1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбына ашық сабақ жоспары, тарих

0

Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Сабақтың мақсаты:
— Қазақстандағы 1986 жылы желтоқсан оқиғаларының себептері, салалары туралы түсінік беру;
— Желтоқсан құрбандарының ерлігіне баға беру;
— Отансүйгіштікке, тәуелсіздікті қастерлеуге, өз елінің белсенді азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ — жауап, хабарлама жасау.
Сабақтың көрнекілігі:
1) Дәйек сөз: «Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Оны қастерлеуге үйрету, дағдыландыру адам бойындағы басты қасиетке айналдыру – әрқайсысымыздың парызымыз».
2) Буклет: «Тәуелсіз Қазақстан», «Қайсар рухты қазақ».
3) Рефераттар: «ҚР Тәуелсіздігіне – «, жыл», «Желтоқсан құрбандары», «Желтоқсан жұлдыздары».
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Негізгі ой – түрткі.
— М. С. Горбачев Кеңес қоғамы дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасады. Сталинизмнің жан түршігерлік қылмысты әрекеттері жайында ашық айтылды.
— Алайда КОКП — ның басшылығы қайта құруды баянды ете алмады, демократиялық үрдістерді байыппен жүргізе алмады.
— 1986ж. Желтоқсанына дейінгі бір жыл сегіз ай ішінде Республиканың қоғамдық — саяси даму бағыттарын тереңнен қозғаған реформалар бола қойған жоқ.
— Мұндай жағдай КОКП ОК Қазақстандағы басшылықты ескі тәсілмен бір — ақ күнде ауыстыра салу әрекетіне дейін жалғасты.

2. Оқушылардың тақырыптық, білімділік хабарламалары:
1) «Желтоқсан оқиғаларының себептері»
2) «Желтоқсан оқиғаларының барысы»
3) «Желтоқсаншыларды қудалау, жазалау».

3. Түсіну кезеңі. Ассосация
«Желтоқсан» ұғымының мазмұнын ашатын түйін сөздерді топтастыр.

4. Желтоқсан оқиғасының мазмұнын сатымен көрсет. Неден бастаймыз? І хатшы Д. А. Қонаевтың орнынан алынуы. Немен аяқтаймыз?
Желтоқсаншыларды қудалау, жазалау.
Қудалау, жазалау
Ұлт нышанының аяққа тапталуы
Студенттер талабы
Жастар наразылығы
Халыққа хабардың жетуі
І хатшының алынуы

Осы сатының бірінші және соңғы сатысы туралы не айтуға болады.
2012ж. 12 қаңтарда 100 — ге толды.
І топ. Д. А. Қонаевтың қызметіне баға берілді. Биыл 100 жыл.
Қырық жылдан астам Қазақстан өкілетінің, Республика партия ұйымының басшылығында болған. Д. Қонаев КОКП ОК саяси бюро мүшелігіне дейін көтерілді. Кеңес одағының ішкі және сыртқы саясатына араласты. Биязы, барынша зиялы, партиялық директива аясының ауытқып шыға қоймаған, «Коммунистік идеяға шын берілген». Ол Брежневтің сенімді серіктерінің бірі болды. Д. А. Қонаев басқарған онжылдықтарда Қазақстан әлеуметтік — экономикалық салаларда айтарлықтай жетістіктерге жетті.
— Табиғи байлықтарды кең ауқымда жүргізілді, ауыр өнеркәсіп белгілі деңгейде өсу үстінде болды, ұлт зиялы қауымы жаңа сапалық деңгейге көтерілді.
Неге Д. Қонаевты қызметінен түсіру деп ойлайсыңдар.
— Орталықтың айтқанынан шыға алмады.
— Ескі саяси биліктің адамы болды.
— Өз қызметінде жаңашылдыққа, демократиялық өзгерістерді енгізуге талпыныс жасалады.
— Жасы зейнеткерлікке жіберуге мүмкіндік берді.
ІІ топ. Колбиннің қызметіне баға беріледі.
ІІІ топ. Желтоқсан оқиғалары немен аяқталды?
Жеңіліспен, қудалаумен, жазалаумен.
5. Оқулықпен жұмыс. 103 бет, 3, 4 абзац.
Тақырыпқа байланысты мәтіннен 4 негізгі фактіні анықта:
— 1987ж. Шілдеде КОКП ОК «Қазақ республикасының партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары жайлы» қаулы қабылданды.
— Желтоқсан оқиғаларын « Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Тек көпшіліктің табандылық пен талап етуінен кейін қазақ ұлтшылдығы деген кінәлау қате деп мойындады.
— Қазақ КСРО ЖК төралқасының Алматыдағы 1986жылы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М. Шахановтың Швеция мен Англияның бірқатар университеттерінде оқыған дәрістерінен|: толық емес мәліметтер бойынша 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады.
— 11 м жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғары оқу орнынан ректорлары орнынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды, 99 адам соттады., 2 өлім жазасына кесілді деп хабарлады.

Атырау облысы, Атырау қаласы,
№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Каленова Оксана

Толық нұсқасын жүктеу