
Дереккөз: https://massaget.kz/